.

Қарттардағы есте сақтаудың жоғалуы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Қарттардағы есте сақтаудың жоғалуы

Амнезия дегеніміз не ? Амнезия дегеніміз - бастың жарақаттары, Альцгеймер ауруы,алкогольды ішімдіктерді және есірткіні қабылдаулар немесе өте ауыр оқиғалар бастан кешуі мысалы-қатты соққының астында қалу, ауыр жол апаты нәтижелерінде дамыған есте сақтаудың жоғалуы.

Амнезияның шығу себептеріне байланысты уақытша және тұрақты болып екіге бөлінеді.Сонымен қатар амнезия антероградты және ретроградты болады.Антегроградты амнезия жарақатттан немесе ауруға шалдыққаннан кейінгі окиғаларды,ал ретроградты амнезия кезінде ауруға немесе жарақатқа дейінгі оқиғаларды есте сақтамайды .

Төменде көрсетілген көрсеткіштердің біреуі немесе бірнешеуінің болуынан амнезия кезінде толық есте сақтау жоғалады.

  • · Таныс адамдарды ұмыту
  • · Оқиғалар мен жерлерді ұмыту
  • · Белгілі уақыт күнін ұмыту
  • · Қалай өмір сүргенін ұмыту

Себептеріне байланысты амнезия тез және баяу дамиды .Баяу дамитын амнезия кезінде науқаста ақыл-есінің жеткіліксіздігі ретінде көрінуі мүмкін.

Амнезияның емдеу әдісі мен емнің нәтижелері бағалау оның себебіне байланысты.

 

Аударған: Мелис Айбек