.

кіндік жарығы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

кіндік жарығы

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Болжамы

Болжамды асқынулары

Дәрігерге қашан қаралу керек

Профилактикасы

 

Жарық – бұл ішастар қуысының (ішастар) қабығынан қалыптасқан қап. Жарық саңылау немесе бұлшықеттерді жауып тұрған ішастар қуысының әлсіз жерлері арқылы сыртқа шығады. Бұл қабық фасция деп аталады.

Жарық құрсақ қуысы ағзаларын орнында ұстап тұрған, жұқа бұлшықетті қабырғаның әлсіз жері арқылы мүшелердің бір бөлігі шыққан кезде пайда болады.

Жарық түрлері оның орналасуына байланысты:

  • Сан жарығы – шаптан сәл төмен, санның жоғарғы бөлігінде орналасқан шығыңқы жер болып табылады. Жарықтың бұл түрі әйелдерде еркектерге қарағанда жиі кездеседі.
  • Көкеттің өңештік тесігінің жарығы – іштің жоғарғы бөлігінде пайда болады. Бұл жағдайда асқазаның үстіңгі бөлігі кеуде қуысына енеді.
  • Операциядан кейін пайда болатын жарық – ішастар қуысының ағзаларына бұрын жасалған хирургиялық операциялардан қалған тігіс орнында пайда болады.
  • Кіндік жарығы – кіндік аймағындағы томпайған жер. Ол кіндік айналасындағы бұлшықеттер толық жабылмаған жағдайда пайда болады.
  • Шап жарығы – шаптағы томпайған жер. Ерлерде жиі кездеседі. Шап жарығы төмен, яғни ұмаға түсуі мүмкін.

Шап жарығы құрсақ қуысының жұқа бұлшықетінің әлсіз немесе жыртылған жері арқылы мүше бөліктері, әсіресе, ішек шыққанда пайда болады. Шап жарығы кезінде ішектерге қан ағысының келуі шектелуі мүмкін, бұл жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсету керек.

 

Себептері

Жарықтың пайда болуының нақты себептері жоқ. Жарық кейде ауыр көтерген кезде, дәретханаға барғанда немесе іш қуысының қысымын арттыратын кез-келген әрекетті қолданғанда пайда болады. Жарық туа біткен болуы мүмкін, бірақ томпаюлар ұзақ уақыт бойы байқалмауы мүмкін. Жарық кейде бір отбасының мүшелерінде кездеседі.

Жарық нәрестелер мен балаларда пайда болуы мүмкін. Бұл ішастар қабырғасында әлсіз орын болған кезде пайда болады. Шамамен 100 баланың 5-де шап жарығы анықталады. Ол ұлдарда жиі кездеседі. Кейбір балаларда симптомдары ересек кезге дейін пайда болмауы мүмкін.

Ішастар қабырғасының бұлшықеттерінің қысымының көтерілуіне әкелетін кез-келген физикалық белсенділік немесе медициналық қиындықтар жарықтың пайда болуына әкеледі, мысалы:

  • Созылмалы іш қату және дефекация кезінде қатты күшену
  • Созылмалы жөтел
  • Муковисцидоз(кистозды фиброз)
  • Ұлғайған қуық асты безі, зәр шығарудың қиындауы
  • Артық салмақ
  • Ішастарда сұйықтық жиналуы (асцит)
  • Ауыр атлетика
  • Перитонеальды диализ
  • Нашар тамақтану
  • Шылым шегу
  • Артық күш жұмсау
  • Жыныс бездерінің түспеуі

 

Симптомдары

Негізі симптомдары болмайды. Кейбір адамдар жайсыздық немесе ауыру сезімін сезінуі мүмкін. Жайсыздық сезімі адам тұрып тұрған кезде, ширыққанда немесе ауыр заттар көтергенде күшейеді. Ең жиі кездесетін шағымдарға

Ең жиі кездесетін шағымға - ауру сезімін тудыратын және мөлшері жағынан ұлғаятын томпаюдың пайда болуы жатады.

Жарық ұлғайған кезде, ол саңылауды бітеп, ішектің бұл бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуін тоқтатады. Бұл қысылу (странгуляция) деп аталады. Осы уақытта науқас жүрек айнуын және құсуды сезінуі мүмкін, ол ішекті босатып, газды шығара алмайды. Жарықтың қысылуы пайда болғанда, шұғыл хирургиялық емдеу қажет.

 

Диагностикасы

Дәрігер тексеру кезінде жарықты көре алады немесе сезе алады. Сізден жөтелуді, еңкеюді, отыруды немесе аздап көтерілуді сұрауы мүмкін. Осы кезде жарықтың мөлшері ұлғаюы мүмкін.

Жарықты (томпаюды) нәрестелер мен балалардан көру өте қиын, бірақ бала жылағанда немесе жөтелгенде көруге болады.

Жарықты көру үшін ультрадыбыстық зерттеу немесе компьютерлі томография (КТ) жүргізілуі мүмкін.

Ішек өтімсіздігі болған жағдайда құрсақ қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы жасалады.

 

Емі

Жарықты емдеудің жалғыз радикалды әдісі хирургиялық операция болып табылады. Қосымша ауыр сырқаты бар науқастар үшін оперативті араласу қауіпті болуы мүмкін.

Операция кезінде әлсіреген құрсақ қабырғасын нығайту қамтамасыз етіледі, және барлық саңылаулар синтетикалық тормен жабылады.

Кіндік жарығы 5 жасқа дейін өздігінен жазылмаса, операция жасау қажет.

 

Болжамы

Тиісті ем жүргізілгенде жарықтың нәтижесі қолайлы. Сирек жағдайларда жарық қайтадан пайда болуы мүмкін. Бұл көбінесе операциядан кейін пайда болатын жарыққа тән.

 

Болжамды асқынулары

Сирек жағдайларда, шап жарығын хирургиялық емдеу бездердің қызметіне қатысатын құрылымдардың зақымдануына әкелуі мүмкін. Жарықты оперативті емдеудің тағы бір қаупі – жүйкелердің зақымдануы, бұл шап аймағында жансыздану сезімінің пайда болуына әкеледі. Егер де ішектің бөлігі операцияға дейін қысылып қалса, ішек перфорациясы немесе ішек тінінің өліеттенуі пайда болуы мүмкін.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек

Дәрігерге шұғыл қаралыңыз, егер:

  • Жарық аймағында ауырсынуды сезінсеңіз және жарық қапшығының ішіндегі заттар жайлап басқан кезде құрсақ қуысына қайта кірмесе
  • Лоқсу, құсу немесе қызбамен қоса жарық аймағында ауырсыну болса
  • Жарық түсін өзгертеді және қызыл, күлгін, қою немесе бозғылт болады.
  • Дәрігерге қаралыңыз, егер:
  • Ауырсыну, ісіну немесе шап аймағында томпаю болса
  • Шап аймағында немесе кіндік айналасында томпаю немесе ісіну болса, немесе бұрынғы хирургиялық тігіс орнында томпаю туындаса

 

Профилактикасы

  • Салмақты зат көтерудің оңтайлы жолдарын пайдаланыңыз
  • Егер, артық салмақ болса, арықтаңыз
  • Іш қатуды болдырмаңыз, талшыққа бай тағамды қабылдаңыз және көп сұйықтық ішіңіз, әжетханаға тұрақты түрде барыңыз
  • Ерлер зәршығарумен қиындықтар туындаған жағдайда дәрігерге қаралуы тиіс. Бұл қуық асты безінің ұлғаю симптомы болуы мүмкін.

 

Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

Кіндік жарығы - балалардағы ең жиі кездесетін хирургиялық патология.

Кіндік жарығының [408] дамытудың бірінші себебі- іш қабырғасының дамуындағы ақаулық. Алайда кейбір ерекшеліктері бар. Бала туғаннан кейін 4-5-ші күнде кіндік түсіп қалады. Кіндік сақинасы екі бөліктен тұрады. Төменгі бөлігінде, кіндік артериясы және зәр шығару түтігі өтетін жерде, жақсы жиырылып, тығыз тыртықты тін түзеді. Жоғары бөлігінен кіндік венасы өтеді. Оның қабырғалары жұқа, бұлшықет қабаты жоқ. Жиі іш қабырғасының фасциясының әлсіздігі және дамымаған кіндік венасы салдарынан кіндік жарығы пайда болады. Сонымен қатар, бұл патологияның пайда болуына ықпал ететін маңызды фактор іш қуысындағы қысымның жиі артуы болып табылады. Мысалы, баланың жиі жылуынан туындауы мүмкін. Кіндік сақинаның жоғарғы бөлігіндегі тесік кең болуы мүмкін және балаға қиындық туғызбайды. Бірақ, ақаудың шекаралы қалың боғае жағдйда, баланың мазасыздануы ықтимал. Әдетте, кіндік жарығы орнына келеді. Жараланған кіндік жарығы көбінесе ересектер тәжірибесінде жиірек кездеседі. Дегенмен, жиі орнына келмейтін кіндік жарығы бар балалар отаға алынады. (когда грыжевой содержимое прикрепляется к внутренней стенки кожи передней брюшной стенки спайками).

Ерте жаста диагноз қойылған, кіндік жарығы [408]бар балаларға амбулаториялық бақылау жүргізу тәжірибесі кезінде, 5-7 жасында өздігінен емделу жиі кездесетініне сенімділік береді. Кіндік жарығын жою, құрсақ қабырғасын нығайтуға көмектеседі. Бұл, әрине, массаж жасау, балаларды ішпен жатқызу және гимнастика сияқты шаралар жасаған кезде. Хирургиялық емді 5 жастан ерте бастаймыз. Дұрыс және ұқыпты жасалған операция, кіндік жарығын косметикалық әсермен алып тастауға мүмкіндік береді. Әдетте, қайталанулар болмайды.

«Іштің ақ сызық» жарығы [408] (предбрюшинная липома) Егер қолмен кіндік пен семсер тәрізді өсінді арасынан сызып жүргізсе, онда сол жер «Іштің ақ сызығы» болады. Бұл аймақты қалыптастыратын, іш бұлшық етінің 3-тен 6-ға дейін созылған сіңірлік байланыстары бар. Осы сіңірлер мен ішектің «ақ сызығы» қиылысында кейде шағын ақаулар болады. Сол жерде іш қабырғасының майы шығып тұрады. Егер олар киндік сақинаға жақын орналасса, онда олар сақина маңындағы жарық деп аталады. Өкінішке орай, бұл жарықтар өздігінен жабылып қалуға бейім емес. Емдеу тек оперативті түрде, кіндік жарығына ұқсас оталар жасалады.

 

Аударған: Амантай Назерке