.

Кортикостероидтар | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Кортикостероидтар

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Емі

 

Рейе синдромы - 15 жасқа дейінгі балалардың бауырларында май тінінің жиналып қалуы мен мидың ісінуімен жүретін өте сирек кездесетін бұзылыс. Бұл синдром тұмау және желшешек сияқты вирустық инфекцияны басынан өткергеннен кейін болады.Аспирин осы синдромның болуын едәуір арттырады,сондықтан 20 жасқа дейінгі жастарға вирустық инфекция кезінде аспирин қолданбау керек,тек қана дәрігер рұқсатымен ғана қабылдағаны дұрыс.

Рейе синдромының себебі әлі белгісіз,бірақ ол мидағы зат алмасуға қатысатын митохондрий жасушасын вируспен зақымдау арқылы болады деп есептеледі.

Рейе синдромының белгілеріне құсу,ұйқышылдық,есте сақтаудың төмендеуі,әлсіздік,естің адасуы және комаға түсу жатады.

Емі.

Емдеуге арналған нақты хаттамалар жоқ, бірақта антибиотиктерді,инсулинді,кортикостероидтарды,глюкозаны,зәр айдағыш дәрілерді және т.б қолданады.70 % науқастарда жағдайы қалпына келеді, кейбіреулерінде мидың зақымдалуы өмір бойына қалады.

 

Аударған: Мелис Айбек

 

Бұл не? Ішектердің қабыну синдромы – екі негізгі ауруды қамтиды: спецификалық емес жаралы колит (тоқ ішекті зақымдайтын) және Крон ауруы (барлық бөлікке таралатын, көбінесе асқазан- ішек жолдарын зақымдайды; ауыз қуысынан сытққы өтіс тесігіне дейін).Айырмашылықтары – ішектің шырышты қабатында лимфоцитарлы гранулема-конгломерат табылады, бұл тек Крон ауруына тән.

Ішектің қабыну ауруларының симптомдары іш аймағындағы ауырсыну, жиі диарея – қан немесе ірің аралас, қалтырау, дене салмағының төмендеуі, шаршағыштық болып табылады.

Аурудың ағымы әлсіз немесе ауыр өтуі мүмкін және өршу немесе ремиссия (симптомсыз) фазаларында кездеседі. Крон ауруы мен жаралы колитпен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызуға тура келеді.

Емі аурудың ауырлық дәрежесіне және науқастың жасына байланысты жүргізіледі. Еміне мынадай дәр-дәрмектер қолданылады: кортикостероидтар, өндірістік аминосалицил қышқылы, дәрумендер, жоғарғы ақуызды диета. Ауыр жағдайда қан кетумен қабаттасады, сол кезде зақымдалған тоқ ішектің бөлігі операциялық жолмен алып тасталынады.

Аударған: Бердібек Ағабек

Беттің бір жағындағы бұлшықеттің әлсіздігі немесе салдануы - бұл дәм сезуге, жас түзілу және сілекей түзілуге әсер ететін беттің бір жағының салбырауы.

Көптеген жағдайда беттің шеткі салдануы беттің бір жағындағы бұлшықет жүйкесінің қабынумен зақымдалуына байланысты пайда болады. Қабынудың себебі белгісіз, бірақ вирусты инфекциялармен байланысты болуы мүмкін.

Бет жүйкесінің шеткі салдануы кенеттен, жиі түнде пайда болып, әдетте жақсарады немесе емдеусіз өздігінен бірнеше апта аралығында жазылады. Құрғаудан немесе жарақаттан сақтану үшін түнге қарай көзге зақымдалған аймаққа таңғыш байлаймыз. Қабынуды төмендету үшін дәрігер кортикостероидтар тағайындауы мүмкін.
 
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы