Нейрогенді булимия (булимия) - бұл жеткіліксіз тамақтану (қатты тойғаннан кейінгі тазаруы). Булимиядан зардап шеккен адам қысқа уақыт ішінде (бірнеше сағат бойы) азық-түліктің үлкен мөлшерін жейді, содан кейін оны құсу, артық физмкалық жүктемеден немесе іш өткізетін дәрілерден, зәр айдайтын немее басқа дәрілер арқылы шығарады.
Булимиядан зардап шеккен адам әрқашан өз денесінің пішіні мен мөлшеріне алаңдап, өзін-өзі төмен бағалауы болуы мүмкін. Булимияны кейде анықтау қиын, өйткені адамда жиі айқын симптомдары жоқ және орташа дене салмағына ие. Тамақтанудан зардап шегетін адамдар көбінесе тамақтану әдеттерін жасырады немесе олардың проблемасы бар екенін жоққа шығарады.
Булимия себебі анық емес, бірақ ол физикалық, психологиялық, мәдени және әлеуметтік факторлармен байланысты болуы мүмкін. Булимия жас әйелдер арасында жиі кездеседі, бірақ ол егде жастағы әйелдерде, жасөспірімдерде және ерлерде дами алады. Булимия негізінен ұзақ мерзімді ауру болып табылады және ол жас кезінен бастап ересек кезіне дейін жалғасады. Уақыт өте келе, булимия денсаулығы үшін маңызды проблемаларды тудыруы мүмкін. Емдеуден кейін көптеген адамдар тым көп тамақтанудан тазару циклін тоқтата алады.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Электролиттер– адам организмінде кездесетін минералды заттар. Электролиттер организмдегі сұйықтық мөлшерін қалыптыда ұстап тұрады және жүректің бір қалыпты соғуын, бұлшықеттің жиырылуын, мидың жұмыссын реттейді.
Егер организде электролиттер тепе-теңдікте болмаса, адамда талма, жүректің бір қалыпты емес соғуы, бұлшықеттің әлсіздігі тағы да басқа өзгерістер орын алады. Элекролиттертің тепе-теңдігінің бұзылысы созылмалы жүрек және бүйрек ауруы, ішкі секрециялық бездердің ауруы, тамақтанудың бұзылысы, сүйек жүйесінің ауруларында орын алады. Сұйықтықты көп сыртқа шығарудан, адамда электролиттердің тепе-теңдігінің бұзылысына әкеледі.
Аударған: Бердібек Ағабек
Цирроз – бауырдың тыртықтану және қабыну ауруларының нәтижесінде пайда болатын аса қауіпті жағдай. Цирроз грек тілінде лимон тәрізді сары деген сөзді білдіреді. Қалыпты жағдайда қызғылт болатын бауыр циррозбен ауырған науқастарда осындай түске енеді. Цирроз – қалыпты бауыр жасушаларының тыртықты немесе түйінді жасушаларға өзгерісімен жүретін, бауырдың құрылысының бұзылысы.
Бауыр құрылысының бұзылысынан және қалыпты жасушалардың өзгерісінен – бауыр ақуыз немесе ағзаға керек басқада заттарды өндіре алмай қалады және токсиндерді залалсыздандыру қабілетінен де айырылады. Өсу үрдісінде болатын тыртықты жасушалар, бауыр ішілік қантамырларды қысып, қанайналымын бұзады.
Цирроздың пайда болуының ең жиі себебі – алкоголді көп тұтыну, созылмалы вирусты гепатит. Сирек жағдайда – медикаментозды немесе басқа да аурулардың әсерінен пайда болады.
Цирроздың симптомдары: жүрек айну, тәбеттің төмендеуі, жүдеу, әлсіздік, іштің және аяқтың ісінуі. Цирроздың ауыр дәрежесінде ішкі қан кетулер, терінің және көздің сарғаюы, ақыл-естің бұзылыс, қол-аяқтың қалтырауы, коме сияқты белгілер көрінеді.
Цирроздың емінде ең бастысы аурудың пайда болуы себебін анықтау,оны шектету және асқынулардың алдын алу болып табылады. (мысалы, қан кетулердің.) циррозды толық емдеу мүмкін емес, бірақ бастапқы сатысында анықталатын болса, оның дамуын тежеуге болады. Цирроздың өршу кезеңінде гепатолог-дәрігер тек ғана симптомдарды жойып, асқынулардың алдын алады.
Бауыр циррозының негізгі емі – терапевтикалық әдістер:
диета: майлы, қуырылған, тұзға және ақуызға бай тағамдарды шектеу, алкогол пайдаланбау.
Зәр айдағыш препараттар.
Вирусқа қарсы препараттар – сирек тағайындайды, бірақ аурудың өршуін тежейді.
Плазмафарез – бауыр өз жұмыссын атқара алмағанда, қанды токсиндердер тазарту үшін қолданылады.
Өршу сатынсында немесе асқынулар пайда болған жағдайда науқасты ауруханаға жатқызады. Хирургиялық араласуларда болуы мүмкін.
Парацентез – іш қуысын тесу арқылы іштегі сұйықтықты шығару.
Шунттау – қан кетулердің алдын алу үшін қолданылады. Операция өте ауыр, білікті ангиохирурлықтардың қатысуымен жүргізіледі.
Бауырды трансплантациялау.
Аударған: Бердібек Ағабек
Жүктілердегі таңғы уақыттағы жүрек айну – жүктілік кезінде әйелдерге жат гормандардың пайда болуынан жүрек айну немесе құсу пайда болады. Жүктілердегі таңғы уақыттағы жүрек айну жиі жүктіліктің бірінші триместрінде пайда болады.
Әдетте жүрек айну мен құсу сезімі жиі таңертеңлік уақытта мазалайды, бірақ та кейде күндіз де, түнде де мазалауы мүмкін. Көп жүкті әйелдер де екінші триместрде бұл жағдай мазаламай, өзін жақсы сезінсе, кейбіреулерінде басқа триместрде одан самай күшейіп кетуі де мүмкін.
Жүктілердегі таңғы уақытта пайда болатын жүрек айнудың үй жағдайындағы емі:
Жиі, аз-аздан тамақ қабылдау, себебі бос асқазан жүрек айнуды тудыруы мүмкін.
Таңертең төсектен тұрғанға дейін жеңіл –желпі тамақ қабылдау.
Егер ісіну мазаламаса, сұйықтық көп мөлшерде қабылдау.
Майлы тағамдарды азайту және құрамында ақуыз өнімдері жоғары жеміс-жидектерді және көкеністерді тұтыну.
Жүрек айнуды шақыртатын иістерден және көкеністерден (сүт, кофе, цитрусты шырындар )шектелу.
Кезекті демалыстар.
Аударған: Бердібек Ағабек
Токсикоз – өзін жайсыз сезінетін, ерекше жағдай. Ол масаю сияқты, бірнеше уақытқа созылады. Ананың организмінде ұрықтың дамуы кезінде, жүкті әйел зиянды заттармен уланатын болса, токсикоз пайда болады.
Ерте токсикоз – ұрықтың пайда болуынан алғашқы 12 аптада жүктілерді мазалайды. Жүкті әйел әлсізкке, сілекей бөлінудің жоғарлауына, тәбетінің төмендеуіне, дәс сезудің өзгерісіне шағымданады. Оны бұл жағдай есеңгіртеді. Ауыр жағдайда күнсіз де түнде де, 20 дейін жететін құсу мазалауы мүмкін. Нәтижесінде организмде судың азаюынан, сусыздану пайда болып, жүкті әйел кенеттен арықтайды. Оның терісі құрғайды және босайды, температурасы көтеріледі, пульсі жиілейді, қан қысымы төмендейді.
Кеш токсикоз – бұл қте қауіпті жағдай. Жүктіліктің 20 аптасынан бастап босанғанға дейін аралықты қамтиды. Жүкті әйелде бұл кезде құсу мазаламайды, ода ісіктер пайда болады; бірінші аяқта, сосын қолда, сосын бетте пайда болады. Егер емделмесе ісік бүкіл денеге таралады. Сонымен қатар токсикозда қан қысымы 140/90 немесе одан да жоғары көтеріліп, тіпті дәрілермен төмен түсіруде қиындық туғызады. Сосын одан да жоғарлай береді. Кеш токсикозда дәрігерлердің көмегінсіз науқаста өмірге маңызды мүшелер зақымдануға ұшырауы мүмкін: бүйрек, өкпе, жүрек, ми. Бұл кезде жүкті әйелде бастың ауруы, бас айналу, көз көрудің нашарлауы, құлақтағы шу, құсу, жүрек айну, іш аймағында ауырсыну болады. Тіпті токсикозда жүктіліктің екінші жартысында экламсия пайда болады. Экламсияның пайда болуы – қалтырау бірге жүретін есті жоғалту. Такие судороги может спровоцировать громкий звук, яркий свет, боль. Экламсия жүкті әйелді өлімге әкелетін ауыр бұзылыстың нәтижесі болып табылады. Өлімнің себебі болып табылады: миға қан құюлу, жедел тыныс алу, бүйрек жеткіліксіздігі. Бұл кезде сонымен қатар плацентаның ерте ажырауы жүруі мүмкін.
Емі
Ерте токсикоз. Кез-келген токсикоздың болжамы жақсы емес. Токсикоздың бірінші симптомдары пайда болғанда бірден жылдам акушер-гинекологка барыңыз. Дер кезінде емделсе, мүмкін болатын қалайсыз жағдайларды болдырмауға болады. Ерте токсикоз кезінде жиі, бірақ аз-аздан тамақтанған жөн. Тағам қатты ыстық күйінде қабылдауға болмайды. Тұрақты салмағыңызды өлшеп тұрыңыз, егерде салмағыңыз жоғарлап немесе төмендейтін болса – бұл апаттық белгі болып табылады. Токсикоз жайсыз жағдай болса да, жүктілікті сақтауға тырысыңыз, себебі келесі жүктілікте токсикоз қайталанып, ауыр формада болуы мүмкін.
Кеш токсикоз.Кеш токсикоздың емі ауруханад жүргізіледі. Төсектің режим мен стрестік факторлардан аулақ болу негізгі болып табылады. Жүкті әйел сұйықтық пен тұз шектелген диетаны сақтау керек. Қан қысымын төмендету үшін арнайы дәрілер қолданылады. Егер керек болған жағдайда ақуыз препараттарын вена арқылы тамшылатып жіберу арқылы енгізеді. Ауыр жағдайда, жүргізілген ем нәтижесіз болса, экламсияның алдын алу мақсатында – жүктілікті үзу керек.
Бастың сақина ауруы бас ауруының жиі кездесетін түрі, жүрек айнуы, құсу немесе жарыққа сезімталдық секілді симптомдармен қосарланады. Адамдардың көпшілігінде бастың бір жағында болатын, солқылдаумен қосарланатын ауырсыну сезіледі.
Сақинасы бар кейбір адамдарда бас ауруының пайда болуына дейін «аура» аталатын белгі беретіндей симптомдар болады. Аура – бас ауруының пайда болуы жайлы белгі беретін симптомдар тобы, көру бұзылыстарын қоса.
Бастың сақина ауруының симптомдары – жарық пен дыбысқа жоғары сезімталдық,жүрек айнуы, аураның пайда болуы (бір көздің көрмеуі немесе туннельдік көру), сөйлеудегі қиындық және күшті ауырсыну, әсіресе, бастың бір жағында.
Сақина тәрізді бас аурулары әдетте, 10-45 жас аралығында пайда болады. Кейде одан кейін де кездеседі.
Сақина ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі. Сақина бір отбасының мүшелерінде қайталануы мүмкін. Кейбір әйелдерде бас сақинасының ұстамалары жүктілік кезінде азаюы мүмкін.
Сақина мидың ауытқулы белсенді бөлігінде туындайды, бірнеше факторлар салдарынан болады. Алайда, ұстамалардың пайда болуының нақты себебі белгісіз. Бүгінде медицина сарапшыларының көпшілігі ұстама мида басталып, жүйке жолдарын және түрлі химиялық заттектерді қамтиды деп сайнайды. Ауруға байланысты өзгерістер мидағы және қоршайтын тіндердегі қан ағымының бұзылысына апарады.
Алкоголь, күйзеліс, ашушаңдық, кейбір иістер, парфюмерия, қатты дауыс, күшті жарық және темекі шегу сақинаны туындатуға себепші болады. Сақинаның ұстамаларын туындататын басқа жайттар:
Кофеин
Әйелдерде етеккір айналымы кезіндегі немесе ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдаудан гормондар өзгерісі
Ұйқы фазасының бұзылысы
Дене жаттығуларын орындау немесе басқа жүктеме
Тамақ ішу уақытын жіберіп алу
Темекі шегу немесе түтін әсері
Сақина ұстамалары сондай-ақ, белгілі бір өнімдерден туындауы мүмкін. Жиі кездесетін түрлері:
Кез келген өңделген, ферменттелген, тұздалған немесе маринадталған өнімдер, сондай-ақ, натрий глутаматы бар өнімдер.
Нан-тоқаш өнімдері, шоколад, жаңғақ, арахис майы және сүт өнімдері.
Қызыл шарапта, ескі сырларда, ысталған балықта, тауық бауырында, інжірде және кейбір бұршақ тұқымдастарда болатын тирамин құрамдас өнімдер.
Жемістер (авокадо, банан, цитрустылар).
Құрамында нитрат бар ет (бекон, хот-дог, салями, консервіленген ет).
Пияз.
Бұл тізімді жалғастыруға болады.
Сақина тәрізді бас аурулары мидағы ісіктің немесе басқа күрделі мәселенің нәтижесі емес. Дегенмен, тек тәжірибелі дәрігер ғана симптомның сақинамен немесе басқа аурумен байланысты екендігін анықтай алады.
Көру бұзылыстары, немесе аура - сақинаның белгісі. Аура екі көзді де қамтиды, және келесі симптомдар болуы мүмкін:
Көрмейтін дақтың уақытша пайда болуы
Көрудегі бұзылыстар
Көздегі ауырсыну
Жұлдызшалар немесе ирек сызықтардың көрінуі
Туннельдік көру
Басқа белгілерінің симптомдары –есінеу, назарды шоғырландыру қиындығы, жүрек айнуы және тиісті сөзді таңдай алмау.
Сақинасы бар адамның бәрінде аура бола бермейді. Аура, әдетте, бас ауруына дейін 10-15 минут бұрын пайда болады. Дегенмен, аура сақинаға дейін бірнеше минуттен 24 сағатқа дейінгі аралықта пайда болуы мүмкін. Бас ауруы аурадан кейін әрдайым бола бермейді.
Сақина тәрізді бас аурулары орташа немесе күшті болуы мүмкін. Ауырсыну көздің түбінде немесе бастың, мойынның артқы жағында сезілуі мүмкін. Көптеген науқастарда бас аурулары үнемі бір жағында басталады. Әдетте болатын бас ауруының түрлері:
Солқылдайтын немесе орташа
Бастың бір жағында күштірек
Орташа ауырсынудан бастап, бірнеше минуттен бірнеше сағатқа дейін ушығады
6 - 48 сағат арасында созылады
Бас ауруымен қатар кездесетін басқа симптомдары:
Қалтырау
Несеп жүруінің жиілеуі
Шаршау
Тәбеттің болмауы
Жүрек айнуы және құсу
Ұйып, жансыздану, шаншу сезімі немесе әлсіздік
назарды шоғырландыру қиындығы, және тиісті сөзді таңдай алмау
жарыққа және дыбысқа сезімталдық
тершеңдік
Симптомдар сақина өткеннен кейін де сақталуы мүмкін. Науқастар кейде бұл жағдайды сақинадан кейінгі «айықпау» санайды. Оның симптомдары:
Дәрігер аурудың симптомдары, отбасылық сақина тарихы туралы сұрақ қойып, бас ауруының түрін анықтайды. Бас ауруының бұлшық еттің ширығуымен, мұрын қуысындағы мәселелермен, немесе бастың күрделі ауруымен байланысын анықтау үшін толық медициналық тексеріс қажет.
Бас ауруының сақина екендігін анықтайтын нақты әдіс жоқ. Дегенмен, егер бұрын өтіп көрмесеңіз, немесе әлсіздік, естің мәселелері немесе абайлықты жоғалту секілді симптомдар болса, мидың КТ немесе МРТ тағайындалуы мүмкін.
Құрысу болмауын растау үшін электроэнцефалография (ЭЭГ) өткізілуі мүмкін.
Сондай-ақ, люмбальдық (жұлындық) пункция да жасалуы мүмкін.
Сақина ауруына емдейтін нақты әдіс жоқ. Мақсат – аурудың пайда болуын туындататын факторларды өзгерту немесе жою арқылы сақинаның алғашқы симптомдарын шұғыл емдеу немесе симптомдарының пайда болуының алдын алу.
Емдеудің өзекті кезеңі – сақинаның симптомдарын үйде жоюға үйрету. Бас ауруының күнделігін жүргізу сақинаны туындататын факторларды анықтауға көмектеседі. Әрі қарай дәрігермен бірге осы факторларды жоюдың жоспарын құруға болады.
Егер сақинаның ұстамалары жиі пайда болатын болса, дәрігер ұстамаларды азайту үшін дәрілік препараттарды тағайындауы мүмкін. Бұл дәрілерді күнделікті қабылдаған жөн, себебі, осы тәртіпте олардың тиімділігі жоғары. Оларға жататындар:
Антидепрессанттар, мысалы, амитриптилин немесе венлафаксин
Артериалдық қысымды реттейтін дәрілер, мысалы, бета-блокаторлар (пропранолол) немесе кальцийлі каналдардың блокаторлары (верапамил)
Құрысуға қарсы препараттар, мысалы, вальпрой қышқылы, габапентин және топирамат
Ботулиндік токсин инъекциясын егу де сақина ұстамаларын азайтуға көмектеседі.
Басқа дәрілік препараттар сақина ұстамасының алғашқы белгісінде қабылданады. Ацетаминофен, ибупрофен немесе аспирин секілді ауырсынуды басатын препараттар сақинаның жеңіл өтуінде тиімді. Дегенмен, келесілерді есте ұстау қажет:
Дәрілерді аптасына 3 күннен артық қабылдау рикошеттік бас ауруының пайда болуына апарады (бас ауруы қайталанады).
Ацетаминофеннің үлкен мөлшерін қабылдау бауырға зиян келтіруі мүмкін. Ибупрофеннің немесе аспириннің артық мөлшері асқазанның тітіркенуін туындатуы мүмкін.
Егер емдеу көмектеспесе, сақинаны емдеу үшін дәрігермен басқа препараттар туралы кеңесіңіз. Оларға жататындар – назальдік спрейлер, суппозиторийлер немесе инъекциялар. Дәрігер дәрілік препараттардың бірнеше тобының бірін таңдауы мүмкін, оған жататындар:
Триптандар – сақина ұстамасын тоқтату үшін тағайындалады
Эрготтар – құрамында эрготаминнің түрлері бар (спорынья алкалоиды)
Изометептен (Мидрин)
Сақинаны емдейтін кейбір дәрілер қантамырларын тарылтады. Егер сізде жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі болса, немесе жүрек ауруына шалдыққан болсаңыз, бұл препараттарды қолданудың алдында дәрігермен кеңесіңіз. Жүкті немесе жүктілікті жоспарлайтын болсаңыз, спорынья препараттарын қабылдауға болмайды.
Басқа дәрілік препараттар сақинаның симптомдарын емдеу үшін тағайындалады. Олар жеке немесе басқа дәрілермен бірге қолданылуы мүмкін. Оларға жататындар:
Жүрек айнуын басатын препараттар
Тыныштандыратын құралдар, мысалы, барбитураттар
Есірткілік ауырсынуды бастатын құралдар
Пиретрум – сақинаны емдейтін кең таралған шөп. Осы өсімдік тектес препараттың көмегімен сақинаны емдеу бойынша кейбір зерттеулер жүргізілген. Егер ауруды пиретруммен емдеуге әрекеттенсеңіз, дәрігердің пікірін біліңіз. Осымен қатар, өсімдік тектес дәрілік құралдардың сатылуы дәріханаларда бақылауға алынбаған. Шөпті таңдауда білікті фитотерапевтпен кеңесу қажет.
Әр адамның емдеуге серпіні әр түрлі болады. Кейбір адамдарда бас аурулары сирек болады және емдеуді қажет етпейді. Басқалар бірнеше препараттарды қабылдап, ауруханаға да жатады.
Сақина инсульттің дамуының қауіп факторларының бірі. Сақина аурамен қосарланатын болса, қауіп жоғары. Сақинасы бар адамдарға инсульттің дамуының басқа қауіп факторларынан алшақ болу қажет, мысалы, темекі шегу, ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдау, дұрыс тамақтанбау секілді.
Позициялық, қатерлі емес бас айналуы – бас айналуының жиі кездесетін түрі. Бас айналуы – өзіңнің немесе айналадағы заттардың қозғалуын сезіну. Ол басты белгілі бір жағдайда орналастырғанда пайда болуы мүмкін.
Позициялық, қатерлі емес бас айналуын пароксизмалдық позициялық бас айналуы деп те атайды. Ол ішкі құлақтағы мәселелерге байланысты.
Ішкі құлақта жартылай шеңберлі каналдар аталатын, сұйықтыққа толы түтіктер бар. Қозғалған кезде осы түтіктердің ішіндегі сұйықтық та қозғалады. Жартылай шеңберлі каналдар сұйықтықтың кез келген жылжуына сезімтал. Жылжитын сұйықтық миға дененің орналасуын хабарлайды. Бұл тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Отолиттің (минералдық тұздардан, көбінесе, кальцийден тұратын, жартылай шеңберлі каналдарда орналасатын қатты түзіліс) кішкентай бөлігі кертіліп шығып, каналдың ішінде бос жүзеді. Мұны организм дененің орналасуы туралы ақпарат ретінде қате түсінеді, бұл миды қателікке ұшыратады, осыдан пароксизмалдық қатерлі емесе позициялық бас айналуы пайда болады. Оның пайда болуының күрделі қауіп факторлары жоқ. Бірақ, даму қаупі келесі жағдайларда артады:
Ауруды анықтау үшін дәрігер Дикс-Холлпайк сынамасын тағайындайды:
Дәрігер сіздің басыңызды белгілі бір жағдайда ұстайды. Осыдан кейін тез үстелге жатуды ұсынады.
Осыны жасағаннан кейін дәрігер көздің ауытқулы қозғалысын іздейді, және басыңыз айналатындығы туралы сұрайды
Егер бұл тест теріс нәтиже берсе, басқа тестілерден өтуді сұрайды.
Дәрігер тексеріп, қарап, аурудың тарихы туралы сұрақтар қояды. Басқа себептерді ескеру үшін миды және жүйке жүйесін зерттеу қажет. Бұл тексеру әдістері:
Электроэнцефалография (ЭЭГ)
Электронистагмография (ЭНГ)
Мидың компьютерлік томографиясы (КТ)
Магниттік-резонанстық томография (МРТ)
Естуді тексеру
Мидың магниттік-резонанстық ангиографиясы
Көздің ауытқулы қозғалысын анықтау үшін ішкі құлақты сумен немесе ауамен жылыту немесе суыту. Бұл калориялық стимуляция аталады.
Дәрігер «Эппли маневрі» аталатын шараны өткізуі мүмкін. Ол ішкі құлақта жүзетін отолиттің кішкентай бөліктерін жылжытуға көмектеседі. Бұл емдеу жақсы әсер көрсетеді.
Кейбір дәрілік препараттар бас айналуы сезімін жеңілдетуге көмектесуі мүмкін:
Антигистаминдік препараттар
Антихолинергиктер
Ұйқы шақыратын және тыныштандыратын
Дегенмен, бұл дәрілер бас айналуын емдеуде нашар көмектеседі.
Симптомдарының ушығуының алдын алу үшін бас айналуын туындататын дене орналасуынан алшақ болыңыз.
Глаукома – ұзақ уақыт бойы көз ішілік қысымның артуы есебінен көру нервісінің зақымдануынан орын алады. Глаукома тұқым қуалау бойынша берілуі мүмкін, бірақ, ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін.
Көз ішілік қысымның артуы көру нервісінің қысылуын туындатады, бұл көруді жоғалтуға апарады.
Көз ішілік қысымның артуы миға бейнені беруді жүзеге асыратын көру нервісін зақымдайды. Емдеу болмаған жағдайда бірнеше жыл ішінде глаукома көруді толығымен жоғалтуға апаруы мүмкін.
Көптеген адамдарда глаукома бастапқы кезеңінде симпотомсыз өтетіндіктен, уақытылы анықтау және емдеу қажет. Мысалы көз ішілік қысымның артуы кезінде ауырсыну сезімі болмауы мүмкін. Сондықтан, көруді толығымен жоғалтудың алдын алу үшін ұдайы окулист-дәрігерге көрініп тұру маңызды.
40 жастан асқан немесе тұқым қуалауы арқылы глаукомадан зардап шегетін адамдар әр 1-2 жыл сайын окулист-дәрігерден терең тексеруден өтуі қажет. Егер қант диабеті, тұқым қуалайтын глаукома, немесе көздің басқа ауруларының даму ықтималдығы секілді денсаулықтың мәселелері болса, окулист-дәрігерге көріну жиірек болуы қажет.
Глаукома көз ішілік қысымның артуында дамиды. Бұл көздің алдыңғы камерасында көз ішілік сұйықтықтың айналымы бұзылғанда орын алады.
Қалыпты жағдайда, «көздің ылғалы» аталатын сұйықтық шлемдік канал арқылы көздің алдыңғы камерасынан ағып шығады. Егер бұл канал жабылып қалса, сұйықтық жинақталып, глаукома дамиды. Каналдың жабылуының айқын себебі белгісіз, медицина қызметкерлері бұл тұқым қуалау салдарынан болады деп санайды.
Глаукоманың дамитын сирек себептері: көздің тікелей немесе химиялық зақымдануы, көздің ауыр инфекциялары, көздің қантамырының бітелуі, көздің қабыну аурулары, кейде көздің басқа ауруларын емдеу үшін көзге жасалатын операциялар. Әдетте, глаукома екі көзді де зақымдайды, бірақ, зақымдау дәрежесі әр түрлі болады.
1. ашық бұрышты глаукома (кең бұрышты глаукома) – бұл кең таралған түрі. Тексеріп қарағанда көздің құрылысы өзгермеген, бірақ, көз ішілік сұйықтық көздің трабекулярлық жүйесі аталатын каналдары арқылы тиісті түрде ағып шықпайды.
2. жабық бұрышты глаукома. Жіті немесе созылмалы жабық бұрышты немесе тар бұрышты глаукома деп те аталады. Глаукоманың бұл түрі кең таралмаған, бірақ, көз ішілік қысым күрт көтерілгенде пайда болуы мүмкін. Нұрлы қабық пен мөлдір қабықтың арасындағы (сұйықтықтың ағатын түтіктері орналасқан жерде) бұрыш кішірейгенде дренаждық қызмет бұзылады.
Кейбір адамдарда глаукома симптомсыз өтеді. Бірінші және жиі симптомы – шеткері көруді жоғалту, ол ұзақ уақыт бойы байқалмайды. Глаукоманы ерте кезеңінде анықтау үшін окулист-дәрігерде жылына 1 немесе 2 рет тексеруде болу қажет. Кейде көз ішілік қысым жоғары көрсеткіштеріне дейін артуы мүмкін. Бұл жағдайда көзде кенеттен ауырсыну пайда болып, көру бұлдырайды және жарық көзінің маңында түрлі түсті шеңберлер көрінеді.
Төменде келтірілген симптомдардың қандай да бірі пайда болса, медициналық көмекке жүгініңіз:
• жарық көзінің маңында түрлі-түсті шеңберлердің көрінуі
Глаукоманы анықтау үшін окулист-дәрігер көзді мұқият тексеруі қажет. Көзді тексеру глаукома кезінде зақымданатын көру нервісін зерттеуге бағытталады. Көру нервісінің бейнесі өзгерістерді және глаукоманың асқынуын анықтауға көмектеседі. Көз ішілік қысымды анықтауға арналған тонометрия және шеткері көруді анықтау үшін көру аумағын зерттеу секілді медициналық шаралар жүргізіледі. Глаукома кезіндегі тексерулер ауырсыну бермейді және тез уақытта орындалады.
Глаукоманы емдеуге көз тамшылары, лазерлік немесе микрохирургия жатады.
• Глаукома кезіндегі көз тамшылары. Олар көздің камерасындағы сұйықтықтың пайда болуын азайтады және оның ағып шығуын жақсартады. Жанама әсерлері: аллергия, көздің қызаруы, қысқа уақыттық күйдіру сезімі, көрудің бұлдырауы және көздің тітіркенуі. Глаукома кезінде кейбір дәрілік препараттар жүректің және өкпенің жұмысына әсер етуі мүмкін. Басқа қабылдайтын дәрілер немесе аллергиялық серпін туралы дәрігерге міндетті түрде хабарлау қажет.
• Глаукома кезіндегі лазерлік хирургия. Глаукома кезіндегі лазерлік хирургия ашық бұрыштық глаукомада сұйықтықтың ағып шығуын жақсартады немесе жабық бұрышты глаукомада сұйықтықтың бітелуін жояды. Глаукома кезіндегі лазерлік хирургияның түрлеріне жататындар: трабекулопластика, бұл кезде лазердің көмегімен дренаж жасалатын аумақтың трабекулярлық жүйесі ашылады; нұрлы қабықтың бөлігі алынып тасталады, нәтижесінде, кішкене ойық саңылау пайда болады, ол арқылы сұйықтық еркін ағатын болады; циклофотокоагуляция, бұл кезде лазер сәулесімен көздің ортаңғы қабаттары өңделеді, осылайша сұйықтықтың өндірілуі азаяды.
• глаукома кезіндегі микрохирургия. Трабекулотомия аталатын операцияда сұйықтық ағып шығуы үшін жаңа канал жасалады, осылайша, глаукомаға апаратын көз ішілік қысым азаяды. Кейбір жағдайда қайтадан операциялық араласу қажет болады. Глаукома кезіндегі микрохирургияның басқа асқынулары: уақытша немесе ұдайы көруді жоғалту, сондай-ақ, қан кетуі немесе инфекциялар.
Ашық бұрыштық глаукоманы біріктірілген емдеу – көз тамшылары, лазерлік трабекулопластика және микрохирургия. Әдетте, глаукоманы бастапқы кезеңінде емдеу – медикаментоздық түрде, бірақ, бастапқы кезеңінде лазерлік хирургияны немесе микрохирургияны қолданудың пайдасы туралы дәлелдемелер бар.
Сәбилердің немесе іштен туа біткен глаукома бұл аурудың туған кезде анықталуын білдіреді. Бұл жағдайларда алдымен, хирургиялық араласу қарастырылады, себебі, аурудың себебі – дренаждық жүйенің дұрыс дамымауы.
Глаукома салдарынан көруді жоғалту – қайтымсыз және қалпына келмейді. Бірақ, көз ішілік қысымды төмендетуге бағытталған шаралар көруді әрі қарай жоғалтудың алдын алуға көмектеседі. Глаукома бар адамдар дәрігердің тағайындауын қадағаласа, ұдайы тексеріліп отырса, көбінесе, көруді жоғалтпайды.
Іштің өтуі мен құсу қауіпті болуы мүмкін, себебі, организмнің сусыздануына апарады. Организм сұйықтықтың үлкен мөлшерін жоғалтқанда сусыздану дамиды. Егде жастағы адамдарда сусыздану тез дамиды, бірақ, сусыздану кез келген жаста пайда болуы мүмкін.
Құсу мен іштің өтуінің пайда болу себептері қандай?
Іштің өтуі мен құсу вирустық, бактериалдық, паразитарлық аурулардың симптомы, кейбір аурулар мен дәрілік препараттарды қабылдаудың салдары болуы мүмкін. Кейбір өнімдерді, шала піскен етті немесе балықты қорытудың бұзылысы да іштің өтуі мен құсуды туындатуы мүмкін.
Қалай организмнің сусыздануының алдын алуға болады?
Іштің өтуі мен құсу ұстамасы байқалған кез келген адамға жоғалтылған сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыру қажет.
Іштің өтуі мен құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін ересектер мен егде жастағы адамдар күніне, кемінде, 7-8 стақан су ішуі қажет. Егде адамдарға жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін ішуге арналған регидратациялау ерітінділері тағайындалуы мүмкін (нұсқау).
Құсу мен іштің өтуін тоқтату үшін дәрілік препараттарды қабылдау қажет пе?
Әдетте, қажеті жоқ, себебі, құсу мен іштің өтуі тез өтеді. Инфекциялар кезінде құсу мен іштің өтуі - инфекциялық бөлікті организмнен шығаруға организмнің қорғаныстық реакциясы. Құсу мен іштің өтуін тоқтататын дәрілерді қабылдау организмнің өздігінше қалпына келуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, антибиотиктерге де қажеттілік жоқ. Дәрілік препараттар қажет деп санасаңыз, дәрігерге айтыңыз.
Балаңызда немесе жақын адамыңызда сусыздану дамығандығын қалай білуге болады?
Адамда сусыздану дамығандығын болжау қиын. Әдетте, сусызданудың симптомдары ауыр дәрежесіне өткенде пайда болады. Сусызданудың келесі симптомдарының бірі байқалса, әсіресе, егде жастағы адамдарда, дәрігерге көріну қажет. Ауыр сусыздану жағдайында іштің өтуі мен құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін науқасқа көктамыр (вена) арқылы сұйықтық енгізу қажет болуы мүмкін.
Сусызданудың симптомдары
Несептің мөлшерінің азаюы немесе болмауы, түсінің қошқыл болуы
Несептің жүруінің сиреуі
Шөлдеу
Ашушаңдық
Тәбеттің болмауы
Салмақ жоғалту
Ауыздың құрғауы
Терінің созылымдылығын және серпімділігін жоғалту
Ұйқы басуы.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Іштің өтуі мен құсу ушығатын болса, немесе іштің өтуіне және/немесе құсуға ұшыраған адамда келесілер байқалса:
Сусыздану белгілері болса (жоғарыда келтірілген).
Құсу 8 сағаттан артық жалғасса немесе басылмайтын сипатта болса.
Нәжісте қан пайда болса.
Құсықта қан пайда болса.
8 сағат ішінде несептің жүруі болмаса.
Улы зат жұту кезінде.
Бұлшық еттің ширығуы немесе бастың күшті ауырсынуы болса.
Енжар немесе ұйқы басқан болса.
2 сағаттан артық уақыт бойы іште ауырсыну болса.
Дәрігерге қойылатын сұрақтар
Іштің өтуі мен құсу басқа аурудың симптомдары болуы мүмкін бе?
Іштің өтуі мен құсуды емдеу үшін қандай дәрілік препараттар көмектеседі?
Бактериялық гастроэнтерит – бактериялардан туындаған асқазан мен ұлтабардың қабынуы.
Жіңішке ішек ас қорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі – ұзындығы 6 метрге дейін жетеді! Ол асқазанды жуан (тоқ) ішекпен жалғастырады, көптеген қатпарлары бар (іш қуысында орналасуы үшін). Тұтынатын тағамның көпшілік бөлігі жіңішке ішекте қорытылады. Ол үш бөліктен тұрады: ұлтабар, мықынішек, аш ішек.
Себептері
Бактериялық гастроэнтерит белгілі бір тамақты тұтынған бір адамды немесе тұтас топты зақымдауы мүмкін. Бұл жорықтарда, мектеп асханасында, кафе, мейрамханада болуы мүмкін.
Микробтар тамаққа көптеген жолмен түсуі (тұқымын себуі) мүмкін:
• Бактериялар малды сойғанда жануардың немесе құстың ішегінен етіне түсуі мүмкін
• Суаруға немесе жууға арналған суда адамның немесе жануарлардың тіршілігінің қалдықтары болуы мүмкін.
• дүкендерде, мейрамханада немесе үй жағдайында өнімдерді дұрыс сақтамау салдарынан.
Тағамдық улану көбінесе, тамақ пен сусындарды тұтынуда жиі пайда болады:
• қолын жумаған адамның тамақты дайындауында
• ас үй жабдығының, кесетін тақтайлардың және басқа аспаптардың лас болуында тамақ дайындалуы
• тоңазытқышта сақталмаған, майонез қосылған тағам (қырыққабаттан, сәбізден, пияз бен картоптан жасалған түрлі салаттар)
• дұрыс сақталмаған және мұздатылған, салқындатылған өнімдерді тиісті түрде дайындамастан тұтыну
• жуылмаған немесе нашар жуылған көкөністер мен жемістерді тұтыну
•шикі көкөністік немесе жемістік шырындарды, сүт өнімдерін (пастерленбеген) тұтыну
• толық пісірілмеген етті немесе жұмыртқаны тұтыну
• қайнатылмаған құдық суын немесе қаладағы су көзінен суды қайнатпай тұтыну
Бактериялық гастроэнтерит түрлі бактериялардан туындайды, мысалы:
• Кампилобактер еюни (кампилобактериоз)
• ішек таяқшасы (эшерихиоз)
• Сальмонелла (сальмонеллез)
• Шигелла (шигеллез)
• Стафилококк (стафилококкты энтерит)
• Иерсиния (иерсиниоз)
Симптомдары
Симптомдары аурудың қоздырғышына байланысты. Сұйық және жиі нәжіс тағамдық уланудың барлық түріне тән. Қосымша симптомдарына жататындар:
• іштегі түйілу
• іштегі ауырсыну
• Нәжісте қан болуы
• тәбетті жоғалту
• жүрек айнуы және құсу
Диагностика
Дәрігер тағамдық уланудың симптомдарын анықтайды, мысалы, іштің ауырсынуы және сусыздану (организмдегі сұйықтықтың қалыпты мөлшерін жоғалту).
Аурудың қоздырғышын анықтау үшін тағамның немесе нәжістің талдауын өткізеді. Дегенмен, бұл зерттеулер іш өтуінің нақты себебін анықтай алмауы да мүмкін.
Нәжісте лейкоциттер болуына да талдау жүргізіледі.
Емдеу
Әдетте, ауру басталғаннан кейін бірнеше күн өткенде жағдай жақсарады. Емдеудің мақсаты – науқастың жағдайын жақсарту және организмнің сусыздануымен күресу.
Сұйықтықты жеткілікті мөлшерде тұтыну және дұрыс тамақтану жағдайды жақсартады. Қажет шаралар:
• іш өтуін емдеу
• жүрек айнуын және құсуды бақылау
• көбірек демалу.
Егер іш өтсе және ұдайы жүрек айну мен құсудан организмде сұйықтықты ұстау мүмкін болмаса, көктамыр арқылы сұйықтық енгізу қажет болуы мүмкін. Көбінесе, бұл кішкентай балаларды емдеуде қолданылады.
Несеп айдайтын препараттар қолданатын болсаңыз, дәрігермен кеңесіңіз. Іш өтуі болса, бұл препараттарды қолдануды тоқтату қажет болуы мүмкін. Емдеуші дәрігердің кеңесін алып қана емдеуді өзгертуге немесе тоқтатуға болады.
Гастроэнтериттің жеңіл немесе орташа өтуінде антибиотикпен емдеу, әдетте, тағайындалмайды.
Дәріханадан іштің өтуін емдеу үшін дәрілік препараттарды сатып алуға болады.
• қанмен іш өтуі, қызба немесе іш өтуінің ауыр түрінде дәрілік препараттарды міндетті түрде дәрігердің кеңесімен қабылдау қажет.
• бұл дәрілік препараттарды балаларға бермеңіз.
Аурудың болжамы
Бірнеше күн ішінде жағдай емдеусіз де жақсаруы мүмкін.
Ішек таяқшасының кейбір сирек түрлері ауыр анемияға, тіпті, бүйрек жеткіліксіздігіне де апаруы мүмкін.
Дәрігерге қашан көріну қажет
Келесі жағдайларда медициналық жәрдемге жүгініңіз:
• нәжісте қан немесе ірің болса, және «қара» нәжісте
• іш өтуі және дене температурасы 38°C-тан жоғары болса
• жақында шетелден іш өтуімен келсеңіз,
• іштің ауырсынуы, нәжіс шыққанда басылмайтын болса
• сусыздану симптомдары (шөлдеу, бас айналуы, естің қалыпты болмауы)
Сондай-ақ, дәрігерге көрініңіз, егер:
• іш өтуі жиілесе және балаларда – 2 күннен кейін, ересектерде – 5 күннен кейін жағдай жақсармаса
• 3 айлықтан асқан балаларда 12 сағаттан артық құсу болса.
Кішкентай балаларда құсу және іш өтуі болса, шұғыл түрде дәрігерге хабарласыңыз.