Желшешек ауруы дегеніміз не ?Желшешек ауруы – герпес вирусының түрі-Varicella-zoster типімен шақырылған,тез таралатын жұқпалы ауру.Бұл вирустың жұғу жолдары науқас жөтелгенде,түшкіргенде және денесіндегі дақты көпіршікті өзгерістер сау адам денесіне жанасқанда жүзеге асады . Желшешек ауруы алғашқы 2-3 күнде өте жұқпалы,яғни науқас денесінде бөртпелер және дақты көпіршіктер пайда болғанға дейін.
Желшешек ауруы-негізінде балаларда көбірек кездеседі және қауіпсіз өтеді,ал жастарда,үлкендерде,екі қабат әйелдерде және иммундық жүйесінде ақауы бар адамдарда ауыр ағымда өтуі мүмкін. Желшешек көбінесе қыстың аяғында және көктемнің басында байқалады,осы уақытта өте жұқпалы болып табылады. Бұрын желшешек ауруымен ауырмаған адамдар вирус пен қатынаста болған кезде 80-90% жедел ауырады. Вирус адамға енген кезінде алғашқы симптомдар пайда болғанша білінбеуі мүмкін ол әдетте 14-16 күнге, кейде 10-21 күнге дейін созылуы мүмкін.
Симптомдары
Желшешек ауруының симптомдары мыналар: жоғарғы температура, әлсіздік және денеде көптеп таралған іші сұйықтыққа толы, қатты қышитын көпіршікті бөртпелердің пайда болуы .Бірнеше күннен кейін көпіршіктер жарылып,қабыршықталады және 1 апта көлемінде жаңа көпіршіктер қайтадан пайда болады. Науқас өзінде қандай да бір белгілер пайда болғанға дейін,вирусты тарата беруі мүмкін .
Асқынуы
Жоғарыда айтылғандай желшешек ауруы қатты қиындықтар тудырмайды,бірақ кейбір адамдарда ауыр ағымда өтуі мүмкін.Ондай адамдарға жастар,үлкендер және иммундық жүйесінде ақауы бар кез келген адамдар (СПИД пен ауыратындар немесе гормональды дәрілерді қабылдайтындар) жатады .Желшешек ауруының ең көп тараған асқыныуына денедегі көпіршіктер айналасындағы теріні зақымдайтын бактериальды инфекцияның пайда болуы жатады, ол ары қарай өкпеге, сүйекке,тіпті қанға дейін таралады.Басқа да асқынуларына вирустық өкпе тінінң қабынуы және бас миы тінінің қабынуы жатады .
Емі
Ауруының емі науқастағы бөрпелердің таралуына, жоғарғы температураға және әлсіздікке қарсы бағытталалды .Желшешек ауруын алдын алу мақсатында қарсы арнай екпе (вакцина ) қолданылады ол балаларға және әлі желшешек ауруымен ауырмаған жастарға , үлкен кісілерге қолданылады.
Тег:
Экзема – қолдың білезік бөлігін, бастың шашты бөлігін, бетті, желкені, шынтақ шұнқырын, тізені зақымдайтын созылмалы терілік ауруы. Себебі жиі отбасылық сипатта таралады, бірақ кейде себебі белгісіз де болады немесе жергілік қолданылатын дәрі-дәрмектерге, өсімдіктерге, киімдерге, сабынға, жеміс-жидектерге аллергиясы бар адамдарда пайда болуы мүмкін.
Экземаның симптомдары : бөртпе, сулы көпіршіктер, терінің қалыңдауы немесе қабыршықтануы.
Емі – профилактикалық іс-шара және дәрілің преператтар болып табылады. Емдің мақсаты – симптомдарды жою, әсіресе, бөртпелерді дәне қабыршақтарды.
Атопический дерматит – экземаның бір түрі болып табылады.
Аударған: Бердібек Ағабек
Қышыма – терінің үстінде өте майда кененің әсерінен пайда болатын терінің қышуы. Қышыма кенесі инфицирленген адаммен тікелей жанасу кезінде немесе бір төсек орнын пайдаланғандан жұғады.
Қышыманың симптомдары: түнгі уақытта күшейетін терінің қышуы, ұзыннан немесе айнала орналасқан майда ойық жара немесе көпіршіктерден құралған бөртпенің пайда болуы. Бұл белгілер саусақтар арасында, шынтақ қатпарларында, білезік маңайында, сыртқы өтіс тесік айналасында пайда болады. Балаларда қышыма мойында, бетте, алақанда, табанда болады.
Қышыма симптомдары көрініп болғанша, паразиттермен инфицирленген уақыт аралығанда басқаларға да таралып үлгеруі мүмкін. Бірінше рет жұқтырған да симптомдар 4-6 аптада пайда болады. Ал екінші рет немесе қайталамалы жұқтырған жағдайда симптомдар бірнеше күнде пайда болады.
Қышыма өздігінен басылмайды. Емі дәрілер тағайындаған кремдер немесе лосьондар болып табылады. Дәр кезінде емделмеу паразиттерді басқа адамдарға тарату қауіпі жоғарлайды.
Қышымен ауырған адамдың төсектік жаймаларын, киімдерін, қол орамалдарын тазартудан өткізу керек.