Инфекциялық мононуклеоз немесе бездік қызба, сүйісу ауруы – көптеген жағдайда Эпштейн-Барр вирусымен туындаған инфекция болып табылады. Бұл вирус сілекей арқылы таралады, сондықтан кейде «сүйісу ауруы» деп аталады.
Мононуклеоз жастар мен жасөспірімдерде өте жиі кездеседі. Дегенмен, кез кезген жаста ауруға шалдығу мүмкін.
Симптомдары:
Қызу
Тамақтағы ауыру сезімі
Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Кейбір жағдайларда көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Аурудың ауыр асқынулары өте сирек кездеседі.
Мононуклеоз қан талдауыарқылы анықталуымүмкін. Адамдардың көпшілігі бір-екі апта ішінде емделеді. Дегенмен, сауыққаннан кейін бірнеше ай бойы әлсіздік болуы мүмкін.
Емі
Емі аурудың белгілерін жоюға негізделген және ауырсынуды азайтуға, дене қызуын түсіруге көмектесетін дәрілерді қабылдауды қамтиды. Емдеу үшін, сондай-ақ, тамақты жылы тұзды ерітіндімен шаю қолданылады және демалыс пен көп мөлшерде сұйықтық қабылау керек.
Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы
Анықтамасы
Себептері
Симптомдары
Диагностикасы
Емі
Болжамы
Болжамды асқынулары
Дәрігерге қашан қаралу керек
Профилактикасы
Ауыз аймағындағы ұшық (оралды герпес) – қарапайым герпес вирусымен шақырылған ерін, ауыз немесе қызыл иектің инфекциялық ауруы. Ауру әдетте, суық жара немесе қызбалы көпіршік деп аталатын кішкентай, ауыратын көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады. Ауыз аймағындағы ұшықты лабиалді герпес деп те атайды.
Бұл суретте герпетикалық инфекцияның ерте кезеңі көрсетілген: кішігірім, топталған күлдіреуіктер мен қызару көрінеді.
Себептері
Ауыз аймағының герпесі кең таралған инфекциялық ауру болып табылады. Ол қарапайым герпес вирусының 1 типімен шақырылады. Көптеген адамдар осы вируспе 20 жасқа дейін зақымданадды.
Алғашқы инфекциядан кейін вирус инактивтененеді ( ұйқыға кетеді) және кейіннен жүйке тіндерінде және бетте сақталады. Кейде вирус «оянады» (белсенеді), нәтижесінде оралды герпес пайда болады.
2 типті герпес вирусы әдетте гениталды герпесті шақырады. Алайда, кейде 2 типті герпес вирусы ауыз қуысына ауыз арқылы қатынас кезінде түседі де, оралды герпестің пайда болуына әкеледі.
Герпес вирусы оңай таралады. Келесі жағдайларда жұқтырып алуыңыз мүмкін:
Вирус жұқтырған (науқас) адаммен тығыз байланыста болсаңыз
Герпес вирусымен инфицирленген (жұқтырылған) ұстараны, сүлгілерді, ыдыстарды және басқа заттарды пайдаланғанда
Ата-аналар герпес вирусын балаларына күнделікті байланыс кезінде жұқтыра алады.
Дәрігер науқастың ауыз аймағын қарап, оралды герпесті диагностикалауы мүмкін. Кейде жараның жағындысы алынып, толықтай зерттеу үшін зертханаға жіберіледі. Тексерулерге мыналар жатады:
Вирусты және оның құрылымын анықтау үшін вирусты зерттеу
Вирустық ДНҚ-тест – вирустың генетикалық материалдарын зерттеу
Қарапайым герпес вирусын тексеру үшін Тцанк тесті - бұл жағындыдан эрозия және көпіршіктері бар Тцанк жасушаларын (қарапайым герпес вирусымен зақымданған жасушалар) микроскоптың астында анықтау.
Емі
Симптомдары 1-2 апта ішінде емделусіз өздігінен жоғалып кетуі мүмкін.
Емдеуші дәрігер вируспен күресу үшін дәрі-дәрмек тағайындайды. Олар вирусқақарсы дәрілік препараттар деп аталады. Мұндай дәрілер ауырсынуды азайтуға көмектеседі және симптомдардың ертерек жоғалуына ықпал етеді. Ауыз аймағындағы жараларды емдеуге арналған дәрілік заттарғамыналар жатады:
Ацикловир
Фамцикловир
Валацикловир
Бұл дәрілерді бастапқы симптомдар пайда болғанда, көпіршіктер пайда болмай тұрып қабылдасаңыз әлдеқайда тиімді. Егер, ауыз аймағындағы жаралар жиі шығатын болса, бұл дәрілерді үнемі қабылдауға болады.
Теріге арналған вирусқақарсы кремдердіде қолдануға болады. Дегенмен, бұл препараттар қымбаттұрадыжәне көпіршіктердің белсенуін күніне текбірнеше сағатқа ғана азайтады.
Келесі нұсқаулықтар ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға көмектесуі мүмкін:
Ауырсынуды жеңілдету үшін жараға мұз басыңыз.
Көпіршіктерді абайлап антисептикалық сабынмен және сумен жуыңыз. Бұл вирустың дененің басқа аймақтарына таралуының алдын алуға көмектеседі.
Ыстық сусындарды, дәмді және тұзды тағамдарды, цитрустарды қолданбаңыз.
Салқын сумен ауыз шайыңыз.
Жараларды тұзды сумен жуыңыз.
Стероидтыемес қабынуға қарсы препарат сияқты ауырсынуды басатын заттарды қабылдаңыз.
Болжамы
Еріндегі герпес әдетте 1-2 апта ішінде өздігінен кетеді. Дегенмен, аурудың симптомдары қайталануы мүмкін.
Герпес ауыр және қауіпті болуы мүмкін, егер:
Көздің айналасында немесе көзге жақын пайда болса
Кейбір аурулар мен дәрі қабылдауға байланысты иммундық жүйе әлсіресе
Болжамды асқынулары
Көздің герпетикалық инфекциясы соқырлықтың басты себептерінің бірі, себебі ол қасаң қабықтың тыртықтануын тудырады.
Қарапайым герпестіңбасқадаасқынуларына жатады:
Ауыз қуысында жаралар мен көпіршіктердің қайта пайда болуы
Вирустың терінің басқа аймақтарына таралуы
Терініңбактериалды инфекциясы
Иммундық жүйесі әлсіреген адамдардың өміріне (атопиялық дерматит, рак немесе АИТВ инфекциясы кезінде) қауіпті болуы мүмкін организмнің жалпы инфекциясы.
Дәрігергеқашан қаралу керек
Келесі жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:
Ауру симптомдары ауыр немесе 2 апта ішінде кетпесе
Жаралар немесе көпіршіктер көздің жанында орналасса
Кейбір ауруларға немесе дәрі қабылдауға байланысты иммундық жүйе әлсіреген кезде герпестің симптомдары пайда болса
Төменде ауыз қуысындағы жаралардың пайда болуын алдын алу үшін кеңестер берілген:
Сыртқа шығардың алдында, құрамында мырыш оксиді бар күннен қорғайтын кремді немесе ерінге арналған бальзамды жағыңыз.
Ылғалдандыратын ерін бальзамы да көмектесуі мүмкін.
Герпетикалық бөртпелермен тікелей байланыста болмаңыз.
Әрбір пайдаланудан кейін сүлгілер мен төсек жаймаларын қайнаған суда залалсыздандырыңыз.
Егер басқа адамдардан герпесті байқасаңыз, ыдыс-аяқпен, стакандармен немесе басқа заттармен бөліспеңіз.
Егер сіздің ерніңізде герпес болса, әсіресе, көпіршіктер болсасүйіспеңіз. Сіз вирусты жыныстық мүшелерге таратуыңыз мүмкін. Герпес вирусының екі типідекейде ауыз аймағында жаралар немесе көпіршіктер болмаған кезде де таралуы мүмкін.
Тұмау – тыныс жолдарының вирусты инфекциясы. Жөтел, тыныс алу қиындығы, қызба, бас ауры, бұлшық еттердегі ауру және әлсіздік симптомдарымен көрініс береді. Вирус адамнан адамға ауа-тамшылы жолмен таралады.
Себептері
H1N1 вирусының ерте формалары шошқадан анықталған. Уақыт өте вирус өзгеріп (мутацияланды), адамдарға жұға бастады. H1N1 вирусы адамнан алғаш рет 2009 жылы анықталған. Ол дүние жүзінде тех таралып кетті.
2010 жылы тұмау мерзімінде H1N1 вирусы жаппай инфекция шақырмады. Арнай вакцина қажет болмады, бірақ H1N1 вирусы әлгі күнге дейін мерзімдік вакцинацияға кіретін 3 вирустын бірі болып табылады.
Кез-келген вирус адамнан адамға мына жағдайларда беріледі:
Тұмаумен ауыратын кез келген адам жөтелсе немесе түшкірсе, ал қоршаған адамдар сол ауамен дем алса
Тұмау вирусы орналасқан комьютерді, есік тұтқасын қолмен ұстап жжәне кейін көз, ауыз немесе мұрынды ұстағанда
Тұмаумен ауырып жатқан баланы немесе ересек адамды бағып қарағанда, өзіннің шырышты қабаттарын ұстаса
Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Таралуы
Профилактика
Жалпы ақпарат
Вирусты геморрагиялық қызбалар (ВГҚ, ВГЛ) төрт түрлі вирустармен шақырылатын ауру тобы болып табылады. ВГҚ жатады: Эбола, Марбург, Ласса және Сары қызба. ВГҚ ортақ белгілері бар: олар көптеген ағзаларға әсер етеді, өз кезегінде қан тамырларды зақымдап, организмнің өзін-өзін реттеуін бұзады. Кейбір ВГҚ оңай өтеді, бірақ кейбіреуі, мысалы Эбола қызбасы немесе Марбург қызбасы, ауыр өтіп және өлімге алып келеді.
Таралуы
ВГҚ бүткіл дүние жүзінде таралған. Белгілі бір аурулар, әдетте жануарлардың арнайы өмір сүру аймағымен шектелген. Мысалы, Ласса қызбасы Батыс Африканың ауыл аймақтарындағы, тышқан және мысықтар өмір сүретін аймақпен шектелген.
Профилактика
Туристтерге ауырып қалу қаупі төмен, бірақ осы аурулар бар болған аймақтардан аулақ жүру керек. Себебі бұл ауруларды емдейтін эффективті әдістер жоқ. Және осы вирустарды қолдану биотеррозимнің бір себебі деген сақтық бар.
Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы
Энцефалит– бұл вирусты инфекцияның себебінен болатын мидың қабынуы. Егер дер кезінде емделмейтін болса, энцефалит мидың қалыпты жұмыссын бұзылып, өмірге қауіп қатер әкелуі мүмкін.
Энцефалиттің симптомдары: қызба, бас ауру, ақыл-естің бұзылысы болып табылады. Сонымен қатар басқа да симптомдар қосылуы мүмкін, мысалы, жарыққа сезімталдылықтың жоғарлауы, құсу және жүрек айну, мойын және арқа бұлшықеттерінің сіресуі, әлсіздік. Кейде сіреспелі талма, мінез-құлықтың өзгеруі сияқты белгілерде пайда болады. В общем, симптомы, развивающиеся внезапно и внушающие опасения с самого начала, обычно указывают на более сильную, опасную для жизни форму энцефалита.
Эгцефалит көбінесе вируспен шақырылады, соның ішінде жай герпес, гениталды герпес, теңіз шошқасы, қызылша, желшешек, мононуклеоз, тұмау, қызамық. Энцефалитті маса мен шыбындар тарата алады.
Науқасты ауруханаға жаттызып, вирустарға қарсы препараттарды пайдалану арқылы емдейміз. Ацикловир симптомдарды жояға жақсы көмектесетін препарат болып табылады.
Аударған: Бердібек Ағабек
Скарлатина (қызамық) – аз уақыт аралығында тамақтың стрептококкты қабынуын өткерген 2-10-жастағы балаларда жиі кездесетін ауру. Скарлатинаның себебі әртүрлі стрептококкты бактериялардан бөлінген улардың әсері болып табылады.
Скарлатинаның негізгі симптомы – егеуқұм қағазына ұқсас қатаң, қызыл түсті бөртпенің пайда болуы. Бөртпе кеуде және іш аймағында 24 сағат ішінде пайда болып, кейін барлық денеге таралады. Бөртпе мен қызарулар тері қатпарларында, әсіресе шат аймағында, қолтық және шынтақ қатпарларында анық білінбейді. Қызба мен тамақтың стрептококкты қабынуы бөртпеден бұрын болады.
Скарлатина мен тамақтың стрептококкты қабынуыдың емі антибиотик болып табылады. Бөртпе өзімен-өзі пайда болмайды және емді талап етпейді. Көп жағдайда скарлатина асқынусыз емделумен аяқталады.
Бөртпе ересектерде де, балаларда да дене температурасының көтерілумен жүреді.
Аударған: Бердібек Ағабек
Сепсис - белгілі бір инфекцияның қанға, лимфаға, жасушаларға таралуына байланысты, иммунды жүйенің жоғарлаған реакциясы. Ауыр сепсис жиі қан қысымының төмендеуінің себебі болып табылады. Ол өз кезегінде ағзадағы қанайналымның бұзылуына әкеліп, нәтижесінде мүшелік жетіспеушілік және өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Сепсистің симптомдары - қызба немесе температураның төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі, қалтырау және дірілдеу, жүрек соғысының жиілеуі, зәр шығарудың азаюы, есінің шатасуы және сандырақтауы болып табылады.
Сепсисті ең жиі себебі – бактериялық инфекция болып табылады, бірақ кейде басқада инфекция түрлері шақыруы мүмкін.Сепсис барлық жастағы адамдарда кездеседі, бірақ балаларда, қарт кісілерде және иммунды жүйесі әлсіреген адамдар жиі шалдығады.
Сепсистің еміне антибиотиктер, қан қысымын сүйемелдеуші және мүшелік жетіспеушіліктен сақтаушы дәрі-дәрмектер қолданылады.
Уретрит бактериялардан немесе вирустардан туындайды. Несеп шығару жолдарының инфекциясын туындатқан бактериялар (ішек таяқшасы) және жыныстық жолмен берілетін аурулар (хламидиоз, гонорея) да уретриттің себебі болуы мүмкін. Уретритті туындата алатын вирустарға – қарапайым герпес және цитомегаловирус жатады.
Басқа себептері:
· Жарақаттар
· Ұрықтандыруға қарсы құралдарда: кремдер, көбіктер, т.б. қолданылатын химиялық заттектерге асқан сезімталдық.
Уретриттің қауіп факторлары:
· Бала өрбіту жасындағы әйелдер
· 20 – 35 жастағы ерлер
· Жыныстық қатынастағы серіктестердің көптігі
· Жоғары қауіпті жыныстық қатынас (мысалы, анальдық, презервативсіз)
Ауырсынуды басатын препараттар, оның ішінде, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар немесе Феназопиридин (Пиридиум) тағайындалуы мүмкін, ол антибиотиктермен қатар несеп шығару жолдарында әрекет етеді.
Уретритке шалдыққан адамдар емделетін кезде жыныстық қатынасқа түспеуі немесе презерватив қолдануы тиіс. Егер қабынудың себебі инфекция болса, жыныстық серіктесіңіз де емдеу курсынан өтуі тиіс.
Жарақаттан немесе химиялық тітіркендіргіштердің салдарынан уретритке шалдыққан адамдарға жарақат немесе тітіркендіргіштерден алшақ болу қажет.
Антибиотиктермен емделгеннен кейін өтпейтін және 6 аптаға дейін созылатын уретрит – созылмалы аталады. Бұл мәселені емдеу үшін түрлі антибиотиктер қолданылады.
Уретриттің кейбір симптомдары жеке гигиенаны қадағалау және қауіпсіз жыныстық қатынас (тек бір жыныстық серіктес, презерватив қолдану) арқылы жойылуы мүмкін.
Дененің қалыпты температурасы кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Кешкі уақытта әдетте, жоғары болады. дене температурасына әсер етуі мүмкін басқа факторлар:
· Әйелдерде етеккір айналымының екінші жартысында дене температурасы 1 немесе одан жоғары градусқа артады.
· Дене белсенділігі, күшті эмоциялар, тамақ ішу, жылы киім, дәрілік препараттар, бөлмедегі жоғары температура және жоғары ылғалдылық дене температурасының артуына ықпал етеді.
Қызба – организмнің инфекцияға жауап ретінде қорғаныс серпіні. Ауру қоздыратын бактериялар мен вирустардың көпшілігі 37°С-тан асқан температурада жақсы дамиды. Қызба микроорганизмдермен күресті куәландырғанымен, ол организмнің қорғанысына бағытталған.
Мидың қызбадан зақымдануы әдетте, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілгенге дейін пайда болмайды. Инфекциядан туындаған қызба емдеу болмағанда дене температурасының 41°C-тан артуымен сирек болады.
Түсініксіз, бірнеше күн мен аптаға созылатын қызба айқын себепсіз қызба аталады.
Кейде қарапайым суық тию немесе басқа вирустық инфекция дене температурасын жоғарылатуы (38,9 - 40°C) мүмкін. Бұл әрқашан ауыр ауруды нұсқай бермейді. Сонымен қатар, кейбір күрделі инфекциялар кейде қызбасыз немесе дене температурасының төмендеуімен өтуі мүмкін.
Егер қызба жеңіл өтетін болса, басқа ешқандай симптомдар болмаса, емдеу қажет болмайды. Сұйықтықты көбірек ішіп, көбірек демалыңыз.
Дене температурасын түсіруге тырысқанда:
· қалтырау бар болса, ҚЫМТАНБАҢЫЗ
· артық киім мен көрпені алып тастаңыз. Бөлме температурасы тым жоғары немесе тым төмен болмауы тиіс. Жеңіл киім киіңіз және бір жұқа көрпе жамылыңыз. Егер бөлмеде ыстық және қапырық болса, желдеткішті немесе кондиционерді қосыңыз.
· қызбаны түсіруге жылы ванна немесе губкамен сүртіну көмектесуі мүмкін. Бұл процедуралар дәрі қабылдаудан кейін тиімді, олай болмағанда, температура қайтадан көтерілуі мүмкін.
· Суық ванна ҚАБЫЛДАМАҢЫЗ, мұзды немесе алкогольмен СҮРТІНУДІ ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Бұл процедуралар теріні салқындатады, бірақ, көбінесе, жағдайды ушықтырады, себебі, дірілді туындатуы мүмкін, осыдан, дене температурасы қайтадан көтерілуі ықтимал.
Төменде дене температурасын түсіру үшін дәрілерді қабылдау бойынша кейбір ұсыныстар берілген:
· Ацетаминофен және ибупрофен – ыстықты түсіретін препараттар. Кейде дәрігерлер екі препаратты да тағайындайды.
· Ацетаминофенді әр 4-6 сағат сайын қабылдаңыз. Препараттың әрекет ету механизмі мидағы жылуды реттеу орталығына әсер етуге негізделген.
· Ибупрофенді әр 6 - 8 сағат сайын қабылдаңыз. 6 айлық жасқа жетпеген сәбилерге ибупрофенді БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ.
· Аспирин ересектердегі қызбаны емдеу үшін тиімді. Аспиринді балаға беру үшін алдын ала дәрігердің кеңесін алу міндетті.
қызба кезіндегі тамақтану және сұйықтық ішу тәртібі:
· Науқастар сұйықтықты көп ішуі тиіс. Су, сорпа, шырын ұсынылады.
· Тамақ ішуге шектеу қойылмайды, бірақ, тәбет болмаса өзіңізді тамақ ішуге мәжбүрлемеңіз.
103 телефоны арқылы жедел жәрдемді шақырыңыз, егер өзіңізде немесе қасыңыздағы адамда қызба және келесі симптомдардың бірі болса:
· Жеңіл ояна алмау
· Естің қалыпты болмауы
· Жүре алмау
· Тыныс алудың қиындауы, мұрын қуысын тазартқанның өзінде
· Еріннің, тілдің немесе тырнақтың көгеруі
· Күшті бас ауыруы
· Мойынның қарысуы
· Талма.
Келесі жағдайларда шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз:
· Дене температурасы 40°C-тан артса, және дәрі ішкенде түспесе.
· Қызба 39°C деңгейінде тұрақтаса немесе одан әрі ушықса
· Қызба 48-72 сағаттан артық созылса.
· Қызба аптаның ішінде немесе одан ұзақ уақыт бойы бірде басылып, бірде жоғарылайды, дене температурасы аса жоғарыламаса да.
· Күрделі ауру бар болса, мысалы, жүрек ауруы, муковисцидоз, ӨСОА (ХОБЛ) немесе өкпенің басқа созылмалы аурулары.
· Қызба кезінде бөріткен немесе көгеру пайда болса.
· Несеп шығаруда ауырсыну болса.
· Иммундық жүйеде мәселелер болса, (стероидтармен емдеу, сүйек кемігін немесе ағза алмастырғаннан кейінгі жағдай, көк бауырды алып тастау, АИТВ (ВИЧ) - оң статус, қатерлі ісіктен емделу тарихы)
Таңдай бадамша бездері– лимфоидты тіннің жұпты жиналуы (организмнің қорғаныс серпіні үшін жасушалар өндіретін тін), жұтқыншақтың (ауыз қуысының арты) және ауыз аумағында орналасқан.
Жіті тонзиллит – ангина (баспа).
Адамның тамағы (алқымы) жұтқыншақтан және көмейден тұрады. Жұтқыншақ мұрын қуысының, ауыз қуысының және көмейдің артында орналасқан. Жұтқыншақ – ас қорыту түтігінің және тыныс алу жолдарының бөлігі, бір жағынан, мұрын мен ауыз қуыстарын, басқа жағынан, өңеш пен көмейді жалғастыратын бөлім. Көмейге кірер тұста лимфоидты түзілістердің толық шеңбері орналасқан: тілдің бадамшабездері, екі таңдай бадамшабезі, екі түтіктік және жұтқыншақтық бездер.
Көбінесе, тонзиллит вирустардан және бактериялардан (стрептококк) туындайды.
Көбінесе жіті түрі болады, кейде – микоплазмадан (жасушалық қабырғасыз бактериялар) және хламидиядан (жасуша ішілік микроорганизмдер) туындауы мүмкін.
Инфекцияның берілу жолы – ауа арқылы, ауаның құрамында қоздырғышпен жұқпаланған сұйықтық (шаң) бөлшектері болады (ауа-тамшы жолы). Инфекцияның көзі - қоздырғышпен жұқпаланған адамдар (инфекцияға шалдыққандар және тасымалдағыштары).
Жіті тонзиллит созылмалы түрге өтіп, кезеңді асқынуы болып тұруы мүмкін. Созылмалы тонзиллит – инфекцияны басқа ағзаларға тарататын инфекция ошағы. Көбінесе, бұл асқынулар жүрек пен бүйрекке қатысты болады.
Созылмалы тонзиллиттің даму себептері:
· Ангина (баспа) кезінде дұрыс емделмеу немесе емделмеу;
· Мұрынның сүйек қалқасының қисаюынан, төменгі мұрын кеуілжірінің ұлғаюынан, мұрын полипінен мұрынмен тыныс алудың бұзылуы;
· әлсіреген организм;
· басқа созылмалы аурулардың болуы;
· маңындағы ағзалардағы инфекция ошағының болуы (гайморит);
Дәрігер тонзиллитті анықтау үшін шағымдарды, аурудың тарихын, қарау мен бактериологиялық зерттеудің зертханалық көрсеткіштерін (қоздырғышын зерттеу) талдайды. Ангинаның (баспаның) түрі мен сатысын оториноларинголог (ЛОР-дәрігер) анықтайды.
Қараған кезде бадамшабездердің қызарғандығы, біршама ұлғаюы көрінеді. Және сол маңдағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы да байқалуы мүмкін. Қызарып, ұлғайған бадамшабездерде сары-ақшыл өңез болады, кейде бірыңғай тұтас өңез байқалады. Кейде (сирек) бадамшабездің бөлігінің іріңді өзгерісі болуы мүмкін.
Балаларда көмейдің артқы жағында шағын қызыл көпіршіктер байқалуы ықтимал.
Ұлғайған бадамшабездер ауырсыну немесе басқа мәселе әкелмесе, арнайы емдеуді қажет етпейді.
Егер тексеруде стрептококк секілді бактерия анықталса, дәрігер антибиотик тағайындайды. Антибиотик қабылдамаған жағдайда стрептококкты ангина (баспа) қайталануы мүмкін.
Келесі кеңестер ангинада (баспада) жақсы сезінуге көмектеседі:
салқын сұйықтық ішу немесе жемісті балмұздақ сору қажет
жылы сұйықтық (ыстық емес) ішуге де болады
көмейді жылы тұзды ерітіндімен шаю қажет
көмейдің ауырсынуын басатын арнайы пастила (соратын таблеткалар) соруға болады (кішкентай балалар қақалып қалмау үшін абайлап беру қажет)
ауырсынуды және қызуды басу үшін (температураны) қабынуға қарсы құралдарды қабылдау қажет, олардың негізінде – ацетоминофен немесе ибупрофен болады. Балаларға аспирин беру ұсынылмайды, Рэйе синдромы дамуының қаупі салдарынан.
Ұдайы ангина (баспа) қайталанатын адамдарға тонзилэктомия – бадамшабезді алып тастайтын ЛОР операция ұсынылады.
Әдетте, тонзиллиттің симптомдары емдеу басталғаннан кейін 2 немесе 3 күннен кейін өтеді. Жіті тонзиллитті дұрыс емдемесе немесе мүлде емдемесе, созылмалы түрге өтетіндігін есте ұстау қажет!