.

Қызба | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Қызба

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Жіті панкреатит – ұйқыбезінің қабынғандағы жіті ауруы. 

Бұл бейне іш қуысының жоғарғы бөлігінің компьютерлік томографиясы, бейнеде жіті қабынудан туындаған (панкреатит) ұйқыбезі тіндерінің қабынуы және ісінуі  айқын көрінеді.

 

Себептері

Ұйқыбезі асқазанның артында орналасқан. Ол ас қорыту ферменттерін (энзимдерді) және инсулин, глюкагон секілді гормондық ферменттерді өндіреді.  Ас  қорыту ферменттері аш ішектің саңылауына түседі, ол жерде белсеніп, ас қорыту үрдісінде маңызды буынға айналады.

Адамның ас қорыту жүйесінің ағзалары

Егер ферменттер ұйқыбезінде белсенді болса, ұйқыбезінің тіндерінің өзін қорытуы орын алады, ұйқыбезінің және оның қантамырларының ісінуіне, қанталауына, зақымдануына апарады.

Жіті панкреатит әйелдерге қарағанда ерлерде жиі пайда болады. Жекелеген аурулар, оперативтік араласулар, зиянды әдеттер мен дұрыс тамақтанбау бұл аурудың даму қаупін арттырады.

Ауру көбінесе, алкоголизмнен және алкогольді шамадан тыс тұтынудан (АҚШ-та -70% жағдайда) туындайды. Генетикалық факторлар да аурудың дамуына әсер етеді. Басқа жағдайларда себебі белгісіз.

Панкреатитті туындататын басқа аурулар:

• Аутоиммундық мәселелер (егер иммундық жүйе өзіндік организмді зақымдайтын болса)

• Ұйқыбезінің немесе ұйқыбезі ферменттері бөлінетін жалпы өт түтіктерінің бітелуі,

• Хирургиялық араласу кезінде түтіктердің немесе ұйқыбезінің зақымдануы

• Қандағы үшглицеридтер деңгейінің артуы (май қышқылдарының) (гиперүшглицеридтік)

• Зақым жағдайындағы ұйқыбезінің зақымдануы

Қосымша себептері:

• Муковисцидоз асқынулары

• Гемолитикалық-уремиялық синдром

• Гиперпаратиреоз

• Кавасаки ауруы  

• Рей синдромы

• Қандай да бір дәрілік препараттарды тұтыну (әсіресе, эстрогендерді, кортикостероидтарды, несеп айдайтын препараттарды, мысалы, тиазид және имуран)

• Вирустық инфекциялар, паротит (борықтану), Коксаки вирустары, микоплазмалық пневмониялар және кампилобактериялар.

 

Симптомдары

Панкреатиттің басты және негізгі симптомы – сол жақ қабырғаның астында  немесе іштің ортасындағы жіті ауырсыну.

Ауырсыну:

• Майлы тамақты немесе сусындарды тұтынғаннан кейін бірнеше минуттен кейін күшейеді.

• ұдайы және бірнеше күн ішінде жалғасады.

• арқамен жатқанда күшейеді

• Арқаға немесе сол жауырыннан төмен тұсқа ауырыну береді.

 

Жіті панкреатитке шалдыққан адамдарда қызба, жүрек айнуы, құсу және тершеңдік байқалуы мүмкін.

Бұл ауруда пайда болатын қосымша симптомдар:

• жер түсті нәжіс

• желденудің артуы

• кекіру

• ас қорытудың бұзылысы

• тері мен көздің ағының аздап сарғаюы (сары ауру)

• терінің бөріткені немесе ойықжара

• іштің кебуі

 

Диагностика

Тексергенде дәрігер анықтайды:

• іш қуысындағы ауырсыну сезімі немесе ісіну

• қызба

• төмен қысым

• жүректің жиі соғуы

• жиі тыныс алу

Зертхана талдаулары ұйқыбезі бөлетін ферменттердің деңгейінің келесі өзгерістерін көрсетеді:

• қандағы амилаза деңгейінің артуы

• қан сарысуындағы липаза деңгейінің артуы

• несептегі амилаза деңгейінің артуы

 

Қосымша зертханалық талдаулар панкреатиттің асқынуларын анықтауға көмектеседі:

• қанның жалпы талдауы (ОАК)

• қанның толық ферменттік панелі

 

Ұйқыбезінің қабынуын көрсететін басқа тексеру әдістері:

• іш қуысының компьютерлік томографиясы

• іш қуысының МРТ

• іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі.

 

Емдеу

Көбінесе, емдеуді жүргізу үшін ауруханаға жатқызу қажет болады:

• ауырсыну ұстамасын басатын дәрілік препараттар

• көктамыр (вена) арқылы ерітінділер құйылуы

• ұйқыбезіне жүктемені азайту үшін тамақ тұтынуды шектеу.

 

Кейде мұрын немесе ауыз арқылы назогастральдық зонд (түтік) орнатылады, ол арқылы асқазанның ішіндегісі алынады. Бұл әдіс құсу немесе күшті ауырсыну басылмайтын болса немесе ішек парезінің (салдануы) дамуы мүмкін болса қолданылады. Зонд 1-2 күннен 1-2 аптаға дейін қойылады.

Ауруды емдеу қайталанған ауырсыну ұстамасының пайда болуының алдын алады.

Кейбір жағдайда қажет:

• ұйқыбезінің айналасындағы немесе оның ішіндегі сұйықтықты сорып алу

• өт тастарын алып тастау

• ұйқыбезінің түтігін босату.

 

Аса ауыр жағдайларда оперативтік араласу қажет болады, ұйқыбезінің беріштенген немесе зақымданған тінінің бөлігін алып тастау үшін.

Панкреатит ұстамаларына шалдыққан науқастар үшін алкогольді сусындар, майлы тамақ тұтынуға, темекі шегуге болмайды.

 

Аурудың болжамы

Аурудың симптомдары апта барысында басылады. Бірақ, ауру өмірге қауіпті сатыға өтуі де мүмкін.

Өлім-жітім қаупі артады, егер:

• Геморрагиялық панкреатитте – ұстама қан кетуімен қосарланғанда

• бауырдың, жүректің немесе бүйректің жұмысының бұзылысында

• беріштенген панкреатитте

 

Панкреатиттің қайталану қаупінің ықтималдығы аурудың пайда болу себебіне және емдеудің тиімділігіне байланысты.

 

Мүмкін асқынулары

• Жіті бүйрек жеткіліксіздігі

• жіті респираторлық дистресс-синдром (ОРДС)

• іш қуысында сұйықтық жиналуы (асцит)

•  ұйқыбезінің абсцесі және кистасы

• жүрек жеткіліксіздігі

• артериалдық қысымның төмендеуі.

Жіті панкреатиттің қайталанған көріністері созылмалы түріне апарады.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге хабарлаңыз, егер:

• ішіңізде күшті, ұдайы ауру мазаласа

• жіті панкреатиттің басқа симптомдары пайда болса.

 

Алдын алу

Панкреатиттің жаңа немесе қайталанған көріністерінің даму қаупін азайтуға болады, ол үшін аурудың алдын алатын ережелерді ұстану қажет:

• алкогольді шектеңіз.

• Балалардағы қызбаны емдеу үшін аспирин қолданбаған жөн, әсіресе, егер оларда вирустық ауру болса. Бұл Рей синдромы дамуының алдын алу үшін маңызды.

• Балаларды паротиттен (борықтану) және басқа балалар ауруларынан вакцинациялауды өткізіңіз («Иммунизация – жалпы шолуды» қараңыз).

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Сүт безінің инфекциясы – сүт безі тіндерінің жұқпалануы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретте сау сүт безінің анатомиялық құрылысы көрсетілген. 

Емізетін әйелдерде көптеген инфекциялар бактериялардың емшек ұшы арқылы енуінде пайда болады. Ауыр инфекцияларда абсцестер (іріңді қабыну) пайда болады. Емдеу үшін антибактериалдық препараттар қолданылады. 

 

 

 

Себептері

Сүт безінің қабыну ауруларын сау адамның терісінде болатын алтын түсті стафилококк секілді кең таралған бактериялар туындатады. Бактериялардың енетін тұсы – емшек ұшындағы жарылу немесе сызаттар.

Инфекция сүт безінің теріастылық-майлық жасушасында шоғырланады, бұл оның қабынуына апарады. Қабыну үрдісі сүт безінің түтіктері бойынша таралады. Нәтижесінде ісіну және ауырсыну пайда болады.

Әдетте,  бұл ауру емізетін әйелдерде пайда болады. Бала емізуге байланысты емес емшек инфекциялары сүт безінің қатерлі ісігінің сирек түрі болуы мүмкін.

Симптомдары

 

•        Бір емшек безінің ғана ұлғаюы

•        Емшектегі қатаюлар

•        Емшектегі ауырсыну

•        Қызба немесе тұмаудың симптомдары, жүрек айнуы және құсу

•        қышу

•        емшек ұшынан бөлініс (іріңді болуы мүмкін)

•        емшек ұштарының сезімталдығының өзгерістері

•        сүт бездерінің тіндерінің ісінуі, ауырсынуы, қызаруы және температурасының артуы

•        зақымдану жағындағы лимфа түйіндерінің ауырсынуы немесе ұлғаюы

 

Диагностика

Емізетін әйелдер әдетте, тексерілмейді. Алайда, жиі тексеру ауруды анықтауға көмектеседі және абсцесс (іріңді қабыну) секілді асқынуларының алдын алады.

Ұзақ уақыт бойы өтетін инфекциялық үрдісте емшек сүтін бактериологиялық себу арқылы тексеріс өткізіледі. Емізбейтін әйелдерде сүт безінің биопсиясы немесе  маммография өткізілуі мүмкін.

 

Емдеу

Үйде жасалатын күтім: сүт безінің зақымданған аумағына спиртті ылғалды компресс қолдану, күніне төрт рет, 15-20 минуттен.

Бұл ауруды емдеуде антибиотикпен емдеу пайдалы. Емдеу уақытына емшек емізуде зақымданған жақта міндетті түрде сүт сауғыш қолдану ұсынылады.

 

Аурудың болжамы

Бактерияға қарсы препараттарды уақытылы қолдануда ауру тез өтеді.

 

Мүмкін асқынулары

Ауру ауыр өткенде абсцесс (іріңді қабыну) дамуы мүмкін. Абсцесс хирургиялық жолмен босатылуы тиіс. Абсцеске шалдыққан әйелдер уақытша емізуді тоқтатуы тиіс.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге көрініңіз, егер:

•        сүт безінің бір тұсында қызару, ауырсыну, ісіну немесе жергілікті температурасының артуы пайда болса

•        емізгенде дене температурасының артуы байқалады

•        қолтық асты лимфа түйіндері ауырсынып, ұлғайған.

 

Алдын алу

Келесі ұсыныстар сүт безінің жұқпасының қаупін азайтуға көмектеседі:

•        қабыну және сызаттардың алдын алу үшін емшек ұшына қамқорлық жасау қажет

•        сүт безінің қатаюының алдын алу үшін жиі емізу және сауып отыру

•        емізгенде балаға емшекті дұрыс беру

•        емшек емізуді күрт үзбеу, сәбиді емшектен біртіндеп айыру

 

Синонимдары

Сүт безі тінінің инфекциясы; емшек абсцесі.

Мазмұны

Баланың температурасын түсіруге тырысу қажет пе?

Балаға қандай дәрілік препаратты беруге болады?

Дәрілік препараттарды қабылдау бойынша кеңестер

Температурасын түсіру үшін балаға аспирин беруге болады ма?

Бала өзін жақсы сезінуі үшін тағы не істуге болады?

Ванна қабылдау қызуды түсіруге көмектеседі ме?

 

Баланың температурасын түсіруге тырысу қажет пе?

Қызба – организмнің инфекцияны тудыратын микробтармен күресуінің белгісі. Егер 3 айлықтан 3 жасқа дейінгі балада дененің субфебрильдік температурасы болса (38,8 °C дейін), оған дәрі бермеуге болады. Дәрілік препараттарды тағайындау дене температурасы 38,8 °С асқанда ұсынылады.

Егер 3 айлықтан жас сәбиде дене температурасы 38,8 °С асқанда, шұғыл түрде дәрігерге немесе жедел медициналық жәрдемге хабарласыңыз. Кішкентай сәбилерде қызба ауыр инфекцияның белгісі болуы мүмкін.

 

Балаға қандай дәрілік препаратты беруге болады?

2 айлық жастан кіші сәбиге дәріні дәрігермен ақылдасып қана беруге болады.

Ацетаминофен ауырсынуды және қызуды түсіреді. Дәрігермен балаға жарамды препараттың мөлшерлемесі туралы кеңесіңіз. Мөлшерлеме баланың жасы мен салмағына сәйкес есептеледі.

6 айлықтан асқан баланың температурасын түсіру үшін басқа препарат  ибупрофен қолданылады. Оны балаға берудің алдында дәрігермен кеңесу қажет. Дәрігер балаға қажетті препараттың дұрыс мөлшерлемесін айтады.

 

Дәрілік препараттарды қабылдау бойынша кеңестер

·         Балаға күніне препараттың 5 мөлшерлемесінен артық бермеңіз.

·         2 айлықтан кіші сәбилерге тек дәрігердің тағайындауымен ғана дәрі беруге болады.

·         Препаратқа нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Балаға препараттың дұрыс мөлшерін беруге көз жеткізіңіз.

·         Сұйық дәрілік құралдарды дұрыс өлшеу үшін арнайы өлшем стақан немесе қасықты қолданыңыз. Оларды дәріханадан сатып алуға болады. Қарапайым шәй қасығын қолдануда препараттың мөлшерінен қателесуге болады.

 

Температурасын түсіру үшін балаға аспирин беруге болады ма?

Жоқ. Сирек жағдайларда аспирин балаларда Рейе синдромының дамуына апаруы мүмкін. Бұл өлім-жітімге апаруы мүмкін күрделі ауру. Дәрігерлер 18 жастан кіші балаларға аспирин беруді ұсынбайды.

 

Бала өзін жақсы сезінуі үшін тағы не істуге болады?

·         Организмі сусызданбауы үшін балаға көбірек сұйықтық беру қажет. Су, сорпа, жемісті балмұздақ пен хош иісті желатин – жақсы таңдау.  

·         Егер бала сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін алса, тамақ ішкісі келмесе, мәжбүрлеу қажет емес.

·         Баланың демалысы жеткілікті болсын.

·         Бөлме температурасы  21 – 230C деңгейінде болсын.

·         Балаға мақта матадан жеңіл пижама кигізу қажет. Тым қымтағанда организм қызынып, дене температурасы артуы мүмкін.

·         Егер балада қалтырау болса, оған қосымша көрпе беріңіз. Қалтырау аяқталғанда оны алып тастаңыз.

 

Ванна қабылдау қызуды түсіруге көмектеседі ме?

Ацетаминофенді және жылы ванна қабылдау баланың қызуын түсіруге көмектеседі. Ацетаминофенді ваннаның алдында беріңіз. Егер бала ваннаға түсер алдында препаратты қабылдамаса, ол дірілдей бастауы мүмкін, оның организмі қайтадан  температураны арттыруы мүмкін. Бұл баланың жағдайын нашарлатады. Салқын сулы ваннаны қабылдауға және баланы спиртпен ысқылауға болмайды.

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Симптомдары

Дәрігерге қашан көріну қажет

Емдеу

 

Жалпы ақпарат

 

Несеп шығару жолдарының жүйесі – организмнен алмасу заттектері және артық сұйықтық шығарылатын жүйе. Несеп шығару жүйесіне жататындар: бүйректер, несепағарлар, несепқап және үрпі. Несеп шығару жолдарының инфекциясы (НШЖИ), мысалы, цистит және уретрит, организмнің инфекцияларының ішінде кездесу жиілігі бойынша екінші орында.

           Әйелдердің несеп-жыныс жүйесі                                 Ерлердің несеп-жыныс жүйесі

 

Симптомдары

НШЖИ келесі симптомдармен сипатталады:

  • Несеп шығару кезіндегі ауырсыну және күйдіру
  • Қызба, шаршау немесе тершеңдік
  • Несепті жиі шығарғысы келу
  • Іштің төменгі бөлігіндегі ауырлық сезімі
  • Несептің сасықтығы, тұнба немесе түсінің қызылдау болуы
  • Арқадағы  немесе қабырға астындағы ауырсыну

 

Кез келген жастағы адам НШЖИ ауруларына шалдығуы мүмкін. Бірақ, әйелдер ерлерден төрт еседей жиі ауырады. Сондай-ақ, диабет, жұлынның зақымы, немесе несеп катетері болғанда аурудың жоғары қаупі орын алады.

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Егер НШЖИ барына күмәніңіз болса, дәрігерге көріну қажет. Диагнозды растау үшін дәрігер несеп талдауларын зерттеуі қажет.

 

Емдеу

НШЖИ емдеу үшін бактерияға қарсы препараттар тағайындалады. 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Қолдау топтары

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) – ұзаққа созылатын, қабынумен сипатталатын ауру.

 

Себептері

Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) – аутоиммундық ауру, бұл кезде адамның өзіндік иммундық жүйесі қате түрде сау тіндерді зақымдайды. Яғни, тері, буындар, бүйрек, ми және басқа ағзалар зақымданады.

Аутоиммундық  аурулардың негізгі себептері толық зерттелмеген.

ЖҚЖ ерлерге қарағанда әйелдерде жиі кездеседі. Ол кез келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ, 10-50 жас аралығында жиі кездеседі. Азиялықтар басқа нәсілдерге қарағанда жиі ауырады.

ЖҚЖ кейбір дәрілік препараттарды қабылдау салдарынан да туындауы мүмкін.

 

Симптомдары

Әр адамда аурудың симптомдары әр түрлі болуы мүмкін, симптомдар пайда болып, жойылып отыруы мүмкін. ЖҚЖ шалдыққан барлық дерлік науқастардың буындары ауырады, және ісіну болады. Кейбірінде артрит дамиды. Көбінесе, саусақтың, білектің, тізенің  буындары зақымданады.

Басқа кең таралған симптомдары:

  • Кеудедегі ауырсыну, терең тыныс алғанда
  • Шаршау  
  • Қызба
  • Жалпы жайсыздық, мазасыздық немесе дімкәстік
  • Шаштың түсуі
  • Ауыз қуысындағы ойықжаралар
  • Күн сәулесіне сезімталдық
  • «Көбелек» секілді бөріткен шамамен, ЖҚЖ шалдыққан науқастардың жартысында кездеседі. Бөріткен, көбінесе, жақта, кеңсірікте пайда болады, барлық денеде де болуы мүмкін. Бөріткен әдетте, күннің көзінде болғаннан кейін пайда болады.
  • Лимфа түйіндерінің ұлғаюы. 

 

Жүйелі қызыл жегі – созылмалы қабынудан аутоиммундық бұзылыс, ол көптеген жүйелер мен ағзаларды зақымдауы мүмкін, терінің, буынды және ішкі ағзаларды қоса. Аурудың барысы жеңіл, ауыр және өмір үшін қауіпті болуы мүмкін.

 

Басқа симптомдары организмнің қандай бөлігі зақымданғанына байланысты:

  • Ми және жүйке жүйесі: бас ауыруы, ұйып қалу, шаншу, құрысу, көрудегі мәселелер, тұлғалық өзгерістер
  • Асқазан-ішек жолдары: іштің ауырсынуы, жүрек айнуы және құсу
  • Жүрек: жүрек ырғағының бұзылысы (аритмия)
  • Өкпе: қан түкіру және тыныс алудың қиындауы
  • Тері: терінің ала түсі, суықта саусақтың түсінің өзгеруі (Рейно феномені)

 

Кейбір адамдарда тек тері симптомдары болады. Бұл дискоидтық қызыл жегі аталады. 

Дискоидтық жегі кеудеде дөңгелек дақтардың пайда болуымен сипатталады. Бұл суретте Дискоидтық жегі кезіндегі терінің зақымдануы ірілендіріп, көрсетілген. Дақтар үлкейтілгеннен ақшыл болып көрінеді. Екі қошқыл бөлік – биопсияға материал алғаннан қалған, аурудың белгісі емес.

 

Диагностика

Жүйелі қызыл жегі диагнозын қою үшін аурудың 11 мүмкін симптомының 4 болуы қажет.

Дәрігер науқасты қарап, кеуде қуысын стетоскоппен тыңдайды. Бұл кезде белгісіз шу естілуі мүмкін, бұл перикардтың (жүректің сыртқы қабығы) үйкелу шуы немесе плевраның үйкелу шуы (өкпенің сыртқы қабығы) аталады. Дәрігер неврологиялық та тексеруді өткізеді.

ЖҚЖ анықтау үшін қажетті тексерулер:

  • Антиденеге талдау, оның ішінде, антинуклеарлық (АНА)
  • Қанның жалпы талдауы (ОАК)
  • Кеуде қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы
  • Бүйректің биопсиясы
  • Несеп талдауы

 

Өзіңіздің жағдайыңыз туралы көбірек білу үшін, тағы келесі тексерулерден өтуге болады:

  • Тиреоглобулинге антиденелер
  • Антитиреоидтық микросомалық антиденелер
  • Комплементтік құрамбөліктер (С3,С4)
  • Кумбстың тік сынамасы
  • Криоглобулиндер
  • Эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ)
  • Бүйректің қызметтік қабілетін анықтау тестілері
  • Бауыр қызметін бағалау үшін қан талдауы
  • Ревматоидтық фактор

 

Емдеу

ЖҚЖ жазылмайтын ауру. Емдеудің мақсаты – симптомдарын бақылауға алу жүректі, өкпені, бүйректі, т.б. ағзаларды зақымдайтын ауыр симптомдарын сәйкес мамандардың көмегімен жиі емдеу қажет болады.

Аурудың жеңіл түрлерін емдеуге болады:

  • Стероидтық емес қабынуға қарсы препараттармен (НПВП), мысалы,  ибупрофен (буын синдромы және плеврит болуында)
  • Кортикостероидтық кремдермен (тері бөріткенінде)
  • Безгекке қарсы препараттармен (гидроксихлорохин) және кортикостероидтардың төмен мөлшерлемесімен (тері синдромында және артритте).

 

Жүйелі қызыл жегінің ауыр өтуінде емдеуге кіреді:

  • Кортикостероидтардың немесе иммундық жауапты басатын препараттардың жоғары мөлшерлемесі
  • Цитоуыттық препараттар (жасушалардың өсуін тежейтін дәрілер). Бұл препараттарды әдетте, кортикостероидтармен емдеуде әсер болмаса немесе оларды тоқтатқанда симптомдар нашарласа, тағайындайды. Бұл дәрілердің жанама әсерлері өте күрделі болуы мүмкін, сондықтан оларды қабылдағанда өзіңіздің жағдайыңызды мұқият қадағалауыңыз қажет.

 

Егер сізде жүйелі қызыл жегі болса, сізге қажет:

  • Күннің көзінде болғанда киініп, күннен қорғайтын көзәйнек киіп жүру, күннен қорғайтын крем қолдану қажет.
  • Кардиологтан алдын алу ем-шарасын қабылдау қажет
  • Иммунизацияға мұқият қарау, оның қажеттігін білу
  • Остеопорозды (сүйектің жұқаруы) анықтау үшін скринингтік тестіден өту

 

Қолдау топтары

Осы ауруға байланысты көңіл-күй мәселелерінде қолдау топтары мен кеңес қызметі көмектеседі.

 

Болжамы

ЖҚЖ науқастары үшін соңғы уақытта болжамы жақсарған. Көптеген науқастарда ЖҚЖ жеңіл өтеді. Өзіңізді сезіну аурудың күрделі болуына байланысты.

Ауру әдетте, келесі жағдайларда белсенді өтеді:

  • Диагноз қойылған алғашқы жылдарда
  • 40 жасқа дейінгі адамдарда

 

ЖҚЖ шалдыққан көптеген әйелдер жүкті болып, сау бала туа алады. Қажетті емді алып, жүрек пен бүйрегінде күрделі мәселелері болмайтын әйелдерде аурудың болжамы жақсы. Дегенмен, ЖҚЖ антиденелері түсік тастау қаупінің пайда болуын арттырады.

 

Мүмкін асқынулары

ЖҚЖ шалдыққан кейбір адамдарда бүйрек жасуларында ауытқулы заттектер жинақталуы мүмкін. Бұл жегілік нефрит аталатын жағдайға апаруы мүмкін. Бұл мәселесі бар науқастарда әдетте, бүйрек жеткіліксіздігі пайда болады, олар диализға немесе бүйрек алмастыруға мұқтаж болады.

ЖҚЖ организмнің көптеген зақымдануына апаруы мүмкін:

  • Аяқта немесе өкпеде тромбылардың түзілуі
  • Эритроциттердің бұзылуы (гемолитикалық анемия) немесе созылмалы аурулар анемиясы
  • Жүректің айналасында сұйықтық жиналуы (перикардит) немесе жүректің бұлшық етінің қабынуы (миокардит)
  • Өкпенің маңайында сұйықтық жиналуы және өкпе тінінің зақымдануы
  • Жүктіліктегі асқынулар, оның ішінде, түсіктер
  • Инсульт
  • Қандағы тромбоциттер санының төмендеуі
  • Қантамырларының қабынуы

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

ЖҚЖ симптомдары болса, дәрігерге көріну қажет. Сондай-ақ, аурудың жаңа симптомдары пайда болса,  немесе бұрынғылары нашарласа, дәрігерге хабарласу қажет.

 

Синонимдары

Таралған қызыл жегі; ЖҚЖ; Жегі; Қызыл жегі; Дискоидтық қызылжегі. 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Трахеит –көмейдің (кеңірдектің) бактериалдық инфекциясы.

Себептері

Бактериалдық көбінесе, алтын түсті стафилококк бактериясынан болады. Әдетте, ауру жоғарғы тыныс алу жолдарының жақында болған вирустық жұқпасынан кейін пайда болады. Трахеит кішкентай балаларда жиі кездеседі, себебі, олардың шағын көмейі ісінумен жеңіл бітеледі.

 

Симптомдары

  • Қыспақ жөтел (қылғынатындай)

  • Тыныс алудың қиындауы

  • Жоғары қызба

  • Ысқыратындай шулы тыныс алу (стридор)

 

Диагностика

Дәрігер науқасты қарап, стетоскоптың көмегімен өкпені тыңдайды. Қараудың барысында тыныс алу кезінде қабырғаның арасындағы бұлшық еттің ішіне қарай тартылуы байқалуы мүмкін. Бұл қабырға аралық ретракция аталады.

Ауруды анықтаудың әдістері:

  • Қандағы оттегінің деңгейін анықтау
  • Мұрын-жұтқыншақтан бактерияның өсіндісін алу
  • Кеңірдектен бактерияның өсіндісін алу
  • Кеңірдектің рентгені.

 

Емдеу

Тыныс алудың мәселелерін жою үшін көбінесе, баланың тыныс алу жолдарына эндотрахеалдық түтік аталатын арнайы түтікті енгізу қажет болады.

Балаға көктамыр арқылы антибиотиктер енгізу тағайындалады. Қажет болса, медицина қызметкерлері тыныс алуды және қанның оттегімен қанығуын мұқият бақылайды.

 

Болжамы

Уақытылы емдегенде оң болжамды.

 

Мүмкін асқынулары

  • Тыныс алу жолдарының бітелуі – өлім-жітімге апаруы мүмкін.

  • Инфекциялық-уыттық шок – егер трахеит стафилококк бактерияларынан туындаған болса.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Трахеит – шұғыл медициналық көмекті талап ететін ауру. Егер вирустық инфекциядан кейін балада кенеттен жоғары температура, ушығатын жөтел, немесе тыныс алудағы мәселелер пайда болса, шұғыл медициналық жәрдем бөлімшесіне хабарласыңыз.

 

Синонимдары

Бактериалдық трахеит; Жіті бактериалдық трахеит

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Болжамы

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

 

Анықтамасы

Жедел бронхит – дегеніміз тыныс алу жолдарының қабыну және ісіну үрдісімен жүретін ауру. Қабыну үрдісі әсерінен тыныс алу жолдарның саңылауы тарылып, тыныс алу қиындап, тағы басқа симптомдармен көрінеді, соның ішінде бірден – бірі жөтел. Жедел терминін қолдануға сәйкес, бұл ауруда симптомдар аз уақытқа сақталады.

http://www.zdrav.kz/images/refs3/acute%20bronhitis.png

 

Себептері

Жедел бронхит бәрі дерлік суық тию немесе тұмау шақырушы инфекциямен залалданған тәрізді өтуі мүмкін. Ауру вируспен шақырылады. Аурудың бастапқы сатысында қабыну үрдісі мұрын қуысында, қойнауларда, тамақта (жұтқыншақ, көмей) жүреді. Одан кейін қабыну үрдісі төменгі тыныс алу жолдарына таралалып, жайылады. Кейде ауруды шақырушы инфекция - бактерияда бола алады, бұл кезде екіншілік инфекция деп қарастырылады.

Созылмалы бронхит - бұл бронхтардың созылмалы қабынуы. Созылмалы бронхит деп айта аламыз, егер қақырықпен бөлінетін жөтел 1 жыл ішінде 3 айдан аз емес уақыт мазаласа.

Симптомдары

  • Жедел бронхиттың симптомдарына жатады:
  • Кеуде қуысындағы ауырсыну (дискомфорт)
  • Түсі мөлдір немесе сары-жасыл болатын қақырықпен бөлінетін жөтел
  • Әлсіздік
  • Қызба, көбінесе субфебрильді температура (37-37 С)
  • Физикалық жүктеме кезінде күшейетін ентігу
  • Сырылдар (бронхиалді астмасы бар науқастарда)
  • Науқас сауыққаннан соң 1-4 апта аралықта құрғақ, жабысқақ жөтел мазалауы мүмкін.
  • Пневмония мен бронхитті ажырату өте қиын. Егер пневмония болса, науқаста жоғарғы температура, қалтырау, жалпы әлсіздік, және ентігу болады.

Диагностикасы

  • Медициналық қарап тексеру кезінде дәрігер науқастың өкпесін стетоскоп арқылы тыңдайды. Ол кезде терең, қатаң тыныс анықталуы мүмкін.
  • Ауруды диагностикалау ушін келесі әдістер қолданылады;
  • Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенографиясы – пневмонияға күдіктенгенде.
  • Пульсоксиметрия – қанның оттегімен қанығуын анықтайды. Ол үшін арнайы құрылғыны саусақ ұшына орнату арқылы жүргізіледі.

Емі

  • Көп жағдайда жедел бронхиттің емінде антибиотиктерді тағайындамайды.
  • Инфекция өздігінен 1 апта ішінде кетеді. Жағдайыңызды біршама жақсарту үшін келесілер тағайындалады.
  • Сұйықтықты көп ішіңіз.
  • Егер сізде созылмалы өкпе аурулары немесе бронх демікпесі сияқты ауруларыңыз болса, өзіңіздің ингаляторыңызды қолданыңыз.
  • Дем алыңыз.
  • Қызба кезінде асперин қабылдаңыз. Ескерту: балаларға асперин беруге болмайды.
  • Ыстық ванна қабылдаңыз.
  • Егер тамағыңыз қыжылмап және қақырық тастағыңыз келсе, Zarbee’s.препараттын пайдалансаңыз болады.
  • Егер сіздің жағдайыңыз оңалмаса және өкпеңізден сыралдар естілетін болса, дәрігер тыныс алу жолдарын кеңейтетін ингаляторлар тағайныдайды.
  • Кейде вирусты инфкецияға бактерия да қосарлануы мүмкін. Сол кезде дәрігер антибиотиктер тағайындауы мүмкін.
  • Қосымша тағайындамалар:
  • Темекі шекпеңіз
  • Белсенді темекі шегетін жержен аулақ болыңыз.
  • Қолыңызды жиі жуыңыз, инфкецияны таратпау үшін.

Болжамы

Егер де өкпе тіндерінің зақымдану орын алмаса, ауру 7-10 күнде өтеді. Бірақ та құрғақ жөтел бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін.

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

  • Дәрігерге келесі жағдайларда қаралыңыз:
  • Сізді біраз уақыт жөтел мазаласа.
  • Қан түкіруді байқасаңыз.
  • Сізде температура жоғары және қалтырау бар.
  • Сізде субфебрилді температура 3 күн бойы немесе одан да көп күн.
  • Сізде тұтқыр, сары-жасыл түсті, иісті қақарық пайда болса.
  • Сіз ентігуді немесе кеуде де ауырсынуды байқасаңыз.
  • Сізде созылмалы жүрек немесе өкпелік жеткіліксіз болса.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Дәрігерге қашан көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Гломерулонефрит – бүйректің қандағы қалдықтар мен сұйықтықты сүзуге жауапты бөлігі зақымданатын ауру. 

 

Себептері

Бүйректер организмнен қалдықтардың шығарылуына, электролиттік балансты, артериалдық қысымды реттеуге және эритроциттердің түзілуін ынталандыруға жауапты.

 

Гломерулонефрит организмнің иммундық жүйесіндегі бұзылыстарға байланысты болуы мүмкін. Көбінесе, оның пайда болу себебі анықтала бермейді.

Шумақтарының зақымдануы бүйректен несеппен бірге қан мен ақуызды жоғалтуға апарады.

Бұл жағдай тез дамуы мүмкін, бүйректің қызметі бұл кезде бірнеше апта немесе ай бойы жоғалтылады (тез ушығатын гломерулонефрит).

Ұзақ уақыт бойы өтетін гломерулонефриті бар адамдардың төрттен бір бөлігінде қандай да бір бүйрек ауруы болмаған.

Келесі жағдайлар гломерулонефриттің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін:

  •  Қан айналым және лимфа жүйесіндегі бұзылыстар
  • Көміртекті еріткіштердің әсері
  • Отбасында қатерлі ісік ауруының болу тарихы
  • стрептококтық, вирустық, жүрек инфекциялары немесе абсцестер.

Көптеген жағдайлар гломерулонефритті немесе оның пайда болу қаупін туындатуға қабілетті, оның ішінде:

  •  Амилоидоз
  • антигломерулярлық мембраноздық антиденелердің жиналуына байланысты ауру (организмнің ауру қоздырғыштарына және генетикалық бөгде заттектер мен жасушаларға қарсы телімді қорғаныс факторы)
  • қантамырларының аурулары, мысалы, васкулит немесе полиартериит
  • Фокалды сегментарлық гломерулосклероз
  • Гудпасчер синдромы (өкпенің альвеоларының және бүйректің  гломерулярлық аппаратының базальдық мембраналарының зақымдануымен өтетін ауру)
  • Ауырсынуды басатын құралдарды жиі қабылдау, әсіресе, НПВП (стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды )
  • Шенлейн – ГенохПурпура бөрітпесі
  • IgA – нефропатия
  • Люпус – нефрит
  • Мембраналық пролиферативтік гломерулонефрит

 

Симптомдары

Гломерулонефриттің жиі симптомдары:

  • Несептегі қан (несептің қошқыл, тот басқандай, қоңыр түске боялуы)
  • Несептің көпіршікті болуы (несепте ақуыздың мөлшері көп болуынан)
  • Беттің, көздің, тобықтың, табанның, аяқтың немесе іштің ісінуі

Сондай-ақ, тағы басқа симптомдары кездеседі:

  • Іштің ауырсынуы
  • Құсықтағы және нәжістегі қан
  • Жөтел және ентігу
  • Диарея
  • Несеп жүрудің жиілеуі
  • Қызба
  • Жалпы өзін нашар сезіну, әлсіздік, тәбетті жоғалту
  • Бүкіл дене немесе бұлшық еттің ауырсынуы
  • Мұрыннан қан кетуі

Уақыт өте келе бүйректің созылмалы ауруының симптомдары дамуы мүмкін. Сондай-ақ, біртіндеп  созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің симптомдары күшеюі мүмкін.

 

Диагностика

Симптомдар баяу дамитын болғандықтан, несеп талдауындағы бұзылыстар басқа ауру кезіндегі қарапайым тексерісте кездейсоқ анықталуы мүмкін.

Тағы гломерулонефриттің белгілеріне жататындар:

  • Анемия
  • Жоғары артериалдық қысым
  • Бүйрек қызметінің төмендеуінің белгілері

 

Биопсия диагнозды растайды.

Кейінірек созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің симптомдары пайда болады:

  • Нервтердің қабынуы (полинейропатия)
  •  Организмдегі сұйықтықтың іркілуінің белгілері, жүректің жәненің өкпе ауытқулы дыбыстарының пайда болуын қоса
  • Ісінулер

Рентген-радиологиялық зерттеулерге жататындар:

  • Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы
  • Бүйректің УДТ (УЗИ)
  • Кеуде қуысының рентгенографиясы
  • Көктамыр ішілік пиелография (рентгендік зерттеу түрі, ол несепқаптың, несепағардың және бүйрек шумақтарының бейнесін береді) 

Несеп талдауы және басқа бүйрек көрсеткіштері:

  • Креатинин клиренсі
  • Несеп микроскопиясы (несепті микроскоп арқылы зерттеу)
  • Несепті тәуліктік ақуызды анықтауға талдау
  • Несептегі несеп қышқылы
  • Бүйректің концентрациялық қабілетін анықтауға тест
  • Несеп креатинині
  • Несептегі ақуыз
  • Несептегі эритроциттер
  • Несептің меншікті салмағы
  • Несептің осмомолярлығы

Бұл ауру келесі қан көрсеткіштерінің өзгерістерін туындатуы мүмкін:

  • Альбумин
  • антигломерулярлық мембраноздық антиденелерді анықтауға тест
  • антинейтрофилдік цитоплазмалық антиденелерді анықтау (АНЦА)
  • антинуклеарлық антиденелерді анықтау
  • қандағы несепнәр азоты және креатинин
  • комплемент деңгейі

 

Емдеу

Емдеу аурудың себептеріне, түріне және симптомдарының ауырлығына байланысты. Жоғары артериалдық қысым бақылауға келмеуі мүмкін. Оны бақылау әдетте, емдеудің маңызды құрамбөлігі.

Тағайындалатын препараттарға жататындар:

  • жоғары артериалдық қысымды бақылауға арналған дәрілер, көбінесе, бұл ферментті ангиотензин-айналдырушы тежеуіштер және  ангиотензин рецепторларын тежеуіштер
  • кортикостероидтар
  • иммундық жүйені тежейтін дәрілер

Организмдегі иммундық бұзылыстардың салдарынан дамыған гломерулонефрит кезінде плазмоферез аталатын ем-шара қолданылады. Бұл шара кезінде құрамында антидене бар қанның сұйық бөлігі жойылады және көктамыр арқылы сұйықтықтың немесе донорлық плазманың (антиденелер болмайтын) құйылуымен алмастырылады.  Антиденелерді жою бүйрек тінінің қабынуының азаюына ықпал етеді.

Тұзды, сұйықтықты, ақуыз бен басқа заттектерді тұтынуды шектеу қажет.

Осы ауру бар адамдар бүйрек жеткіліксіздігінің симптомдарының дамуын мұқият қадағалауы қажет. Түбінде диализ немесе бүйрек алмастыру қажет болуы мүмкін.

 

Болжамы

Уақытылы емдеу қажет, олай болмаса, асқынуы мүмкін.

Асқынатын гломерулонефрит келесілерге апарады:

  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
  • бүйрек қызметінің төмендеуі
  • бүйрек ауруының соңғы сатысы

Егер науқаста нефроздық синдром болса, оны бақылауға алуға болады, басқа симптомдарды да бақылауға болады. Олар бақылауға алынбаса, бүйрек ауруының соңғы сатысы орын алуы мүмкін.

 

Мүмкін асқынулары

  • жіті  нефроздық синдром
  • қандағы электролиттік ауытқулар
  • бүйректің созылмалы ауруы
  • созылмалы және қайталанатын бүйрек инфекциясы
  • бүйрек ауруының соңғы сатысы
  • организмде сұйықтықтың іркілуі – іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, өкпенің ісінуі
  • Гиперкалиемия (қандағы калийдің мөлшерінің артуы)
  • Гипертензия
  • Басқа инфекцияларға асқан сезімталдық
  • Рефрактерлік (қатерлі) гипертензия
  • Нефроздық синдром

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Дәрігерге көрініңіз, егер науқаста:

  • Гломерулонефриттің даму қаупін арттыратын ауру болса
  • Гломерулонефрит симптомдары дамыса.

 

Алдын алу

Гломерулонефриттің көпшілік жағдайларының алдын алатын тәсілдер жоқ. Кейбір жағдайда орагникалық еріткіштердің, сынаптың және стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың (НПВП) әсерін  шектеу немесе алшақ болу арқылы алдын алуға болады.

 

Синонимдары

гломерулонефрит; Созылмалы нефрит; Шумақтардың ауруы; Некроздайтын гломерулонефрит; орақ тәрізді гломерулонефрит; тез асқынатын гломерулонефрит.