Периодонтит – тісті ұстап тұратын байламдар мен сүйектердің қабынуы мен инфицирленуі.
Қызыл иектің ұлғаюы, томпаюы, ісінуі аурудың симптомдары болып табылады.
Себептері
Периодонтит – қабынуды немесе қызыл иектің инфекциясын (гингивит) уақытылы емдемесе немесе мүлдем емдемеген кезде пайда болады. Инфекция мен қабыну қызыл иектен тістерді ұстап тұратын байламдар мен сүйектерге таралады. Байламдар босағандықтан тістердің босауына және түсуіне әкеледі. Периодонтит ересектерде тістің жоғалуының негізгі себебі болып табылады. Бұл ауру балаларға сирек, бірақ жасөспірімдерде жиі кездеседі.
Тістің негізінде тіс қағы мен тіс тастары жиналады. Қабынудың нәтижесінде қызыл иекпен тістердің арасында қызыл иек қалтасы түзіледі, оған тіс қағы мен тасы жиналады. Қызыл иек қалтасында жұмсақ тіндердің ісінуі пайда болады. Қабынуды одан әрі дамуы тістің айналасындағы тіндер мен сүйектерге зиян келтіреді. Қызыл иек қағында бактерия бар болғандықтан, тіс абсцессінің жұғуы және дамуы мүмкін, нәтижесінде сүйектің жойылу жылдамдығы артуы мүмкін.
Стоматолог ауыз қуысын және тістерді қарап тексергенде, қызыл иек жұмсақ, ісінген, қызыл-күлгін болады. Тістің негізінде тіс қағы мен тіс тасы және ұлғайған қызыл иек қалталары анықталуы мүмкін. Тістің абсцессі болмаған кезде, қызыл иек ауырсынусыз немесе әлсіз сезімтал болады. Сондай-ақ, тістерден қызыл иектің ажырауы немесе тістердің жоқтығы анықталуы мүмкін.
Стоматологиялық рентгенологиялық зерттеу сүйекті ұстап тұратын құрылымдардың жоқтығын және қызыл иектің астында тіс қағының жиналғанын анықтауы мүмкін.
Емі
Емдеудің мақсаты - қабынуды басу, қызыл иек қалталарын алып тастау, қызыл иек ауруларының кез-келген бастапқы себептерін емдеу.
Тістердің немесе тіс протездерінің беткей зақымдалуларын жою қажет.
Тістеріңізді мұқият тазалау өте маңызды. Тіс қағы мен тіс тасын азайту және жою үшін әртүрлі құрылғыларды пайдалану керек. Қызыл иек ауруларының қаупін азайту үшін, тіпті кәсіби стоматологиялық тазалаудан кейін де, әрдайым тіс щеткасын дұрыс пайдалану керек. Сіздің тіс дәрігеріңіз немесе гигиенист оларды қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсетеді. Периодонтитпен ауыратын науқастар жылына екі реттен артық кәсіби стоматологиялық тіс тазалаудан өтуі керек.
Хирургия ем жүргізу қажет болуы мүмкін. Қызыл иектегі терең қалталарды ашу және тазалау қажет болуы мүмкін. Босаған тістердің бекітілуін қамтамасыз ету қажет. Аурудың өршуін алдын алу үшін және жақын тістерге қабынудың таралуын болдырмау үшін бір немесе бірнеше тістерді алып тастау қажет болуы мүмкін.
Болжамы
Кейбір адамдарға қабынған қызыл иектен тіс қағын алып тастау процедурасы жағымсыз көрінуі мүмкін. Қызыл иектің қанауы және жоғарғы сезімталдығы емдеуден кейін 1-2 апта ішінде кетуі тиіс. (Сау қызыл иек қызғылт және мықты болып көрінеді).
Ауыз қуысының гигиенасын өмір бойы қадағалап отыру керек, өйткені ауру қайтадан пайда болуы мүмкін.
Болжамды асқынулары:
Жұмсақ тіндердің инфекциясы немесе абсцессі (бет целлюлиті)
Ауыз қуысының гигиенасын сақтау - алдын-алудың ең жақсы құралы болып табылады. Оған тіс щеткасымен мұқият тіс тазалау және тұрақты кәсіби стоматологиялық тіс тазалау жатады. Гингивиттің алдын алу және емдеу периодонтиттің даму қаупін азайтады.
Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы
Анықтамасы
Себептері
Симптомдары
Диагностикасы
Емі
Болжамы
Болжамды асқынулары
Дәрігерге қашан қаралу керек
Профилактикасы
Ауыз аймағындағы ұшық (оралды герпес) – қарапайым герпес вирусымен шақырылған ерін, ауыз немесе қызыл иектің инфекциялық ауруы. Ауру әдетте, суық жара немесе қызбалы көпіршік деп аталатын кішкентай, ауыратын көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады. Ауыз аймағындағы ұшықты лабиалді герпес деп те атайды.
Бұл суретте герпетикалық инфекцияның ерте кезеңі көрсетілген: кішігірім, топталған күлдіреуіктер мен қызару көрінеді.
Себептері
Ауыз аймағының герпесі кең таралған инфекциялық ауру болып табылады. Ол қарапайым герпес вирусының 1 типімен шақырылады. Көптеген адамдар осы вируспе 20 жасқа дейін зақымданадды.
Алғашқы инфекциядан кейін вирус инактивтененеді ( ұйқыға кетеді) және кейіннен жүйке тіндерінде және бетте сақталады. Кейде вирус «оянады» (белсенеді), нәтижесінде оралды герпес пайда болады.
2 типті герпес вирусы әдетте гениталды герпесті шақырады. Алайда, кейде 2 типті герпес вирусы ауыз қуысына ауыз арқылы қатынас кезінде түседі де, оралды герпестің пайда болуына әкеледі.
Герпес вирусы оңай таралады. Келесі жағдайларда жұқтырып алуыңыз мүмкін:
Вирус жұқтырған (науқас) адаммен тығыз байланыста болсаңыз
Герпес вирусымен инфицирленген (жұқтырылған) ұстараны, сүлгілерді, ыдыстарды және басқа заттарды пайдаланғанда
Ата-аналар герпес вирусын балаларына күнделікті байланыс кезінде жұқтыра алады.
Дәрігер науқастың ауыз аймағын қарап, оралды герпесті диагностикалауы мүмкін. Кейде жараның жағындысы алынып, толықтай зерттеу үшін зертханаға жіберіледі. Тексерулерге мыналар жатады:
Вирусты және оның құрылымын анықтау үшін вирусты зерттеу
Вирустық ДНҚ-тест – вирустың генетикалық материалдарын зерттеу
Қарапайым герпес вирусын тексеру үшін Тцанк тесті - бұл жағындыдан эрозия және көпіршіктері бар Тцанк жасушаларын (қарапайым герпес вирусымен зақымданған жасушалар) микроскоптың астында анықтау.
Емі
Симптомдары 1-2 апта ішінде емделусіз өздігінен жоғалып кетуі мүмкін.
Емдеуші дәрігер вируспен күресу үшін дәрі-дәрмек тағайындайды. Олар вирусқақарсы дәрілік препараттар деп аталады. Мұндай дәрілер ауырсынуды азайтуға көмектеседі және симптомдардың ертерек жоғалуына ықпал етеді. Ауыз аймағындағы жараларды емдеуге арналған дәрілік заттарғамыналар жатады:
Ацикловир
Фамцикловир
Валацикловир
Бұл дәрілерді бастапқы симптомдар пайда болғанда, көпіршіктер пайда болмай тұрып қабылдасаңыз әлдеқайда тиімді. Егер, ауыз аймағындағы жаралар жиі шығатын болса, бұл дәрілерді үнемі қабылдауға болады.
Теріге арналған вирусқақарсы кремдердіде қолдануға болады. Дегенмен, бұл препараттар қымбаттұрадыжәне көпіршіктердің белсенуін күніне текбірнеше сағатқа ғана азайтады.
Келесі нұсқаулықтар ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға көмектесуі мүмкін:
Ауырсынуды жеңілдету үшін жараға мұз басыңыз.
Көпіршіктерді абайлап антисептикалық сабынмен және сумен жуыңыз. Бұл вирустың дененің басқа аймақтарына таралуының алдын алуға көмектеседі.
Ыстық сусындарды, дәмді және тұзды тағамдарды, цитрустарды қолданбаңыз.
Салқын сумен ауыз шайыңыз.
Жараларды тұзды сумен жуыңыз.
Стероидтыемес қабынуға қарсы препарат сияқты ауырсынуды басатын заттарды қабылдаңыз.
Болжамы
Еріндегі герпес әдетте 1-2 апта ішінде өздігінен кетеді. Дегенмен, аурудың симптомдары қайталануы мүмкін.
Герпес ауыр және қауіпті болуы мүмкін, егер:
Көздің айналасында немесе көзге жақын пайда болса
Кейбір аурулар мен дәрі қабылдауға байланысты иммундық жүйе әлсіресе
Болжамды асқынулары
Көздің герпетикалық инфекциясы соқырлықтың басты себептерінің бірі, себебі ол қасаң қабықтың тыртықтануын тудырады.
Қарапайым герпестіңбасқадаасқынуларына жатады:
Ауыз қуысында жаралар мен көпіршіктердің қайта пайда болуы
Вирустың терінің басқа аймақтарына таралуы
Терініңбактериалды инфекциясы
Иммундық жүйесі әлсіреген адамдардың өміріне (атопиялық дерматит, рак немесе АИТВ инфекциясы кезінде) қауіпті болуы мүмкін организмнің жалпы инфекциясы.
Дәрігергеқашан қаралу керек
Келесі жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:
Ауру симптомдары ауыр немесе 2 апта ішінде кетпесе
Жаралар немесе көпіршіктер көздің жанында орналасса
Кейбір ауруларға немесе дәрі қабылдауға байланысты иммундық жүйе әлсіреген кезде герпестің симптомдары пайда болса
Төменде ауыз қуысындағы жаралардың пайда болуын алдын алу үшін кеңестер берілген:
Сыртқа шығардың алдында, құрамында мырыш оксиді бар күннен қорғайтын кремді немесе ерінге арналған бальзамды жағыңыз.
Ылғалдандыратын ерін бальзамы да көмектесуі мүмкін.
Герпетикалық бөртпелермен тікелей байланыста болмаңыз.
Әрбір пайдаланудан кейін сүлгілер мен төсек жаймаларын қайнаған суда залалсыздандырыңыз.
Егер басқа адамдардан герпесті байқасаңыз, ыдыс-аяқпен, стакандармен немесе басқа заттармен бөліспеңіз.
Егер сіздің ерніңізде герпес болса, әсіресе, көпіршіктер болсасүйіспеңіз. Сіз вирусты жыныстық мүшелерге таратуыңыз мүмкін. Герпес вирусының екі типідекейде ауыз аймағында жаралар немесе көпіршіктер болмаған кезде де таралуы мүмкін.