Электролиттер– адам организмінде кездесетін минералды заттар. Электролиттер организмдегі сұйықтық мөлшерін қалыптыда ұстап тұрады және жүректің бір қалыпты соғуын, бұлшықеттің жиырылуын, мидың жұмыссын реттейді.
Егер организде электролиттер тепе-теңдікте болмаса, адамда талма, жүректің бір қалыпты емес соғуы, бұлшықеттің әлсіздігі тағы да басқа өзгерістер орын алады. Элекролиттертің тепе-теңдігінің бұзылысы созылмалы жүрек және бүйрек ауруы, ішкі секрециялық бездердің ауруы, тамақтанудың бұзылысы, сүйек жүйесінің ауруларында орын алады. Сұйықтықты көп сыртқа шығарудан, адамда электролиттердің тепе-теңдігінің бұзылысына әкеледі.
Аударған: Бердібек Ағабек
Қозғалысты қайталау синдромы- бұл термин бірдей қозғалыс бірнеше рет қайталанғанда пайда болатын ауырсыну, ісіну немесе сезімталдық сияқты белгілерді пайда болғанда қолданылады.Мамандар бұл терминді диагноз ретінде пайдалануыға келіспейді.
Бір қозғалысты бірнеше рет қайталаудан, ісіну немесе тіннің қажуы пайда болуы мүмкін.
Қозғалысты қайталау синдромының пайда болу себебі, жұмыс та, және белсенді демалыста болуы мүмкін.
Тін ісініп, нервке қысым түсіргенде мынадай белгілер пайдп болады:
Сезімталдылық
Ұйып қалу
Шаншу
Әлсіздік
Қолданғанда ауырсыну
Қозғалысты қайталау синдромының емі болып;
Симптомдарды шақырушы іс-әрекеттен бас тарту.
Күш түсіретін және керіліп созылатын жаттығуларлы жасау.
Суық және ыстық компрестті кезектесіп басу.
Шина пайдалану және тыныштық.
Қабынуға қарсы препатарттарды пайдалану.
Кофееиннан, табактан, алкоголден бас тарту.
Аударған: Бердібек Ағабек
Орақ тәрізді жасушалық анемия (қан аздық) – қанның құрамында оттек тасымалдаушы субстанция, гемоглобин,қанның қызыл жасушаларының ауытқыған түрлерінің пайда болуы. Қалыпты жағдайда қан құрамында гемоглобин А болады, бірақ орақ тәрізді жасушалық қан аздық ауруымен ауыратын науқастарда қан құрамында қызыл жасушалары өзгерген, орақ тәрізді гемоглобин С түзіледі.
Орақ тәрізді жасушалар қалыптыдан тез бұзылады, сондықтан ағзаның қандануында оттегімен қанығуы бұзылады. Орақ тәрізді жасушалық анемия ауруымен ауыратын науқастарда созылмалы анемияның өте әлсіз симптомдары көрінеді:
Әлсізідік және қызба.
Бозару.
Терісінің сарғыштануы.
Ентігу.
Шаршағыштықтың жоғарғауы.
Сонымен қатар орақ тәрізді қан жасушалары кіші қантамыр қабырғасына жабысып, орардың бітелуіне әкелу ықтималдылығы бар. Белгілі бір мүшедің, бұлшықеттердің, сүйектердің қантамырларындағы қан қысымының төмендеуі, қантамырдың бітелуімен көрінеді. Бұл бірнеше күнден, бірнеше аптаға дейін созылатын ұстамалы ауырсынудың («орақ тәрізді жасушалардың дағдарысы»деп аталатын)себебі болуы мүмкін. Ауырсыну сүйектерде, омыртқаларда, қол және аяқтарда, сонымен қатар кеудеде және іште болуы мүмкін.
Орақ тәрізді жасушалық анемия ауруының емдеу жолы жоқ. Орақ тәрізді жасушалық қан аздық ауруымен ауыратын науқастар медициналық көмекке өмір бойы мұқтаж болады.
Қажуды ұйқы басудан айыра білу қажет. Ұйқы басуы – ұйқыға арналмаған уақытта ұйқысы келуді сезіну.
Қажу – энергия мен күштің болмауы. Ұйқы басуы және апатия (айналаға көңіл бөлмеу) қажудың белгілері болуы мүмкін.
Қажу – организмнің денелік, көңіл-күйлік ширығуына, зерігуге немесе ұйқысыздыққа қалыпты және негізгі жауапты серпіні болуы мүмкін. Алайда, бұл күрделі психикалық немесе денелік жағдайдың белгісі де болуы мүмкін. Егер қажу жеткілікті ұйқыдан, жақсы тамақтанудан немесе тыныштану жағдайынан кейін де басылмаса, дәрігерге көріну қажет. Қажу – жалпы симптом және күрделі аурудың себебі емес.
Қажуды толық сипаттау – дәрігерге оның себебін анықтауға көмектесуі мүмкін. Мысалы, егер таңертең қалыпты жағдайда оянсаңыз, бірақ, қажу жүктемеден кейін тез орнайтын болса, оның себебі қалқанша бездің қызметімен байланысты болуы мүмкін. Ал басқа жағынан, егер күні бойына созылатын қажу және энергия жетіспеу сезімімен оянатын болсаңыз, бұл депрессиялық жағдай болуы мүмкін.
• Дәрілік препараттар, мысалы, тыныштандыратын құралдар немесе антидепрессанттар
• Ұдайы мазалайтын ауырсыну
• Ұйқының бұзылысы, мысалы, ұйқысыздық, ұйқы кезінде тыныс алудың кенеттен тоқтауы немесе нарколепсия
• Гипотиреоз немесе гипертиреоз (қалқанша бездің белсенділігінің төмендеуі немесе артуы, сәйкесінше)
• Алкоголь немесе есірткі тұтыну. Мысалы, кокаин немесе басқа есірткілік препараттарды тұтыну, әсіресе, оларды ұдайы тұтынуда.
Сондай-ақ, қажу келесі аурулар кезінде пайда болуы мүмкін:
• Аддисон ауруы (бүйрек үсті бездері гормондарының өндірілуінің бұзылысы)
• Анорексия немесе ас қорыту жолдарының басқа бұзылыстары
• Артрит, жасөспірімдік ревматоидтық артритті қоса
• Аутоиммунндық аурулар, жүйелік қызылжегі секілді
• Қатерлі ісік
• Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі
• Диабет
• Фибромиалгия (қарқындылығы және орналасуы әр түрлі болатын бұлшық ет-қаңқалық ауырсыну сезімі)
• Реабилитациясы (қалпына келуі) ұзақ болатын инфекциялар, мысалы, бактериалдық эндокардит (жүректің бұлшық етінің және/немесе клапандарының инфекциялық зақымдануы), паразитарлық инфекциялар, СПИД, туберкулез, мононуклеоз
• Бүйрек аурулары
• Бауыр аурулары
• Қоректік заттектердің жеткіліксіздігі
Кейбір дәрілік препараттар ұйқы басуын, немесе қажуды туындатуы мүмкін, мысалы, аллергияны емдейтін дәрілер (антигистаминдік), жоғары артериалдық қысымды емдейтін дәрілер, сондай-ақ, стероидтар және несеп айдайтын препараттар.
Созылмалы шаршау синдромы – тұмау секілді симптомдардан басталып, 6 ай немесе одан ұзақ уақытқа созылатын жағдай. Бұл диагноз басқа мүмкін себептерді ескергеннен кейін қойылады. Көпшілікте бұл синдром демалғанда да жеңілдеуі болмайды.
• Салауатты, жақсы үйлесімді тағамды тұтыныңыз және күні бойы суды мол тұтыныңыз.
• Дене жаттығуларын ұдайы орындаңыз.
• Басқа босаңсып, жайбарақаттану тәсілдерін қолданыңыз. Мысалы, йога немесе медитацияны.
• Жұмыс уақытын дұрыс бөлу.
• Күйзелісті, шиеленісті жағдайлардан алшақ болыңыз. Мүмкіндігінше, жұмыста демалыс алып, немесе қатынастарды реттеңіз.
• Көп дәрумендік кешендерді қабылдаңыз, алдын ала дәрігермен кеңесіп.
• Алкогольді, никотинді және есірткілік заттектерді тұтынуды қойыңыз.
Егер созылмалы ауырсынудан немесе депрессиядан зардап шегетін болсаңыз, бұл жағдайларды емдеу қажуды жеңуге көмектеседі. Алайда, кейбір антидепрессиялық дәрілік препараттар қажу жағдайын туындатуы немесе ушықтыруы мүмкін. Бұл жағдайда емдеу көмектеседі. Дәрігермен ақылдаспай дәрілік препараттарды қабылдауды тоқтатпаңыз және өзгертпеңіз.
Ынталандырғыштар (мысалы, кофеин секілді) қажуды емдеуде тиімді емес. Оларды қолдануды тоқтатуда жағдай ушығуы мүмкін. Тыныштандыратын құралдар да жағдайды нашарлатады.