Дисменорея – әйелдердің етеккір алдында немесе басталуында түйілуді немесе ауырсынуды сезінуін сипаттайтын медициналық термин. Бұл күрделі ауырсыну емес.
Етеккірлік түйілу іште, белде, бөкседе немесе бөксенің ішкі жағында батып ауырсыну түрінде сезіледі. Ауырсыну етеккір алдында немесе осы кезеңнің басында басталуы және 1-3 күн созылуы мүмкін. Ауырсыну қарқынды болуы және күнделікті қызметті шектеуі мүмкін.
Электр қыздырғыш жастықшасын қолдануға немесе жылы ванна қабылдап көруге болады. Сондай-ақ, етеккір алды синдромын бақылау үшін дәрілік препараттарды қабылдауға болады.
Бұл дәрілер аспириннің немесе ацетаминофеннің кофеинмен, антигистаминдік препараттармен немесе диуретиктермен бірігуі. Мысалы: Мидол, Памприн, Премзин ПМС.
Ауырсынуды басатын дәрілік препараттар да ауырсынуды жеңуге көмектеседі. Оларға жататандар: ибупрофен және напроксен. Бұл дәрілер жеңіл немесе орташа ауырсынуды басуға көмектеседі. Егер олар көмектеспейтін болса, дәрігермен күштірек препарат туралы кеңесіңіз.
Дәрігер ұрықтануға қарсы таблеткаларды тағайындауы мүмкін. Бұл дәрілер осы кезеңдердегі ауырсынуды жеңілдетеді.
Егер бұл әдістердің біреуі де көмектеспесе, дәрігер аналық бездің кистасының болуына немесе эндометриозға тексереді. Дәрігер УДТ (УЗИ) аналық бездің кистасының болуын көруге көмектеседі. Шағын оперативтік араласу – лапароскопия эндометриозды анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс теріде шағын тілік жасап, жіңішке түтік енгізу арқылы жатырдың ішін көруге мүмкіндік береді.