Ми –адам ағзасының сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ететін басты орталық. Ол бас сүйектерімен және ми қабығы деп аталатын үш жұқа мембранамен қапталған. Оны жұлын сұйықтығы қоршап тұрады. Бұл сұйықтық ми қабығының кеңістіктерінде және қарыншаларында таралады.
Жүйке жасушалары арқылы ақпарат мидан басқа органдарға жеткізіліп, қайта оралады. Жүйкелердің кейбіреуі миды тікелей көзбен, құлақпен байланыстырады. Ми және дене мүшелерінің байланысы жұлын арқылы қамтамасыз етуі де мүмкін. Бас миының және жұлынның глиальды жасушалары жүйке жасушаларын сыртынан қоршайды. Ми біздің дем алу, жүру, сөйлеу, көру, есту, дәм және иіс сезу қабілеттерімізді басқарады. Сондай-ақ,ми мінез-құлығымызға, эмоцияларға жауапты.
Мидың қызметін басқаратын негізгі үш бөлімі бар:
Үлкен ми жарты шарлары—бас миының ең үлкен бөлігі болып саналады. Ми жарты шарлары, мидыңжоғарғы-бүйір бетіндеорналасқан.Олар дене мүшелерден ақпаратты жинап, біздің жасап жатқан іс-әрекеттерімізге жауаты.Мидың жарты шарлары біздің білім алу, сөйлеу, ойлау, және эмоцияларға қабілеттерімізді басқарады.
Ми сол және оң жарты шарлардан тұрады. Олардың әр қайсысы әр түрлі қызметке жауапты. Мидың оң жарты шары дененің сол жақ бұлшық еттерінің қызметін басқарады.
Ал мидың сол жарты шары, керісінше, оң жақ бұлшық еттінің жұмысына жауапты.
Мишық—үлкен ми жарты шарларының астында орналасқан. Мишық адамның қозғалысы, тепе-теңдігі, сөйлеу қабілетіне жаупты. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.
Сопақша ми—бас миымен жұлынды байланыстырады. Сопақша ми жөтелу, құсу, түшкіру, ему, жұту, сөл бөлуді басқарады. Сондай-ақ, сопақша ми жүрек пен қан тамырлар жұмысын ретке салып. өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы арқылы өкпе жұмысын жақсартады. Жұлын сияқты сопақша ми қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса, тыныс алу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.
Эпилепсия – құрысу ұстамаларымен (бұлшық еттің еріксіз жиырылуы) қосарланатын мидың белсенділігінің бұзылысы. Ауруға қайталанатын ұстамалар тән. Бұл ұстамалар дененің қандай да бір бөлігінің қысқа мерзімді еріксіз құрысуы түрінде (парциалдық құрысу) немесе бүкіл дене бойы (жалпы құрысу) және кейде естен танумен және ішек немесе қуық қызметін бақылауды жоғалтумен қосарланады.
Бұл көріністер ми жасушалары тобында артық электр зарядтарының нәтижесі. Мұндай зарядтар мидың түрлі бөліктерінде пайда болуы мүмкін. Ұстамалар естегі аздаған жоғалту немес бұлшық ет түйілуі, немесе ауыр, ұзақ конвульсия ретінде болады. Ұстамалар жиілігі бойынша ажыратылады, жылына бір реттен сирек немесе күніне бірнеше рет болуы мүмкін.
Ми бірнеше бөлімнен тұрады. Аралық ми мен үлкен жарты шармен түзілетін алдыңғы ми, ортаңғы ми, артқы ми (оған жұлын мен миды, көпір мен мишықты қосатын сопақ ми кіреді). Ми адамның барлық ағзаларының жұмысын бақылайды және басқарады. Жарты шар қызметімен адамды жануардан ерекше ететін үрдістер байланысқан: сана, ес, ойлау, сөйлеу, еңбек ету қызметі.
Эпилепсия кез келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, 5 - 20 жас аралығында болады. Әдетте, науқастарда эпилепсиямен ауырудың отбасылық тарихы болады.
Эпилепсия мидың ауруы немесе зақымдануы нәтижесінде, кейде белгісіз себепті пайда болуы мүмкін.
Эпилепсияның кең таралған себептері:
мидың туа біткен мәселесі (мидың туа біткен ақауы)
Мидың босану кезіндегі жарақаты
Заттек алмасуының туа біткен бұзылыстары (мысалы, фенилкетонурия)
бассүйек-ми жарақаты
Инфекциялар, оның ішінде, мидың абсцессі, менингит, энцефалит, ЖИТС(СПИД)
Инсульт
мидың ісігі
мидағы ақаулы қантамырларының болуы
ми тінінің зақымдануына немесе бұзылуына апарған басқа ауру
кейбір дәрі препараттарын қолдану, оның ішінде, антидепрессанттар, кокаин, амфетамин
Деменция (қарттық естен адасу), Альцгеймер ауруы
Өзгерістер нәтижесінде мидың тінінде жоғары қозғыштық ошағы қалыптасады, ми бүкіл денеге жалған сигнал (импульстер) жібереді. Бұл кезеңді, болжанбайтын эпилепсия ұстамасына апарады.
Жалғыз құрысу ұстамасы, әдетте, науқаста эпилепсия болуын білдірмейді.
Эпилепсия симптомдары әр түрлі көрініс беруі мүмкін. Кейбір адамдарда эпилепсия ұстамасы құрысумен, ал басқаларда бір нәрсеге шоғырлана алмайтын және көзқарасының мәнсіз болуымен қосарланады. Ұстаманың түрі мидың қай бөлігінің зақымдануына және эпилепсияның себебі болуына байланысты.
Көптеген жағдайларда эпилепсия ұстамасы бұрын болғандарына ұқсас. Ұстама алдында кейбір науқастар өздерін жағымсыз сезінеді, мысалы, өткір түсініксіз иіс, шаншу, көңіл-күй өзгерісі болады. Қоршаған ортасындағылар адамның мінез-құлығы күрт өзгеруін байқауы мүмкін: қарауы өзгеріп, мазасыз, сілейген күйде болуы мүмкін.
Дәрігер науқасты қарайды, ми мен жүйке жүйесінің жағдайын бағалау үшін бірқатар талдау өткізеді:
· электроэнцефалография (ЭЭГ) – мидың электр белсенділігін бағалау әдісі. Эпилепсия кезінде ақаулы электр белсенділігі анықталады. Кейбір жағдайда эпилепсия ұстамасы басталатын аумақ анықталуы мүмкін. Кейде ми қалыпты көрінеді, егер ұстамадан кейін біраз уақыт өтсе.
Кейде дәрігер мидың электр белсенділігін жазу үшін бірнеше күн немесе апта бойы электроэнцефалограф алып жүруді тағайындайды.
Бейнеэлектроэнцефалография жүргізу үшін (бейне-аспап көмегімен) арнайы ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін.
· Компьютерлік томография (КТ) немесе магниттік-резонанстық томография (МРТ) –мәселенің мидағы орналасуы мен себебін анықтау үшін.
Қажет болса, басқа ауруларды ескеру үшін дәрігер инфекциялық аурулар болуына тест және жұлын пункциясын (жұлын каналынан жұлын сұйықтығын алу, бел тұсынан) өткізуі мүмкін.
· Жасанды тыныс алу немесе жүрек массажын жасамау, ұстамаға ұшыраған адамды тегіс жерге жатқызып, басының астына жұмсақ нәрсе қою қажет;
· Адамды ұстама болған жерден қозғамау, тек өмірге қауіпті болмаса;
· Тілдің кептелуінің және сілемейдің тыныс алу жолдарына түсуінің алдын алу үшін жатқан науқастың басын бір жағына бұру қажет, ал құсу пайда болған жағдайда бүкіл денесін абайлап бір жағына бұру қажет.
Ұстама аяқталғаннан кейін адам өзіне келіп, тыныштанып, ұйқысын қандыруы қажет. Ұстамадан кейін көп жағдайда естің қалыпты болмауы және әлсіздік пайда болуы мүмкін, адам өздігінше тұрғанға дейін біраз уақыт өтуі тиіс (әдетте, 5-30 минут).
Бірінің соңынан бірі келетін бірнеше үлкен құрысу ұстамалары ерекше қауіпті. Мұндай жағдай эпилепсиялық статус аталады. Ол өмірге қауіпті, себебі, науқастың тыныс алуы тоқтауы және тұншығудан өлімге ұшырауы мүмкін. Эпилепсиялық статус – эпилепсияға шалдыққан науқастың өлімінің негізгі себебі және шұғыл медициналық жәрдемді қажет етеді.
Эпилепсияны емдеуге дәрілерді ұзақ қабылдау және хирургиялық араласу кіреді.
Құрысуға қарсы дәрілік препараттар (антикольвунсанттар) алдағы ұстамаларды азайтуы мүмкін. Бұл дәрілер ішуге арналған, дәрінің түрі эпилепсиялық науқас зардап шегетін ұстаманың түріне байланысты.
Препаратты және мөлшерлемесін жеке таңдау жасалады. Көбінесе, мүмкін жанама әсерін ескеру үшін қан талдауы өткізіледі. Дәрілерді әрдайым дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау қажет, оны тоқтату ұстамаға апаруы мүмкін. Дәрігермен ақылдасқаннан кейін ғана дәрі қабылдауды тоқтатуға болады.
Эпилепсияға шалдыққан жүкті әйелдер емдеу курсын өзгерту үшін дәрігерге жүктілігін ескертуі қажет, себебі, дәрілер ұрықтың дамуында ақаулар туындатуы мүмкін.
Ұстаманың алдын алу үшін бірнеше дәрілік препараттар қабылдағанда өтпейтін эпилепсия «медициналық рефракторлық (көнбейтін)» аталады.
Эпилепсиялық ұстамалар ісіктен, ақаулы қантамырларынан немесе мидағы қан кетуінен туындаса, хирургиялық араласу қолданылады.
Кейбір науқастарға эпилепсиялық ұстамаларды тоқтату үшін өзгерген ми жасушаларын жою үшін хирургиялық араласу қолданылады.
Көбінесе, дәрігерлер кезеген нервтің (бассүйек-ми нерві) ынталандырғышын орнату бойынша операцияны ұсынады, бұл аспап кардио-ынталандырғыш секілді жұмыс істейді және ұстамалар санын азайтуы мүмкін. Кезеген нервтің (бассүйек-ми нерві) ынталандырғышы ұдайы жұмыс істейді, миға ұдайы шағын электр импульстерін жібереді және ұстаманы туындататын дертті электр белсенділігінің алдын алуға көмектеседі.
Кейде балаларды арнайы емдәмге көшіреді, ұстамалардың алдын алу үшін. Ең белгілісі – кетогенді емдәм (майлардың мөлшері көп және көмірсулардың мөлшері төмен арнайы емдәм).
Көрсетілген емдәм ересектерде ұстама пайда болуының алдын алу үшін тиімді болуы мүмкін.
Өмір салтын немесе тағайындалған дәрілерді өзгерту эпилепсиялық ұстамаларға апаруы мүмкін, мұндайда дәрігермен кеңесіңіз, егер Сіз:
· Жаңа дәрілерді, дәрумендерді немесе тағамдық қоспаны қабылдағыңыз келсе
· Күшті көңіл-күй күйзелісіне ұшырасаңыз
· Ауырсаңыз, әсіресе, егер ауру инфекциялық болса
· Ұйқыңыз қанбаса
· Жүкті болсаңыз
· Эпилепсияға қарсы препаратты қабылдауды жіберіп алсаңыз
Көптеген жағдайда жалғыз ұстамадан кейін болжамы – оң. Дәрімен емдеу 70% жағдайда адамды ұстамадан толығымен құтқарады. 20—30% жағдайда ұстамалар жалғасады, мұндай жағдайда көбінесе, бірнеше құрысуға қарсы препаратты қабылдау қажет болады.
Дәріні қабылдаудың оң нәтижесі болмаса, хирургиялық операция тағайындалуы мүмкін.
Егер бұрын ұстамасы болған адамда ұстама болса, келесі жағдайда жедел жәрдемге хабарласыңыз, егер:
· Ұстама әдеттегіден ұзақ болса, немесе олардың саны жиі болса.
· Бірнеше минутта бірнеше ұстама болса.
· Бірнеше эпилепсия ұстамасы болғаннан кейін адам есін жинамаса.
Дәрігерге хабарласыңыз, егер эпилепсиядан зардап шегетін болсаңыз және сізде жаңа симптомдар пайда болса, қабылдайтын жаңа дәрілерден келесі мүмкін жанама әсерлерді қоса: жүрек айнуы, құсу, терідегі бөріткен, шаштың түсуі, қол-аяғының дірілдеуі, бұлшық еттің өзіне тән емес жиырылуы немесе қозғалудағы бұзылыстардың байқалуы.
· Мүмкіндігінше, адамды тегіс жерге жатқызыңыз, басының астына жұмсақ бір нәрсе қойыңыз, жағасын шешіп, тар киімін босатыңыз;
· Тілдің кептелуінің және сілемейдің тыныс алу жолдарына түсуінің алдын алу үшін жатқан науқастың басын бір жағына бұру қажет, ал құсу пайда болған жағдайда бүкіл денесін абайлап бір жағына бұру қажет;
Ғылымға эпилепсияның пайда болуының алдын алудың 100 пайыздық тәсілі әлі белгісіз. Дегенмен, эпилепсия ұстамасының алдын алу үшін ұсынылатын еңбек үрдісін, тағайындалған емдәмді, дене белсенділігін, күн тәртібін қатаң сақтауды дұрыс қадағалау қажет. Тамақта тұз және су мөлшерін шектеу қажет. Спиртті ішімдіктер мен темекі шегуден алшақ болу міндетті.
Менингиттің жиі себебі әдетте, емдеусіз өтетін вирустық инфекциялар. Бірақ, бактериалдық инфекциядан болған менингит – аса күрделі ауру және сәйкес емдегеннің өзінде өлім-жітімге немесе мидың зақымдануына апаруы мүмкін.
Сондай-ақ, менингитің себептері:
Химиялық заттектер
дәрілік аллергия
зеңдер
Паразиттер
Ісіктер.
вирустық менингиттің көпшілігі энтеровирустан болады, бұл ішектің зақымдану себебі де болуы мүмкін.
Менингиттің пайда болуы себебі басқа да вирустар болуы мүмкін.
Менингит герпес вирусынан болуы мүмкін. Бірақ, герпес ойық жарасы немесе гениталдық герпесі бар адамдар менингиттің даму қаупі бар топқа жатпайды.
Борықтану (свинка) немесе АИТ (ВИЧ) қоздыратын вирустар - асептикалық менингиттің пайда болуы себебін құрауы мүмкін.
Вирустық менингит бактериалдықтан жиі кездеседі және жеңіл өтеді. Әдетте, ол жаздың соңында және күздің басында кездеседі. Көбінесе, балалар және 30 жасқа дейінгі ересектер шалдығады.
Бактериалдық менингит – шұғыл медициналық жәрдемді қажет ететін ауру. Бұл жағдайда науқасты дереу ауруханаға жатқызу қажет. Аурудың симптомдары тез дамуы мүмкін және оған кіретіндер:
Қызба және қалтырау
Психикалық жағдайдың өзгеруі
Жүрек айнуы және құсу
Жарыққа сезімталдық
Күшті бас ауыруы
Бұлшық еттің сіресуі (менингизм)
Осы ауру кезінде кездесетін басқа симптомдар:
Жүйкелік қозу
Балалардың еңбегінің (балалардың қатпаған еңбегі) ісінуі
Назар қоюдың төмендеуі
Баланың емшекті нашар емуі немесе тітіркенгіштігі
Тыныс алудың жиілеуі
Әдеттегідей емес орналасу, бұл кезде басы мен мойны артқа шалқайған (опистотонус)
Менингит жаңа туған сәбилер мен балаларда қызбаның себебі болуы мүмкін.
Өзін сезіну жағдайы бойынша балада бактериалдық немесе вирустық менингит болуын анықтауға болады. Бұл емдеуші дәрігердің міндеті. Менингиттің симптомдарына тиісті назар аударыңыз.
Дәрігер немесе медбике науқасты қарап, тексеріс өткізеді. Тексеру барысында байқалуы мүмкін:
Жүрек ырғағының жиілеуі (тахикардия)
Қызба
Психикалық жағдайдың өзгеруі
Мойын бұлшық етінің сіресуі
Менингиттің көрнекі симптомдарының бірі - Брудзинский симптомы. Мойын бұлшық етінің айқындалған сіресуінен басты төмен еңкейткенде тізе және жамбас буындары бүгіледі.
Менингиттің көрнекі симптомдарының бірі - Керниг симптомы. Тізе астылық сіңірдің ширығуы салдарынан науқас 90 градусқа бүгілген аяғын тікейтіп, жаза алмайды.
Егер дәрігер Сізде немесе балаңызда менигит бар деп санаса, әрі қарай зерттеу үшін жұлын сарысуының (ликвордың) үлгісін алу үшін жұлын пункциясын өткізу қажет.
Менингитке күмән болса, сондай-ақ, келесі зерттеу әдістері де жүргізіледі:
Бактериалдық менингитті емдеу үшін антибиотиктер тағайындалады. Нақты бактерияға қарсы препаратты таңдау инфекцияны туындатқан бактерияның түріне байланысты. Антибиотиктер вирустық менингитті емдемейді.
Герпестік менингиті бар науқастарға вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.
Емдеудің басқа түрлері:
Сұйықтықтарды тамыр арқылы енгізу
Мидың ісінуі, шок немесе құрысу секілді симптомдарды емдеу үшін дәрілік препараттарды қабылдау.
Неврологиялық асқынулардың алдын алу үшін бактериалдық менингитті ерте анықтау және сәйкес емдеу қажет. Вирустық менингит әдетте, жеңіл түрде өтеді. Ал симптомдары 2 аптадан кейін қандай да бір асқынуы болмастан жойылуы мүмкін.
Кейбір вакциналар менингиттің түрлерінің алдын алуға көмектеседі.
Антигемофильдік вакцина (вакцина ХИБ) балалардағы бактериалдық менингиттің сәйкес түрінің алдын алуға көмектеседі.
Пневмококтық конъюгирленген вакцина қазір балаларды міндетті түрде иммунизациялау бағдарламасына кіреді. Пневмококкты менингиттің алдын алуда аса тиімді.
Менингококты менингитке шалдыққан науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған адамдарға жұқпаланудың алдын алу үшін антибиотиктер тағайындалады.
Менингококты вакцинация ұсынылады:
11 – 12 жастағы жасөспірімдерге және вакцинациядан өтпеген жоғары сыныпты бітірушілерге (15-18 жастағы).
Вакцинациядан өтпеген және жатақханада тұратын колледждің бірінші курс студенттеріне.
Көкбауыры жоқ немесе иммундық жүйесінде басқа мәселелер бар 2 жастағы немесе одан асқан балаларға.
Менингококқа байланысты аурулар кең таралған елге шығатын адамдарға (дәрігермен кеңесіңіз).