.

Нәжістегі қан | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Нәжістегі қан

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Дәрігерге қашан қаралу керек

Диагностикасы

Емі

Профилактикасы

 

Ішек иерсиниозы және псевдотуберкулез инфекциондық ауруларға жатады. Yersinia enterocolitica энтероколиттің қоздырғышы болып табылады. Энтероколит – балалық кезде жиі кездесетін жіңішке ішек пен тоқ ішектің қабынуымен сипатталатын ауру.

Сурет: Жіңішке ішек асқорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі болып табылады, оның ұзындығы шамамен 6 метрді құрайды. Ол асқазанда тоқ ішекпен байланыстырады және көптеген қатпарлардан (құрсақ қуысына сыю үшін) тұрады. Қабылданатын тағамдардың көп бөлігі жіңішке ішекте сіңіріледі. Ол үш бөліктен тұрады: он екі елі ішек, мықын ішек және аш ішек.

Себептері

Зақымдану шикі немесе жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген шошқа етін тамақпен қабылдаған кезде және пастерленбеген сүтті ішкен кезде пайда болады. Сондай-ақ, зақымдану ауру жануарлармен байланыс кезінде, ласталған құдық суын пайдаланған кезде немесе сирек жағдайларда - инфицирленген қан құю кезінде пайда болады. Аурумен жиі иммундық жүйесі әлсіреген балалар ауырады. Инкубациялық кезең шамамен 4-6 күнді құрайды.

 

Симптомдары

Yersinia enterocolitica жіңішке ішек пен тоқ ішектің қабынуын ғана емес, сонымен қатар іш өтуі мен дене температурасының көтерілуі сияқты симптомдарды да тудырады. Науқас баланың дәреті қан мен шырышты қоспалы болуы мүмкін. Бұл симптомдар 1 аптадан 3 аптаға дейін, кейде ұзағырақ созылуы да мүмкін.

Осы кең тараған симптомдармен қатар, организмінде темірдің жоғары мөлшері (қан құю кезінде) бар немесе иммундық жүйесі әлсіреген және басқа да аурулары бар жасы кіші балаларда бактериемияның (бактериялардың қан ағымымен таралуы) дамуы мүмкін. Жасөспірімдерде аппендициттің симптомдарына ұқсас (жалған аппендицит синдромы), оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін. Сирек жағдайларда бұл ауру тамақтағы ауыру сезімімен, көздің қабынуымен, менингит және пневмониямен көрінеді. Өткерілген инфекциядан кейін жасөспірімдерде буындардағы ауырсыну сезімі және балтырында қызыл бөртпе (түйінді эритема) пайда болуы мүмкін.

Псевдотуберкулезбен ауыратын балаларда температураның көтерілуі, бөртпе, іштегі ауыру сезімі және псевдоаппендицит синдромы сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін. Кейбір балаларда іш өтуі, бөртпе және аяқ-қолдың ісінуі болуы мүмкін.

 

Дәрігерге қашан қаралу керек

Балаңыздың нәжісінде қан болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Іш өтуден туындайтын ауыздың құрғауы, шөлдеу және зәр шығару жиілігінің төмендеуі сияқты сусыздану симптомдарына көңіл бөліңіз.

Диагностикасы

Дәрігер баланың нәжісінен Yersinia-ны анықтауға арналған анализдерді тағайындауы мүмкін. Сондай-ақ, қоздырғыштарды тамақтың шырышты қабатынан жағынды алу арқылы, зәр анализі және бактерияларға қарсы антиденелерді анықтау үшін қан анализін жүргізу арқылы анықтауға болады.

Иерсиниоз салыстырмалы түрде сирек кездесетін инфекция болғандықтан, аздаған зертханалар ғана нәжістен Yersinia-ны анықтай алады.

 

Емі

Көп жағдайда ауру өздігінен өтеді. Кейбір жағдайларда иерсиниоз антибиотиктермен емделеді. Іш өтуі кезінде, науқастарға сусыздануды болдырмау және емдеу үшін көп су ішу тағайындалады.

 

Профилактикасы

Балаңыз шикі немесе шала пісірілген шошқа етін, пастерленбеген сүт пен ластанған суды қолданбауын қадағалаңыз. Шошқаның ішек-қарнын өңдегеннен кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.

Иерсиниозды алдын алуға арналған вакцина жоқ.

 

Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

Артқы өтіс тесігінің сызаты - анальді тесіктен бастап анальді каналға дейін жабатын немесе тарылтатын, жиырылғыш айналмалы бұлшықеттің жартылуы. Бұндай жартылулар анальді тіннің зақымдалуы – іш өту кезінде немесе артқы өтіс тесігінің сфинктерінің қатты созылуында пайда болады.

Артқы өтіс тесігінің сызатының симптомдары - дефекация кезінде кенеттен, өткір, басып ауру сезімі. Ауыр сезімі бірнеші сағатқа созылуы мүмкін. Сонымен қатар дәретхана қағазынан қанды дақты байқауыңыз мүмкін. Бұл қан нәжістен бөлек бөлінген болып табылады.

Артқы өтіс тесігінің сызатының еміне – сұйық тамақ, жоғарғы талшықты диета, үлкен дәретке дер кезінде отыру, нәжісті сұйылтқыштарды пайдалану керек.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

 

 

Мазмұны

Крон ауруы дегеніміз не?

Крон ауруының симптомдары қандай?

Крон ауруының себептері қандай?

Крон ауруы қалай анықталады?

Крон ауруы қалай емделеді?

Аурудың симптомдарын қалай жеңілдетуге болады?

 

 

Крон ауруы дегеніміз не?

Крон ауруы  –  асқазан-ішек жолдарының барлық бөлігінде – ауыз қуысынан бастап айналшыққа дейін ойық жара пайда болуымен сипатталатын ішектің қабыну ауруы. Қрон ауруы кезінде ішектің сау бөліктері мен зақымданған тұстары кезектесіп тұрады. Кейбір адамдарда аурудың ауыр симптомдары байқалады, ал басқаларда жеңіл түрде немесе емделмеген жағдайда симптомдарсыз өтеді. Аурудың ауыр барысында ұзақ уақыт бойы емделу, тіпті, хирургиялық араласу қажет болады.

 

Крон ауруының симптомдары қандай?

Крон ауруының симптомдары асқазан-ішек жолдарының зақымданған бөлігіне қарай әр түрлі болады. Аурудың жиі симптомдарына жататындар:

  • Диарея

  • Асқазанның түйіліп, ауырсынуы

  • Іште  қайталанып, пайда болатын ауырсыну

  • Нәжістегі қан

  • Тәбеттің төмендеуі

  • Жоспарланбаған салмақ жоғалту

Басқа да қосалқы симптомдарына қалтырау, буындағы ауырсыну, көрудегі және терідегі мәселелер, шаршау сезімі жатады. 

Крон ауруының симптомдары жеңіл немесе ауыр болуы мүмкін. Әр уақытта қайталанып, жойылып, күрт немесе біртіндеп басталуы мүмкін.  

 

Крон ауруының себептері қандай?

Ішектің осы қабыну ауруының пайда болу себептері осы уақытқа дейін белгісіз. Бір отбасының мүшелерінде кездесуі мүмкін, яғни, тұқым қуалау да белгілі бір роль атқарады. Көптеген зерттеушілер ішектің қабыну аурулары организмнің иммундық жүйесіндегі мәселелерге байланысты деп санайды. Қалыпты жағдайда иммундық жүйе организмді инфекциялардан қорғайды. Ішектің қабыну аурулары бар адамдардың иммундық жүйесі тамақты, пайдалы бактериялар мен басқа да заттектерді инфекция көзі деп қате қабылдайды. Осының салдарынан иммундық жүйе ішектің жасушаларын шабуылға алып,  оның қабынуына апарады.

 

Крон ауруы қалай анықталады?

Дәрігер медициналық тексеруді жүргізіп, аурудың сипатталған симптомдарын нақтылайды. Анықтау үшін дәрігер қанның бірқатар талдауын және нәжістің үлгілерін зерттеуді тағайындайды. Сондай-ақ, дәрігер тоқ немесе тік ішекті көрнекі түрде қарау бойынша бір немесе бірнеше процедураларды, мысалы, асқазан-ішек жолдарының эндоскопиясы – тоқ ішектің саңылауына иілетін жіңішке түтік енгізу арқылы жасалатын колоноскопияны және ректороманоскопияны тағайындауы мүмкін.

Асқазан-ішек жолдарының жоғары бөлімдерін зерттеу әдісі – фиброгастродуоденоскопия, ол арқылы дәрігер науқастың асқазанының және аш ішегінің жағдайын ойық жара болуына тексереді. Мұндай  эндоскопия екі түрлі болады. Бірінші жағдайда, шағын камераны жұту арқылы (капсулалық эндоскопия), немесе дәрігер иілетін эндоскопты ауыз қуысы арқылы енгізеді.

Ауруды анықтау үшін көрнекі түрде қарауға мүмкіндік беретін тексерулер, мысалы, рентген, компьютерлік томография немесе іш қуысының МРТ тағайындалуы мүмкін. 

 

Крон ауруы қалай емделеді?

Емдеудің мақсаты  - аурудың симптомдарын туындататын қабынуды басу. Мұндай дәрілік препараттарға қабынуға қарсы құралдар және иммундық жүйені басатын  препараттар жатады. Аурудың қандай да бір симптомдарының болуына сай дәрігер антибиотиктерді, диареяға қарсы, іш жүргізетін, ауырсынуды басатын препараттарды немесе дәрумендерді қабылдауды ұсынады. Аурудың ауыр түрде өтуінде көктамыр (вена) арқылы сұйықтық енгізу немесе оперативтік араласуды жүргізу үшін науқасты ауруханаға жатқызу қажет болады.

Емдеу барысында науқас отбасылық дәрігер, гастроэнтеролог (асқазан-ішек жолдарының маманы), қажет болса, хирург қатысатын дәрігерлер тобының бақылауында болады.

 

Аурудың симптомдарын қалай жеңілдетуге болады?

Өзіңізге қамқорлық жасауды қолыңызға алыңыз. Емдәм ұстану қажет. Қандай да бір симптомдардың болуына байланысты дәрігер тамақтану рационындағы талшығы мол тағамды азайтуды немесе сүт өнімдерін тұтынбауды ұсынуы мүмкін.

Сондай-ақ, құрамында кофеин, алкоголь бар және газдалған сусындарды тұтынуды шектеу немесе тұтынбау қажет болуы мүмкін. Емдәм ұстанумен қатар, демалу, ұдайы спортпен шұғылдану қажет.  Күйзелісті бақылауға алу қажет, себебі, үйдегі немесе жұмыстағы мәселелерге байланысты күйзелісті жағдайлар ауруды қоздыруы мүмкін.

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Тітіркенген тоқ ішек синдромы (ТТІС) – асқазан-ішек жолдарының бұзылысы, әдетте, іштің кебуімен, ішектегі ауырсынумен және қызметінің бұзылысымен көрініс береді.  

Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.

 

Әйелдерде ТТІС ерлерге қарағанда екі есес жиі кездеседі. Ауру балалық шақта басталуы мүмкін, бірақ, көбінесе, 30-40 жаста басталады. 60 жастан кейін бұл синдром алғаш пайда болмайды.

 

Себептері

Тітіркенген тоқ ішек синдромының пайда болу себептері белгісіз.

Негізгі пайда болу себептері: теріс эмоциялар, күйзелістер, инфекциялық аурулар, дәрілік әсер, тамақтану ерекшеліктері (тамақтану тәртібі мен ырғағының бұзылуы, тағам өнімдерінің жеткіліксіздігі және көмірсу құрамдас өнімдерді көп тұтыну).

ТТІС негізгі себебі ретінде жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуін және отырумен өтетін өмір салтын, эндокриндік бұзылыстарды (климакс, дисменорея, етеккір алды синдромы, семіздік, гипотиреоз, қант диабеті, т.б.) атауға болады.

 

Симптомдары

ТТІС негізгі симптомдары – іштің ауырсынуы, іштің кебуі (метеоризм), нәжістің бұзылысы.

Іштегі ауырсынудың келесі тән белгілері бар:

  • Жеңіл жайсыздықтан шыдатпайтын ауырсынуға дейін,
  • Айқын шекарасы жоқ, бүкіл ішке таралады.
  • Іштің түрлі аумағында әр уақытта пайда болуы мүмкін.
  • Күйдіретін, бататын, сыздайтын, қысатын, жайылған, т.б.
  • Әдетте, тамақ ішкеннен кейін күшейеді.
  • ТТІС анықтауда маңызды белгі  - ұйқы кезінде ауырсынудың болмауы, әдетте, науқас іш аумағындағы ауырсынатын сезімнен оянбайды. Әдетте, оянғаннан кейін пайда болады.

 

Іштің кебуінен (метеоризм) әдетте, іш күні бойы ұлғаяды, кешке аса ұлғайып, әсіресе, тамақтан кейін ұлғаюы айқын байқалады (көбінесе, түскі астан кейін).

Нәжістің бұзылысы сұйық немесе қатуымен көрініс береді. Іш өткенде нәжіс, көбінесе, таңертеңгілік, таңғы астан кейін байқалады, ішектің босатылу жиілігі 2-5 рет, арасында аз аралықпен.  Нәжіс шығарғысы келу әр тамақ ішкен сайын болады. Ішекті босатқысы келу сезімі аса қолайсыз кезде болуы тән, мысалы, жиналыс кезінде, метрода, қала маңы пойыздарында, емтихан немесе басқа күйзелістік жағдайларда. Нәжіс шығарғысы келу сезімі жиі пайда болуы салдарынан науқас театр, кино, басқа да қоғамдық орындарға барудан бас тартады. ТТІС кезінде іш өтуі ешуақытта түнде пайда болмайтындығын атау қажет. Сонымен қатар, нәжістің салмағы қалыпты болып, тәулігіне 200 г аспайды. Көбінесе, ішектің толық босамау сезімі болады. Нәжісте сілемей, тағамның қорытылмаған бөліктері болады, алайда, ТТІС кезінде нәжісте қан немесе ірің болмайды. Ішекті босату алдында ауырсыну күшейіп, босағаннан кейін едәуір азаюы байқалады.

Іш қатуында нәжіс жиі «қой құмалағындай» болады, яғни, ұсақ тығыз бөліктерден немесе «тығын» тәрізді – яғни, нәжістің алғашқы үлестері соңғыларына қарағанда тығыздау болады. Сондай-ақ, нәжіс қарындаш түрінде – ұзын жіңішке лента тәрізді болуы мүмкін. Іш қатудан кейінгі іш өтуі – бірнеше күндік іркілуден кейінгі сұйық нәжіс болуы мүмкін.

Ас қорытудың іштегі ауырлық, жүрек айнуы, немесе құсу, оң жақтағы ауырсыну секілді симптомдары байқалады.  

Психологиялық бұзылыстардың белгілері байқалады: көңіл-күйдің тұрақсыздығы, алаңдау, себепсіз қорқыныш, истерия.

 

Диагностика

ТТІС болуына арнайы зерттеу жоқ. Дәрігер басқа ауруларды ескеру үшін талдау мен зерттеулерді тағайындайды.

Анықтаудың негізгі әдістері:

  •  Жалпы қарау
  •  Қан талдауы (лейкоцитоз, анемия, СОЭ үдеуі)
  • Несеп талдауы
  •  Қанның биохимиялық зерттеуі (билирубин, АлТ, АсТ, сілтілік фосфатаза, ГГТП)
  • копроцитограмма (нәжісті зерттеу), қанды, іріңді, тамақтың қорытылмаған бөліктерін көруге болады.
  • температураны өлшеу (инфекциялық себепті ескеру үшін)
  • дене салмағын өлшеу (онкологияны ескеру үшін)
  • эндоскопиялық зерттеу
  • нәжісті флораға зерттеу (тоқ ішек микрофлорасының құрамын зерттеу),
  • колоноскопия (полиптер мен ісіктерді ескеру үшін)
  • нәжісті ішекқұртқа зерттеу
  • тік ішекті саусақпен зерттеу
  • іш қуысы мен жамбас қуысы ағзаларының УДТ (УЗИ)
  • эзофагогастродуоденоскопия (асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің сілемей қабатын қарау)
  • ирригоскопия (ішекті рентгендік зерттеу рентген-контрастылық заттектерді қолданумен)
  • тыныс алу тесті (аш ішектегі тым көп бактериалдық өсу синдромын, лактаздық жеткіліксіздікті, фруктоза мен сорбитолды көтере алмауды, аш ішектен өту уақытын анықтау үшін)
  • психотерапевтінің кеңесі.

 

Емдеу

Емдеу үшін емдәмді қадағалау, өмір салтын өзгерту, мысалы, дене белсенділігінің дәрежесін арттыру ұсынылады.

Психотерапия (науқасты мазалайтын симптомдар күрделі аурудан емес, психикалық жағдайға тікелей байланысты екендігін түсіндіру қажет). 

Дәрі-дәрмек құралдарынан жұмсақ транквилизаторлар (науқас күйзеліс немесе алаңдауда болса),  спазмолитиктер (ауырсынуды басу үшін),  антифлатуленттер (метеоризмді азайтуға ықпал ететін препараттар), диареяға қарсы препараттар (смекта, лоперамид), іш жүргізетін құралдар (іш қатуында прокинетиктер ішектің қимыл белсенділігін жақсартады).

 

Аурудың болжамы

 

Тітіркенген тоқ ішек синдромы өмір бойы қайталануы мүмкін. Кейбір адамдар үшін аурудың симптомдары күшті жайсыздық әкеліп, еңбекке қабілетті төмендетеді, әлеуметтік өміріне әсер етеді. Симптомдар әдетте, емдеу басталғаннан кейін жойылады. ТТІС ішекке зақым әкелмейді және күрделі салдарға апармайды.

Тітіркенген тоқ ішек синдромында өмір болжамы – оң. Дәрігер науқкстарды аурудың болжамының ерекшеліктерімен таныстыруы тиіс, бұл олардың психо-әлеуметтік адаптациясын жақсартады.

 

Мүмкін асқынулары

ТТІС ауыр асқынуды туындатпайды, мысалы, қан кетуі немесе ішек сілемйінің беріштенуі. Дегенмен, Тітіркенген тоқ ішек синдромы бар науқастарда ұдай іш қатуы болса,  копростаз даму қаупі болады (ішекте нәжістің көп жиналуы).

Копростаздың белгілері:

  • амақтан жиіркену
  • іш аумағындағы ауырсыну
  • түйілу
  • құсу және жүрек айнуы
  • несеп пен нәжістің ұстамауы
  • естің бұзылысы
  • ішектің түйнегі
  • Перитонит.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Міндетті түрде дәрігерге көрініңіз, егер:

  • Іш өткенде қан аралас болса, айналшық саңылауынан қанды бөліністер болса.
  • Соңғы қан талдауына сай анемия болса (гемоглобиннің төмен деңгейі).
  • Себепсіз арықтау.
  • Іштің өтуі мен ауырсынуы түнде оятып, төсектен тұрғызады.
  • Іш өтуімен және ауырсынумен бірге температура байқалады.
  • Уақыт өте келе іш өтуі және қатуы күшейіп, әдеттегі емдеуге көнбейді.
  • Туыстарыңыздың бірі целиакиямен ауырған (белгілі бір ақуыздар бар тағам өнімдерімен аш ішектің түгінің зақымдануынан болатын тамақ қорыту бұзылысы), ішектің қатерлі ісігі, аналық бездің қатерлі ісігі, Крон ауруы (ішектің созылмалы қабыну ауруы) немесе телімді емес ойық жаралық колит (тоқ ішектің сілемей қабатының созылмалы қабыну ауруы).
  • 60 жастан асқан адамда іш өтуі (жиірек және сұйық нәжіс) кенеттен пайда болып, 6 аптадан артық созылады.

 

Алдын алу

  • Спортпен шұғылдану (емдік дене шынықтыру, жүзу, жүгіру).
  • Үйлесімді және тиімді тамақтану, талшығы мол тағамды тұтыну (көкөністер, жемістер, аскөк), қуырылған, консервіленген, тым ыстық және ащы тағамнан алшақ болу
  • Депрессия мен невроздарды уақытылы емдеу.
  • Іш өтуі, қатуын емдейтін препараттарды орынсыз қолданбау. 

 

Мазмұны

Іштің өтуі мен құсу қауіпті болуы мүмкін бе?

Құсу мен іштің өтуінің пайда болу себептері қандай?

Қалай организмнің сусыздануының алдын алуға болады?

Құсу мен іштің өтуін тоқтату үшін дәрілік препараттарды қабылдау қажет пе?

Балаңызда немесе жақын адамыңызда сусыздану дамығандығын қалай білуге болады?

Сусызданудың симптомдары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге қойылатын сұрақтар

 

Іштің өтуі мен құсу қауіпті болуы мүмкін бе?

Іштің өтуі мен құсу қауіпті болуы мүмкін, себебі, организмнің сусыздануына апарады. Организм  сұйықтықтың үлкен мөлшерін жоғалтқанда сусыздану дамиды. Егде жастағы адамдарда сусыздану тез дамиды, бірақ, сусыздану кез келген жаста пайда болуы мүмкін.

 

Құсу мен іштің өтуінің пайда болу себептері қандай?

Іштің өтуі мен құсу вирустық, бактериалдық, паразитарлық аурулардың симптомы, кейбір аурулар мен дәрілік препараттарды қабылдаудың салдары болуы мүмкін. Кейбір өнімдерді, шала піскен етті немесе балықты  қорытудың бұзылысы да іштің өтуі мен құсуды туындатуы мүмкін.

 

Қалай организмнің сусыздануының алдын алуға болады?

Іштің өтуі мен құсу ұстамасы байқалған кез келген адамға жоғалтылған сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыру қажет.

Іштің өтуі мен құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін ересектер мен егде жастағы адамдар күніне, кемінде, 7-8 стақан су ішуі қажет. Егде адамдарға жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін ішуге арналған регидратациялау ерітінділері тағайындалуы мүмкін (нұсқау). 

 

Құсу мен іштің өтуін тоқтату үшін дәрілік препараттарды қабылдау қажет пе?

Әдетте, қажеті жоқ, себебі, құсу мен іштің өтуі тез өтеді. Инфекциялар кезінде құсу мен іштің өтуі - инфекциялық бөлікті организмнен шығаруға организмнің қорғаныстық реакциясы. Құсу мен іштің өтуін тоқтататын дәрілерді қабылдау организмнің өздігінше қалпына келуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, антибиотиктерге де қажеттілік жоқ. Дәрілік препараттар қажет деп санасаңыз, дәрігерге айтыңыз.  

 

Балаңызда немесе жақын адамыңызда сусыздану дамығандығын қалай білуге болады?

Адамда сусыздану дамығандығын болжау қиын. Әдетте, сусызданудың симптомдары ауыр дәрежесіне өткенде пайда болады. Сусызданудың келесі симптомдарының бірі байқалса, әсіресе, егде жастағы адамдарда, дәрігерге көріну қажет. Ауыр сусыздану жағдайында іштің өтуі мен құсу кезінде жоғалтылған сұйықтықтың орнын толтыру үшін науқасқа көктамыр (вена) арқылы сұйықтық енгізу қажет болуы мүмкін.

 

Сусызданудың симптомдары

  • Несептің мөлшерінің азаюы немесе болмауы, түсінің қошқыл болуы
  • Несептің жүруінің сиреуі
  • Шөлдеу
  • Ашушаңдық
  • Тәбеттің болмауы
  • Салмақ жоғалту
  • Ауыздың құрғауы
  • Терінің созылымдылығын және серпімділігін жоғалту
  • Ұйқы басуы.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Іштің  өтуі мен құсу ушығатын болса, немесе іштің өтуіне және/немесе құсуға ұшыраған адамда келесілер байқалса:

  • Сусыздану белгілері болса (жоғарыда келтірілген).
  • Құсу 8 сағаттан артық жалғасса немесе басылмайтын сипатта болса.
  • Нәжісте қан пайда болса.
  • Құсықта қан пайда болса.
  • 8 сағат ішінде несептің жүруі болмаса.
  • Улы зат жұту кезінде.
  • Бұлшық еттің ширығуы немесе бастың күшті ауырсынуы болса.
  • Енжар немесе ұйқы басқан болса.
  • 2 сағаттан артық уақыт бойы іште ауырсыну болса.

 

Дәрігерге қойылатын сұрақтар

  • Іштің  өтуі мен құсу басқа аурудың симптомдары болуы мүмкін бе?
  • Іштің  өтуі мен құсуды емдеу үшін қандай дәрілік препараттар көмектеседі?