Кекірудің ең жиі таралған себебі ауа жұтудан.Ауа жұтқаннан кейін толу немесе желдену сезімі болады.
Кекірудің аз таралған себептері, асқазанның толып қалуы немесе дұрыс ас қортпауынан, оларға:
Ойық жара ауырсынуды тудыруы мүмкін.
Өңештің және асқазанның қатерлі ісігі , сондай-ақ, жүрек айнуын, тәбетінің төмендеуін және тамақтанғаннан кейін асқазанның толу сезімін тудыруы мүмкін.
Гастроэзофагеальді рефлюксауруы жатқанда немесе еңкейгенде қыжылмен кекіруді шақырады.
Іштің жоғарғы оң жақ бөлігінде ауырсыну туғызатын өт қабының ауруы; Ауыруы арқа немесе иыққа таралуы мүмкін.
Іштің жоғарғы жағында немесе кеудеде жеңіл дискомфортболуы, газдың әсерінен болуы мүмкін,толу сізімінің болуы, асқазанда ауырлық немесе қыжыл сезімінің болуы. Бұл сиптомтар кекірумен немесе кекірусіз жүреді.
Безоар – необычное состояние, случающееся, когда большое количество неперевариваемого материала (пища, волосы или проглоченные предметы) закупоривает проход из желудка в кишечник (обструкция привратника желудка).
Безоар- қорытылмаған заттың көп мөлшері (тағам, шаш немесе жұтылған заттар) асқазаннан ішекке өтетін жолды бітеп тастағанда болатын ерекше жағдай.
Дәрігерді шақырыңыз, егер асқазанның толып турған немесе асты қортуы қиындап тұрған сезім болғанда, үйдегі ем көмектеспеген жағдайда.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Жұтынудың бұзылысы көп адамдарда уақыт өте келе пайда болады. Жұтынудың бұзылысы тамақты қабылдап жатқанда сөйлеу, тез тамақтанғанда және дұрыс шайнамай үлкен бөліктермен жұтқанда пайда болады. Егер сіз ашуланып немесе қобалжып тұрсаңыз, сізде жұтқыншағыңыздың толып тұрған және қалыпты жұтына алмау сезімі болады.
Жұтынудың қиындауы (дисфагия) - бұл тамақ әдетте ауыздан өңеш арқылы асқазанға өтпейді. Дисфагия ауыз қуысындағы, тіл немесе тістер ақаулары қалыпты шайнау және жұтылу процесіне кедергі келтіргенде пайда болуы мүмкін. Мнандай сиптомдар пайда болуы мүмкін:сілекей ағуы, тамақты түкірү немесе ауыз қуысының тым қатты құрғап кетүі. Тамақтың жұтқыншақта тұрып қалған сезімі немесе әрі қарай тамақты итеру үшін бірнеше рет жұтыну керек. Сол үшін жөтел немесе тұншығу пайда болады.
Сонымен қатар жұтынудың бұзылысы өңештің тарылуынан немесе бітелуінен болуы мүмкін. Өңеш арқылы тағаммен сұйықтықтарды өткізетін бұлшық еттердің дұрыс жұмыс істемеуінен болады.
Жұтынудың бұзылысы, салмақтың жоғалуымен, өңештің қатерлі ісігі тәрізді қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін. Егер сізде кекіру және жұтынудың бұзылысы, үй жағдайында емделгенде кетпесе , дәрігерге қаралыңыз.