Преэкламсия жүкті әйелдерде 20-аптадан ( 2-3 триместрде) соң қан қысымының көтерілуі және зәрінде ақуыздың пайда болуымен сипатталатын жағдай.
Себептері:
Анық себептері әлі анықталған жоқ. Бірақ мүмкін болатын себептер қатарына жатады.
Аутоиммунды аурулар
Қантамырлар аурулары
Тамақтанудың бұзылыстары
Туқым қуалайтын аурулар
Қауіп қатер топтарына жатады:
Бірінші рет жүкті болғанда
Көп ұрықты жүктілік
Семіздік
35 жастан асқанда
Қант диабеті, артериальді гипертония, бүйрекауруларымен ауыратын науқастар
Симптомдары:
Әдетте әйелдер преэкламсиямен ауыратындығын сезбейді.
Преэкламсия келесі симптомдармен көрінеді:
Қолдың және беттің/көздің ісінуі
1-2 күн ішінде 1 кг-дай дене салмағын қосу
Ескерту: табанның және шынтақтың жүктілік кезінде ісінуі қалыпты болы саналады.
Ауыр преэкламсия кезіндегі симптомдар:
Тұрақты бас ауру
Оң жақ қабырға асты аймақтың ауырсынуы. Сонымен қатар оң жақ иықтың ауырсынуын, жүрек айнумен, өттің ауырсынуымен, гастритпен, ұрықтың қимылдауымен шатастырып алмау керек.
Тітіркендірдіштік
Зәр шығарудың азаюы
Жүрек айну және құсу
Көз көрудің бұзылыстары, уақытқа байланысты көздің көрмеушілік, көз алдында майда жарық немесе дақтың көрінуі, жарыққа сезімталдылық және көрудің бұлыңдырлығы.
Диагностика
Дәрігер бірініші жарлы қарап тексеру жүргізеді, сытрқа көрінетін белгілерді анықтау үшін.
Қан қысымының жоғарлауы, әдетте 140/90 мм.сын.бағ-тан жоғары
Қол мен беттің ісінуі
Артық салмақ қосуы
Екіншілік тексеруге қан және зәр анализдерін қарау. Мынадай өзгерістер анықталуы мүмкін.
Зәрде ақуыз пайда болуы (протеинурия)
Бауыр ферменттерінің жоғарлауы
Тромбоциттердің 100,000 –ден төмендеуі.
Қосымша тексеру әдістеріне жатады:
Қанның ұю жылдамдығын тексеру.
Баланың денсаулығын мониторингтеу.
УДЗ және басқада тексерулердің нәтижесінде дәрігер жүкті әйелге жұғыл босану керек немесе керек еместігін айта алады.
Басында төмен қан қысымын тіркелген кейін, көтеріліп кеткен жүкті әйелдерде преэкламсияның басқа белгілерің өткізіп алмау керек.
Емі:
Преэкламсияның негізгі емі – жүктілікті үзу болып табылады.
Егер жүктіліктің мерзімі 37 апта немесе одан жоғары болса, дәрігер преэкламсияны өршітпей жедел босануды талап етуі мүмкін. Сізге босануды стимулдеуші дәрі-дәрмектерді тағайындайды немесе Кесар тілігі отасын жүргізеді.
Егер ұрық толық жетілмеген және преэкламсияның жеңіл дәрежесі болса жүкті әйелге ұрықтың дүниеге бейімделуге қабілетті жағдайға жеткенше үй жағдайында ем жүргізіледі. Сонымен қатар дәрігер сізге келесілерді тағайындайды:
Төсек режим, көп жағдайда сол жақ бүйір бетімен
Жетерліктей суды қабылдау
Ас мәзірінде тұзды аз қабылдау
Дәрігерге жиі тексеріліп тұру, сіздің және ұрықтың жағдайы дұрыс екендігіне көз жеткізу
Қан қысымын тұрақтандырушы препараттарды қабылдау
Дәрілерлер ана мен баланың денсаулығын тұрақты бақылауда ұстау үшін, кейде жүкті әйелді ауруханаға жатқызады.
Стационарда келесі ем жүргізіледі:
Ана мен баланың жағдайын мониторинг жүргізу
Дірілдеу мен басқа да асқынулардың алдын алу үшін қан қысымын тұрақтандыратын препараттарды қабылдау.
Ұрықтың өкпесін жедел жетілдіру үшін стероидты препараттарды тағайындау (24 аптадан соң)
Ұрық қауіпсіз кезеңде туылуы үшін сіз дәрігердің тұрақты бақылауында болуыңыз керек. Бұл келесі факторларға байланысты:
Босанудың уақытты қаншалықты жақын қалғандығы. Сізде неғұрлым босану уақытты жақын болса, солғұрлым балаға да жақсы.
Преэкламсияның ауырлық дәрежесі. Преэкламсияның өршуі ананың өміріне қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін.
Қаншалықты бала өзін жатырда жақсы сезінеді.
Преэкламсияның ауыр дәрежесінде келесі симптомдар көрініс беретін болса, жүктілікті үзу керек:
Зерттеу барысында ана баласын оттегімен, қанмен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда да, оның жетілуі жақсы болса.
24 сағат ішінде диастолалық қан қысымы тұрақты 100 мм.сын.бағ-тан жоғары немесе 110 мм.сын.бағ-ына көтерілсе
Бауырдың функционалды қызметін тексеруде бұзылыстар
Өте қатты бас ауру
Іш қуысындағы ауру сезімі
Қалтырау немесе ақыл-естің бұзылысы
Ананың өкпесіне сұйықтықтың жиналуы
Тромбоциттердің төмендеуі немесе қан кетулер
Зәр шығарудың азаюы – зәрде ақуыздың болуы немесе бүйректің дұрыс жұмыс істемеуі.
Болжамы
Преэкламсияның симптомдары босанғаннан кейін 6 аптадан соң жоғалады. Сонымен қатар босанғаннан кейін бірнеше күн бойы қан қысымы жоғарлайды.
Егер сізде преэкламсия анықталған болса, келесі жүктілік кезінде бұл қайта пайда болуы мүмкін. Бірақ қайта пайда болған преэкламсия біріншіге қарағанда жеңіл дәрежеде өтеді.
Егер сізде қан қысымы бір жүктіліктен көп кездесетін болса, онда сізде ересек жасыңызда артериалды гипертониямен ауыруыңыз мүмкін.
Мүмкін болатын асқынулар:
Сирек бірақ ауыр асқынуға жатады
Қан кету
Мерзімінен бұрын плацентаның ажырауы
Бауырдың жыртылуы
Инсульт
Өлім
Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс
Жүктілік кезінде преэкламсияның алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу керек.
Профилактикасы
Преэкламсияның профилактикалық дәрі-дәрмектері жоқ болып табылады. Жүкті әйел пренаталді күтімді ерте кезеңнен бастап, жүктіліктің барлық кезеңінде жалғастыру керек.
Аударған: Бердібек Ағабек
Токсикоз – өзін жайсыз сезінетін, ерекше жағдай. Ол масаю сияқты, бірнеше уақытқа созылады. Ананың организмінде ұрықтың дамуы кезінде, жүкті әйел зиянды заттармен уланатын болса, токсикоз пайда болады.
Ерте токсикоз – ұрықтың пайда болуынан алғашқы 12 аптада жүктілерді мазалайды. Жүкті әйел әлсізкке, сілекей бөлінудің жоғарлауына, тәбетінің төмендеуіне, дәс сезудің өзгерісіне шағымданады. Оны бұл жағдай есеңгіртеді. Ауыр жағдайда күнсіз де түнде де, 20 дейін жететін құсу мазалауы мүмкін. Нәтижесінде организмде судың азаюынан, сусыздану пайда болып, жүкті әйел кенеттен арықтайды. Оның терісі құрғайды және босайды, температурасы көтеріледі, пульсі жиілейді, қан қысымы төмендейді.
Кеш токсикоз – бұл қте қауіпті жағдай. Жүктіліктің 20 аптасынан бастап босанғанға дейін аралықты қамтиды. Жүкті әйелде бұл кезде құсу мазаламайды, ода ісіктер пайда болады; бірінші аяқта, сосын қолда, сосын бетте пайда болады. Егер емделмесе ісік бүкіл денеге таралады. Сонымен қатар токсикозда қан қысымы 140/90 немесе одан да жоғары көтеріліп, тіпті дәрілермен төмен түсіруде қиындық туғызады. Сосын одан да жоғарлай береді. Кеш токсикозда дәрігерлердің көмегінсіз науқаста өмірге маңызды мүшелер зақымдануға ұшырауы мүмкін: бүйрек, өкпе, жүрек, ми. Бұл кезде жүкті әйелде бастың ауруы, бас айналу, көз көрудің нашарлауы, құлақтағы шу, құсу, жүрек айну, іш аймағында ауырсыну болады. Тіпті токсикозда жүктіліктің екінші жартысында экламсия пайда болады. Экламсияның пайда болуы – қалтырау бірге жүретін есті жоғалту. Такие судороги может спровоцировать громкий звук, яркий свет, боль. Экламсия жүкті әйелді өлімге әкелетін ауыр бұзылыстың нәтижесі болып табылады. Өлімнің себебі болып табылады: миға қан құюлу, жедел тыныс алу, бүйрек жеткіліксіздігі. Бұл кезде сонымен қатар плацентаның ерте ажырауы жүруі мүмкін.
Емі
Ерте токсикоз. Кез-келген токсикоздың болжамы жақсы емес. Токсикоздың бірінші симптомдары пайда болғанда бірден жылдам акушер-гинекологка барыңыз. Дер кезінде емделсе, мүмкін болатын қалайсыз жағдайларды болдырмауға болады. Ерте токсикоз кезінде жиі, бірақ аз-аздан тамақтанған жөн. Тағам қатты ыстық күйінде қабылдауға болмайды. Тұрақты салмағыңызды өлшеп тұрыңыз, егерде салмағыңыз жоғарлап немесе төмендейтін болса – бұл апаттық белгі болып табылады. Токсикоз жайсыз жағдай болса да, жүктілікті сақтауға тырысыңыз, себебі келесі жүктілікте токсикоз қайталанып, ауыр формада болуы мүмкін.
Кеш токсикоз.Кеш токсикоздың емі ауруханад жүргізіледі. Төсектің режим мен стрестік факторлардан аулақ болу негізгі болып табылады. Жүкті әйел сұйықтық пен тұз шектелген диетаны сақтау керек. Қан қысымын төмендету үшін арнайы дәрілер қолданылады. Егер керек болған жағдайда ақуыз препараттарын вена арқылы тамшылатып жіберу арқылы енгізеді. Ауыр жағдайда, жүргізілген ем нәтижесіз болса, экламсияның алдын алу мақсатында – жүктілікті үзу керек.