Ревматоиддық артрит (РА) – буындағы қабынуды және ауырсынуды туындататын аутоиммундық ауру. Ол дененің басқа да бөліктерін зақымдауы мүмкін, мысалы, жүрек пен өкпенің қабықшасын.
Қолдың, білектің, аяқтың ұшы мен тізенің буындары, әдетте, дерттік үрдіске алдымен ұшырайды. Ревматоидтық артрит, әдетте, дененің екі жағындағы бірнеше буынды қатар қамтиды. Мысалы, екі білектің де ауырсынуын және қозғала алмауын сезінуіңіз мүмкін. Уақыт өте келе үрдіске ірі буындар да ұшырайды, мысалы, иектің, иықтың, және жамбастың.
Дәрігер симптомдар туралы сұрастырып, медициналық тексеруді жүргізеді. Ауруды нақтылау үшін ол қан талдауын, буындық сұйықтықтың талдауын (ауырсынудың басқа себептерін ескеру үшін зерттеу), рентген тағайындайды.
Науқас өзін сезінуді жақсарту үшін қабынуды азайтатын (аспирин, ибупрофен), немесе ауырсынуды жеңілдететін (ацетаминофен) дәрілік препараттарды қабылдауына болады. Бұл препараттар рецептсіз босатылады. Емдеуші дәрігер қабынуға қарсы стероидтық емес препараттарды тағайындайды (НПВП). Бұл дәрілер ауырсыну мен ісінуді азайтады, бірақ, буынның зақымдануын бәсеңдетпейді. Бұл дәрілер орынды қолданылуы тиіс. Препараттың қозғалу үшін өзіңізді жақсы сезіну үшін жеткілікті болатын мөлшерлемесін ғана қабылдау қажет. Тым көп мөлшерін қабылдау жанама әсерлерінің пайда болу қаупін аттырады.
Иммундық жүйенің жұмысын реттейтін (иммунодепрессанттар) дәрілер де аурумен күресуге қолданылады. Ревматоидтық артрит кезінде иммундық жүйенің жұмысы бұзылады. Аталған препараттар оны қалпына келтіреді. Дегенмен, бұл дәрілер организмнің иммундық жүйесінің инфекцияға жауапты серпінін азайтуы мүмкін.
Егер дерттік үрдісте буындардың аз саны қамтылса, дәрігер стероидтарды (мысалы, преднизолонды) тағайындайды. Олар ауырсыну мен ісінуді азайтады, буындардың зақымдану үрдісін бәсеңдетеді, бірақ, олар қысқа уақыт ішінде ғана қолданылуы мүмкін. Стероидтар ұзақ қабылданған сайын (айлар немесе жылдар), тиімділігі азаяды. Олар түсініксіз көгеру,сүйектің жұқаруы, катаракта және диабет секілді жанама әсерді туындатуы мүмкін.
Антиревматикалық дәрілік препараттар ревматоидтық артритпен күресте көмектесе алады. егер бұл препараттарды қабылдау ерте басталса, олар буындардың зақымдануын азайта алады. Бұл дәрілер баяу әрекет етеді, өзіңізді жақсы сезінгенге дейін бірнеше апта өтуі мүмкін. Дәрігер қан талдауын жасап, бұл дәрілердің сіз үшін қауіпсіз екендігін анықтайды. Бұл дәрілердің кейбірін жүктілік кезінде қабылдауға болмайды. Антиревматикалық дәрілік препараттарды тағайындау алдында дәрігер жүктіліктен қорғану шаралары туралы айтады.
Дәрілік препараттар арқылы ревматоидтық артритті емдеудің әсері болмаса, оперативтік емдеу ұсынылуы мүмкін. Операция буындардың қозғалуын қалпына келтіріп, ауырсынуды жеңілдетіп, ауруға байланысты болған деформацияны түзетуге көмектеседі. Дәрігермен операцияның артықшылығы мен қауіптері туралы кеңесіңіз.
Дәрігермен ревматоидтық артритты емдеудің барлық нұсқалары туралы кеңесіңіз.
Ревматоидтық артрит – өмір бойы созылатын ауру. Кейде сәйкес емделгенде симптомдары біршама уақытқа жойылады, бірақ, олар, әдетте, қайта оралады. Симптомдар қайталанысымен бірден дәрігерге көріну маңызды.
Ұдайы, жеңіл жаттығулар буындардың маңайындағы бұлшық еттерді нығайтып, шаршауды баса алады. Жаттығуды бастау үшін су-аэробикасы және жүру қолайлы. Жаттығу кезінде сау буында ауырсынуды сезінсеңіз тоқтаңыз. Егер ауырсыну өтпесе, дәрігерге көріну қажет.
Салмақ азайту және емдәм қадағалау да ревматоидтық артритте көмектеседі.
Зақымданған буынға жүктемені азайту үшін арнайы құрал-жабдықты қолдануға болады, олар сіздің күнделікті тіршілігіңізде көмектеседі. Қысып ұстайтын құрал-жабдықтар биік орналасқан нәрселерді алуға көмектеседі. Таянатын таяқ жүруді жеңілдетеді. Дәрігерден күнделікті тіршілігіңізде көмектесетін құрал-жабдықтар туралы сұрастырыңыз.
Ауырсынуды жеңілдету үшін ауыратын буынға жылу немесе суық басу қажет. Жылу ширыққан бұлшық етті босаңсытады, ал суық ауырсынуды басады. Буынға жылумен әсер етудің ең оңай тәсілі – 15 минуттық ыстық душ немесе ванна қабылдау. Суық компрестер немесе салқын су басу – суықты қолданудың тиімді тәсілдері. Қан айналымы нашар болса, бұл әдістерді қолдануға болмайды.
Науқас не істей алады?
Ұдайы жаттығу жасаңыз
Салмақ азайту бойынша шараларды қабылдаңыз
Емдәмді қадағалаңыз
Жылуды қолданып, ауырсыну мен қозғала алмауды азайтуға болады (ыстық душ немесе жылытқыш-қалта).
Ревматоидтық артрит денсаулыққа қатысты басқа мәселелерге апаруы мүмкін. Уақыт өте келе қолдың деформациясы пайда болуы мүмкін. Өкпеде және жүректе мәселелер пайда болуы мүмкін. Жаңа симптомдарды байқасаңыз немесе денсаулыққа қатысты мәселелер болса, дәрігерге көрініңіз.