.

Сыну | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Сыну

Шерту, нәлім, шықырлау ауру сезімі қолды бүгу кезінде пайда болады. Бұл негізінен қатты қауіпті емес, бірақ адамдың мазасыздануына әкеледі.
Жарақат кезінде иықта шерту, нәлім, шықырлау пайда болуына әкеледі:

  • Буын қапшығының қабынуына тән буын аймағында сүйектің, сіңірдің, терінің жұқаруы.
  • Сүйекпен байланыстырушы жіп тәрізді және иілгіш бұлшықеттердің қабынуы.
  • Сүйектің сынуы.
  • Иықтың айырылуы – бұғананың ұшы мен жауырын байланысатын буынның жыртылуы. Бұл жарақат иықтан соққы алғанда, иыққа құлағанда, немесе қолдың білезік бөлігін немесе барлық бөлігін созып алғанда пайда болады.
  • Қалыпты орнынан тайып кету немесе сүйекті басу кезінде иық жоғары қарай орын ауыстырады.

Егер шерту, нәлім кезінде ауырсыну болмайтын болса,  онда буында қалыптыдан шығып кетті, бірақ бүтіндігі сақталған деген сөз. Шықырлау буынның шығуында және артритте, бурситте, айналамалы бұлшықеттің жыртылуына да пайда  болады. Егер  шерту, нәлім, шықырлау симптомдары жоқ болса,  онда үй жағдайында емделуге болады.
Дер кезінде емделу – асқынудың алдын алады және тез жазылуға септігін тигізеді.
 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

Жамбасқа, санға, тізеге,құлау кезінде немесе тікелей соққы кезінде, дұрыс емес аяғын бүккенде адам кенет жедел жарақат алуы мүмкін. Жедел жарақат кезінде адам шертпе сияқты ауру сезімін сезеді және гематома (көгеру)түзіледі; санның және жамбастың сығында, ашық жарақатта, ұршық буынының шығуында, ұршық буынының созылуында, шат аймағындағы бұлшықеттерді созып алғанда.

Бұл жағдайда отырғанда және тұрғанда ұршық буынын шерту кезінде ауырсынбайды, оны мықын-асықты жілік байлам синдромы деп атайды. Шертпе сезімі байлам санның үстіне, жамбасқа, ұршыққа ығысқан да білінеді. Ұршық буынында кейде ауырсыну болмайды да немесе жеңіл ауырсыну сезімі болуы мүмкін. Сонымен қатар тізеде ауырсыну, санның қимыл-қозғалысының шектелуі, аяқтың әлсіреуі пайда болады.мықын-асықты жілік синдромы көбінесе 15-40 жас аралығында адамдарда, балетпен және жеңіл атлетикамен айналысатындарда, яғни жамбаспен көп жұмыс жасайтындарда кездеседі.

Жамбастың шертпе симптомдарының пайда боуының басқа да себептері:

  • Сан сүйектің үлкен ұршығын жамбаспен байланыстыратын мықын-бел сіңірінің созылуы немесе қабынуында.
  • Санның сыртқы бетінде орналасқан фиброзды байламның қалыңдауы немесе созылуынан.
  • Синовиалді қапшықтың қабынуы – бурсит.
  • Сан сүйек басының бұдырлығы.
  • Остеоартриттен буындық кеңістікті қорғайтын тіндердің жыртылуы.
  • Ұршық буынына операциядан кейін тыртықты тіндердің түзілуі.

Емі – жарақаттың орнына, адамның жасына, белсенділігіне, жарақаттың дәрежесіне байланысты. Емі бандаж, гипс орнату, таяншық немесе тракция, физиотерапия, дәрілер, операция болып табылады.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Жарақаттардың түрлері

 

Жалпы ақпарат

Тобықтар мен үлкен және кіші жіліншіктің төменгі буындық беттері тобық буынын құрайды. Сүйектерді бір-бірімен байланыстыратын байламдар буынды тұрақтандырып, ұстап тұрады. Бұлшық ет пен сіңірлер оның қимылында қатысады.  

 

Жарақаттардың түрлері

Тобықтың аса кең тараған жарақаттары – созып алу және сынықтар. Созып алу – бұл байламдардың зақымдануы. Мұндай жарақаттан кейін толығымен қалпына келу үшін бірнеше аптадан бірнеше айға дейін уақыт қажет болады. Сынық – сүйектің тұтастығының бұзылуы. Сондай-ақ, тобықтың басқа да бөліктері жарақаттануы мүмкін, мысалы, сіңірлер, олар бұлшық еттерді сүйекке жалғайды, және шеміршектер, олар буынға амортизация жасайды. Тобықбуынның  байламдарының созылуы және сынықтар – жиі кездесетін спорттық жарақаттар.