Остеонекроз басқаша аваскулярлы некроз деп аталаы. Сүйек тініне қан жеткізілуі азайғанда немесе тоқтап қалғанда сүйек тіні өлімі болады.
Қандай себептен болады? Аваскулярлы некроз остеомиелиттен (сүйек тінінің қабынуы), жарақаттан (сынық, сүйектің тайып кетүі), радияциялық аурулардан дамуы мүмкін. Аваскулярлы некрозға орақ тәрізді анемия ауруы әкелүі мүмкін және подагра, жүйелі қызыл жегі. Жиі алкогольді қабылдағанда және дәрілік заттарды қабылдағанда аваскулярлы некроз дамуына әкелүі мүмкін.
Аваскулярлы некроздың симптомдарына зақымдалған аймақта әлсіз, айқын ауырсыну сезімі санда немесе шап аймағында, қимылының бұзылысы және ақсаңдау болады. Ауыруы өткір болуы мүмкін, бір орында тұрғанда немесе серуендеп жүргенде. Әдетте демалғанда ауырсынуы басылады. Аваскулярлық некроздан зардап шегетін балаларда бұлшықеттердегі спазм, ақсаңдауы болуы мүмкін немесе ауыр салмақты мүлдем көтермеуі керк.
Не істеу керек екенін білу үшін жергілікті дәрігерге немесе хирургқа хабарласыңыз.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Шина салу - бұл кез келген ауыр жарақат үшін тиісті уақытша ем. Шина салу дәрігер келуіне және қарауына дейін қосымша асқынуларды болдырмау үшін жарақат алған жерді қозғалдырмайды. Зақымдалған жерді қозғалдырмаудың екі жолы бар: жараланған жерді қатты затқа тығыз байлау немесе дененің басқа бөлігіне.
Бірінші әдіс - газет немесе журналдардың орамдарын немесе таяқтарды немесе кез-келген басқа берік объектіні және белбеу, арқан немесе басқа лайықты объектімен оған жарақат алған жерге қолдану. Жарақат алған жерге шиналарды қолдану кезінде келесі сақтық шараларын қолдану қажет:
Шинаны қатты қысып тастамау.
Қатты қысып тастағанның белгілеріне:
Жансыздануы,
Қатты ауырсынуы,
Шинаның астындағы бозғылт, суық тері.
Шинадан төмен ісінудің көтерілуі.
Сынғанға күдік бар болса, саусақтарыңызды жаппаңыз. Әйтпесе орнынан тайып кетүі мүмкін.
Шинаны саусақтың иілуіне жол бермейтіндей етіп жағыңыз. Жалпы ереже, шинаның жарақаттанған түйіннің үстінде және оның төменгі бөлігіндегі шинаға, мысалы, білектің сынуы кезінде, шинаның шынтақтан үстіңгі жағынан жоғары орналасуы керек.
Екінші тәсілі - қолды кеудеге бекітіп, қозғалдырмау керек.
Шиналарды қолданудың бұл әдістері тек дәрігер келгенге дейін алғашқы медициналық көмектің уақытша шарасы болып табылады.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Шаршау сынығы– бұл сүйектің өте жіңішіке, жұқа сынығы. Кейбір жағдайда сынықты рентгенде де байқамай да қалады.
Сынықтың себебі, жарақат емес, - сүйекке көп реттік жүктеменің түсуі болып табылады. Сынық кез-келген сүйекте пайда бола алады. Мысалы, жеңіл атлетикомен айналысатын спортшыларда аяқтың майда сүйектерінде жиі пайда болады. Сонымен қатар белгілі бір жаттығумен бірінші рет айналысып тұрғанда пайда болуы да мүмкін.
Сынықтың симптомдарына – сынық пайда болған жердегі тұрақты ауырсыну болып табылады. Ауырсыну жаттығу кезінде бәсеңдеуі мүмкін, бірақ жаттығудан кейін күшейеді.
Егер сынықтың пайда болу себебін табып, оны шектететін болсақ, сынық бітіп, орнына келіп, симптомдар жоғалады.После того как кость станет привычной к повторяющимся движениям, деятельность можно будет постепенно восстановить.