Бастарту синдромы - әдетке айналған алкоголді немесе есірткіні пайдалануды тоқтатудан кейін пайда болатын ыңғайсыз физикалық немесе психикалық өзгеріс. Симптомдары бірнеше күнге созылуы мүмкін және жүрек айну, құсу, шаршағыштық, мазасыздану, бір орнында отыра алмау, қобалжушылық пайда болады.
Бастарту синдромының симптомдары алкогольді немесе есірткіді шамадан тыс қолданғанда пайда болады.
Алкоголден бас тарту синдромының симптомдары алкоголді ішкенен кейін 4-12 сағаттан соң пайда болады немесе соңғы ішкен күнінен бірнеше күннен кейін пайда болады. Алкоголге тәуелділік неғұрлым жоғары, солғұрлым бас тарту синдромның симптомдары анығырақ болады. Елесті ауруы кезінде көздік және құлақтық галлюцинация, ашушаңдылық және шатасу, дірілдеу және талма сияқты белгілер байқалады. Кейбір жағдайларда елесті ауруын емдемесе, өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Есірткіден бастарту синдромының симптомдары есірткіге тәуелділіктің түрлеріне байланысты болады. Жалпы симптомдары жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуы, талма болып табылады.
Алкоголден және есітркіден бас тарту синдромы кезінде емі болып дәр-дәрмек немесе орын басушы терепаия табылады. Алкоголизмде және есірткі қабылдау кезінде көбінесе емі ретінде реабилитация қолданылады.
Аударған: Бердібек Ағабек
Ұстамалар - адамның бұлшық еттерін, қозғалуын, сөйлеуін, көруін немесе сана-сезімін бақылауға әсер ететін мидағы қалыпты электрлік белсенділіктің кенеттен пайда болуы болып табылады. Ұстаманыңнәтижесі адамныңжекереакциясына, сондай-ақ түріне, жиілігіне және ауырлығына байланысты.
Кейбір ұстамалар адамға жерге құлауға, конвульсиямен күресуге мәжбүр етеді, онда бұлшық еттер қатайып немесе тырысып секіре бастайды. Кейбіреулер транс жағдайына түседі,бұл кезде бұлшықеттердің бірнеше рет жиырылуы немесе басқа біреулер байқамайтын жағымсыз иіс немесе көруіндегі кедергі болуымен көрініс береді.
Кейде ұстама - басқа да медициналық мәселенің симптомы болып табылады, мысалы, қатты қызба (әсіресе балаларда), талма, инфекция, қандағы қанттың төмен деңгейі (гипогликемия), өте төмен қан қысымы немесе ми ісігі.
Ортостатикалық коллапс немесе ортостатикалық гипотензия – дене орналасуының көлденеңнен тік күйге күрт өзгеруінде алғашқы үш минутта болатын артериалдық қысымның (АҚ) төмендеуі.
Бұл жағдай артериалдық қысымның төмендеуі салдарынан миға қан келуінің жеткіліксіздігінен пайда болады. Көбінесе, ортостатикалық гипотензия тамыр ширақтығы әлсіреген адамдарда пайда болады.
Ортостатикалық коллапс қанның миға жеткіліксіз түсуінен, жүректің дене орналасуының өзгерісіне серпінінің жеткіліксіздігінен және артериалдық қысымның түсуінен туындайды. Сондай-ақ, ортостатикалық гипотензия организмде судың күшті жоғалтылуынан – дегидратациядан, қан кетуінде немесе несеп айдайтын заттектердің (диуретик) әсерінен пайда болуы мүмкін.
Ортостатикалық коллапс ұзақ уақыт төсек тартудан, кейде анемияға шалдыққан науқастарда пайда болуы мүмкін.
Ортостатикалық гипотензия анықталады, егер науқас 2-5 минут тыныш тұрған кезде келесі белгілер болса:
· Систоликалық қысымның төмендеуі байқалады (бұл жүректің бірінші естілетін соғуы – тонометрмен өлшегенде ауа айдалған манжеттен ауаны біртіндеп жібергенде) 20 мм-ге және одан артық;
· Диастоликалық қысымның төмендеуі байқалады (бұл жүректің дыбысының естілуінің тоқтауы – тонометрмен өлшегенде ауа айдалған манжеттен ауаны біртіндеп жібергенде) 10 мм-ге және одан артық;
· ортостатикалық коллапс, бас айналуы немесе дене орналасуының өзгеруіндегі АҚ төмендеуінің басқа симптомдары.
· аурудың дамуына апаруы мүмкін дәрілік препараттарды қабылдауды тоқтату.
· Төсектен баяу және біртіндеп тұру қажет, әсіресе, егде жастағы науқастарға және жүкті әйелдерге.
· Жеңіл дене жаттығулары. Ұзақ уақыт төсек тартқан науқастарға кейде отыру ұсынылады.
· Тұзды тамақты тұтынуды арттыру. Тағамдық тұзда натрий бар (организмде суды іркілтетін химиялық элемент, оның салдарынан қысым артады). Тұзды тұтыну егде жастағы науқастарға және жүрек-қантамыр жүйесінің ауруы бар адамдарға ұсынылмайды.
· Эластикалық шұлық кию қажет, егер гипотензия аяқ көктамырының варикоздық кеңеюімен байланысты болса.
Егер ауру созылмалы болса, дәрілерді тағайындау ұсынылады:
· Адренергиялық препараттар шеткері әрекетті (дене орналасуының көлденеңнен тік күйге күрт өзгеруінде АҚ күрт түсуін болдырмау үшін тамырларды тарылтатын препараттар).
· Минералокортикоидтар (су-тұз үйлесіміне, осыдан организмдегі АҚ деңгейіне әсер ететін бүйрек үсті безі қыртысының гормондары). Бұл топ препараттары қанда натрий иондарын іркілтеді, дене орналасуының көлденеңнен тік күйге күрт өзгеруінде АҚ күрт түсуін болдырмау үшін тамырлардың тарылуын арттырады.
· Стероидты емес қабынуға қарсы құралдар. Шеткері тамырларға тарылту әсерін тигізеді.
· Бета – адреноблокаторлар. Минералокортикоидтардың және натрийдің (химиялық элемент, организмде суды іркілтеді, осыдан қысым артады) әсерін күшейтеді, сондай-ақ, вегетативті жүйке жүйесінің, тамырлардың ширақтығына әсер етеді.
Коллапсты туындатқан себепті жою көбінесе, толық сауығуға апарады. Ауыр ауруларда және жіті улануда болжамы көбінесе, негізгі аурудың ауырлығына, тамыр жеткіліксіздігінің дәрежесіне және науқастың жасына байланысты. Қайталанған коллапстарды науқастар ауырырақ көтереді.
· Инсульт (жіті дамитын ми қан айналымының бұзылысы, ми тінінің зақымдануымен және оның қызметінің бұзылысымен қосарланады) – АҚ өзгеруі салдарынан пайда болады.
· Құлаудағы жарақаттар – бас айналуы және талма салдарынан.
· Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, оның ішінде, мидың.
Қайталанатын коллапстар мидың айқын гипоксиясына (миға оттегінің түсуінің жетіспеуі), қосарланған неврологиялық аурулардың ушығуына, ақыл-ой бұзылысына (таным қызметінің, зейіннің, есте сақтаудың нашарлауымен көрініс беретін зерделік ауыр бұзылыстар) апарады.
Ортостатикалық коллапстың алдын алу үшін келесілер қажет:
· Тағамды біртіндеп, аздан тұтыну, көмірсуларды шектеумен, әсіресе, ортостатикалық коллапс тамақтан кейін орын алатын науқастарға ұсынылады.
· дене орналасуын көлденеңнен тік күйге біртіндеп өзгерту, әсіресе, егер ортостатикалық гипотензия күрт тұрудан кейін пайда болатын жағдайда.
· Ұдайы орташа дене жаттығулары – таза ауада, егер ортостатикалық гипотензия вегетативті жүйке жүйесінің әлсіздігі салдарынан дамыған болса. Бұл әсіресе, ортостатикалық гипотензия ұстамасы уақытша болатын және жасы өсіп, жүйке жүйесі нығайғанда өтетін балаларға қатысты.