.

Тері | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Тері

Меланома – терінің қатерлі ісігі (көздің торы, ми, шырышты қабықшалар), ол меланоциттерден дамиды. Ең жиі кездесетін жағдайлар (70% жағдайда): меланома қайта туындайды, зиянсыз дақ сияқты болып көрінеді.

 

Бұл ісіктің түрі әйелдер және еркектерде кездеседі бірақ әйелдерде 1,5-2 есе жиірек кездеседі. Орташа есеппен 45 жастағылар ауырады, уақыт өте келе меланома жастарда да кездесіп жүр (15-25 жас).

Меланома - қатерлі ісіктердің ішінде ең қауіптісі. Ол тез арада теріні зақымдап, терінің бірнеше қабатына дейін өседі, ол лимфа және қан тамырлары арқылы басқа органдарға таралады (өкпе, бас миына, бауырға), сол жерде ошағы дамиды.Егерде сол органдарда ошақталса оның салдары өлім болып табылады. Меланоманы ерте кезден анықтаған маңызды. Үнемі бар дақтарды бақылап отырыңыз. Егер олардың кез-келгені кенет түрде тез өссе, пішінін өзгертсе, түсі мен тығыздығы өзгерсе, қабынуы немесе ауыра бастаса, шұғыл онкологқа көрінү  керек. Мүмкін бұл нағыз меланоманың өзі болуы мүмкін.

 

Меланоманың емі

I  кезең . Емінде хирургиялық жолмен сау тінге дейін меланоманы алып тастайды. Оны алу үшін қаншалықты енгеніне байланысты. Меланомаға жақын орналасқан рутинді лимфа түйіндерін алу, I кезеңі меланомасы бар науқастардың өмір сүруін жақсартпайды.

IIкезең. Егер лимфа түйіндерінің (ісіктердің жанында орналасқан) зақымдалуына күдік болса, олардың біреуінің биопсиясы орындалады, егер ол зақымдалса, осы аймақтың барлық қалған лимфа түйіндерін жою қажет.

Меланоманың осы кезеңінде қосымша емдеу тағайындалуы мүмкін, мысалы, альфа интерфероны немесе қайталану ықтималдығын азайтатын басқа да препараттармен.

III кезең. Меланоманың осы сатысында, бастапқы ісіктің бөлінуінен басқа барлық жақын орналасқан лимфа түйіндері жойылады. Бірқатар жағдайларда инферферонмен иммунотерапияны тағайындау меланоманың рецидивінің пайда болуын кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.

Егер науқаста бірнеше меланома болса, онда оларды жою керек. Егерде бұл мүмкін болмаса, онда БЦЖ вакцинасын немесе интерферонды тікелей ісікке салынады. Осы санаттағы пациенттерді оңтайлы емдеу бүгінгі күніге дейін табылмады. Зақымдалған аймаққа сәулелі терапиясын, сондай-ақ химиотерапияны немесе иммунотерапияны қолдануға болады, бұл әдістерді біріктіруге болады.

IV кезең. Меланоманың бұл кезеңімен ауыратын науқастарды толық емдеу мүмкін емес. Операциямен жағымсыз симптомдарды тудыратын ірі ісік түйіндерін алып тастауға болады.

Кейде метастаздарды ішкі органдардан алып тастайды, бірақ бұл олардың орналасуына және белгілеріне байланысты. Паллиативтік мақсатымен бірнеше науқастарда сәуле мен химиотерапияны қолданды.

Химиотерапия IV кезеңдегі меланомасы бар науқастарда өте шектеулі мүмкіндіктерге ие. Химиотерапия ісіктің азаюына әкелуі мүмкін, бірақ бұл әсер қысқа мерзімді және әдетте 3-6 айға созылады.

Интерферон немесе интерлейкин-2 қолдану арқылы иммунотерапия осындай кезеңмен ауыратын науқастардың өмірін ұзартады. Кейбір дәрігерлер иммунотерапиямен бірге химиотерапияны қолдануды ұсынады.
IV кезең меланомасы бар пациенттердің көпшілігінің жағымсыз болжамына қарамастан, олардың кейбіреулері емделуден кеін бірнеше жыл бойы өмір сүреді. 

 

Аударған: Айтмұқаев Ернұр

Инородное тело

Бөгде зат – сіздің ағзаңызға шаң мен паразиттерді қоса алғанда түскен зат. Егер сіз кез-келген тікенектермен кездессеңіз немесе сіздің көзіңізге құм түсіп кетсе, бұл бөгде зат болып табылады.

Бөгде зат тыныс алу кезінде немесе дененің кез келген жерінен жарақат алған кезде ағзаға түсуі мүмкін. Аузына, құлағына және мұрынына әрбір заттарды жиі салатын балаларда бөгде заттар жиі кездеседі.

Ұсақ бөгде заттардың көпшілігі, мысалы, тікенектер, денсаулыққа зиян келтірмейді. Жұтылған бөгде денелер тұншығуға немесе ішек өтімсіздігіне әкелуі мүмкін, бұл кезде дәрігерлік көмек қажет.

Егер бөгде затты алып тастау мүмкін болмаса, бөгдезатты алу мақаласын оқуды ұсынамыз.

 

 

Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

 

 

Сүт безі – қабырғаларды қоршап жататын, кеуде бұлшықеттерінде орналасатын мүше.Әрбір сүт безі 15-20 бөліктерден тұрады. Әр бөлік көптеген бөлікшелерден тұрады. Бөлікшелер – өздерінен сүт бөле алатын, өте майда айнала орналасқан бездерден тұрады. Бөлікшелерде пайда болған сүт жіңішке түтікшелер арқылы ағып шығып, емізікшеге барады. Емізікше – кеуденің қара түсті терісі – ареоланың дәл ортасында орналасқан. Май тіні – бөліктермен түтікшелердің арасындағы бос кеңістіктерді жауап жатады.

олочные железы, строение

Сүт безінде сонымен қатар лимфа тамырлары орналасады. Бұл тамырлар майда домалақ келген – лимфа түйіндеріне барады. Лимфа түйіндері топталып сүт безінің маңында орналасады, яғни, бұлшықет асты шұнқырда, бұғана үстінде, кеуде торында (сүт безінің артқы жағында), және тағы да басқа жерлерде. Лимфа түйіндері – бактерияны, рак жасушаларын, басқа да қажетсіз (улы) заттарды өзінде үстап қалады.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Тері– ең көлемді мүше болып саналады. Тері – жоғарғы температурадан, күн сәулесінен, жарақаттардан, инфекциядан қорғайды. Тері – дене температурасын бірқалыпты ұстауға көмектеседі, сұйықтық пен майды организмде ұстайды және Д витаминні өндіруге қатысады.

троение кожи

Тері 2 қабаттан тұрады: эпидермис және дерма. Эпидермис – негізгі бөлігін сквамозды, жалпақ жасушалар құрайды. Сквамозы жасушалардың астында базалды жасушалар орналасады. Ал эпидермистің төменгі қабаттын меланоциттер құрайды.

Дерма – капиллярлы қантамырлардан, лимфа тамырларынан, тері астылық бездерден құралады. Бұл бездердің кейбірлеулері тер бөлу арқылы дене температураны бірқалыпта ұстап тұрады. Кейбір бездер өзінен тері майларын бөлу арқылы, теріні ылғалдандырып, құрғаудан қорғайды. Тер мен тері майлары теріде болатын – терілік саңылаулары арқылы терінің беткей қабатына енеді.

 

Аударған: Бердібек Ағабек