Адамдардың 25 % өздерінде белгілі бір тағам өнімдеріне аллергия бар деп ойласа, зерттеулер балалардың 6% және ересектердің 2% ғана тағамдық аллергияға шалдыққандығын растайды.
Нақты тағамдық аллергия – организмнің иммундық жүйесінің (инфекциямен күресуге қажет) организмге аллергеннің түсуіне жауапты серпіні. Көпшілік жағдайда адамдарда тағамды көтере алмау пайда болады, бұл дегеніміз тағам қабылдаудан туындайтын жағымсыз симптомдардың пайда болуы (бұл кезде иммундық жүйе қамтылмайды).
Мысалы, сүтке аллергия ересектерге қарағанда балаларда жиі кездеседі. Дегенмен, балалардың көпшілігінде сүтке аллергия 2-3 жасқа қарай жойылады. Сүтке аллергияның симптомдарына сүт өнімдерін тұтынғаннан кейін терінің күлдіректенуі, құсу және тыныс алудағы мәселелер жатады. Көптеген ересектерде сүт өнімдеріне аллергияға ұқсайтын симптомдар пайда болуы мүмкін, себебі, ересектерде сүтте болатын қантты (лактоза) қорытуда мәселелер жиі кездеседі. Бұл «лактозаны көтере алмау» деп аталады, бұл аллергия емес, себебі, қандай да бір өнімді көтере алмау иммундық жүйені қамтымайды. Лактозаны көтере алмаудың симптомдарына жататындар – іштің кебуі, түйілуі, жүрек айнуы, шамадан тыс желдену, іштің өтуі.
Науқас өзін нашар сезінуі мүмкін, терісі солғын тартып, артериалдық қысымы түскеннен, естен тануы да ықтимал. Тағамдық аллергияға байланысты жиі кездесетін созылмалы аурулар - экзема және астма (демікпе).
Тағамдық аллергия күштілігіне сай анафилаксия аталатын серпінді туындатқан жағдайда өлім-жітімге де апаруы мүмкін. Бұл серпін кезінде тыныс алу жолдары тежеледі, науқасқа тыныс алу қиынға түседі. Адреналин аталатын инъекцияны уақытылы енгізу өмірді құтқаруы мүмкін.
Егер балада немесе ересекте күшті аллергия болса, дәрігер адамның өздігінше инъекция жасауы үшін арнайы шприц-қаламның көмегімен адреналин салуды тағайындайды. Дәрігер оны қолдануды үйретеді. Егер науқасқа бұл дәрі қажет деп санаса, оны науқас ұдайы өзімен бірге алып жүруі тиіс.
Аллергиялық серпіні бар адамдар «жедел жәрдем» көлігімен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілуі тиіс, себебі, организмге өздігінше енгізілген адреналиннің мөлшері қауіпті болуы мүмкін. Дәрігер қан айналымын, тыныс алуды, заттек алмасуын баяулату үшін адреналин беруі мүмкін.
Қандай өнімдер жиі аллергиялық серпінді туындатады?
Аллергия кез келген тағамға пайда болуы мүмкіндігіне қарамастан, көбінесе, аллергендер – жаңғақтар, арахис, сүт, жұмыртқа, соя, бидай, балық және моллюскілер. Осы сегіз өнім тағамдық аллергия пайда болуының 90% жағдайына жауапты. Көпшілік жағдайда аллергия 4 өнімге пайда болады.
Менде тағамдық бояғыштарға немесе жасанды хош иістендіргіштерге аллергия болуы мүмкін бе?
Зерттеулерге сай, кейбір тағамдық қоспалар және жасанды тәттілендіргіштер кейбір адамдардағы аллергияның себебі болуы мүмкін.
Менде қантқа аллергия болуы мүмкін бе?
Жоқ. Тағамдық аллергия иммундық жүйес тағам өнімдеріндегі белгілі бір ақуызды «бөгде» санап, оған қарсы күрескенде пайда болады. Бұл майлар мен қанттарға қатысты емес.
Науқаста тағамдық аллергия бар екендігі анықталса, оны туындатқан өнімдерді тұтынудан алшақ болу қажет. Егер сізде аллергия болса, және сіз себебін білсеңіз, жейтін өнімдеріңіздің жапсырмаларын оқуыңыз шарт. Дәрігер аллергияны туындататын өнімдерді тұтынудан алшақ болуға үйретеді. Егер балада аллергия болса, мектепке бұл туралы хабарлаңыз, алшақ болатын өнімдердің тізімін беріңіз, сондай-ақ, осындай өнімді кездейсоқ жеп қойған жағдайда алғашқы жәрдем көрсету шаралары туралы айтыңыз.
Жас өскенде тағамдық аллергия өтеді ме?
Көптеген адамдарда жас өскенде сүтке, жұмыртқаға, соя өнімдеріне және бидайға аллергия өтеді, бірақ, барлығында емес. Көбінесе, арахиске, жаңғаққа, балыққа, моллюскілерге аллергия жаспен бірге өтпейді.