.

терінің қышуы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

терінің қышуы

Атопиялық дерматит дегеніміз - теріге бөртпелер шығып және оның қышуымен сипатталатын терінің жұқпалы емес ауруы.

Атопиялық дерматит тұқым қуалайтын ауру.Егер ата-анасының немесе жақын туыстарының біреуінде атопиялық дерматит,демікпе немесе аллергиялық ринит болса онда балада осы аурудың пайда болуы 50% құрайды.Сонымен қатар атопиялық дерматитпен ауыратын туысқандарының 30% аллергияның көріністері көрінбеуі мүмкін.

Атопиялық дерматит көп себептерден болатын ауру.Аурудың пайда болуына және ауырлық дәрежесіне адамның ішкі және сыртқы жағдайлары әсер етеді.

АД дамуына алып келетін негізгі қауіп қатер тобына мыналар жатады.

  • · Жақын туысқандар арасында аурудың болуы
  • · Жүктілік кезінде анасының дурыс тамақтанбауы және баласын емшек сүтімен ретті емізбеу.
  • · Жүктілік немесе емшек сүтімен емізу кезендерінде анасының зиянды әдеттерге жақын болуы (темекі тарту,алкоголь ішу).
  • · Баласын ерте жасанды тамақтандыру және емшек сүтіне жәй алу.
  • · Күн тәртібін сақтамау және тері күтімінің нашар болуы.
  • · Вакциналарды алу реттілігін бұзу.
  • · Қолайсыз ауа-райының әсері.
  • · Өмір сүруге қолайсыз жағдайлар,экологияның және тұрмыс жағдайының нашар болуы.
  • · Жүктілік немесе емшек сүтімен емізу кезендерінде анасының антибактериальды дәрілерді қабылдауы.
  • · Туа біткен асқазан-ішек жолдарының ауруларының болуы-энзимопатия, дисбактериоз.

 

Атопиялық дерматит алғаш рет баланың-нәресте, жасөспірім және ересек кездерінде ауыр ағымда көрініс береді.

Диатез (атопиялық немесе экссудативті диатез) деп-емшек сүтіндегі балалардағы атопиялық дерматитті атайды.50% жағдайда ерте нәрестелік кезеңде көрініс береді.

Ересектерде ұзақ уақыт бойы атопиялық дерматитті-нейродермит деп атады,ал бұл атау аурудың дамуына жүйке жүйесінің бар екендігін көрсетеді.

Атопиялық экзема-аурудың екінші аты.Экзема туралы айтатын болсақ қазіргі кезде тері қабынуларының түрлі белгілері (ісіну, қызару,дымқылдану) осы ауруға жатады.

Атопиялық дерматит жыл маусымдарына тәуелді:қыста-аурудың күшеюі және қайталануы болса, жазда-толық немесе жартылай ауру басылады. Аурудың дамуына азық-түліктерден (цитрусты жемістер,тәттілер,ащы тағамдар,алкогольді ішімдіктер),дәрілерден (антибиотиктер, витаминдер, сульфаниламидтер, пиразолон туындылары) және басқа да факторлар әсер етеді.

Атопиялық дерматит кезінде аллергендер мыналар:

  • · Үй жануарларының жүні
  • · Аквариум балықтарына арналған құрғақ тағам
  • · Матрас және жастықтардағы қауырсындар
  • · Өсімдіктер тозаңы
  • · Косметика және хош иісті заттар
  • · Азық түліктер (бал,цитрусты жемістер,жаңғақтар,шоколадтар,құрамында бояғыштар мен консерванттары бар өнімдер)

Атопиялық дерматит кезінде толық комплексті ем қабылдайды,оған тағам режимін сақтау және аурудың дамуына алып келетін алллерген мен қарым катынаста болмау негіз болып табылады.

 

Аударған: Мелис Айбек

Мазмұны

Тағамдық аллергия қаншалықты жиі кездеседі?

Тағамдық аллергия мен тағамды көтере алмаудың арасындағы айырмашылық қандай?

Тағамдық аллергияның симптомдары қандай?

Себептері және қауіп факторлары

Тағамдық аллергияны қалай емдейді?

Дәрігерге қойылатын сұрақтар

 

Тағамдық аллергия қаншалықты жиі кездеседі?

Адамдардың 25 % өздерінде белгілі бір тағам өнімдеріне аллергия бар деп ойласа, зерттеулер балалардың 6% және ересектердің 2% ғана тағамдық аллергияға шалдыққандығын растайды.

 

Тағамдық аллергия мен тағамды көтере алмаудың арасындағы айырмашылық қандай?

Нақты тағамдық аллергия – организмнің иммундық жүйесінің (инфекциямен күресуге қажет) организмге аллергеннің түсуіне жауапты серпіні. Көпшілік жағдайда адамдарда тағамды көтере алмау пайда болады, бұл дегеніміз тағам қабылдаудан туындайтын жағымсыз симптомдардың пайда болуы (бұл кезде иммундық жүйе қамтылмайды).

Мысалы, сүтке аллергия ересектерге қарағанда балаларда жиі кездеседі. Дегенмен, балалардың көпшілігінде сүтке аллергия 2-3 жасқа қарай жойылады. Сүтке аллергияның симптомдарына сүт өнімдерін тұтынғаннан кейін терінің күлдіректенуі, құсу және тыныс алудағы мәселелер жатады. Көптеген ересектерде сүт өнімдеріне аллергияға ұқсайтын симптомдар пайда болуы мүмкін, себебі, ересектерде сүтте болатын қантты (лактоза) қорытуда мәселелер жиі кездеседі. Бұл «лактозаны көтере алмау» деп аталады, бұл аллергия емес, себебі, қандай да бір өнімді көтере алмау иммундық жүйені қамтымайды. Лактозаны көтере алмаудың симптомдарына жататындар – іштің кебуі, түйілуі, жүрек айнуы, шамадан тыс желдену, іштің өтуі.

 

Тағамдық аллергияның симптомдары қандай?

Тағамдық аллергияның жиі кездесетін симптомдары:

  • Терінің күлдіректенуі (терідегі ісіну секілді)
  • Ісіну
  • Терінің қышуы
  • Ауыздағы қышу немесе шаншу
  • Ауыздағы металл дәмі
  • Жөтел, қиындаған ысқыратындай тыныс алу
  • Көмейдегі қысу сезімі
  • Диарея
  • Құсу

 

Науқас өзін нашар сезінуі мүмкін, терісі солғын тартып, артериалдық қысымы түскеннен, естен тануы да ықтимал. Тағамдық аллергияға байланысты жиі кездесетін созылмалы аурулар - экзема және астма (демікпе).

Тағамдық  аллергия күштілігіне сай анафилаксия аталатын серпінді туындатқан жағдайда өлім-жітімге де апаруы мүмкін. Бұл серпін кезінде тыныс алу жолдары тежеледі, науқасқа тыныс алу қиынға түседі. Адреналин аталатын инъекцияны уақытылы енгізу өмірді құтқаруы мүмкін.

Егер балада немесе ересекте күшті аллергия болса, дәрігер адамның өздігінше инъекция жасауы үшін арнайы шприц-қаламның көмегімен адреналин салуды тағайындайды. Дәрігер оны қолдануды үйретеді. Егер науқасқа бұл дәрі қажет деп санаса, оны науқас ұдайы өзімен бірге алып жүруі тиіс.

Аллергиялық серпіні бар адамдар «жедел жәрдем» көлігімен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілуі тиіс, себебі, организмге өздігінше енгізілген адреналиннің мөлшері қауіпті болуы мүмкін. Дәрігер қан айналымын, тыныс алуды, заттек алмасуын баяулату үшін адреналин беруі мүмкін.

 

Себептері және қауіп факторлары

Қандай өнімдер жиі аллергиялық серпінді туындатады?

Аллергия кез келген тағамға пайда болуы мүмкіндігіне қарамастан, көбінесе, аллергендер – жаңғақтар, арахис, сүт, жұмыртқа, соя, бидай, балық және моллюскілер. Осы сегіз өнім тағамдық аллергия пайда болуының 90% жағдайына жауапты. Көпшілік жағдайда аллергия 4 өнімге пайда болады.

Менде тағамдық бояғыштарға немесе жасанды хош иістендіргіштерге аллергия болуы мүмкін бе?

Зерттеулерге сай, кейбір тағамдық қоспалар және жасанды тәттілендіргіштер кейбір адамдардағы аллергияның себебі болуы мүмкін.

Менде қантқа аллергия болуы мүмкін бе?

Жоқ. Тағамдық  аллергия  иммундық жүйес тағам өнімдеріндегі белгілі бір ақуызды «бөгде» санап, оған қарсы күрескенде пайда болады. Бұл майлар мен қанттарға қатысты емес.

 

Тағамдық аллергияны қалай емдейді?

Науқаста тағамдық аллергия бар екендігі анықталса, оны туындатқан өнімдерді тұтынудан алшақ болу қажет. Егер сізде аллергия болса, және сіз себебін білсеңіз, жейтін өнімдеріңіздің жапсырмаларын оқуыңыз шарт. Дәрігер аллергияны туындататын өнімдерді тұтынудан алшақ болуға үйретеді. Егер балада аллергия болса, мектепке бұл туралы хабарлаңыз, алшақ болатын өнімдердің тізімін беріңіз, сондай-ақ, осындай өнімді кездейсоқ жеп қойған жағдайда алғашқы жәрдем көрсету шаралары туралы айтыңыз.

Жас өскенде тағамдық аллергия өтеді ме?

Көптеген адамдарда жас өскенде сүтке, жұмыртқаға, соя өнімдеріне және бидайға аллергия өтеді, бірақ, барлығында емес. Көбінесе, арахиске, жаңғаққа, балыққа, моллюскілерге аллергия жаспен бірге өтпейді.

 

Дәрігерге қойылатын сұрақтар

  • Мен өзімде тағамды көтере алмау емес, тағамдық аллергия екендігін қалай білемін?
  • Менде тағамдық аллергия бар. Басқа заттектерге аллергия пайда болуына бейім болуым мүмкін бе?
  • Тағам мен үшін қаупсіздігіне қалай көз жеткіземін?
  • Егер өнімді немесе тағам өнімдерінің тобын рационнан алып тастасам, менде қоректік заттектердің тапшылығы пайда болуы мүмкін бе?
  • Аурухананың барлық дәрігерлері мен қызметкерлері менің аллергиям туралы білетіндігіне қалай көз жеткіземін?
  • Мендегі аллергиялық серпіннің асқынуын қалай білемін?
  • Менде тағамдық  аллергия бар. Анафилаксия қаупі бар ма?
  • Адреналин алуым қажет пе? Оны қалай қолданамын?