Тыныс жеткіліксіздігі - өкпеден қанға оттегінің жетіспеуінен пайда болатын патологиялық жағдай. Организм толық жұмыс атқару үшін оттегіге бай қан қажет. Және де тыныс жеткіліксіздігі өкпенің көмірқышқыл газын шығара алмаған кезде даму мүмкін. Организмде көмірқышқыл ғазының мөлшерінің көбеюі зиянды әсер көрсетеді.
Себептері
Тыныс алу функциясына әсер ететін әртүрлі патологиялық жағдайлар және аурулар тыныс жеткіліксіздігіне алып келеді. Мысалы:
Тыныс алуға қатысатын бұлшықеттер мен нерв зақымдалатын патологиялық жағдайлар: жұлынның жарақаттары, бұлшықеттік дистрофия және инсульт
Өкпе айналасындағы тіндер мен қабырғалардың жарақаты. Кеуде торының бұзылысы осы патологияны шақыру мүмкін.
Наркотиктар мен ішімдіктің артық мөлшерлері
Түтін мен зиянды газдардан пайда болатын зақымданулар
Емі
Емдік тактика тыныс алу жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесіне және жедел немесе созылмалы түріне байланысты. Және де ем тактикасы осы тыныс алу жеткіліксіздігін шақырған себебіне байланысты. Тыныс алуды жеңілдету үшін оттегілік терапия немесе басқа да емдер ала аласыз.
Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы
Көмей– мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан, кеңірдек жалғасы болып табылатын мүше. Оны сонымен қатар оны – дауыс қопабы деп те атайды. Көмейдің ересектерде қалыптыда көлемі 5*5 см болады. Көмей кеңірдектен және өңештен жоғары орналасады.
Көмей дауыс байламдарын түзіге қатысатын, 2 бұлшықетті талшықтардан тұрады. Көмейдің шеміршектің бөлігі көмейдің алдында орналасып, оны Адамов алмасы деп атайды.
Көмей 3 бөліктен тұрады:
Жоғарғы бөлігі – көмей үстілік бөлігі.
Ортаңғы бөлігі – дауыс байламы орналасқан бөлік.
Төменгі бөлігі – көмей астылық бөлік. Көмей астылық бөлік – кеңіірдекке жалғасады.
Көмей тыныс алуға, жұтынуға, сөйлеуге қатысады. Негізінен көмей кеңірдек үстілік қақпақша сияқты жұмыс жасайды, яғни жабады, ашады, тыныс алуға, жұтынуға, сөйлеуге көмектеседі.
Тыныс алу: сіз тыныс алмаған да, дауыс байламдары толық жабық тұрады.
Жұтыну: көмей кеңірдектің қорғаныш қызметтін атқарады. Сіз тамақты жұтқанда көмей үстілік бөлік жабылып, тамақ өнімдерінің кеңірдекке және өкпеге түсуінің алдын алады. Тамақ өңеш арқылы асқазанға түседі.
Сөйлеу: көмейдің арқасында біз сөйлей аламыз. Біз сөйлегенде, біздің дауыс байламдарымыз бір-біріне жақындайды. Өкпеден шығатын ауа дауыс байламдары арқылы өткенде толқындар пайда болып, дауыстың пайда болуына әкеледі. Тіліміз, еріндеріміз, тістеріміздің арқасында бұл дауыстар сөздерге айналады.
Тыныс алу – күрделі үрдіс. Егер жарақат, ауру немесе басқа фаакторлар осы үрдістің кез келген бөлігіне әсер етсе, тыныс алуда мәселелер пайда болады.
Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үлестері аталатын үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Демді ішке тарту кезінде өкпе оттегіге толады, оттегі жасушалар мен тіндерге негізгі қызметін орындау үшін қажет. Дем шығару кезінде өкпе көмір қышқыл газын сыртқа шығарады, ол организмдегі заттек алмасуының өнімдері.
Мысалы, жоғарғы тыныс алу жолдарын жауып тұратын жұқа қылшықтар біз тыныс алатын бактериялардың барлығын зиянсыз ете алмайды. Бұл микробтар бронхылардың (бронхит) немесе өкпенің (пневмония) инфекциясын туындатады. Инфекциялар сілемейдің және қабыну сұйықтығының жинақталуына ықпал етеді, бұл кезде тыныс алу жолдарының тарылуы және өкпедегі газ алмауы үрдісінің бұзылысы пайда болады.
Егер сізде астма (демікпе) болса, сезімталдығыңыз бар, белгілі бір заттектерді деміңізбен ішке тарту тыныс алу жолдарының саңылауын тарылтуды туындатуы мүмкін. Бұл кезде адамға толыққанды тыныс алу қиынға түседі.
Ұзақ уақыт бойы темекі түтінін немесе ауаның ластауыштарын деміңізбен ішке тарту тыныс алу жолдарын және ауа қалташасын зақымдауы мүмкін. Бұл кезде өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) аталатын ауру пайда болады. Бұл ауру кезінде өкпедегі вентиляция және газ алмасу үрдістері бұзылысқа ұшырайды.
Тыныс алу үрдісінде диафрагма және кеуденің, мойынның және іштің басқа бұлшық еттері қатысады. Бұл бұлшық еттердің қимылы адамға тыныс алуға мүмкіндік береді. Мидан осы бұлшық еттерге баратын нервтер олардың қимылын бақылайды. Егер адамды өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратына уақытылы қоспаған жағдайда жұлынның жоғарғы бөлігіндегі осы нервтердің зақымдануы тыныс алудың тоқтауын туындатуы мүмкін.
Ауа қалташаларын қоршайтын ұсақ қантамырлардағы үздіксіз қан ағымы газ алмасу үрдістері үшін өмірлік қажетті. Төсекке таңылу немесе операциялардың ұзақ кезеңдері өкпе эмболиясының (өкпе артериясының тромбымен бітелуі) пайда болуына апаруы мүмкін. Өкпе эмболиясы ұсақ қантамырларына қан келуін азайтуы немесе тежеуі, газ алмасуына кедергі келтіруі мүмкін.