.

Ұйқысыздық | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Ұйқысыздық

Өмірінде кез келген адам 1 рет болсын ұйқысыздықпен зардап шегіп көреді.Ол қандай да бір емтиханның немесе өте маңызды кездесулер алдында болады.Бұл кезде адам ерте жатып ұйқысын қандыруға тырысады, алайда ол керісінше болып шығып ұйқысыздықтың әсерінен көптеген сағатты құр жатумен өткізеді.Әдетте адам жұмыстан шаршап,қалғып келген уақытта,ұйықтайын деп төсекке жатады, бірақ төсектің ыңғайсыз болуы, түрлі дыбыстардың шығуы ұйқысыздықты шақырады.Осындай шағымдармен күнделікті адамдардың 30-45% зардап шегеді,жартысынан көбісінде созылмалы түрге ауысып кетеді.

Ұйқысыздықтың үш сатысы бар.

  • · Бірінші сатысы (пресомникалық бұзылыстар) - ұйқтап кетудің бұзылысы,яғни ұйқының келмеуі.Осыдан кейін адамда ұйқының келмеуінен қорқу белгілері қалыптасады.
  • · Екінші сатысында (интрасомникалық бұзылыстар) - ұйқыға кеткен адамның түн ішінде түрлі дыбыстардан,қорқынышты түстерден,тыныс алудың қиындауынан және ауырсынуды сезінуінен ұйқысы бұзылады.Содан ұзақ уақытқа адам ұйқысыз жатады.
  • · Үшінші сатысы (постсомникалық бұзылыстар) - таңертеңгі уақытта ұйқыдан тұрғанда адамның өзін жайсыз сезінуі,жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі және әлсіздіктің болуы сияқты белгілер болады.

Кей жағдайда адамдар түні бойы ұйқтай алмағанына шағымданып келеді,алайда дәрігер қарап тексеруден кейін науқас кемінде 5 сағат ұйқтағандығы анықталады. Осындай жағдай ұйқының агнозиясы деп аталады.

Емі.Егер адамда ұйқысыздық болатын болса онда ең алдымен дұрыс ұйқтауды үйреніп,одан кейін жұмыс уақыты мен демалыс уақытын график бойынша қалыптастыру керек.Ұйқтар алдында жылы,сергітетін ваннаға түскен дұрыс немесе аутотреннинг курсына қатысқан жөн.

Егер ұйқысыздықты қатты шаршаумен,стресспен байланыстыратын болса онда ұйқы шақыратын дәрілерді қабылдау керек,алайда ол дәрілерде қабылдамас бұрын мынаны білген дұрыс:біріншіден-дәріні теқ қана арнайы ережемен ғана қолдану керек,екіншіден-кез келген ұйқы шақыратын дәрілерді 10-14 күннен артық қолданбау керек.Себебі осы уақыт аралығанда дәріге тәуелділік қалыптаспайды және жанама әсерлері болмайды.

Осы барлық шараларды жасағаннан кейін әлі де ұйқысыздықпен зардап шегетін болса онда сомнолог дәрігерге жолыққаны дұрыс немесе невропатологқа қаралу керек.Ұйқысыздықты жою үшін физиотерапевтикалық процедуралар,фототерапия,инемен емдеу және психотерапия қолданылады.

 

Аударған: Мелис Айбек

Мазмұны

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Қолдау топтары

Болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Деменция – түрлі ауруларда пайда болатын мидың қызметін жоғалтуы. Ол есте сақтауға, ойлауға және мінез-құлыққа әсер етеді.

•      Даму қаупі 60 жастан кейін артады – 5% жуығы АА зардап шегеді. АА аурушаңдығы әлем бойынша 2016 ж. 44 млн. адамды құраған.

•      Дамыған елдерде  (мысалы, Ұлыбритания) АА ерлердің арасында өлім-жітім себебі бойынша жүрек ауруларының алдына, бірінші орынға шыққан.

 

Себептері

АА нақты себебі белгісіз. Зерттеулер  көрсеткендей, АА дамуына мидағы белгілі бір өзгерістер апарады.

АА дамуына келесі топтың адамдары бейім келеді:

·         Жасы ұлғайған шақта. АА дамуы организмнің қалыпты қартаюына жатпайды.

·         Туғандары, мысалы, бір туған бауырлары, немесе ата-анасы АА шалдыққан болса.

·         АА байланысты белгілі бір гендері бар болса.

 

 

Келесі  факторлар АА даму қаупін арттыруы мүмкін:

·         Әйел жынысы

·         Қандағы холестерин деңгейінің жоғары болуына байланысты жүрек пен тамырлардың аурулары.

·         Бұрын бастың жарақатының болуы.

АА 2 түрі бар:

·         АА ерте басталуы. Аурудың симптомдары  60 жасқа дейін көрініс береді. Аурудың бұл түрі сирек кездеседі, тез ушығады. АА ерте басталуы тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Аурудың дамуына жауапты белгілі бір гендер анықталған.

·         АА кеш басталуы. Бұл аурудың жиі кездесетін түрі. Симптомдары 60 жастан асқан адамдарда басталады. Кейде тұқым қуалау бейімділігі болуы мүмкін, бірақ, аурудың дамуындағы гендердің ролі аз.

 

Симптомдары

АА симптомдарына ақыл-ой қызметіндегі келесідей қиындықтар жатады:

 

·         Көңіл-күй мінез құлығы, тұлғаның өзін тануы

·         тіл

·         есте сақтау

·         қоршаған ортаны қабылдау, сезіну

·         ойлау, топшылау (танымдық машықтар)

басында АА ұмытшақтық секілді көрінеді.

жеңіл танымдық бұзылыстар (ЖТБ) - қалыпты жасқа байланысты ұмытшақтық пен АА дамуы арасындағы аралық саты. ЖТБ басталған адамдарда ойлауда және есте сақтауда аздаған мәселелер болады. олар көбінесе, өзінің ұмытшақтығын біледі. ЖТБ бәрінде АА дами бермейді.

ЖТБ симптомдары:

·         бірнеше міндетті қатар орындауда қиындықтар

·         мәселені шешудегі қиындықтар

·         жақындағы оқиғалар мен әңгімені ұмыту

·         күрделі әрекетті орындауда ұзақ уақыт кетіру

АА ерте симптомдары:

·         банк есептері, күрделі ойын, жаңа ақпаратты түсіну секілді ойлау мәселелерін шешудегі қиындықтар

·         таныс маршрутты ұмыту

·         тіл мәселелері, мысалы, есімдерді немесе таныс жерлерді

·         бұрын қызығушылық танытатын заттарға селқостық, көңіл-күйдің болмауы

·         заттарды басқа жерлерге қою

·         тұлғалық өзгерістер және әлеуметтік дағдыларды жоғалту

АА ушыққан сайын симптомдары айқындалады және өзіне қамқорлық жасау қабілетіне әсер етеді. Аурудың симптомдарына жатады:

·         ұйқы тәртібінің өзгеруі, түнде жиі ояну

·         сандырақ, депрессия және үрйлену

·         негізгі міндеттерді орындаудағы қиындық, мысалы, ас әзірлеу, киімді дұрыс таңдау, автокөлік жүргізу

·         оқу-жазудағы қиындық

·         жақындағы оқиғалардың деректерін ұмыту

·         өмірден оқиғаларды ұмыту және өзін-өзі танымау

·         Галлюцинациялар (елестеу), пікірталасу, таласу, агрессиялық мінез-құлық

·         Байсалдылықтың болмауы, қауіпті тану қабілетін жоғалту

·         Сөздерді дұрыс таңдай алмау, сөздерді дұрыс айтпау, сөйлемдерді шатастырып айту 

·         Әлеуметтік қатынастан оқшаулану.

АА шалдыққан адамдарда кездеседі:

·         Отбасының мүшелерін танымау

·         Күнделікті негізгі міндеттерді орындау, мысалы, өздігінше тамақ ішу, киіну, жуыну

·         Сөзді түсіну

АА кезінде кездесетін басқа симптомдар:

·         несеп және нәжіс шығаруды бақылаудағы мәселелер

·         Жұтудағы мәселелер.

 

Диагностика

Тәжірибелі дәрігер АА келесі іс-шараларды өткізу арқылы анықтайды:

·         Дәрігерлік толық тексеру, оның ішінде, неврологиялық

·         Науқастан оның ауруының тарихы және симптомдары туралы сұрау арқылы

·         Функционалдық  психологиялық тестілерді өткізу арқылы (психологиялық статус)

АА диагнозы кейбір симптомдардың болуы және деменцияның басқа себептерінің болмауының негізінде қойылады.   

Әдетте, тексерулер деменцияның келесі мүмкін себептерін ескеру үшін өткізіледі:

·         Анемия

·         Мидың ісігі

·         Созылмалы инфекциялар

·         Дәрілік препараттармен уыттану

·         ауыр депрессия

·         мида сұйықтықтың артық мөлшерінің жиналуы (Гидроцефалия, ликвордың қалыпты қысымымен )

·         Инсульт

·         Қалқанша бездің аурулары

·         Дәрумендер тапшылығы.

Деменцияның мидың ісігі мен инсульт секілді себептерін анықтау үшін мидың КТ немесе МРТ, кейбір жағдайда АА ескеру үшін ПЭТ тағайындалады.

 

АА анықтаудың жалғыз сенімді тәсілі – өлімнен кейін ми тінінің үлгісін зерттеу.

Емдеу

АА емделіп жазылмайды. Жағдайды қолдау үшін емдеудің міндеті:

·         Аурудың ушығуын бәсеңдету (бұл аса күрделі мәселе)

·         Мінез-құлықтың мәселесі, естің қалыпты болмауы, ұйқыдағы мәселелер секілді симптомдарды реттеу

·         Күнделікті қызметті жеңілдету мақсатында қоршаған ортаны өзгерту

·         Отбасы мүшелерінің қолдауы.

Дәрілік препараттар қолданылады:

·         Симптомдардың ушығу жылдамдығын бәсеңдету, бірақ, мұндай препараттарды қолданудан пайда аз.

·         Сыни ойлану, өзін танудың бұзылуы секілді мінез-құлық бұзылыстарын бақылау.

Дәрі-дәрмекті қабылдау алдында дәрігерге келесі сұрақтарды қою қажет:

·         Препараттың жанама әсері қандай? Препаратты қабылдап, тәуекел ету қажет пе?

·         Препаратты қабылдауды бастау үшін қай уақыт жарамды?

·         Денсаулықтың басқа мәселелеріне қатысты препараттарды қабылдауды тоқтату немесе уақытша тоқтату қажет пе?

Аурудың ушығуына қарай АА шалдыққан кейбір адамдарға үй ішінде жәрдем қажет болуы мүмкін. Отбасының мүшелері және күтім жасайтын адамдар науқасқа   есті жоғалтуында,  мінез-құлықтық мәселелерінде, және ұйқыдағы мәселелерде  көмектесуіне болады. үйдегі орта АА шалдыққан адамдар үшін қауіпсіз екендігіне сенімді болу маңызды.

 

Қолдау топтары

АА ауруының болуы немесе АА шалдыққан жақын адамға күтім көрсету өте қиын болуы мүмкін. Бұл күйзелісті АА бойынша қолдау тобының көмегімен жеңілдетуге болады, олар АҚШ және еуропалық елдерде кең таралған. Мұндай топтарға қатыса отырып, өз мәселесін ортаға салу арқылы науқас немесе оны күтетін адам өздерін жалғыз сезінбеуіне жәрдем алады.

 

Болжамы

Аурудың ушығу жылдамдығы әр түрлі. АА тез дамыса, аурудың ушығуы да тез болады.

АА шалдыққан адамдар өмірден ерте кетеді, әдетте, диагноз қойылғаннан кейін 3-20 жыл ішінде.

Отбасылар жақын адамға болашақ күтімді  жоспарлауы тиіс.

Аурудың ақтық сатысы бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.

Бұл кезде адам толығымен еңбекке қабілетсіз болады. өлім әдетте, инфекциядан немесе көп ағзалық жеткіліксіздіктен болады.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда дәрігерге көріну қажет:

·         АА симптомдары ушығады немесе психологиялық жағдайда күрт өзгеру пайда болады.

·         АА шалдыққан науқастың жағдай ушыққан

·         АА шалдыққан науқасқа үйде күтім жасай алмайсыз

 

Алдын алу

АА алдын алудың дәлелді тәсілі болмаса да, аурудың алдын алуға немесе бәсеңдетуге кейбір шаралар көмектесе алады:

·         Майдың мөлшері шектеулі емдәм және Омега-3 май қышқылдарына бай тағамды тұтыну

·         Дене белсенділігін ұстанатын өмір салты

·         Ақыл-ойды және әлеуметтік белсенді статусты қолдау

·         Бассүйек-ми жарақатының алдын алу мақсатында қауіпті іс-шаралар кезінде басқа арнайы қорғаныс бас киімін (шлем) кию.

 

Ғылымда Альцгеймер ауруы туралы не белгілі?

Ғылыми зерттеулер нейрофизиология және сапалы ұзақ ғұмыр туралы мәселелерге байланысты.

АҚШ және басқа елдердегі ірі академиялық орталықтар Альцгеймер ауруының даму себебін анықтаумен айналысуда. АҚШ жыл сайын 2 млрд доллардан артық қаржыны миды зерттеу бағдарламасына жұмсайды, оның нәтижесінде  Альцгеймер ауруынан және жүйке жүйесінің басқа кері бұзылыстарынан дәрі-дәрмек жасалуы тиіс.

 

Ауруға қатысты бірнеше фактор белгілі:

•      Ақуыздардың бұзылысы (амилоид және тау-протеин)

•      Генетикалық факторлар

•      Жүйке тіндеріндегі энергетикалық үрдістердің бұзылыстары

•      Жүйке тіндеріндегі қабыну үрдістері

•      Қантамырлық бұзылыстар

Альцгеймер ауруының көп факторлығына байланысты оны емдеу кешенді болады – дәрілердің бірігуімен.

Альцгеймер ауруына қарсы дәрі әзірлеу Қоры (АҚШ) амилоидтың жиналуына бағытталған дәрілерді клиникалық сынауды қаржыландырады, аурудың басқа да көріністерін зерттейді, қабыну және жүйке тінінің энергетикалық метаболизмі секілді.  

Қазіргі кезде келесі дәрілердің клиникалық сынағы өткізілуде:

Aricept®

Exelon®

Razadyne®

Namenda®

Namzaric®

BACE1®

 

Ақпарат көзі:  https://medlineplus.gov/ency/article/000760.htm

 

Мазмұны

Анықтамасы

Симптомдары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Себептері

Қауіп факторлары

Диагностика

Емдеу

Алдын алу

 

Анықтамасы

Мидың шайқалуы – күрделі ауру, бұл кезде шайқалуды туындатқан жарақаттан кейін соңғы бірнеше апта, ал кейде бірнеше ай  өткенде бас ауруы немесе бас айналуы секілді симптомдар пайда болады.

Мидың шайқалуы дегеніміз – жеңіл бассүйек-ми жарақаты, көбінесе, бастың соққысынан кейін пайда болады. Есті жоғалту мұндай диагнозды қою үшін міндетті шарт емес. Шын мәнісінде, мидың шайқалуының даму қаупі бастапқы жарақаттың ауырлығымен байланысты емес.

Көптеген адамдарда аурудың симптомдары алғашқы 7-10 күнде пайда болады және жарақаттан кейін үш ай ішінде өтеді, бірақ, кейде бір жыл бойы немесе одан ұзақ уақыт бойы сақталады.  Мидың шайқалуын емдеу аурудың симптомдарын жеңілдетуге бағытталған.

 

Симптомдары

Мидың шайқалуының симптомдарына жататындар:

  • Бас ауыруы
  • Бас айналуы
  • Шаршау
  • Ашушаңдық
  • Үрейлену сезімі
  • Ұйқысыздық
  • Зейінді шоғырландыру және есте сақтаудың төмендеуі
  • Шу мен жарыққа асқан сезімталдық

 

Мидың шайқалуынан кейінгі бас ауыруы өзгеруі мүмкін және ширығу ауырсынуы немесе сақина секілді болады. Көпшілік жағдайда ширығу ауырсынуы кездеседі, ол бастың жарақаты кезінде болған мойынның зақымымен байланысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайда жеңіл бассүйек-ми жарақатынан кейін адамдар түрлі мінез-құлықтық немесе көңіл-күйлік бұзылыстарға ұшырайды. Отбасының мүшелері адамның ашушаң, күмәншіл болатынын, жиі таласу немесе қырсығу әдетін байқайды. 

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Егер бастың жарақаты естің қалыпсыздығын немесе амнезияны (болғанды ұмыту) туындатса, естен танбасаңыз да, дәрігерге көріну қажет.  Егер мидың шайқалуы спортпен айналысу кезінде пайда болса, дене жаттығуын тоқтатыңыз. Алынған жарақаттың асқынуының пайда болу қаупін азайту үшін дәрігерге көрініңіз.

 

Себептері

Кейбір сарапшылардың ойынша, мидың шайқалуының симптомдары мидың құрылымдық зақымдануына байланысты туындайды. Басқалары аурудың симптомдары психологиялық факторларға байланысты санайды, себебі, бас ауыруы, бас айналуы және ұйқы мәселелері секілді симптомдар депрессия, үрейлену немесе жарақаттан кейінгі күйзелістік бұзылыс  кезіндегі симптомдарға ұқсас. Көптеген жағдайларда  мидың жарақатының физиологиялық салдары және оларға көңіл-күй серпіні симптомдардың дамуында роль атқарады. 

Зерттеушілер неліктен кейбір адамдарда жарақаттан кейін тұрақты симптомдар болатындығы, кейбірінде – болмайтындығы туралы нақты айта алмайды. Жарақаттың ауырлығы және мидың шайқалуының тұрақты симптомдарының даму ықтималдығы арасында дәлелденген байланыс жоқ.

 

Қауіп факторлары

Мидың шайқалуының қауіп факторларына жататындар:

  • Адамның жасы. Зерттеулерге сай, адамның жасы мидың шайқалуының дамуы үшін қауіп факторы болады.
  • Жынысы. Әйелдерде мидың шайқалуы жиі анықталады, бірақ, бұл әйелдердің медициналық көмекке жиі жүгінуне байланысты болуы мүмкін.
  • Жарақат. Автокөліктегі апат, спортпен айналысу, құлау салдарынан болатын жарақаттар әдетте осы аурудың пайда болуына апарады.

 

Диагностика

Ешқандай тексеру мидың шайқалуын дәлелдей алмайды. Дәрігер осыған ұқсас симптомдарды туындататын басқа әлеуетті мәселелер болуын тексеру үшін миды тексерістен өткізеді. Әдетте, мидың ауытқуларын анықтау үшін компьютерлік томографияны (КТ) өткізген жөн.

Егер сізде жиі бас айналуы болса, сізді құлақ, мұрын және көмей ауруларына маманданған дәрігерге бағыттайды. Мазасыздық пен депрессияға шалдықсаңыз, немесе есте сақтау мен күнделікті тіршілік мәселелерін шешуде  қиналатын болсаңыз, психологқа немесе психиатрға бағыттау қажет болады.

 

Емдеу

Мидың шайқалуының арнайы емі жоқ. Оның орнына дәрігер сізде пайда болған симптомдарды емдейді. Түрлі симптомдар мен олардың кездесу жиілігі әр адам үшін ерекше болады.

Бас ауыруы

Бастың сақина ауруын немесе шируғыдан болатын бас ауруын емдеу үшін қолданылатын препараттар, оның ішінде, кейбір антидепрессанттар мидың шайқалуына байланысты бас ауруында тиімді болуы мүмкін.   Мысалы:

  • Амитриптилин. Бұл препарат сондай-ақ, жарақаттан кейінгі зақымдануды емдеу үшін, сондай-ақ, мидың шайқалуына байланысты ашушаңдық, бас айналуы және депрессия секілді симптомдарды емдеу үшін кеңінен қолданылады.
  • Дигидроэрготамин(DHE 45) – метоклопрамидпен (​​Реглан) бірге. Бұл препараттар созылмалы бас ауруын жеңілдетеді, бірақ, олар көктамыр арқылы аурухана жағдайында қолданылуы тиіс.

Мидың  шайқалуы кезінде ауырсынуды басатын препраттарды шамадан тыс қолдану тұрақты бас ауруының пайда болуына апаруы мүмкін.

Есте сақтау және ойлау мәселелері

Қазіргі кезде жеңіл бассүйек-ми жарақатынан кейін когнитивтік (танымдық) мәселелерді емдеу үшін ешқандай дәрілік препараттарды қабылдау ұсынылмайды.  Ми шайқалуы кезінде когнитивтік  (танымдық) мәселелер болуында уақыт – оңтайлы емдеу, себебі, симптомдардың көпшілігі жарақаттан кейін бірнеше апта немесе ай өткенде өздігінше өтеді.

Когнитивтік емдеудің кейбір түрлері пайдалы болады, мысалы, қалта күнтізбесін, электрондық органайзерді қолданудағы немесе есте сақтау мен назар қоюдағы олқылықтарды жою үшін, басқа әдістерді  қолданудағы дағдыларды жаттықтыру жүргізілетін реабилитация.

Депрессия және мазасыздық

Мидың шайқалуының симптомдары зақымданушы симптомдарының себебін және уақыт өткенде өздерін жақсы сезінетіндігін білгенде, жиі жақсарады. Ауру жайлы білу адамның үрейін азайтады және тыныштануына көмектеседі.  Депрессия және мазасыздық симптомдары күшейгенде емдеудің бірнеше нұсқалары бар:

  • Психотерапия. Мәселелерді психологпен немесе психиатрмен талқылау, олардың бассүйек-ми жарақатына ұшыраған адамдарды емдеу тәжірибесі аса пайдалы.
  • Дәрілік препараттар. Үрейге немесе депрессияға ұшырағанда антидепрессанттар немесе тыныштандыратын препараттар ұсынылуы мүмкін.

 

Алдын алу

Мидың шайқалуын алдын алудың жалғыз белгілі тәсілі – бастың жарақатын болдырмау.

Бастың жарақатына қалай ұшырамауға болады

Әрбір әлеуетті қауіпті жағдайға дайын болу мүмкін болмаса да, бастың жарақатының жиі кездесетін себебінен алшақ болу үшін кеңестер беріледі:

  • Автокөлікте келе жатқанда қауіпсіздік белдігін салыңыз және балалардың жасына сәйкес қауіпсіз орындықта отыруын қадағалаңыз. 13 жасқа дейінгі балалар артқы орында отырғаны қауіпсіз, әсіресе, егер автокөлікте қауіпсіздік «жастықтары» болмаса.
  • Өзіңіз және балаңыз велосипедте, роликті конькиде, шаңғыда, сноубордта болғанда,  футбол ойнағанда, скейтбордингте, атқа мінгенде, мотоциклде бастың арнайы киімін (шлемін) киіп жүру қажет.
  • Үйде құлаудың алдын алыңыз,мысалы, шағын кілемшелерді төсемеңіз, жарықты жақсартыңыз, саты болса, сүйенетін жақтау қойыңыз.