Қынаптық қан кетудің ауырлық дәрежесітөменде көрсетілген белгілер бойынша анықталады.
· Ауыр дәрежедегі қан кету :2 сағат ішінде 2 қалың төсеменің және 2 супер тампонның қанға толуы.Ескерту: жүкті әйелде қанның қатты бөлінуі немесе ұйындысының шығуы мүмкін,бірақ егер қан кету тоқтайтын болса,онда қан кетудің ауыр дәрежесіне жатпайды.
· Орташа дәрежедегі қан кету:3 сағат ішінде 1 ең үлкен төсеменің немесе 1супер тампонның қанға толуы.
· Әлсіз дәрежедегі қан кету : 3 сағаттан көп уақытта ең үлкен қалыңдықтағы 1 төсемеден аз қолдану.
· Ең аз (минимальды) қан кету : қынаптан бірнеше ғана қан тамшысының шығуы немесе сол жерде дақтың пайда болуы.