Тырнақтың бір бөлігінің бөлініп (ажырап,сынып) түсүі көптеген себептерден болуы мүмкін, оларға:
Жарақат. Жарақаттан болатын жұлыну, ұзын тырнақтары бар адамдарға тән. Байқаусызда ұрып немесе қысып алған жағдайда тырнақ сынуы мүмкін.
Тырнақтағы саңырауқұлақ инфекциясы, қолдағыға қарағанда көбінесе аяқтағы тырнақтарда кездеседі. Тырнақтың шытынауы, сарғаюы, түссізденүі, жұқаруы осындай белгілері болады.
Терінің қалпы, мысалы псориаз.
Кейбір химиялық заттар, мысалы жуғыш заттар, ацетон тырнақтағы бояуды кетіретін заттар.
Емі, мысалыға химиялық терапия немесе молярлы ем.
Ауыр ауру.
Тырнақ сынған кезде негізгі емі оны алып тастау, зақымдалған жерді құрғақ ұстау керек инфекцияның алдын алу үшін, жаңа тырнақ өсіп шыққанға дейін. Сондай-ақ, тырнақты бөлуге себеп болатын инфекция немесе тері жағдайын да емдеу керек.
Егер тырнақтың бір бөлігі сынып кетсе оны қайта орнына жалғауға болмайды. Жаңа тырнақ өсіп жығуы керек. Тырнақ баяу өседі, қолдың тырнақтары 6 ай ішінде өссе, аяқтағы тырнақ 18 ай ішінде өсіп шығады.
Қант диабеті және перифериялық қан айналымы бұзылыстары қан ағымының төмендеуіне және аяқтың сезімталдығының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Емделмеген тырнақ жарақаттары инфекцияға, ойық жаралар мен басқа да маңызды ауруларға әкелуі мүмкін.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Ауыздан қан кетуді қалай тоқтату керек
Шұғыл жағдайда емдеу талап етілмесе, келесі шаралар тері жараларын қорғайды және сізді басқа адамның қанымен байланыстырудан қорғайды.
Қан кетуді бастамас бұрын:
Қолыңызда болса, қолыңызды сабынмен және сумен жақсылап жуыңыз.
Жараға қысып байлам жасамас бұрын дереу медициналық қолғап киіңіз (егер бар болса). Егер ешқандай қолғап болмаса, қолдар мен жаралар арасындағы таза материалды бірнеше қабаттар, пластик пакеттер немесе кез-келген таза материал салыңыз.
Егер мүмкін болса, зардап шегүшінің жарақат алған жерін тікелей басқанға шыдатқызу, жарақаттанған жерін сәл көтеріп ұстау керек.
Жалаңаш қолмен тек ақырғы жағдайда ғана басып тұру керек.
Зардап шегушіні арқасына жатқызып басын көтеріңкі ұстаңыз. Қан шүйдеге немесе ауыздан сыртқа қарай ағып кетпейтіндей қылып жатқызамыз.Қанды жұтқанда құсықты шақыруы мүмкін.
Алынатын оңай көрінетін барлық заттарды алып тастаңыз. Егер аузында шайнайтын сағыз болса алып тастаңыз. Жараны тазаламаңыз.
Жалпы жараланған жердегі барлық зергерлік бұйымдарды алып тастаңыз.
Жараны таза шүберекпен немесе таза материалмен қатты басу керек. Егер жарақатта зат бар болса, оның үстінен басуға болмайды.
Толық 15 минут бойы жараны абайлап басыңыз.Сағатты пайдаланып минуттарды ескеріңіз. Уақыт ұзақ болып көрінуі мүмкін. Басып тұрған жерді алып қарамаңыз қан тоқтадыма деп, егер матаңыз қанды сіңіріп алса оны алмай үстіне басқасын қойыңыз.
Еріннің ішкі жағынан қан кетүі. Қанап жатқан жерді тістерге немес жаққа басыңыз немесе тіспен иектің арасына дәкені қыстырып қойыңыз. Қан тоқтаған кезде оны тоқтады екен деп дәкені алып тастамаңыз. Есінеуге немесе күлүге болмайды әйтпесе қайтадан қан ағу басталады.
Тілден қан кетү. Қан кетіп жатқан жерді дәкемен немесе таза матамен басып қойыңыз.
Беттің ішкі жағынан қан кетүі. Тіспен қанап жатқан жердің ортасына бүктелген дәкені салып қойыңыз немесе таза матаны салсаңыз болады.
Тісті жұлдыртқаннансоң дәрігердің айтқанын істеңіз. Егер дәрігер ешқандай нұсқау айтпаса тістің арасына дәкені салып қойса болады 10-15 минутқа. Түкіруге, темекі шегүге, тісті шимен шұқылауға болмайды, ол қанның қайта ағуына әкеледі.
Егер 15 минут ішінде қан ағуы тоқтамаса немесе баяуламаса ары қарай басып тұра беріңіз, қанап жатқан жерді көтеріңкі ұстаңыз. Келесі істейтін нәрсеңіз «Жедел жәрдем» және «өз симптомыңды тексер» бөлімдерінде толығырақ.
Егер 15 минут ішінде басып тұрғаннан қан тоқтамаса босатқанда қайта қан ақса, тағыда 15 минут басып тұрыңыз. Тікелей басып тұруды 3 ретке дейін қайталап ұстауға болады 15 минуттан.Егер қанның ағуы 45 минут бой тоқтамаса ол «өз симптомыңды тексер» бөлімінде толығырақ біле аласыз.Тері жамылғысын қалыпты күйіне келтіріңіз. Қажет болса, қақпақты таза шүберекпен немесе дәке арқылы ұстаңыз.
Зардап шегүші дәкені немесе матаны жұтып қоймауын бақылаңыз.
Дәкені ауызға керісінше қоймаңыз.
Бірнеше күн жаттығулар істемеңіз. Ол қан ағуға қайта әкелүі мүмкін.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Шина салу - бұл кез келген ауыр жарақат үшін тиісті уақытша ем. Шина салу дәрігер келуіне және қарауына дейін қосымша асқынуларды болдырмау үшін жарақат алған жерді қозғалдырмайды. Зақымдалған жерді қозғалдырмаудың екі жолы бар: жараланған жерді қатты затқа тығыз байлау немесе дененің басқа бөлігіне.
Бірінші әдіс - газет немесе журналдардың орамдарын немесе таяқтарды немесе кез-келген басқа берік объектіні және белбеу, арқан немесе басқа лайықты объектімен оған жарақат алған жерге қолдану. Жарақат алған жерге шиналарды қолдану кезінде келесі сақтық шараларын қолдану қажет:
Шинаны қатты қысып тастамау.
Қатты қысып тастағанның белгілеріне:
Жансыздануы,
Қатты ауырсынуы,
Шинаның астындағы бозғылт, суық тері.
Шинадан төмен ісінудің көтерілуі.
Сынғанға күдік бар болса, саусақтарыңызды жаппаңыз. Әйтпесе орнынан тайып кетүі мүмкін.
Шинаны саусақтың иілуіне жол бермейтіндей етіп жағыңыз. Жалпы ереже, шинаның жарақаттанған түйіннің үстінде және оның төменгі бөлігіндегі шинаға, мысалы, білектің сынуы кезінде, шинаның шынтақтан үстіңгі жағынан жоғары орналасуы керек.
Екінші тәсілі - қолды кеудеге бекітіп, қозғалдырмау керек.
Шиналарды қолданудың бұл әдістері тек дәрігер келгенге дейін алғашқы медициналық көмектің уақытша шарасы болып табылады.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Тізе-жамбастық ауырсыну синдромы - бұл жағдай жасөспірімдерде, механикалық өндіріспен айналысатын және спортшыларда байқалады. Ол тізен34 алдыңғы бөлігіндегі ауырсынумен сипатталады, бұл зоры5удан, жарақат, артық салмақтан, тізені дұрыс қоймағанда болуы мүмкін.
Симптомдары:
Әсіресе тізені бүгіп қойып отырғанда немесе баспалдақпен көтерілгенде болады.
Тізенің кейбір уақыт арасында өздігінен бүгілгенде, соның арқасында дене салмағын көтере алмай қалады.
Емі. Тізе-жамбастық ауырсыну синдромы Ол стероидты емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектермен емделеді және тыныштандырып, тізеге суық басады. Физикалық жаттығу сіздің аяғыңыздың бұлшықеттерінің күшін теңестіруге мүмкіндік береді. Тізеге таңғышты қолдану да көмектеседі.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Ойық жара – бұл теріде және кілегейлі қабатта (мысалы, тілде, асқазанда, ішектерде.). пайда болатын жара. Ойық жара беткей немесе терең болуы мүмкін, және өзінің пайда болған жері – теріні немесе кілегей қабатты бұзылысқа әкеледі, мысалы тесілу.
Ойық жараның себебі: инфекциялар, жарақаттар, рак болуы мүмкін.
Аударған: Бердібек Ағабек
Шаршау сынығы– бұл сүйектің өте жіңішіке, жұқа сынығы. Кейбір жағдайда сынықты рентгенде де байқамай да қалады.
Сынықтың себебі, жарақат емес, - сүйекке көп реттік жүктеменің түсуі болып табылады. Сынық кез-келген сүйекте пайда бола алады. Мысалы, жеңіл атлетикомен айналысатын спортшыларда аяқтың майда сүйектерінде жиі пайда болады. Сонымен қатар белгілі бір жаттығумен бірінші рет айналысып тұрғанда пайда болуы да мүмкін.
Сынықтың симптомдарына – сынық пайда болған жердегі тұрақты ауырсыну болып табылады. Ауырсыну жаттығу кезінде бәсеңдеуі мүмкін, бірақ жаттығудан кейін күшейеді.
Егер сынықтың пайда болу себебін табып, оны шектететін болсақ, сынық бітіп, орнына келіп, симптомдар жоғалады.После того как кость станет привычной к повторяющимся движениям, деятельность можно будет постепенно восстановить.
Аударған: Бердібек Ағабек
Ішкі бүйірлік байламдардың жарақаты– айналмалы қозғалыс жасағанда, бүгілу кезінде немесе жылдам бағытты ауыстырғанда пайда болады, яғни фиксирленген қалып жағдайында соққы жасағанда.
Ішкі бүйірлік байламдардың жарақатының емдеуде - тыныштық жағдай, мұз басу, төменгі бөліктің компрессиясы қолданылады. Тізенің қозғалысы белгілі уақытқа дейін шектелу керек. Ішкі бүйірлік байламдардың жыртылуы кезінде хирургиялық араласулар талап етеді.
Аударған: Бердібек Ағабек
Алдыңғы айқыш (крест тәрізді) байламының жарақаты – ортаңғы жілікті асықты жілікпен байланыстыратын байламның жарақаты болып табылады. Алдыңғы айқыш байламының жарақаты уақыт өте келе бүгілуден және тізенің әлсіздігінен пайда болуы мүмкін.
Алдыңғы айқыш байламының жарақаты кезінде байламның жартылай немесе толық жыртылуы мүмкін, яғни бөліну – ортаңғы жіліктің асықты жіліктен бөлінуі және бөлінумен бірге жүретін сынық – сүйектің басқа сүйектерден бөлінуімен қатар байламның жыртылуы. Жарақат кезінде тек байлам ғана емес, сонымен қатар мениск (тізенің тағы бір байламы) және сүйектің шеттерін жабатын шеміршетерде зақымдалуы мүмкін.
Алдыңғы айқыш байламының жарақаты тіземен өте қатты бүгілу, жазылу немесе айналмалы қимылдар жасағанда пайда болады. Бұл жарақат жылдам дене қалпын өзгеркеннен пайда болады, көбінесе старт-стоп қимылдарын талап ететін спорт түрлерінде кездеседі. Алдыңғы айқыш байламының жарақаты спортпен шұғылдану кезінде немесе қайғылы жағдай кезінде болуы мүмкін.
Алдыңғы айқыш байламының жарақатының симптомдарына: тізенің сырқырлауын сезу немесе даусын естуі, ауырсыну, үзіліп кететіндей сезім.
Алдыңғы айқыш байламының жарақаты созылмалы алдыңғы айқыш байламының жеткіліксіздігінен пайда болуы да мүмкін, яғни тізенің әлсіздігі мен сүйектердің қимылдап кетуі одан самай күшейеді. Бұндай ақау асқынуның нәтижесінде ерте пайда болатын остеоартритке әкелуі мүмкін.
Алдыңғы айқыш байламының жарақатының емнің нәтижесі тізе жарақатының дәрежесіне және организмнің белсенділігіне байланысты болады. Емге физикалық реабилитация немесе операция және реабилитация жатады.
Аударған: Бердібек Ағабек
Саусақ және башпай– жиі қатты соққы кезінде немесе езіп-шаншу кезінже жарақат алады. Бұл жарақат ауыр дертке жатпайды, бірақ ауырсыну пайда болады. Саусақтен және башпайдан қан кету кезінде дренаждау арқылы пульсацияны және ауысынуды азайтуға болады. Егер бұны уйде жасауға сезімсіз немесе ыңғайсыз болса, дәрігерге жүгініңіз.
Егер дренаждау кезінде бірденен аурысыну азаймаса, саусақ пен башпайда ауыр жарақат пайда болуы мүмкін. Медициналық көмек керек болып табылады.
Қант диабеті, шеткі артериальді ауру, иммунжы жүйенің бұзылысы – қанайналым мен сезімталдылықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін. Егер жарақат уақытылы өнделмесе, зақымдалулар, ойық жара және т.б асқынуларды шақыруы мүмкін.
Аударған: Бердібек Ағабек
Жарақат; акромио-бұғаналық буынның жарақаты – иықпен құлау кезінде болады.
Соған байланысты 3 түрлі жарақат түрлері бар.
1 тип – буынды созып алу.
2 тип – жартылай буынның қозғалысы (дислокация)
3 тип – толық буынның қозғалысы
Емі. Көп жағдайдаакромио-бұғаналық буынның жарақаты кезінде хирургиялық араласулар керек етпейді. Әдетте ауырсынуды бастатын және қабынуға қарсы препараттарды жергілікті немесе жалпы қолданады.Емдік жаттығулар бұршықеттік белсенділікті және байламның серпінділігін қалпына келтіреді.
Егер буынның функциональді бұзылыстары жарақаттан кейін 3-6 айға сақталса, хирургиялық араласулар керек етеді.