Акромион-бұғана буынының жарақаты – бұғананың жоғарғы ұшы жауырын ұшынан шығып, буының жыртылуы. Бұл жарақат – көбінесе иықтан соққы алғанда, иыққа құлағанда немесе қолдың білезігің созып алғанда пайда болады.
Симптомдары болып табылады:
Жарақат алған сәттегі қатты ауырсыну сезімі.
Иық аймағындағы қозғалыстың шектелуі.
Қанталаған аймақтың немесе ісінудің түзілуі.
Деформация. Бұғананың жоғарғы ұшының шығып кету сезімі немесе жауырынның жоғарғы бөлігіңде түйін пайда болуы.
Емі – мұз басу, таңғыш байлау арқылы фиксация жасау және дәрі-дәрмектер пайдалану арқылы ауырсынды, қабынуды, ісінуді басу. Симптомдардың басылуынан, емдік жаттығулардан, физиотерапиядан кейін, иық бұлшықеттерін қатайтып, салқындаудын алдын алу керек.
Кейбір жағдайларда хирургиялық араласулармен буынның жыртылуын қалпына келтіру керек болып табылады.
Жарақаттың жазылу уақытты 2-10 апта аралықта болады, яғни жарақттың дәрежесіне байланысты.
Аударған: Бердібек Ағабек
Адам есінен танған кезде қошаған ортадағы жағдайға жауап бермейді, байланысқа түспейді. Есін жоғалтуды жиі нокаут жағдайы ретінде сипаттайды.
Есін жоғалту жағдайындағы адамды сезімге келтіру әрекеттері сәтсіз болуы мүмкін. Адам мүлдем жауап бермеуі мүмкін немесе есту арқылы немесе ессіз қозғалыстармен жауап беруі мүмкін.
60 секунд ішінде есінен тану дәрігерлік тексерісті қажет етеді.
Бас жарақатынан кейін есінен тану(қысқамерзімдік болса да) дереу дәрігердің тексеруін қажет етеді.
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Бекітіп тұрушы таңғыш - бұл әдіс жарақаттанған қолды ұстап тұруға арналған.
Ұстап тұрушы таңғыш қолдану үшін:
Қолыңызды жарақаттанған аймақтан жоғары немесе төмен ұстаңыз.
Байлам ұстап тұру үшін,үшбұрышты байламның бір жағын жарақаттанған қолдың астынан, ал келесі жағын зақымданған иыққа орналастырыңыз.
Ұстап тұрушы байламның ұштарын мойынның бір жағынан байланыстырыңыз.
Ұстап тұрушы байламды ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды. Қолдың ұзақ уақыт бойы қозғалмауыиықтың ұюына әкелуі мүмкін. (Адгезивті капсулит).
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Көптеген жарақаттар нәтижесінде тістің түсуі сонымен қатар басқа тістер немесе ауыз қуысының басқа құрылымдары мысалы таңдай, иек немесе бет жарақаттануы мүмкін.
Түскен тістің орнына жаңа тұрақты тіс қоюға болады (реимплантант). Отыз минут ішінде тісті реимплантациялағанда өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Екі сағат өткеннен кейін сәтті имплантациялау мүмкіндігі екіталай.
Тістітабу.
Сүт тістерге: қансырауды тоқтату үшін таза дәкені қызыл иекке және тіс ойысына қойып 15 минут ұстаңыз. Сүт тістер қайта имплантацияланбайды, имплантациялау өсе келе дамитын тұрақты тістердің дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Тіс түсуге дайын тұрса да міндетті түрде тіс дәрігеріне көрсету керек.
Тұрақты тістерге: Таза дәкені қойып, төменді сипатталған қадамдарды орындаңыз.
2.Тісіңізді абайлап тістің жоғарғы жағынан ұстап (тіссауыттан) ағынды сумен шайыңыз.Сүртпеңіз және тіс түбірінен ұстамаңыз.
Ең жақсы тасымалдау әдісі –бұл тісті өз ойысына қою. Абайлап тісіңізді өзінің қалыпты орнына қойыңыз. Тісті ұстап тұру үшін таза дәкені немесе ылғалданған шәй қалташасын тісіңізбен тістеңіз. Тасымалдау кезінде тісіңізді ойысында саусағыңызбен ұстап тұрыңыз. Ересек адам немесе жасөспірімдер тісін қызыл иек пен ұрт арасында немесе тіл астында жұтып қоймауға тырысып ұстауына болады. Кішкентай жастағы балаларға жасауға болмайды.
Егер ересек адам немесе бала тісін ойысында ұстап тұруға өте мазасыз болса, онда сүтке салыңыз. Сүт болмаған жағдайда суға немесе Ханка немесе Save-A-Tooth секілді дәрігердің рецептінсіз жіберілетін ерітінділерге салыңыз.
Тісті тұзды суға, алкоголь немесе ауыз шайқауға арналған сұйықтықтарға салуға болмайды.
4. Емдеуді ұйымдастыру үшін тез арада тіс дәрігеріне хабарласыңыз. Егер хабарласуға мүмкіндік болмаған жағдайда тез арада жедел жәрдем көмегімен бару керек. Тісті ұмытып кетпегеніңізге көз жеткізіңіз.
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Омыртқаның жарақаты – сүйектің, байламдар мен омыртқа бағанының нервілерінің зақымдануы. Оған жұлынның – мидың түбінен арқа бойымен белге немесе сүйектерге баратын нервтің зақымдануы кіреді.
Омыртқаның жарақаты адамды қозғалу мүмкіндігінен немесе дененің тұстарын қимылдату қабілетінен айырады.
Әрекеті зақымдану тұсына және зақымданудың ауырлық дәрежесіне байланысты.
Омыртқаның жарақатының белгілері:
· Мойынның немесе арқаның күшті ауырсынуы.
· Дене бөліктерін қозғалта алмау (салдану -паралич). Мұның себебі – дененің осы бөлігінің тікелей жарақаты немесе ауырсыну болады.
· Әлсіздік, шаншу немесе аяқ-қолдың ұйып, жансыздану сезімі.
· Қуықты немесе ішекті бақылау қабілетін жоғалтудың қайта анықталуы.
Бастың, беттің, мойынның, немесе арқаның жарақаты болғаннан кейін бірден омыртқаның жарақаты тексерілуі тиіс. Жарақат алған адам қозғалмауы тиіс және дұрыс тасымалдануы қажет, тұрақты салданудың алдын алу үшін басы мен мойны бір сызықтың бойында, орнықты (қозғалмайтын) күйде болуы қажет.