Жарақат алған жерден немесе одан төмен жерде терінің бозаруы немесе көгеруі– қантамыр қысылған да немесе тікелей жарақат алған кезде пайда болады. Тікелей жарақат – оқтық жарақат немесе үшкір заттардан алған жарақат, буынның шығуы және созылуы, күйіктер, сынықтар, езіліп-шаншылу, жыланның шағуы, медициналық процедура, оперпциялар болып табылады.
Жарақаттан кейін ортепедиялық аппараттарды, гипсті, таңғыш салғанда қол немесе аяқта бозару, көгерулер, салқындау байқалады. Себебі - ортепедиялық аппараттар, гипс, таңғыш заттар қатты қысып тұруынан, қол немесе аяқта қанайналым азаюынан немесе тоқтауынан пайда болады. Егер қатты қысып тұрса жасау керек:
Қол немесе аяқты жүрек деңгейінен жоғары көтеру.
Егер мүмкіншілік болса, қысып тұрған затты босату, бірақ шешпеу керек.
Тез арада дәрігерге бару. Асқынудың алдын алу үшін қанайналымды тез арада дұрыстау.