.

Жүктілік | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жүктілік

Мазмұны

Себептері

Диагностикасы

Емі

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Профилактика

 

Преэкламсия жүкті әйелдерде 20-аптадан ( 2-3 триместрде) соң қан қысымының көтерілуі және зәрінде ақуыздың пайда болуымен сипатталатын жағдай.

Себептері:

Анық себептері әлі анықталған жоқ. Бірақ мүмкін болатын себептер қатарына жатады.

  • Аутоиммунды аурулар
  • Қантамырлар аурулары
  • Тамақтанудың бұзылыстары
  • Туқым қуалайтын аурулар

Қауіп қатер топтарына жатады:

  • Бірінші рет жүкті болғанда
  • Көп ұрықты жүктілік
  • Семіздік
  • 35 жастан асқанда
  • Қант диабеті, артериальді гипертония, бүйрекауруларымен ауыратын науқастар

Симптомдары:

Әдетте әйелдер преэкламсиямен ауыратындығын сезбейді.

Преэкламсия келесі симптомдармен көрінеді:

  • Қолдың және беттің/көздің ісінуі
  • 1-2 күн ішінде 1 кг-дай дене салмағын қосу

Ескерту: табанның және шынтақтың жүктілік кезінде ісінуі қалыпты болы саналады.

Ауыр преэкламсия кезіндегі симптомдар:

  • Тұрақты бас ауру
  • Оң жақ қабырға асты аймақтың ауырсынуы. Сонымен қатар оң жақ иықтың ауырсынуын, жүрек айнумен, өттің ауырсынуымен, гастритпен, ұрықтың қимылдауымен шатастырып алмау керек.
  • Тітіркендірдіштік
  • Зәр шығарудың азаюы
  • Жүрек айну және құсу
  • Көз көрудің бұзылыстары, уақытқа байланысты көздің көрмеушілік, көз алдында майда жарық немесе дақтың көрінуі, жарыққа сезімталдылық және көрудің бұлыңдырлығы.

Диагностика

Дәрігер бірініші жарлы қарап тексеру жүргізеді, сытрқа көрінетін белгілерді анықтау үшін.

  • Қан қысымының жоғарлауы, әдетте 140/90 мм.сын.бағ-тан жоғары
  • Қол мен беттің ісінуі
  • Артық салмақ қосуы

Екіншілік тексеруге қан және зәр анализдерін қарау. Мынадай өзгерістер анықталуы мүмкін.

  • Зәрде ақуыз пайда болуы (протеинурия)
  • Бауыр ферменттерінің жоғарлауы
  • Тромбоциттердің 100,000 –ден төмендеуі.

Қосымша тексеру әдістеріне жатады:

  • Қанның ұю жылдамдығын тексеру.
  • Баланың денсаулығын мониторингтеу.

УДЗ және басқада тексерулердің нәтижесінде дәрігер жүкті әйелге жұғыл босану керек немесе керек еместігін айта алады.

Басында төмен қан қысымын тіркелген кейін, көтеріліп кеткен жүкті әйелдерде преэкламсияның басқа белгілерің өткізіп алмау керек.

Емі:

Преэкламсияның негізгі емі – жүктілікті үзу болып табылады.

Егер жүктіліктің мерзімі 37 апта немесе одан жоғары болса, дәрігер преэкламсияны өршітпей жедел босануды талап етуі мүмкін. Сізге босануды стимулдеуші дәрі-дәрмектерді тағайындайды немесе Кесар тілігі отасын жүргізеді.

Егер ұрық толық жетілмеген және преэкламсияның жеңіл дәрежесі болса жүкті әйелге ұрықтың дүниеге бейімделуге қабілетті жағдайға жеткенше үй жағдайында ем жүргізіледі. Сонымен қатар дәрігер сізге келесілерді тағайындайды:

  • Төсек режим, көп жағдайда сол жақ бүйір бетімен
  • Жетерліктей суды қабылдау
  • Ас мәзірінде тұзды аз қабылдау
  • Дәрігерге жиі тексеріліп тұру, сіздің және ұрықтың жағдайы дұрыс екендігіне көз жеткізу
  • Қан қысымын тұрақтандырушы препараттарды қабылдау

Дәрілерлер ана мен баланың денсаулығын тұрақты бақылауда ұстау үшін, кейде жүкті әйелді ауруханаға жатқызады.

Стационарда келесі ем жүргізіледі:

  • Ана мен баланың жағдайын мониторинг жүргізу
  • Дірілдеу мен басқа да асқынулардың алдын алу үшін қан қысымын тұрақтандыратын препараттарды қабылдау.
  • Ұрықтың өкпесін жедел жетілдіру үшін стероидты препараттарды тағайындау (24 аптадан соң)

Ұрық қауіпсіз кезеңде туылуы үшін сіз дәрігердің тұрақты бақылауында болуыңыз керек. Бұл келесі факторларға байланысты:

  • Босанудың уақытты қаншалықты жақын қалғандығы. Сізде неғұрлым босану уақытты жақын болса, солғұрлым балаға да жақсы.
  • Преэкламсияның ауырлық дәрежесі. Преэкламсияның өршуі ананың өміріне қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін.
  • Қаншалықты бала өзін жатырда жақсы сезінеді.

Преэкламсияның ауыр дәрежесінде келесі симптомдар көрініс беретін болса, жүктілікті үзу керек:

  • Зерттеу барысында ана баласын оттегімен, қанмен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда да, оның жетілуі жақсы болса.
  • 24 сағат ішінде диастолалық қан қысымы тұрақты 100 мм.сын.бағ-тан жоғары немесе 110 мм.сын.бағ-ына көтерілсе
  • Бауырдың функционалды қызметін тексеруде бұзылыстар
  • Өте қатты бас ауру
  • Іш қуысындағы ауру сезімі
  • Қалтырау немесе ақыл-естің бұзылысы
  • Ананың өкпесіне сұйықтықтың жиналуы
  • Тромбоциттердің төмендеуі немесе қан кетулер
  • Зәр шығарудың азаюы – зәрде ақуыздың болуы немесе бүйректің дұрыс жұмыс істемеуі.

Болжамы

Преэкламсияның симптомдары босанғаннан кейін 6 аптадан соң жоғалады. Сонымен қатар босанғаннан кейін бірнеше күн бойы қан қысымы жоғарлайды.

Егер сізде преэкламсия анықталған болса, келесі жүктілік кезінде бұл қайта пайда болуы мүмкін. Бірақ қайта пайда болған преэкламсия біріншіге қарағанда жеңіл дәрежеде өтеді.

Егер сізде қан қысымы бір жүктіліктен көп кездесетін болса, онда сізде ересек жасыңызда артериалды гипертониямен ауыруыңыз мүмкін.

Мүмкін болатын асқынулар:

Сирек бірақ ауыр асқынуға жатады

  • Қан кету
  • Мерзімінен бұрын плацентаның ажырауы
  • Бауырдың жыртылуы
  • Инсульт
  • Өлім

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Жүктілік кезінде преэкламсияның алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу керек.

Профилактикасы

Преэкламсияның профилактикалық дәрі-дәрмектері жоқ болып табылады. Жүкті әйел пренаталді күтімді ерте кезеңнен бастап, жүктіліктің барлық кезеңінде жалғастыру керек.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

Жүктілердегі таңғы уақыттағы жүрек айну – жүктілік кезінде әйелдерге жат гормандардың пайда болуынан жүрек айну немесе құсу пайда болады. Жүктілердегі таңғы уақыттағы жүрек айну жиі жүктіліктің бірінші триместрінде пайда болады.

Әдетте жүрек айну мен құсу сезімі жиі таңертеңлік уақытта мазалайды, бірақ та кейде күндіз де, түнде де мазалауы мүмкін. Көп жүкті әйелдер де екінші триместрде бұл жағдай мазаламай, өзін жақсы сезінсе, кейбіреулерінде басқа триместрде одан самай күшейіп кетуі де мүмкін.

Жүктілердегі таңғы уақытта пайда болатын жүрек айнудың үй жағдайындағы емі:

  • Жиі, аз-аздан тамақ қабылдау, себебі бос асқазан жүрек айнуды тудыруы мүмкін.
  • Таңертең төсектен тұрғанға дейін жеңіл –желпі тамақ қабылдау.
  • Егер ісіну мазаламаса, сұйықтық көп мөлшерде қабылдау.
  • Майлы тағамдарды азайту және құрамында ақуыз өнімдері жоғары жеміс-жидектерді және көкеністерді тұтыну.
  • Жүрек айнуды шақыртатын иістерден және көкеністерден (сүт, кофе, цитрусты шырындар )шектелу.
  • Кезекті демалыстар.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

 

Қалыпты жүктілік 40 аптаға созылады– ұрық жатырда пайда болуынан нәресте дүниеге келуіне дейін. Бұл уақыт аралығы 3 периодқа бөлінеді: бірінші триместр – ұрықтанудан бастап 12 аптаға дейін; екінші триместр – 13 аптадан бастап 27 аптаға дейін; үшінші триместр 28 аптадан туылғанға дейін.

Әр триместрде ұрыққа тән даму белгілері орын алады.

  • Бірінші триместрдің аяғында ұрық адамға ұқсас формаға келеді.
  • 16-20 апта аралығында ұрық қозғалады, анасы оны сезеді. Екінші триместрдің аяғында ұрықта барлық өмірлік маңызы бар мүшелері қалыптасады.
  • Үшінші триместрде ұрық үлкейіп, пайда болған мүшелер пісіп жетіледі.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

 

 

Токсикоз – өзін жайсыз сезінетін, ерекше жағдай. Ол масаю сияқты, бірнеше уақытқа созылады. Ананың организмінде ұрықтың дамуы кезінде, жүкті әйел зиянды заттармен уланатын болса, токсикоз пайда болады.

Ерте токсикоз – ұрықтың пайда болуынан алғашқы 12 аптада жүктілерді мазалайды. Жүкті әйел әлсізкке, сілекей бөлінудің жоғарлауына, тәбетінің төмендеуіне, дәс сезудің өзгерісіне шағымданады. Оны бұл жағдай есеңгіртеді. Ауыр жағдайда күнсіз де түнде де, 20 дейін жететін құсу мазалауы мүмкін. Нәтижесінде организмде судың азаюынан, сусыздану пайда болып, жүкті әйел кенеттен арықтайды. Оның терісі құрғайды және босайды, температурасы көтеріледі, пульсі жиілейді, қан қысымы төмендейді.

Кеш токсикоз – бұл қте қауіпті жағдай. Жүктіліктің 20 аптасынан бастап босанғанға дейін аралықты қамтиды. Жүкті әйелде бұл кезде құсу мазаламайды, ода ісіктер пайда болады; бірінші аяқта, сосын қолда, сосын бетте пайда болады. Егер емделмесе ісік бүкіл денеге таралады. Сонымен қатар токсикозда қан қысымы 140/90 немесе одан да жоғары көтеріліп, тіпті дәрілермен төмен түсіруде қиындық туғызады. Сосын одан да жоғарлай береді. Кеш токсикозда дәрігерлердің көмегінсіз науқаста өмірге маңызды мүшелер зақымдануға ұшырауы мүмкін: бүйрек, өкпе, жүрек, ми. Бұл кезде жүкті әйелде бастың ауруы, бас айналу, көз көрудің нашарлауы, құлақтағы шу, құсу, жүрек айну, іш аймағында ауырсыну болады. Тіпті токсикозда жүктіліктің екінші жартысында экламсия пайда болады. Экламсияның пайда болуы – қалтырау бірге жүретін есті жоғалту. Такие судороги может спровоцировать громкий звук, яркий свет, боль. Экламсия жүкті әйелді өлімге әкелетін ауыр бұзылыстың нәтижесі болып табылады. Өлімнің себебі болып табылады: миға қан құюлу, жедел тыныс алу, бүйрек жеткіліксіздігі. Бұл кезде сонымен қатар плацентаның ерте ажырауы жүруі мүмкін.

Емі

Ерте токсикоз. Кез-келген токсикоздың болжамы жақсы емес. Токсикоздың бірінші симптомдары пайда болғанда бірден жылдам акушер-гинекологка барыңыз. Дер кезінде емделсе, мүмкін болатын қалайсыз жағдайларды болдырмауға болады. Ерте токсикоз кезінде жиі, бірақ аз-аздан тамақтанған жөн. Тағам қатты ыстық күйінде қабылдауға болмайды. Тұрақты салмағыңызды өлшеп тұрыңыз, егерде салмағыңыз жоғарлап немесе төмендейтін болса – бұл апаттық белгі болып табылады. Токсикоз жайсыз жағдай болса да, жүктілікті сақтауға тырысыңыз, себебі келесі жүктілікте токсикоз қайталанып, ауыр формада болуы мүмкін.

Кеш токсикоз.Кеш токсикоздың емі ауруханад жүргізіледі. Төсектің режим мен стрестік факторлардан аулақ болу негізгі болып табылады. Жүкті әйел сұйықтық пен тұз шектелген диетаны сақтау керек. Қан қысымын төмендету үшін арнайы дәрілер қолданылады. Егер керек болған жағдайда ақуыз препараттарын вена арқылы тамшылатып жіберу арқылы енгізеді. Ауыр жағдайда, жүргізілген ем нәтижесіз болса, экламсияның алдын алу мақсатында – жүктілікті үзу керек.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

 

 

Мазмұны

Жалпы мәліметтер

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы мәліметтер

Өздігінен түсік тастау - жүктіліктің 20-шы аптасына дейін ұрықты өздігінен жоғалту. (Жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін бұл мезгілінен бұрын босану саналады).

Өздігінен түсік тастау - табиғи құбылыс, медициналық немесе хирургиялық түсікке жатпайды.

Өздігінен түсіктердің келесі түрлері болады:

  • Толық түсік: жүктіліктің барлық өнімдері ана денесінен шығады.
  • Жартылай түсік: жүктілік өнімдерінің бөліктері ғана ана денесінен шығады.

  • Тоқтатуға келмейтін түсік.

  • Инфекциялық (сепсистік) түсік: жатырдың жабындысы жұқпаланған.

  • Болмай қалған түсік: жүктілік үзілген, бірақ, жүктілік өнімдері ана денесінен шықпаған.

Сондай-ақ, түсік қаупі термині де қолданылады. Симптомдары –  іштің түйілуі, іншектен қан кетуі мүмкін – түсік тастау мүмкіндігін көрсетеді.

 

Өздігінен түсік тастау қаупі жүктіліктің 7-12 аптасы аралығында  10% жағдайда орын алады. симптомдары: іштің түйілуі, іншектен қан кетуі, арқаның төменгі тұсындағы ауырсыну.

Себептері

Түсіктердің көпшілігі ұрықтың хромосомасының зақымдануынан туындайды, бұл оның қалыпты дамуына кедергі келтіреді. Әдетте, бұл ақаулар ата-анасының гендерімен байланысты емес.

Түсіктердің басқа себептері:

·         Есірткі және алкоголь қолдану

·         Сыртқы уыттардың әсері

·         Гормондық ауытқу

·         Инфекция

·         Семіздік

·         Ананың бала өрбіту ағзаларының дайын болмауы

·         Ана организмінің иммундық жауабындағы мәселелер

·         Ананың жүйелік аурулары, мысалы, бақылауға алынбаған қант диабеті

·         Темекі шегу.

Ұрықтанған аналық жасушалардың шамамен жартысы жойылады және өздігінше түсік тасталынады, әйел жүктілік туралы білмей де қалады. Алғашқы  7 апта ішінде жүктілік туралы білген әйелдердің 15-20% түсік тастауы мүмкін. Ұрықтың жүрегі соға бастағанда түсік ықтималдығы азаяды.

Түсік қаупі келесі әйелдерде жоғары:

  • Жасы 30-дан, әсіресе, 40-тан асқан әйелдер

  • Бұрын түсік болған әйелдер.

Симптомдары

Мүмкін симптомдары:

  • Арқаның немесе іштің төменгі бөлігіндегі әлсіз немесе жіті ауырсыну немесе түйілу
  • Іншектен босану материалдарының немесе қан ұйындысының шығуы

  • Іш аумағындағы ауырсынумен/ ауырсынусыз болатын іншектен қан кетуі

Диагностика

Гинекологиялық қарау кезінде жатыр мойнының ашылуы немесе күшті эрозияға ұшырауы және жіңішкеруі анықталады.

Сондай-ақ, УДЗ (УЗИ) жасап, ұрықтың дамуын, жүрек соғуын және қанталау дәрежесін анықтау қажет. 

Қан талдауы:

  • Қан тобын анықтау (егер теріс резус-фактор болса, сізге теріс резусты иммуноглобулин инъекциясы қажет болады).

  • Қан жоғалту дәрежесін анықтау үшін жалпы қан талдауы

  • Жүктілікті растау үшін АХГ(ХГЧ)

  • АХГ(ХГЧ) бірнеше күн немесе апта сайын қайталау қажет

  • Лейкоциттерге талдау (жеке немесе бірге) мүмкін жұқпаны анықтау үшін.

Емдеу

Түсікте босану материалы зерттеледі және плацента жағдайы анықталады (қалыпты немесе кірме болуына).

Түсіктен кейінгі 2 апта ішінде әйел бақылауға алынады. Егер босану материалы толығымен ана денесінен шықпаса, оны хирургиялық немесе медикаментоздық (мезопростол тағайындалады) жолмен алып тастау қажет.

Емдеуден кейін етеккір айналымы 4-6 апта ішінде қалпына келеді. Кез келген қан кетуі мұқият тексерілуі тиіс. Келесі жүктілік алдында бір толық етеккір айналымын өткізген жөн.

Асқынулары

Толық түсіктің асқынуы сирек болады.

Плацента қалдығының толық шықпауы жағдайында жұқпаланған түсіктің салдары – қызу, тоқтамай іншектен қан кетуі, түйілу және нашар иісті бөлінділер. Жұқпалану күрделі болуы мүмкін, шұғыл медициналық араласуды қажет етуі мүмкін.

Егер әйел нәрестесін жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін жоғалтса, оған медициналық көмекке жүгіну қажет. Бұл мезгілінен бұрын босану немесе ұрықтың өлім-жітімі, бұл жағдайды бақылау үшін дәрігердің назары қажет.

Түсіктен кейін әйел және оның жақындары басыңқылық немесе қайғыру сезіміне ұшырайды. Бұл қалыпты жағдай, бірақ, басыңқы күй өтпесе немесе ушығатын болса, туыс-туғандарыңызға, достарыңызға немесе дәрігерге айту қажет.

Қашан дәрігерге көріну қажет

Жүктілік кезінде түйілумен/түйілусіз іншектен қан кетуі пайда болса, дәрігерге көрініңіз.

Сондай-ақ, жүктілік кезінде іншектен қан ұйындысы немесе босану материалы шығатын болса, дәрігерге көріну қажет. Материалды жинап, дәрігерге тексеруге беру қажет.

Алдын алу

Жүкті әйелге ерте және кешенді күтім көрсету - жүктіліктің түсік секілді асқынуының алдын алу шарасы.

Ауруларды жүктілікке дейін ерте анықтау және емдеу арқылы аурудан болатын түсіктің алдын алуға болады.

Жүктілік барысында зиянды әсерден алшақ болсаңыз, түсік ықтималдығы аз болады. Оларға ренген сәулесі, есірткілер, алкоголь, кофеинді жиі тұтыну және инфекциялық аурулар жатады.

Ана организміне жүктілікті сақтау қиын болса, аздаған іншектік қан кетуі байқалуы мүмкін. Бұл түсік қаупін көрсетеді. Бірақ, бұл міндетті болатындығы емес. түсік қаупінің белгілері мен симптомдары байқалған әйел шұғыл түрде өзінің дәрігеріне қаралуы қажет.

Басқа атаулары

Өздігінен түсік тастау; жол берілген түсік; жол берілмеген түсік; жартылай түсік; толық түсік; тоқтатуға келмейтін түсік; жұқпаланған түсік; кездейсоқ түсік.

 

Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/miscarriage.html

Аудармашы: Ирина Гончарова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі

Редакциялық алқа:

Алмаз Шарман, медицина профессоры

Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.

Сәлім Смайылов, б.ғ.к.

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Жаттықтыратын бұлшық етті тауып алу

Кегель жаттығуларын қалай орындауға болады

Дәрігерге қашан көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Кегель жаттығулары – несепқаптың, жатыр мен тоқ ішектің астындағы бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар кешені. Олар ерлерге де, әйелдерге де несеп шығуы және ішекті босату мәселелерінде көмектесе алады.

Мұндай мәселелер қартайғанда, салмақ артқанда, жүктілік пен босанудан кейін, қуық асты безіне операциядан кейін (ерлерде) немесе гинекологиялық хирургиядан кейін (әйелдерде) пайда болуы мүмкін. Несеп шығару және ішекті босату мәселелері мидың аурулары немесе жүйкелік бұзылыстары бар адамдарда да пайда болуы мүмкін.

Кегель жаттығуларын кез келген уақытта, отырғанда немесе жатқанда жасай аласыз. Тамақ ішіп отырғанда, үстел басында отырғанда, көлік жүргізуде, теледидар алдында демалып отырғанда жасай аласыз.

 

Жаттықтыратын бұлшық етті тауып алу

Кегель жаттығуларын орындау үшін несеп шығаруға ыңғайланып, оны ұстай тұру қажет. Несеп шығаруға қатысатын бұлшық еттерді босаңсытып, одан кейін шиырықтыру қажет. Ширықтыру  қажет болатын бұлшық еттерін дұрыс табу маңызды.

Келесі жолы несеп шығару кезінде бұл үрдісті тежеп көріңіз. Әйелдерде – іншектің (қынаптың), несепқап пен айналшықтың бұлшық еттерінің ширығып, жиырылғандығын сезіну қажет.  Бұл - жамбас қуысы түбінің бұлшық еттері. Егер олардың ширығуын сезінсеңіз, жаттығуды дұрыс орындағансыз.  

Егер қажетті бұлшық еттерді ширықтыратындығыңызға сенімді болмасаңыз:

·         әйелдер: саусақты іншекке (қынапқа) енгізу қажет. Несеп шығаруды тоқтатқыңыз келгендей бұлшық еттерді ширықтырыңыз, одан кейін босаңсытыңыз. Бұлшық еттердің ширығып, жоғары жиырылуын, одан кейін төмен түсуін сезінуіңіз керек.

·         ерлер: саусақты тік ішекке енгізу қажет. Несеп шығаруды тоқтатқыңыз келгендей бұлшық еттерді ширықтырыңыз, одан кейін босаңсытыңыз. Бұлшық еттердің ширығып, жоғары жиырылуын, одан кейін төмен түсуін сезінуіңіз керек.

 

Кегель жаттығуларын қалай орындауға болады

Дұрыс техникасын үйреніп алғаннан кейін Кегель жаттығуларын күніне үш рет орындаңыз:

·         несепқаптың бос екендігіне көз жеткізу қажет, одан кейін отырыңыз немесе жатыңыз.  

·         Жамбас қуысы түбінің бұлшық еттерін ширықтырыңыз. 6 немесе 8-ге дейін санаңыз.

·         Бұлшық еттерді босаңсытып, 10-ға дейін санаңыз.

·         10 реттен, күніне 3 рет қайталаңыз (таңертең, күндіз және түнде).

Жаттығуларды орындау кезінде терең тыныс алып, жайбарақттаныңыз. Іштің, бөксенің немесе кеуденің бұлшық еттерінің ширықпауына көз жеткізіңіз.

4-6 аптадан кейін өзіңізді жақсы сезінесіз, ал симптомдар азаяды. Жаттығуларды орындауды жалғастырыңыз, бірақ, жүктемені арттырмаңыз. Тым көп күш түсірмеңіз, себебі, онда несеп шығаруда тым ширығуға немесе ішектің орамдарының жылжып кетуіне апаруы мүмкін.

Бірнеше ескерту:

·         Кегель жаттығуларын несеп шығару кезінде айына екі рет қана орындауға болады. Себебі, жаттығуларды несеп шығарумен қатар орындау ұзақ уақытқа жамбас түбі бұлшық еттерін босаңсытуы мүмкін.

·         Кегель жаттығуларын әйелдердің дұрыс орындамауы немесе тым күшпен орындауы іншектік (қынаптық) бұлшық еттердің күшті ширығуына апаруы мүмкін. Бұл жыныстық қатынас кезінде ауырсыну әкелуі мүмкін.

·         Жаттығуларды орындауды тоқтатқанда қайтадан несеп ұстамауы болуы мүмкін. Сондықтан, бастағаннан кейін бұл жаттығуларды өмір бойы ұдайы орындау қажет.

·         Жаттығуларды орындай бастағаннан несеп ұстамау симптомдарының азаюына дейін бірнеше ай өтуі мүмкін.

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Кегель жаттығуларын  дұрыс орындауыңызға сенімсіз болсаңыз, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Дәрігер олардың дұрыс орындалуын тексере алады.

 

Синонимдары

Жамбас қуысы бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар; Жамбас қуысы бұлшық еттеріне жаттығулар.