.

Жүрек айну | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жүрек айну

Энцефалит– бұл вирусты инфекцияның себебінен болатын мидың қабынуы. Егер дер кезінде емделмейтін болса, энцефалит мидың қалыпты жұмыссын бұзылып, өмірге қауіп қатер әкелуі мүмкін.

Энцефалиттің симптомдары: қызба, бас ауру, ақыл-естің бұзылысы болып табылады. Сонымен қатар басқа да симптомдар қосылуы мүмкін, мысалы, жарыққа сезімталдылықтың жоғарлауы, құсу және жүрек айну, мойын және арқа бұлшықеттерінің сіресуі, әлсіздік. Кейде сіреспелі талма, мінез-құлықтың өзгеруі сияқты белгілерде пайда болады. В общем, симптомы, развивающиеся внезапно и внушающие опасения с самого начала, обычно указывают на более сильную, опасную для жизни форму энцефалита.

Эгцефалит көбінесе вируспен шақырылады, соның ішінде жай герпес, гениталды герпес, теңіз шошқасы, қызылша, желшешек, мононуклеоз, тұмау, қызамық. Энцефалитті маса мен шыбындар тарата алады.

Науқасты ауруханаға жаттызып, вирустарға қарсы препараттарды пайдалану арқылы емдейміз. Ацикловир симптомдарды жояға жақсы көмектесетін препарат болып табылады.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Жүктілердегі таңғы уақыттағы жүрек айну – жүктілік кезінде әйелдерге жат гормандардың пайда болуынан жүрек айну немесе құсу пайда болады. Жүктілердегі таңғы уақыттағы жүрек айну жиі жүктіліктің бірінші триместрінде пайда болады.

Әдетте жүрек айну мен құсу сезімі жиі таңертеңлік уақытта мазалайды, бірақ та кейде күндіз де, түнде де мазалауы мүмкін. Көп жүкті әйелдер де екінші триместрде бұл жағдай мазаламай, өзін жақсы сезінсе, кейбіреулерінде басқа триместрде одан самай күшейіп кетуі де мүмкін.

Жүктілердегі таңғы уақытта пайда болатын жүрек айнудың үй жағдайындағы емі:

  • Жиі, аз-аздан тамақ қабылдау, себебі бос асқазан жүрек айнуды тудыруы мүмкін.
  • Таңертең төсектен тұрғанға дейін жеңіл –желпі тамақ қабылдау.
  • Егер ісіну мазаламаса, сұйықтық көп мөлшерде қабылдау.
  • Майлы тағамдарды азайту және құрамында ақуыз өнімдері жоғары жеміс-жидектерді және көкеністерді тұтыну.
  • Жүрек айнуды шақыртатын иістерден және көкеністерден (сүт, кофе, цитрусты шырындар )шектелу.
  • Кезекті демалыстар.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

 

Адам есінен танған кезде қошаған ортадағы жағдайға жауап бермейді, байланысқа түспейді. Есін жоғалтуды жиі нокаут жағдайы ретінде сипаттайды.

Есін жоғалту жағдайындағы адамды сезімге келтіру әрекеттері сәтсіз болуы мүмкін. Адам мүлдем жауап бермеуі мүмкін немесе есту арқылы немесе ессіз қозғалыстармен жауап беруі мүмкін.

60 секунд ішінде есінен тану дәрігерлік тексерісті қажет етеді.

Бас жарақатынан кейін есінен тану(қысқамерзімдік болса да) дереу дәрігердің тексеруін қажет етеді.
 
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы