.

жүрек жеткіліксіздігі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

жүрек жеткіліксіздігі

Баяу дамыйтын ісіну әдетте қауіпті емес. Ісіну (ісіну) аяқты толығымен жазуға немесе бүгуге, біріктірілген қозғалысты немесе «қаттылықты немесе тығыздықты» сезінуді шектейді.Егер ісіну үй жағдайында емделсе, басқада бір өзгерістер болмаса онда дәрігерге тексерілу міндетті емес.
Аяқ-қолдың ісінуі жиі отырғаннан немесе тұрғаннан пайда болады. Ісіну ыстық немесе суық күндерде пайда болады. Орындықта немесе көлденең күйде болғанда және ісініп тұрған аяқты биікке көтеріп қойса осындай ісікті қайтарады.
 
Ісіктің аса ауыр болуы мүмкін, егер:
  • Аллергиялық реакцияға ұқсас жәндіктердің шағуынан немесе жаңа дәріні қабылдағаннан қатты ісінудің болуы (білек және шынтақ, табан және тізе).
  • Ісінген аймақтың қандануы азайған немесе тоқтап қалса.
  • Ол тек бір аяққа әсер етсе. Терең венадағы қан уюы мүмкін.
  • Лимфалық шумақтарды алып тастағанда, мысалыға кеуде безін алып тастағанда кеуде рагы кезінде. Бұл ісіну лимфодемодан болуы мүмкін.
  • Егер жүрек жеткіліксіздігі не болмаса жүрек ақаулары болса аяқтардың ісінуінің артуы.
  • Инфекцияның белгілері болса.
 
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
 

Бұл не? Плевральді жалқық (плевральный выпот) -бұл өкпе мен кеуде торын бөлетін плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы. Сұйықтықтың жиналуына әкелетін негізгі себептерге қабыну үрдісі, жүрек жеткіліксіздігі, қатерлі ісік және ұйқыбезінің қабынуы жатады. Плевральді жалқық өкпе туберкулезінде ең жиі көрінеді.

Тыныс алудың қиындауы, кеудедегі ауырсыну сезімі, қақырықсыз жөтел, дене температурасының көтерілуі плевральді жалқықтың симптомдары болуы мүмкін. Егер плевральді жалқық аз болса, симптомдары болмауы мүмкін. Сұйықтықтың көптеп жиналуы тыныс алудың қиындауын шақырып өкпенің толық толуына кедергі келтіреді.

ДиагностикасыДәрігер плевральді жалқықты қарау кезінде анықтап, кеуде қуысының рентгенографиясы арқылы дәлелдеуі мүмкін.

Емі. Егер плевральді жалқық аздаған болса дәрігердің араласуын қажет етпейді. Егер емді қажет етсе, ең алдымен плевроцентез арқылы –инені плевра қуысына енгізу арқылы сұйықтықтықты сорып алу керек. Алынған сұйықтықты лабораторияға жіберу арқылы оның жиналу себебін анықтауға болады.

Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы