.

Жүректің ишемиялық ауруы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жүректің ишемиялық ауруы

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Болжамы

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

 

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – бұл жүрекке қан мен оттегіні жеткізетін шағын қан тамырларының (коронар тамырлары) тарылуынан пайда болатын ауру.

 

Себептері

Жүректің ишемиялық ауруы ерлер мен әйелдер арасындағы өлімнің жетекші себебі болып табылады.

Жүректің ишемиялық ауруының себебі болып коронар тамырланың атеросклерозы табылады. Бұл процесс коронарлы тамырларының қабырғаларының қатаюына алып келеді.

Процесстің басында майлардан тұратын түйіншектер пайда болады. Олардың кесірінен қан тамырлары тарыла бастайды. Тарылған коронарлы тамырлар қажетті деңгейде жүрекке қанды жеткізе алмайды.

Жүрек-қан тамырлар ауруларының қауіп қатер факторлары деп осы аурулардың даму қауіпін жоғарлататын факторларды атаймыз. Олар модификацияға бағынатын және бағынбайтын факторларға бөлінеді.

 

Жүрек ұстамасынемесе жедел миокард инфарктісі жүректің бұлшық етіне қан жеткізетін артерияның зақымдануынан пайда болады. Бұл процесс артериялардың спазм немесе атеросклерозынан дамиды. Нәтижесінде, миокардтың тіні зақымданып, оның жиырылғыш қызметі жоғалады.

 

Симптомдары

Кейде жүректің ишемиялық ауруы білінбей өтуі мүмкін. Бұл, әсіресе, аурудың дамуының бастапқы сатысына тән.

Жүректің ишемиялық ауруының басты симптомы ретінде ауырсыну болып табылады. Аурудың пайда болу орыны, таралымы стенокардияға ұксас болып, көбіне төс немесе жүрек аймағында пайда болады. Ауырсунудың басты себебі жүрекке оттегі мен қанның қажетті көлемде жетпеуі.

Ауырсынудың бірнеше түрлері болады. Төс немесе жүрек аймағы басып, сыздап, ашып аурады. Ауру әдетте сол қол, иық, мойын, жауырын кейде екі қолға да, жақ сүйегіне таралады.

Әдетте ауырсыну шамадан артық физикалық немесе эмоционалды белсенділік фонында пайда болады. Ауырсыну демалған соң немесе нитроглицеринді қабылдағаннан кейін өтуі мүмкін.

Жүректің ишемиялық ауруының басқа симптомдары:

  • Демікпе;
  • Шаршағандық;
  • Жалпы әлсірегендік.

 

Диагностикасы

Дәрігер диагнозды дұрыс қою үшін бірнеше диагностика тәсілдерімен пайдаланады:

  • Коронароангиография – бұл жүректің қан тамырларының рентген көмегімен инвазивті зерттеу тәсілі;
  • Стресс – эхокардиография
  • Электрокардиография (ЭКГ)
  • Электронды-сәулелі компьютерлік томография (ЭСКТ) – кальцийдің артерия қабырғаларында жиналуын анықтайтын диагностика тәсілі;
  • Жүректің компьютерлік томографиясы;
  • Нуклеарлы стресс-тест

 

Емі

Дәрігер жоғары қан қысымының, қант диабеті және қандағы холестерин деңгейінің коррекция мақсатында, сізге бірнеше препараттарды тағайындауы мүмкін.

Жүректің ишемиялық ауруының емінің мақсаттары:

  • Қан қысымының деңгейі 140/90 тең немесе одан төмен болуы тиіс;
  • HbA1cқалыпты деңгейінде ұстау;
  • Төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі 100 мг/дл тең немесе одан төмен болуы тиіс.

Дәрігердің рұқсатысыз препараттардың қабылдауын тоқтатуға болмайды. Бұл стенокардияның шырқалуына және жүрек ұстамасына алып келуі мүмкін.

Жүректің ишемиялық ауруының хирургиялық ем тәсілдерінің бірнеше түрлері болады:

  • Ангиопластика және стенттеу;
  • Коронарлық шунттау;
  • Минимально инвазивная хирургия сердца

 

Болжамы

Қалпына келу процессі әр түрлі өтуі мүмкін. Кейбіреулеріне диетаны ұстау, темекі шекпеу және препараттарды дер кезінде ішу жылдам қалпына келу үшін жеткілікті Ал басқалары хирургиялық әрекетті талап етеді. Бұған қарамастан, басты профилактика тәсілі ретінде жүректің ишемиялық ауруын дәл уақытында анықтауы саналады.

 

Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс

Егер сізде жүректің ишемиялық ауруының қауіп қатер факторлары болса, онда дәрігерге қаралуыңыз тиіс.

Ал жүректің ишемиялық ауруының симптомдары (төс немесе жүрек аймағындағы ауырсыну, демікпе және жүрек ұстамасының симптомдары) пайда болса, онда дереу жедел жәрдем шақыруыңыз керек

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Диагностика

Емдеу

 

Жалпы ақпарат

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде жүрек организмнің қажеттіліктерін өтеу үшін қанды толық көлемде айдай алмайды. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің дамуы жүректің тоқтап қалуын немесе енді тоқтап қалу мүмкіндігін білдірмейді.  Бұл дегеніміз – жүрек қажеттілікке сай қанды айдай алмайтындығын білдіреді. Бұл кезде жүректің бір және екі жағы да зақымдануы мүмкін.

Жүректің айдау қызметінің әлсіреуінде пайда болады:

  • Өкпеде қан мен сұйықтықтың жиналуы
  • Аяқтың ұшының, тобықтың және аяқтың аумағында сұйықтықтың жинақталуы, олар ісінулер аталады
  • Шаршау және ентігу пайда болады.

 

Себептері

Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің себептері – жүректің ишемиялық ауруы, жоғары артериалдық қысым, қант диабеті және басқа бірқатар аурулар. Ол көбінесе, 65 жастан асқан адамдарда, артық салмағы бар адамдарда, бұрын жүрек талмасы болған адамдарда жиі кездеседі. Әйелдерге қарағанда ерлерде жүрек қызметі жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары келеді.

 

Диагностика

Дәрігер жүрек қызметінің жеткіліксіздігін медициналық тексеру және бірқатар кардиологиялық тексерулер арқылы анықтайды.

 

Емдеу

Емдеуге жүрек қызметі жеткіліксіздігінің негізгі себептерін емдеу, дәрілік құралдарды қабылдау және басқа әдістер тиімсіз болғанда жүректің трансплантациясын (алмастыруды) жасау кіреді. 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Дәрігерге қашан көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Шеткері артериялардың аурулары – аяқты және аяқтың ұшын қанмен қамтамасыз ететін артериялардың қабырғаларын нығайтуға және тарылтуға апаратын дерттік жағдай.

Тамырлардың саңылауының тарылуы олардағы қан ағымының азаюына апарады, бұл нервтер мен тіндердің зақымдануын туындатады.

 

Аяқтың атеросклерозы аяқты және аяқтың ұшын қанмен қамтамасыз ететін артериялардың тарылуымен және қабырғасының нығаюымен сипатталатын шеткері қан тамырларының ауруы. Артериялардың тарылуы қан ағымының азаюына апарады. Аурудың симптомдарына жататындар – аяқтағы ауырсыну және жансыздану, ұйып қалу сезімі, аяқтың және аяқ ұшының мұздау сезімі, сандағы, балтырдағы немесе аяқ ұшындағы бұлшық еттің ауырсынуы.

Себептері

Шеткері артериялардың аурулары атеросклероз немесе «артериялар қабырғасының қатаюы» салдарынан туындайды. Бұл дерттік жағдай май бөліктерінің тамырлар қабырғасындағы жинақталуында пайда болады, нәтижесінде саңылау тарылады. Сондай-ақ, артериялардың қабырғасы тығыз бола түседі және оларда қан ағымы күшейгенде кеңейе алмайды.

Нәтижесінде, аяқтың жұмысының күшеюінде, мысалы, жаттығу немесе серуендеу кезінде олар қанның және оттегінің қажетті мөлшерін ала алмайды. Аурудың ушығуында, түбінде, организм бұл бұлшық еттерін қан мен оттегінің жеткілікті мөлшерімен тыныш күйдің өзінде қамтамасыз ете алмайды.

Шеткері артериялардың аурулары – жиі тараған ауру. Ол 50 жастан асқа ерлердің арасында жиі кездеседі. Адамдар келесі жағдайларда жоғары қауіпке ие болады:

  • Қандағы холестериннің жоғары мөлшері
  • Қант  диабеті
  • Жүрек аурулары (жүректің ишемиялық ауруы)
  • Артериалдық қысымның артуы (артериалдық гипертония)
  • Бүйрек аурулары,  гемодиализ өткізу қажеттігімен
  • Темекі шегу
  • Инсульт (мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы немесе қан құйылуы)

 

Симптомдары

Әдеттегі симптомдары : аяқ ұшының, балтырдың немесе  санның бұлшық етіндегі ауырсыну, шаршау, күйдіру немесе жайсыздық сезімі. Бұл симптомдар әдетте, серуендеу немесе дене жаттығулары кезінде пайда болады және бірнеше минут демалғаннан кейін өтеді.

  • Аурудың бастапқы кезінде бұл симптомдар тауға шығатын кезде, тез жүруде, немесе үлкен қашықтықтағы жолды жүргенде пайда болады. 
  • Кешірек бұл симптомдар жиірек және аз жүктемеде де пайда болады.
  • Тыныш күйде аяқтың және аяқ ұшының ұйып қалуы сезіледі. Аяқты ұстағанда -салқын, ал терісі солғын болып көрінеді.

 

Шеткері артериялардың аурулары ушыққан кезде келесі симптомдар дамуы мүмкін:

  • Импотенция
  • Түнгі кездегі ауырсыну және құрысу
  • Аяқ ұшындағы немесе бақайлардағы ауырсыну немесе шаншу, олар айқын болғандықтан, аяққа киім немесе төсек тигенде ауырсыну сезімі пайда болады.
  • Аяқты көтергенде нашарлайтын және төсектен төмен түсіргенде әлсірейтін ауырсыну
  • Тері қошқыл және көгерген болып көрінеді
  • Жазылмайтын жаралардың пайда болуы

 

Диагностика

Дәрігермен кеңесуде анықталуы мүмкін:

  • Зақымданған артерия үстіндегі фонендоскоппен тыңдалатын, ысқыратындай дыбыс
  • Зақымданған аяқтағы артериалдық қысымның төмендеуі
  • Аяқтың түктерінің жойылуы
  • Аяқтағы тамырдың соғуының әлсіздігі немесе болмауы

 

Шеткері артериялар ауруларының ауыр өтуінде пайда болатын симптомдар:

  • Санның бұлшық етінің жұқаруы, атрофиясы
  • Бақайдың үстіндегі және аяқ ұшының түктерінің түсуі
  • Аяқтағы немесе бақайлардағы ауырсынатын, қанамайтын, баяу жазылатын ойық жаралар (қара түсті)
  • Бақайдың немесе аяқ ұшының терісінің солғындығы немесе көгерген түсі (цианоз)
  • Жылтыр, тартылған тері
  • Тырнақтың қалыңдауы

Қан талдауында холестерин деңгейінің артуы немесе қант диабеті анықталады.

Шеткері артериялардың ауруларында қажетті тексерулер:

  • Аяқтың артерияларының ангиографиясы (артериография)
  • Қол-аяқтағы артериалдық қысымды өлшеу және салыстыру (тобықтық-иықтық индекс)
  • Ультрадыбыстық допплерография
  • Магниттік-резонанстық ангиография немесе КТ- ангиография

 

Емдеу

  • Дене жаттығулары мен демалысты үйлестіріңіз. Жаяу жүріңіз немесе басқа жаттығуларды орындаңыз, ауырсынуға қарамастан жүруді демалумен кезектестіріңіз. Уақыт өте келе жаңа, шағын (коллатералдық) қантамырлар қалыптасуымен қан айналымы жақсарады. Жаттығу алдында дәрігермен кеңесіңіз.
  • Темекі шекпеңіз. Темекі шегу артерияларды тарылтады, осылайша, қанның оттегіні тасымалдау қабілеті төмендейді, бұл кезде тромбы және эмболия қалыптасу қаупі артады.
  • Аяққа күтім жасау қажет, әсіресе, қант диабеті болса. Ыңғайлы аяқ киім кию қажет. Кез келген кесіп алуға, зақымға назар аудару қажет және дәрігерге көріну қажет. Тіндер баяу жазылады және қан айналымы бұзылуы болғанда жиі жұқпаланады.
  • Артериалдық қысымның жақсы бақылануына көз жеткізіңіз.
  • Артық салмақ болса, азайтыңыз.
  • Егер холестерин деңгейі жоғары болса, холестерин мен майдың мөлшері төмен болатын емдәм ұстаныңыз.
  • Диабет болса, қандағы қант деңгейін бақылаңыз.

 

Бұл топтың ауруларын бақылау үшін дәрілік препараттар қабылдау қажет болады, мысалы:

  • Аспирин немесе клопидогрель (Плавикс) препараты, ол артериялардағы тромбының қалыптасуының алдын алады. Дәрігермен кеңеспей, бұл дәрілерді қабылдауды ТОҚТАТПАҢЫЗ.
  • Зақымданған артерияның саңылауын кеңейтетін дәрілер. Сондай-ақ, артериялардың жеңіл және ауыр зақымдануы бар адамдарда қолданылады, оперативтік емдеуге баратындардан басқаларда. 
  • Холестерин деңгейін төмендететін препараттар
  • Ауырсынуды басатын құралдар.

Егер жоғары артериалдық қысымнан және қант диабетінен дәрі қабылдайтын болсаңыз, оларды дәрігердің ұсынысына сай қабылдауды жалғастырыңыз.

Аурудың барысы ауыр болса, жұмысқа немесе басқа қызметке әсер етсе, немесе тыныш күйде ауырсыну сезілсе, хирургиялық араласу орындалады. Мүмкін нұсқалары:

  • Шеткері артериялардыың ангиопластикасы және стенттеу (жүректің коронарлық артериясын ашуда қолданылатын әдіске ұқсас, тек зақымданған аяқтың қантамырында орындалады)

Шеткері артериялардың аурулары бар науқастардың кейбіріне ампутация қажет болуы да мүмкін.

 

Болжамы

Әдетте, шеткері артериялардың ауруларын хирургиялық араласусыз да бақылауға болады. Ауыр жағдайда хирургиялық емдеу аурудың симптомдарын жеңеді.

 

Мүмкін асқынулары

  • Тромбоз немесе эмболия, олар ұсақ артерияларды бітейді.
  • Жүректің ишемиялық ауруы
  • Импотенция
  • Аяқтың ашық жарасы (ишемиялық ойық жаралар)
  • Тіндердің жойылуы (гангрена)

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Келесі симптомдар кезінде дәрігерге көрініңіз:

  • Аяқтың немесе аяқ ұшының терісі ұстағанда суық, солғын түсті, көгерген немесе жансызданып, ұйып қалуын сезінесіз
  • Кеудедегі ауырсыну немесе ентігу, аяқтың ауырсынуымен қоса.
  • Аяқтың ауырсынуы, демалғанда немесе қимылсыз болғанда да өтпейтін (тыныш күйдегі ауырсыну)
  • Аяқтар қызыл, ұстағанда ыстық немесе ісініп көрінеді
  • Жаңа жаралардың/ойық жаралардың пайда болуы
  • Инфекция белгілері (қызба, қызару, жалпы нашар сезіну)
  • Аяқ атеросклерозының симптомдары

 

Синонимдары

Шеткері артериялардың аурулары; Бітейтін атеросклероз; сирақтың артерияларының бітелуі; ұстамалы ақсау; Вазоокклюзивтік аяқ аурулары; Аяқтың артериалдық жеткіліксіздігі; аяқтағы кезеңді ауырсынулар және құрысулар.