Жұтынудың қиындауы, көбінесе, тамақтың инфекционды қабынуынан пайда болатын процесс. Оны дер кезінде емдегені ауырсыну сезімінен және жұтынудың қиындауынан құтылуға мүмкіндік. Алайда, жұтынудың қиындауы асқазан мен өңештің ауруларынан пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда, дәрәгер толықтай диагностиканы жасап ем тағайындауы тиіс.
Аударған: Тілеубек Нұридін
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Үшкірбасты кондилома
Себептері
Симптомдар
Диагностика
Емі
Болжамы
Асқынулар
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Профилактика
Жалпы ақпарат
Жұтқыншақ артқы абсцессі – жұтқыншақтың артқы бетіндегі тіндерде іріңнің жинақталуы. Бұл адам организміне қауіпті болып келеді.
Жұтқыншақтын анатомиялық құрылымына өңеш, трахея, көмекей және бадамшалар кіреді.
Себептері
Жиі абсцесс 6 жасқа дейінгі балаларда кездесе, бірақ та ол кез-келген жаста да кездесу мүмкін.
Инфицирленген материал (ірің) жұтқыншақтың артқы қабырғасында жинақталады. Ауру жұтқыншақтын инфекцясын жұқтырғанда немесе жұқтырғаннан кейін пайда болу мүмкін.
Симптомдар
Тыныс алу қиындауы
Жұтыну қиындауы
Сілекей ағу
Жоғары қызба
Тыныс алған кездегі ысқырық (стридор)
Тыныс алу кезінде қабырғааралық бұлшықеттердің кіліуі (қабырғаралық ретракция)
Тамақтағы қатты ауру сезімі
Бас бұру кезіндегі қиындықтар
Диагностика
Дәрігерге сіздің жұтқыншағыңызды тексеру қажет болады. Дәрігер немесе мейірбике жұтқыншақтың артқы қабырғасын мақталық тығынмен ақырындап сүртеді. Бұл процедура жұтқыншақтағы дақылды тексеру үшін лабораториялық тексеру әдісі болып табылады.
Басқа тексеру әдістері:
Жалпы қан анализы (ЖҚА)
Мойынның компьютерлік томографиясы (КТ)
Мойынның рентгенографиясы
Емі
Зақымдалған аймақты тазалау үшін хирургиялық әдіс қолданылады. Кейде тыныс жолдарының ісінуін азайту үшін кортикостероидтар тағайындалады. Антибиотиктердің жоғары дозасы тамырішілік енгізу инфекция емінде қолданылады.
Осылай, тыныс алу жолдары ісіну кезінде бітелмей қорғаныста болады.
Болжамы
Бұл ауру кезінде міндетті түрде шұғыл медициналық көмек қажет болады. Бұл жағдай тыныс алу жолдарын бітеу мүмкін. Ол өмірге қауіпті. Уақытында басталған ем толық қалпына келтіреді.
Асқынулар
Тыныс жолдарының обструкциясы (бітелуі)
Аспирация (тыныс жолдарына әртүрлі бөтен заттардың түсуі)
Остеомиелит (сүйкетің ішіне өтіп кететін инфекция)
Бұл тізім барлық асқынуларды қоспайды.
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Егер сіз немесе сіздің балаңызда жоғары температура және тамақтағы қатты ауру сезімі болса дәрігерге қаралыңыз.
Шұғыл түрде жедел жәрдем шақырыңыз, егер:
Тыныс алу қиындаған
Тыныс алу кезінде ысқырықты дыбыстар (стридор)
Қабырға арасындағы бұлшықеттер тыныс алу кезінде кіріп кетеді (қабырғаралық ретракция)
Профилактика
Уақыты фарингитті немесе басқа тыныс алу инфекцияларын диагностикалау және емдеу, жұтқыншақ артқы абсцессін пайда болуын алдын алады.
Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы
Эпиглоттит– кеңірдектің жалғасы болып табылатын, көмекейдін немесе жұтқыншақтың қабынуы. Жұтқыншақ – екі қызмет атқарады; біріншісі – тыныс алуға қатысады, яғни кеңірдекпен байланысып, екіншісі – өңеш арқылы байланысып, асты асқазанға тасымалдайды. Екі қызметті атқаруына жұтқыншақтың қақпақшығы көмектеседі. Адам тамақ жұтқанда, жұтқыншақтың қақпақшағы жабылады, себебі тамақтың және сұйықтықтың кеңірдекке өтіп кетпеуі үшін.
Эпиглоттит өсірге қауіпті болуы мүмкін, егерде жұтқаншақ қабынып, ісініп кететін болса, бос кеңістің бітеп кеңірдекке ауа өтпей, тұншығу пайда болады. Тыныс алудың жоғарғы бөліктерінде кездесетін инфекцияларсыз ақ, эпиглоттит кенеттен басталуы мүмкін.
Эпиглоттиттің симптомдарына жатады:
Тыныс алудың қиындауы.
Қызба
Сілекей ағу және сұйықтық жұтудың қиындауы.
Дауыстың тұйықталуы
Жатқан қалыпта тыныс алудың қиындауы. Эпиглоттитпен ауыратын балалар төсекте жатқаннан гөрі, басын алға шығарып, отқанды жасқы көреді.
Бұрынғы кезде балаларда эпиглоттитті Haemophilus influenzaeинфекциясы шақыратын. Бұл инфекцияны - Haemophilus influenzae b түріне қарсы вакцина егу арқылы тоқтатуға болады. Балаларда Haemophilus influenzae инфекциямен шақырылатын эпиголоттит қазіргі кезде сирек кездеседі. Ересектерде эпиголиттитің себебі стрептококк болып саналады.
Эпиглоттитпен ауыратын балалардың жағдайы өте ауыр көрініс береді. Егер де балаларыңызда эпиглоттиттің симптомдары байқалса, бірде жедел жәрдем шақырыңыз.
Аударған: Бердібек Ағабек
Қалқанша без түйіні– тамақты жауып орналасқан, көбелек тәрізді қалқанша безінде аномалді түйіннің пайда болуы.
Көп жағдай да түйіндер қатерсіз болып келеді, бірақ та қатерлі түрлері де кездесіп те тұрады.
Қалқанша без түйінінің симптомдары:
Қалқанша безінде ісіктің пайда болуы.
Қалқанша безінің ауырсынуы.
Жұтынудың бұзылыс.
Қарлығу және скрипучесть голоса.
Егер қалқанша безі гормондарды қалыптыдан көп бөлетін болса, әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, үлкен дәретке көп отыру, жүрек соғысының жоғарлауы, ыстық температураны көтере алмау, мазасыздану, тітіргенгіштік, бұлшықеттің әлсіздігі сияқты симптомдар қоса мазалайды.
Егер қатерсіз түйін болса, көлемі жағынан үлкен емес және пациентті ешнәрсе мазаламаса, оның емі бірнеше уақытқа кейін қалдырсада болады. Ал егер қатерлі түйін болса немесе қатерсіз, бірақ көлемі ірі болып, пациенттің тыныс алуына және жұтуына қиындықтар туғызса, оны хирургиялық жолмен алуып тастау керек.