Ауызда немесе тісте металл дәмінің сезілуі инфекцияның әсерінен болуы мүмкін, терінің жағдайы, ауыз қуысының шырышты қабықтарына әсер етеді, сол сияқты қызыл жазық теміреткі немесе басқа да проблемалар сияқты Крон Ауруы.
Металл дәмі ауыздағы бар заттармен де сезілуі мүмкін. Медициналық шайналатын ауыз арқылы қабылдайтын дәрі-дәрмектер, тілдің ұшында уақытша металл дәмін тудыруы мүмкін. Металл элементтері бар, мысалы, флагил, тетрациклин, пенициламин, биаксин, этамбутол, бигуанидтер, аллопуринол сияқты басқа да препараттарды ауыз қуысы арқылы слекей секрециясымен немесе тікелей қанға енген кезде металл дәмі сезілуі мүмкін.
Егер сіз ауыздағы металл дәмін, ішіп жүрген дәрі-дәрмектен күдіктенсеңіз, онда сол дәріні сізге жазып берген дәрігерге хабарласып ол дәріні әрі қарай қолданған немесе ауыстырғанды сұрастырған жөн. Тағайындау керек болмауы мүмкін. Дәрі-дәрмекті рецептсіз қабылдап жүрсеңіз, ол дәріні әрі қарай қабылдауды тоқтатыңыз. Егер сіз ол дәрілерді әрі қарай қабылдау керек деп ойласаңыз, емдеуші дәрігеріңізге хабарласаңыз.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Аспергиллез дегеніміз - саңырауқұлақтар мен шақырылатын жұқпалы ауру.Бұл ауру теріні, құлақты, мұрын қуысын және иммундық жүйесі әлсіз адамдарда өкпені зақымдайды.
Аспергиллез мынадай түрлерге бөлінеді:
· Бронхөкпелік аспергиллез
· Септикалық аспергиллез
· ЛОР-мүшелерінің аспергиллезі
· Көз аспергиллезі
· Тері аспергиллезі
· Сүйек аспергиллезі және т.б аспергиллездер бар(ауыз қуысының,жыныс мүшелерінің)
Бронхөкпелік аспергиллез алғашында бронхит немесе трахеобронхит симптомдарымен көрінеді.Науқастар жалпы әлсіздікке,жөтелмен бірге шығатын сұр түсті кейде қан аралас қақырыққа шағымданады.
ЛОР-мүшелерінің аспергиллезі сыртқы және ортаңғы отиттің дамуымен,мұрын қуысының шырышты қабаты және көмей қосалқылырының зақымдалуымен сипатталды.Сонымен қатар терінің және тырнақтың аспергиллезі пайда болады.
Иммундық жүйесінде ақауы бар (АИТВ жұқтырғандар) немесе иммундық жүйені басатын дәрілерді (иммунодепресанттар, ісікке қарсы химиотерапия ) қабылдап жүрген науқастарда аспергиллез ауыр ағымда өтеді.
Емі
Терінің зақымдалуы немесе шырышты қабаттың аспергиллезі кезінде науқас жергілікті қабынуға қарсы және антимикотикалық препараттарды қабылдайды.Ал өкпелік және жайылған аспергиллездер ауруханада жатқызылып емделеді.
Аударған: Мелис Айбек
Мазмұны
Себептері
Диагностикасы
Емі
Болжамы
Асқынулары
Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс
Профилактикасы
Цервицит– жатыр мойнының кілегейлі қабатының қабынуы.
Себертері:
Цервицит көп жағдайда жыныстық қатынас арқылы беріледі. Церыицитті шақыратын инфекциялар:
Хламидия
Гонорея
Герпес вирусы
Папиллома вирусы
Трихомониаз
Цервицитті шақыратын басқа да факторлар:
Кіші жасбас қуысына еніп тұратын мойын қалпағы, диафрагма, пессарий т,б заттар.
Контрацепция ретінде пайдаланған – спермицидке аллергия.
Латекстті мүшел қапқа аллергия.
Химиялық заттардың әсері.
Цервициттің таралу жиілігі үлкен. Жыныстық қатынасқа болатын ересек әйелдердің тең жартысын осы ауруға шалдығады. Қауіп-қатер тобына жататындар:
Жыныстық қатынысқа белсенді түсетіндер.
Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциямен бұрын шалдыққанда.
Жыныстық серіктестерді жиі ауыстыру.
Жыныстық қатынасқа ерте түсу.
Бактерия немесе қалыпты да болатын бактериялардың шамадан тыс көбеюі цервициттің пайда болуына әкеледі.
Симптомдары:
Аурулардың симптомдарына жатады;
Жыныстық қатынас, менопауза, етеккір аралық кезеңде қынаптан қан кетулер.
Сүр, ақ, сары түсті қалыптыда боламайтын қынаптан бөлінділердің бөлінуі.
Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну.
Қынап айналасының ауырсыну.
Мықын аймағының қысып ауырсынуы.
Диагностикасы
Гинекологиялық тексерулер
Қынаптан бөлінділердің пайда болуы.
Жатыр мойнының кілегей қабатының қызаруы.
Қынатың қабынуы, ісінуі.
Аспаптық зерттеулерге жатады:
Бөлінділерді микроскоппен қарау
ПАП-тестті
Гонорея мен хламидиозға тексеру
Сирек жағдайда кольпоскопия мен жатыр мойнынан биопсия алу жүргізіледі.
Емі
Хламидоиз бен гонореяны емдеу антибиотиктер арқылы жүргізіледі. Герпетикалық инфекциялар үшін вирусқа қарсы препараттар тағайындалады.
Менопаузаға жеткен әйелдер үшін гормоналды препараттар тағайындалуы мүмкін.
Дәрі-дәрмектермен жүргізілген ем, өз нәтижесін бермейтін болса:
Криохирургия
Зақымдалған тіндерге зонд арқылы электр тоғымен әсер ету.
Лазерлі терапия.
Болжамы
Цервициттің себебі тауып, ем тағайындауда қателеспесе – аурудың болжамы жақсы.
Мүмкін болатын асқынулар
Цервицит кезінде дер кезінде емделмесе ауру бірнеше айдан бірнеші жылға созылып кетуі мүмкін. Цервицит жыныстық қатынас кезінде ауырсынуды шақыруы мүмкін.
Қай кезде дәрігерге қаралу тиіс
Цервициттің бастапқы симптомдары білене бастағанда дәрігерге қаралу керек.
Профилактика
Цервициттің падй болуына төмендететін іс-шаралар:
Қынапты тітіркендіретін заттарды пайдаланбау, мысалы, тампондар.
Қынапқа енгізетін сыртқы заттар надлежащим жағдайда орналасу керек. Заттың инструкциясымен танысып, қанша уақыт тұруы керек, қанша уақыттан кейін ауыстыру керек екенін білу керек.
Сіздің жыныстық серіктесіңіз жынысытық қатынас арқылы жұғатын инфекциямен ауырмайтындығына көз жеткізу керек. Сіз және сіздің жыныстық серіктесіңіз басқа адамдармен жыныстық қатынасқа түспеуі керек.
Жыныстық қатынас кезінде мүшел қап пайдаланыңыз, себебі жынысытық қатынас арқылы жұғатын инфекцияны таралуын шектейді. Мүшел қап еркек үшін де, әйедер үшін де бар, бірақ та еркектер жиі пайдаланады.
Аударған: Бердібек Ағабек
Сепсис - белгілі бір инфекцияның қанға, лимфаға, жасушаларға таралуына байланысты, иммунды жүйенің жоғарлаған реакциясы. Ауыр сепсис жиі қан қысымының төмендеуінің себебі болып табылады. Ол өз кезегінде ағзадағы қанайналымның бұзылуына әкеліп, нәтижесінде мүшелік жетіспеушілік және өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Сепсистің симптомдары - қызба немесе температураның төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі, қалтырау және дірілдеу, жүрек соғысының жиілеуі, зәр шығарудың азаюы, есінің шатасуы және сандырақтауы болып табылады.
Сепсисті ең жиі себебі – бактериялық инфекция болып табылады, бірақ кейде басқада инфекция түрлері шақыруы мүмкін.Сепсис барлық жастағы адамдарда кездеседі, бірақ балаларда, қарт кісілерде және иммунды жүйесі әлсіреген адамдар жиі шалдығады.
Сепсистің еміне антибиотиктер, қан қысымын сүйемелдеуші және мүшелік жетіспеушіліктен сақтаушы дәрі-дәрмектер қолданылады.
Аударған: Бердібек Ағабек
Қуық асты безінің қабынуы (простатит) - бұл ерлерде қуықтан төмен орналасқан жаңғақ тәрізді мүше қуық асты безінің қабынуы. Қуық асты безінің көп бөлігі ұрық сұйықтығын бөледі.
Жиі простатиттің даму себебі белгісіз болып қала береді. Простатиті бар ер адамдардың көбісінде қабыну белгілері болмайды, сондықтан оның нақты себебін анықтау мүмкін емес. Простатиттің себебі болып инфекция немесе инфекциямен байланыссыз қабыну болып табылады. Ол жедел (қысқауақыттық) немесе созылмалы (ұзақуақыттық) болуы мүмкін.
Простатит симптомдарына жатады:
Зәр шығаруға жиі сұраныстар, бірақ аз көлемде ғана зәр шығару. Сонымен қатар зәр шығарғанда күйдіру сезімі және қуықты толық босата алмау.
Зәр шығарудың бастапқы кезіндегі қиындықтар, үзілмелі ағым ( үздіксіз зәр шығару орнына толқын тәрізді зәр шығару), қалыптыға қарағанда өте әлсіз, тамшылатып зәр шығару.
Бел аймағында, ұма мен анус аймағында, іштің төменгі жағында, ұмада, саннан жоғары, қасаға аймағынан жоғары ауру сезімі және дискомфорт.
Түнгі уақытта шектен тыс зәр шығару.
Қуық асты безіндегі ауру сезімі немесе эякуляция кезіндегі белгісіз дискомфорт.
Простатитті емдеу пайда болу себебіне байланысты. Көп жағдайда медикаментозды емді қажет етеді.
Эпидидимит – бұл аталық бездің қосалқысының, аталық безді ұрық шығатын жолмен қосатын түтіктің ісінуі (қабынуы).
.
Аталық бездерде ерлердің гормондары және шәует өндіріледі. Бұл ұманың (пенистің артында орналасқан тері-бұлшық еттік түзіліс) ішіндегі екі жұмыртқа тәрізді ағзалар.
Эпидидимит 19-35 жас аралығындағы жас ерлердің арасында кең таралған. Бұл әскери қызметкерлердің арасында ауруханаға көрінудің жиі себебі.
Эпидидимит әдетте, бактериалдық инфекцияның несеп шығаратын каналдан, қуық асты безінен немесе қуықтан өтуінде пайда болады. Гетеро жыныстық қатынасты ерлердің арасында бұл ауруды жиі туындататын инфекциялар - гонорея және хламидиоз. Балаларда, егде жастағы ерлерде, гомо жыныстық қатынасты ерлерде аурудың жиі қоздырғышы – ішек таяқшасы.
Туберкулез микобактериясы эпидидимитті туындатуы мүмкін. Уреаплазма бактериясы да бұл аурудың себебі болуы мүмкін.
Эпидидимиттің басқа себебі – жүрек ырғағының бұзылысын емдейтін, амиодарон аталатын дәрілік препаратты қабылдау болуы мүмкін.
Эпидидимиттің пайда болу қаупі артады:
· Сүндетке отырғызылмаған ерлердің арасында
· Жуырда болған хиургиялық араласудан кейін немесе несеп жолдарындағы мәселелерде
· Үрпі катетерін ұдайы қолдануда
· Презервативсіз, бірнеше серіктеспен жыныстық қатынаста.
Эпидидимит температураның сәл артуынан, қалтырау мен аталық без аумағында ауырлық сезімінен басталуы мүмкін. Біртіндеп, бұл аумақ қысымға сезімтал бола бастайды.
Эпидидимиттің басқа симптомдары:
· Шәуеттегі қан
· Несеп шығару каналынан бөлінді (пенистың ұшында)
· Іштің төменгі бөлігінде немесе жамбас қуысы аумағында жайсыздық
· Қызба
· Шаптағы ауырсыну
· Аталық бездің ісінуі
· Шәует шашу кезіндегі ауырсыну
· Несеп шығару кезіндегі ауырсыну және күйдіру сезімі
· Ұманың ауырсынатын ісінуі
· Зақымданған жақтағы шаптың аумағындағы ісіну, ширығу
· Аталық бездегі ауырсыну, нәжіс шығару кезінде күшейетін.
Тексеру кезінде зақымданған жақта қызару, ширығу, кейде ұманың ісінуі де анықталады. Ширығу әдетте, аталық бездің шағын бөлігінде, қосалқының орналасқан аумағында пайда болады.
Сондай-ақ, шаптың аумағындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және пенистен бөлінді шығуы анықталуы мүмкін. Ректалдық зерттеу кезінде қуық асты безінің ұлғаюы анықталуы мүмкін.
· Несептің жалпы талдауы қоздырғышты анықтау үшін (несептің бірнеше үлгілерін тапсыру қажет болады: бастапқы, ортаңғы үлесін, қуық асты безін уқалаудан кейін)
· хламидиоз және гонореяға тексеру.
Бұл ауруды аталық бездің бұралуынан айыра білу қажет. Аталық бездің бұралуы – шұғыл хирургиялық араласуды қажет етеін ауру.
Дәрігер инфекцияны емдеу үшін дәрілерді тағайындайды. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар антибиотиктерді тағайындауды қажет етеді. Жыныстық қатынастағы серіктестеріңіз де емделуі тиіс. Ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы препараттар қажет болуы мүмкін.
Амиодаронды қабылдаудан болған эпидидимитті емдеу оның мөлшерлемесін азайтуға немесе препаратты алмастыруға негізделеді.
Науқастарға төсекте болу тәртібін қадағалау қажет, ұманы жоғары орналастырып, оған мұзы бар пакетті басу қажет. Емдеу курсын аяқтағаннан кейін қайтадан дәрігерге барып, инфекцияның толық емделгендігіне көз жеткізу қажет.
Эпидидимит әдетте антибиотикпен емделгенде өтеді. Жыныстық немесе репродуктивтік мүмкіндіктер бұл кезде төмендемейді. Дегенмен, ауру қайталануы мүмкін.
Емдеу болмаса, немесе басқа жағдайларда ауру созылмалы түрге көшуі мүмкін. Созылмалы барысында ісіну болмайды, бірақ, науқас ұдайы ауырсынуды сезінеді.
Эпидидимиттің симптомдары болса, дәрігерге көрініңіз. Кенеттен немесе жарақаттан аталық безде күшті ауырсыну пайда болса, шұғыл медициналық жәрдемге жүгініңіз.
Ауруды ерте анықтау және инфекцияларды емдеу арқылы эпидидимиттің асқынуының алдын алуға болады.
Эпидидимит пайда болу қаупі бар операциялардың алдында дәрігер антибиотик тағайындауы мүмкін. Қауіпсіз жыныстық қатынас (жыныстық қатынастағы бір ғана серіктес, презерватив қолдану) жыныстық жолмен берілген аурулардан болған эпидидимиттің алдын алуға көмектесуі мүмкін.
Дененің қалыпты температурасы кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Кешкі уақытта әдетте, жоғары болады. дене температурасына әсер етуі мүмкін басқа факторлар:
· Әйелдерде етеккір айналымының екінші жартысында дене температурасы 1 немесе одан жоғары градусқа артады.
· Дене белсенділігі, күшті эмоциялар, тамақ ішу, жылы киім, дәрілік препараттар, бөлмедегі жоғары температура және жоғары ылғалдылық дене температурасының артуына ықпал етеді.
Қызба – организмнің инфекцияға жауап ретінде қорғаныс серпіні. Ауру қоздыратын бактериялар мен вирустардың көпшілігі 37°С-тан асқан температурада жақсы дамиды. Қызба микроорганизмдермен күресті куәландырғанымен, ол организмнің қорғанысына бағытталған.
Мидың қызбадан зақымдануы әдетте, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілгенге дейін пайда болмайды. Инфекциядан туындаған қызба емдеу болмағанда дене температурасының 41°C-тан артуымен сирек болады.
Түсініксіз, бірнеше күн мен аптаға созылатын қызба айқын себепсіз қызба аталады.
Кейде қарапайым суық тию немесе басқа вирустық инфекция дене температурасын жоғарылатуы (38,9 - 40°C) мүмкін. Бұл әрқашан ауыр ауруды нұсқай бермейді. Сонымен қатар, кейбір күрделі инфекциялар кейде қызбасыз немесе дене температурасының төмендеуімен өтуі мүмкін.
Егер қызба жеңіл өтетін болса, басқа ешқандай симптомдар болмаса, емдеу қажет болмайды. Сұйықтықты көбірек ішіп, көбірек демалыңыз.
Дене температурасын түсіруге тырысқанда:
· қалтырау бар болса, ҚЫМТАНБАҢЫЗ
· артық киім мен көрпені алып тастаңыз. Бөлме температурасы тым жоғары немесе тым төмен болмауы тиіс. Жеңіл киім киіңіз және бір жұқа көрпе жамылыңыз. Егер бөлмеде ыстық және қапырық болса, желдеткішті немесе кондиционерді қосыңыз.
· қызбаны түсіруге жылы ванна немесе губкамен сүртіну көмектесуі мүмкін. Бұл процедуралар дәрі қабылдаудан кейін тиімді, олай болмағанда, температура қайтадан көтерілуі мүмкін.
· Суық ванна ҚАБЫЛДАМАҢЫЗ, мұзды немесе алкогольмен СҮРТІНУДІ ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Бұл процедуралар теріні салқындатады, бірақ, көбінесе, жағдайды ушықтырады, себебі, дірілді туындатуы мүмкін, осыдан, дене температурасы қайтадан көтерілуі ықтимал.
Төменде дене температурасын түсіру үшін дәрілерді қабылдау бойынша кейбір ұсыныстар берілген:
· Ацетаминофен және ибупрофен – ыстықты түсіретін препараттар. Кейде дәрігерлер екі препаратты да тағайындайды.
· Ацетаминофенді әр 4-6 сағат сайын қабылдаңыз. Препараттың әрекет ету механизмі мидағы жылуды реттеу орталығына әсер етуге негізделген.
· Ибупрофенді әр 6 - 8 сағат сайын қабылдаңыз. 6 айлық жасқа жетпеген сәбилерге ибупрофенді БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ.
· Аспирин ересектердегі қызбаны емдеу үшін тиімді. Аспиринді балаға беру үшін алдын ала дәрігердің кеңесін алу міндетті.
қызба кезіндегі тамақтану және сұйықтық ішу тәртібі:
· Науқастар сұйықтықты көп ішуі тиіс. Су, сорпа, шырын ұсынылады.
· Тамақ ішуге шектеу қойылмайды, бірақ, тәбет болмаса өзіңізді тамақ ішуге мәжбүрлемеңіз.
103 телефоны арқылы жедел жәрдемді шақырыңыз, егер өзіңізде немесе қасыңыздағы адамда қызба және келесі симптомдардың бірі болса:
· Жеңіл ояна алмау
· Естің қалыпты болмауы
· Жүре алмау
· Тыныс алудың қиындауы, мұрын қуысын тазартқанның өзінде
· Еріннің, тілдің немесе тырнақтың көгеруі
· Күшті бас ауыруы
· Мойынның қарысуы
· Талма.
Келесі жағдайларда шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз:
· Дене температурасы 40°C-тан артса, және дәрі ішкенде түспесе.
· Қызба 39°C деңгейінде тұрақтаса немесе одан әрі ушықса
· Қызба 48-72 сағаттан артық созылса.
· Қызба аптаның ішінде немесе одан ұзақ уақыт бойы бірде басылып, бірде жоғарылайды, дене температурасы аса жоғарыламаса да.
· Күрделі ауру бар болса, мысалы, жүрек ауруы, муковисцидоз, ӨСОА (ХОБЛ) немесе өкпенің басқа созылмалы аурулары.
· Қызба кезінде бөріткен немесе көгеру пайда болса.
· Несеп шығаруда ауырсыну болса.
· Иммундық жүйеде мәселелер болса, (стероидтармен емдеу, сүйек кемігін немесе ағза алмастырғаннан кейінгі жағдай, көк бауырды алып тастау, АИТВ (ВИЧ) - оң статус, қатерлі ісіктен емделу тарихы)
Аноректалді абсцесс сыртқы өтіс және тік ішек аймағында іріңнің жиналуы.
Себебі
Аноректалді абсцесстің ең жиі себебі болып табылады:
Сыртқы өтіс аймағындағы без өзектерінің бітелуі
Сыртқы өтіс аймағының инфекциялық қабынуы
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
Жарақаттар
Крон ауруы немесе дивертикулит сияқты ішек ауруларымен шақырылған терең тік ішектік абсцесстер.
Төменде көрсетілген факторлар аноректалді абсцесс даму қаупін жоғарылатады:
Анальді жыныстық қатынас
Қатерлі ісікті емдеуге арналған химиотерапия препараттары
Диабет
Ішектің қабыну аурулары ( Крон ауруы және ойық жаралы колит)
Кортикостероидты препараттарды қабылдау
Иммундық жүйенің нашарлауы ( мысалы, АИТВ/ЖҚТВ)
Бұл ауру ерлер арасында жиірек кездеседі. Сонымен қатар жаялық төсейтін,анамнезінде сыртқы өтіс сызаттары пйда болу жағдайлары бар кішкентай сәбилер мен балалар арасында кездесуі мүмкін.
Симптомдары
Сыртқы өтіс аймағының томпаюы және тіннің ісінуімен бірге тұрақты, пульсирлеуші ауру сезімі. Ауру сезімі дефекация кезінде, жөтелгенде және отырған қалыпта күшеюі мүмкін.
Сонымен қатар мынадай симптомдары болуы мүмкін:
Констипация (іш қату)
Тік ішектен ірің бөліну
Шаршағыштық, қызба, түнгі тершеңдік,қалтырау
Қызару, сезімталдықтың жоғарылауы және сыртқы өтіс аймағындағы тіннің қатаюы
Ауырсыну
Балаларда аноректалді абсцесс жиі ісінген, қызарған, тығыз сыртқы өтіс амағындағы түйін ретінде көрініс береді. Бала дискомфорт есебінен қозғыш және тітіркенгіш келеді. Аурудың басқа симптомдары болмауы да мүмкін.
Диагностикасы.
Аноректальді абсцестің болуы ректальді тексеріс кезінде анықталуы мүмкін. Басқа ауруларды жоққа шығару үшін ректороманоскопия жасалуы мүмкін.
Сирек жағдайда іріңнің жиналу аймағын анықтау үшін КТ, МРТ немесе УДЗ жасалады.
Емі.
Бұл мәселенің өздігінен шешілуі екіталай. Антиобиотиктер жалғыз абсцеспен күресе алмайды.
Емдеу принципі абсцесс қуысын ашып және дренаждауға негізделеді.
Ота жансыздануды шақыратын жергілікті анестезиямен седативті препараттың қосарлануы арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге ми-жұлындық анестезия немесе жалпы наркоз қолданылуы мүмкін.
Жүргізілген хирургиялық ем амбулаторлық жағдайда болса, тура сол күні үйіңізге қайтуға болады. Хирург зақымдалған аймақты тіліп, іріңді дренаждайды.
Егер ірің терең тіндерде орналасса сізге іріңді толық дренаж жасағанша ауруханада қалуға тура келеді.
Отадан кейін сізге міндетті түрде жылы ванна қабылдау керек. Бұл ауруды басуға және тіндердің ісінуін басуға, абсцесстің жақсы дренажына көмектеседі.
Дренаждалған абсцесс ашық күйінде қалады, жиектері тігілмейді.
Хирург ауру сезімін басатын препарттар және антибиотиктер тағайындауы мүмкін.
Сізге іш айдайтын препараттар керек болуы мүмкін.міндетті түрде жеке гигиена ережелерін сақтау керек. Абсцесс жазылғанша тағам жұмсақ және сұйық тағамдардан құралғаны жөн.
Болжамы.
Дұрыс қарастырылған еммен жазылуы тез. Әсіресе бұл сәбилер мен кішкентай жастағы балаларға қатысты.
Емнің кеш басталуында асқыну қаупі бар.
Мүмкін болатын асқынулары
Аноректалді абсцесс асқынуларына жатады:
Анальді фистула (сыртқы өтіс пен басқа анатомиялық құрылымдар арасында аномальді ақпарат)
Инфекцияның жалпы қанайналымға түсуі (сепсис)
Тұрақты ауыру
Аурудың қайталануы
Тыртық
Қай кезде дәрігерге қаралу керек
Дәрігерге мынадай жағдайда қаралыңыз:
Тік ішектен бөлінділер пайда болғанда, ауырсыну, аноректалді абсцесстің басқа да симптомдары болғанда
Қызба, қалтырау немесе осы ауруды емдеуден кейін басқа симптомдар пайда болғанда
Қант диабеті қандағы қант деңгейін қадағалау қиын болғанда
Алдын алу
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алғанда немесе др кезінде емдегенде аноректалді абсцесс пайда болуының алдын алуға болады. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін жыныстық қатынас кезінде, соның ішінде аналді жыныстық қатынас кезінде презервативтер қолданыңыз.
Сәбилер мен кіші жастағы балалардың жиі жаялықтарын ауыстыру және жаялықтарын ауыстыру кезінде гигиенаны сақтау абсцесстер мен аналді сызаттардың пайда болуын алдын алады.