.

Отосклероз | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Отосклероз

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Дәрігерге қашан көріну қажет

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Жасқа байланысты естуді жоғалту немесе пресбиакузис – егде жаста пайда болатын естудің біртіндеп, баяу төмендеуі.

 

Себептері

Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерінен тұрады. Сыртқы құлақ қалқаннан және сыртқы есту каналынан тұрады. 

Ішкі құлақтағы ұсақ түкті жасушалар біздің естуімізге көмектеседі. Олар дыбыс толқындарын ұстап, нерв сигналдарына түрлендіреді, оларды ми дыбыс ретінде қабылдайды. Естуді жоғалту ұсақ түкті жасушалардың зақымдануында немесе тіршілігін жоюында пайда болады. Түкті жасушалар қалпына келмейді, сондықтан, көпшілік жағдайда олардың зақымдануына байланысты естуді жоғалту қайта орнына келмейді.

Жасқа байланысты естуді жоғалтудың себептері көп. Көбінесе, ішкі құлақтың жасқа байланысты өзгерістеріне байланысты болады. Аурудың пайда болуында генетикалық өзгерістер өзгерістер, сондай-ақ, шудың әсері (мысалы, рок-концерт, музыка тыңдайтын наушниктер) үлкен роль атқарады.

Келесі факторлар жасқа байланысты  естуді жоғалтуға ықпал етеді:

  •  Отбасылық сырқат тарихы (жасқа байланысты  естуді жоғалту, әдетте, бір отбасының мүшелерінде кездеседі)
  • Шудың әсері
  • Темекі шегу (темекі шегетіндерде шекпейтіндерге қарағанда осындай естуді жоғалту жиі кездеседі)
  • Кейбір аурулар, мысалы, қант диабеті
  • Кейбір дәрілік препараттар.

 

Симптомдары

Естуді жоғалту баяу түрде, ұзақ уақыт барысында дамиды.

Аурудың симптомдарына жататындар:

  • Бұл ауруға шалдыққан адамдарға айналасындағы адамдардың сөзін түсіну қиынға түседі
  • Олар жиі айтылғанды қайталауды сұрайды
  • Естімей қалғаны үшін күйзеледі
  • Кейбір дыбыстар оларға тым қатты болып көрінеді
  • Олардың шулы бөлмеде естуі қиындайды
  • "с" немесе "з" дыбыстарын айтуда қиындықтары болады
  • Оларға дауысының тембрі жоғары адамдарды түсіну қиын
  • Құлақтағы шуыл

 

Осы симптомдардың бірін байқасаңыз, дәрігерден кеңес алыңыз. Пресбиакузистің (кәрілік кереңдігі) симптомдары басқа аурулардың симптомдарымен ұқсас болады.

 

Диагностика

Емдеуші дәрігер толық медициналық тексерісті жүргізеді. Бұл естуді жоғалтудың себебін табуға көмектеседі. Құлақты қарау үшін дәрігер отоскоп аталатын аспапты қолданады. Кейде құлақтың каналдарында құлық жиналуынан естуді жоғалтуға апаруы мүмкін.

Науқасты құлақ, мұрын және тамақ (көмей) бойынша маманға (дәрігер-отоларингологқа) бағыттайды. Естуді анықтайтын тестілер естуді жоғалту дәрежесін анықтауға көмектеседі.

 

Емдеу

Жасқа байланысты естуді жоғалту емделмейді. Емдеу күнделікті қызметті жақсартуға негізделеді. Келесілердің пайдасы бар:

  • Есту  аппараттары
  • Телефон күшейткіштері және басқа көмекші құрал-жабдықтар
  • Ымдау тілі (естуді жоғалтудың ауыр дәрежесі бар адамдар үшін)
  • Ерінге қарап оқу (мысалы, қарым-қатынасты жақсарту үшін көрнекі түрде ойға салу)
  • Естуді жоғалтудың ауыр дәрежесі бар адамдар үшін кохлеарлық имплантат ұсынылуы мүмкін. Бұл кезде имплантатты орнату үшін операция жасалады. Имплантат қайтадан дыбыстарды ажыратуға және уақыт өте келе адамға сөзді түсінуге мүмкіндік береді. Бірақ, қалыпты естуді қалпына келтірмейді.

 

Болжамы

Жасқа байланысты естуді жоғалту баяу түрде ушығады. Бұл қайтымсыз үрдіс және кереңдікке апаруы мүмкін.

Естуді  жоғалтудың салдары науқасты үйден шықпауға мәжбүрлейді. Дәрігердің көмегіне жүгініп, отбасымен және достармен қарым-қатынас жасап, оқшау болмауға тырысу қажет. Естуді  жоғалту үрдісін бақылауға алып, толыққанды және белсенді өмір сүруді жалғастыруға болады.

 

Мүмкін асқынулар

Естуді  жоғалту денелік (өрт дабылын естімей қалуда) және психологиялық (әлеуметтік оқшаулану) мәселелерге апаруы мүмкін.

Естуді  жоғалту кереңдікке апаруы мүмкін.

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Естуді  жоғалтқан адамдар тезірек тексерілуі қажет. Бұл құлықтың жиналуы немесе дәрілік құралдардың жанама әсері секілді себептерді теріске шығаруға көмектеседі. Емдеуші дәрігер науқасқа есту тестін өткізуі тиіс.

Күрт естудің өзгерісі болса немесе естуді жоғалту бастың ауырсынуы, көрудің бұзылыстары немесе бас айналуы секілді симптомдармен қосарланатын болса, дереу дәрігерге көрініңіз.

 

Синонимдары

Жасқа байланысты естуді жоғалту; Пресбиакузис.

Содержание

Общая информация

Причины

Симптомы

Диагностика

Лечение

Прогноз

Возможные осложнения

Когда необходимо обратиться к врачу

Синонимы

 

Общая информация

Возрастная потеря слуха или пресбиакузис – это постепенное медленное снижение слуха, возникающее в пожилом возрасте.

Причины

Крошечные волосковые клетки во внутреннем ухе помогают нам слышать. Они улавливают звуковые волны и преобразуют их в нервные сигналы, которые мозг интерпретирует как звук. Потеря слуха возникает при повреждении или отмирании крошечных волосковых клеток. Волосковые клетки не восстанавливаются, поэтому в большинстве случаев потеря слуха, вызванная повреждением волосковых клеток, является необратимой.

Не существует какой-либо единственной причины возрастной потери слуха. Чаще всего она вызвана возрастными изменениями во внутреннем ухе. Большую роль в возникновении заболевания могут сыграть генетические изменения, а также воздействие громкого шума (например, от рок-концертов и музыкальных наушников).

Следующие факторы способствуют появлению возрастной потери слуха:

  • Семейный анамнез (возрастная потеря слуха, как правило, встречается у членов одной семьи)
  • Воздействие громкого звука
  • Курение (у курильщиков, по сравнению с некурящими людьми, чаще возникает такая ​​потеря слуха)
  • Некоторые заболевания, такие как сахарный диабет
  • Некоторые лекарственные препараты

Симптомы

Потеря слуха развивается медленно, в течение длительного времени.

К симптомам заболевания относятся:

  • Лицам с данным заболеванием сложно разобрать речь окружающих людей
  • Они часто просят повторить сказанное
  • Расстраиваются, что не могут услышать
  • Некоторые звуки кажутся им слишком громкими
  • Им трудно слышать в шумных помещениях
  • Трудности с выговариванием определенных звуков, таких как "с" или "з"
  • Им труднее понимать людей с высоким тембром голоса
  • Звон в ушах

Проконсультируйтесь с врачом, если у вас имеется любой из этих симптомов. Симптомы пресбиакузиса могут быть схожи с симптомами других заболеваний.

Диагностика

Лечащий врач будет проводить полный медицинский осмотр. Это помогает обнаружить причину, вызвавшую у вас потерю слуха. Для осмотра ваших ушей врач будет пользоваться инструментом, называемым отоскопом. Иногда в ушных каналах может скапливаться ушная сера, это также может привести к потере слуха.

Вас могут направить к специалисту по уху, носу и горлу (к врачу - отоларингологу). Слуховые тесты могут помочь определить степень потери слуха.

Лечение

Возрастная потеря слуха неизлечима. Лечение базируется на улучшении вашей повседневной деятельности. Следующее может быть полезным:

  • Слуховые аппараты
  • Телефонные усилители и другие вспомогательные устройства
  • Язык жестов (для лиц с тяжелой потерей слуха)
  • Чтение речи по губам (например, чтение по губам с помощью визуальных подсказок для улучшения коммуникации)
  • Лицам с тяжелой потерей слуха может быть рекомендован кохлеарный имплантат. При этом проводится операция по установке имплантат. Имплантат позволяет снова различать звуки и со временем может позволить человеку понимать речь. Но это не может восстановить нормальный слух.

Прогноз

Возрастная потеря слуха медленно прогрессирует. Этот процесс необратим и может привести к глухоте.

Потеря слуха может привести к тому, что вы будете стараться не выходить из дома. Обратитесь за помощью к врачу, общайтесь с семьей и друзьями, чтобы не стать изолированным. Процессом потери слуха можно управлять, и вы сможете продолжать жить полной и активной жизнью.

Возможные осложнения

Потеря слуха может привести как к физическим (невозможность услышать пожарную тревогу), так и к психологическим (социальная изоляция) проблемам.

Потеря слуха может привести к глухоте.

Когда необходимо обратиться к врачу

Лица с потерей слуха должны быть обследованы как можно скорее. Это помогает исключить такие причины, как скопление ушной серы или побочные эффекты лекарственных препаратов. Лечащий врач должен провести с вами слуховой тест.

Незамедлительно обратитесь к врачу, если у вас возникло резкое изменение слуха, или потеря слуха сопровождается такими симптомами, как головная боль, изменение зрения или головокружение.

Синонимы

Потеря слуха – возрастная; Пресбиакузис