Gastroenteritis is an infection that causes vomiting and diarrhea.
Gastroenteritis can be due to an infection with a virus, bacteria, or parasites. Also called the "stomach flu," it is contagious and spreads easily in childcare and schools. It often also causes fever.
Stool samples might be tested for bacteria or parasites if there is blood in the stool. Antibiotics are usually not needed except for certain types of infections in young infants and in people with immune problems.
Gastroenteritis usually is not serious and generally lasts a few days. The greatest risk from gastroenteritis is dehydration, so it's most important to stay hydrated with plenty of fluids. Young kids are at the highest risk for dehydration.
Гастроэнтерит вирустармен, бактериялармен немесе паразиттермен жұқпаланудан туындауы мүмкін. Ауруды кейде «асқазан бұзылысы» атайды, ол жұқпалы және балаларға күтім жасауда, мектепте жиі тарайды. Гастроэнтерит жиі жоғары температурамен (қызбамен) өтеді.
Көптеген жағдайларда гастроэнтерит жеңіл өтеді және бірнеше күнге созылады. Гастроэнтериттің қатерлі асқынуы – сусыздану даму қаупі, сондықтан, бұл ауру кезінде сұйықтықты үлкен көлемде ішу қажет. Кішкентай балалар сусыздану даму қаупіне бейім келеді.
Тітіркенген тоқ ішек синдромы (ТТІС) – асқазан-ішек жолдарының бұзылысы, әдетте, іштің кебуімен, ішектегі ауырсынумен және қызметінің бұзылысымен көрініс береді.
Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.
Әйелдерде ТТІС ерлерге қарағанда екі есес жиі кездеседі. Ауру балалық шақта басталуы мүмкін, бірақ, көбінесе, 30-40 жаста басталады. 60 жастан кейін бұл синдром алғаш пайда болмайды.
Себептері
Тітіркенген тоқ ішек синдромының пайда болу себептері белгісіз.
Негізгі пайда болу себептері: теріс эмоциялар, күйзелістер, инфекциялық аурулар, дәрілік әсер, тамақтану ерекшеліктері (тамақтану тәртібі мен ырғағының бұзылуы, тағам өнімдерінің жеткіліксіздігі және көмірсу құрамдас өнімдерді көп тұтыну).
ТТІС негізгі себебі ретінде жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуін және отырумен өтетін өмір салтын, эндокриндік бұзылыстарды (климакс, дисменорея, етеккір алды синдромы, семіздік, гипотиреоз, қант диабеті, т.б.) атауға болады.
Іштің түрлі аумағында әр уақытта пайда болуы мүмкін.
Күйдіретін, бататын, сыздайтын, қысатын, жайылған, т.б.
Әдетте, тамақ ішкеннен кейін күшейеді.
ТТІС анықтауда маңызды белгі - ұйқы кезінде ауырсынудың болмауы, әдетте, науқас іш аумағындағы ауырсынатын сезімнен оянбайды. Әдетте, оянғаннан кейін пайда болады.
Іштің кебуінен (метеоризм) әдетте, іш күні бойы ұлғаяды, кешке аса ұлғайып, әсіресе, тамақтан кейін ұлғаюы айқын байқалады (көбінесе, түскі астан кейін).
Нәжістің бұзылысы сұйық немесе қатуымен көрініс береді. Іш өткенде нәжіс, көбінесе, таңертеңгілік, таңғы астан кейін байқалады, ішектің босатылу жиілігі 2-5 рет, арасында аз аралықпен. Нәжіс шығарғысы келу әр тамақ ішкен сайын болады. Ішекті босатқысы келу сезімі аса қолайсыз кезде болуы тән, мысалы, жиналыс кезінде, метрода, қала маңы пойыздарында, емтихан немесе басқа күйзелістік жағдайларда. Нәжіс шығарғысы келу сезімі жиі пайда болуы салдарынан науқас театр, кино, басқа да қоғамдық орындарға барудан бас тартады. ТТІС кезінде іш өтуі ешуақытта түнде пайда болмайтындығын атау қажет. Сонымен қатар, нәжістің салмағы қалыпты болып, тәулігіне 200 г аспайды. Көбінесе, ішектің толық босамау сезімі болады. Нәжісте сілемей, тағамның қорытылмаған бөліктері болады, алайда, ТТІС кезінде нәжісте қан немесе ірің болмайды. Ішекті босату алдында ауырсыну күшейіп, босағаннан кейін едәуір азаюы байқалады.
Іш қатуында нәжіс жиі «қой құмалағындай» болады, яғни, ұсақ тығыз бөліктерден немесе «тығын» тәрізді – яғни, нәжістің алғашқы үлестері соңғыларына қарағанда тығыздау болады. Сондай-ақ, нәжіс қарындаш түрінде – ұзын жіңішке лента тәрізді болуы мүмкін. Іш қатудан кейінгі іш өтуі – бірнеше күндік іркілуден кейінгі сұйық нәжіс болуы мүмкін.
Ас қорытудың іштегі ауырлық, жүрек айнуы, немесе құсу, оң жақтағы ауырсыну секілді симптомдары байқалады.
Психологиялық бұзылыстардың белгілері байқалады: көңіл-күйдің тұрақсыздығы, алаңдау, себепсіз қорқыныш, истерия.
копроцитограмма (нәжісті зерттеу), қанды, іріңді, тамақтың қорытылмаған бөліктерін көруге болады.
температураны өлшеу (инфекциялық себепті ескеру үшін)
дене салмағын өлшеу (онкологияны ескеру үшін)
эндоскопиялық зерттеу
нәжісті флораға зерттеу (тоқ ішек микрофлорасының құрамын зерттеу),
колоноскопия (полиптер мен ісіктерді ескеру үшін)
нәжісті ішекқұртқа зерттеу
тік ішекті саусақпен зерттеу
іш қуысы мен жамбас қуысы ағзаларының УДТ (УЗИ)
эзофагогастродуоденоскопия (асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің сілемей қабатын қарау)
ирригоскопия (ішекті рентгендік зерттеу рентген-контрастылық заттектерді қолданумен)
тыныс алу тесті (аш ішектегі тым көп бактериалдық өсу синдромын, лактаздық жеткіліксіздікті, фруктоза мен сорбитолды көтере алмауды, аш ішектен өту уақытын анықтау үшін)
Емдеу үшін емдәмді қадағалау, өмір салтын өзгерту, мысалы, дене белсенділігінің дәрежесін арттыру ұсынылады.
Психотерапия (науқасты мазалайтын симптомдар күрделі аурудан емес, психикалық жағдайға тікелей байланысты екендігін түсіндіру қажет).
Дәрі-дәрмек құралдарынан жұмсақ транквилизаторлар (науқас күйзеліс немесе алаңдауда болса), спазмолитиктер (ауырсынуды басу үшін), антифлатуленттер (метеоризмді азайтуға ықпал ететін препараттар), диареяға қарсы препараттар (смекта, лоперамид), іш жүргізетін құралдар (іш қатуында прокинетиктер ішектің қимыл белсенділігін жақсартады).
Тітіркенген тоқ ішек синдромы өмір бойы қайталануы мүмкін. Кейбір адамдар үшін аурудың симптомдары күшті жайсыздық әкеліп, еңбекке қабілетті төмендетеді, әлеуметтік өміріне әсер етеді. Симптомдар әдетте, емдеу басталғаннан кейін жойылады. ТТІС ішекке зақым әкелмейді және күрделі салдарға апармайды.
Тітіркенген тоқ ішек синдромында өмір болжамы – оң. Дәрігер науқкстарды аурудың болжамының ерекшеліктерімен таныстыруы тиіс, бұл олардың психо-әлеуметтік адаптациясын жақсартады.
ТТІС ауыр асқынуды туындатпайды, мысалы, қан кетуі немесе ішек сілемйінің беріштенуі. Дегенмен, Тітіркенген тоқ ішек синдромы бар науқастарда ұдай іш қатуы болса, копростаз даму қаупі болады (ішекте нәжістің көп жиналуы).
Іш өткенде қан аралас болса, айналшық саңылауынан қанды бөліністер болса.
Соңғы қан талдауына сай анемия болса (гемоглобиннің төмен деңгейі).
Себепсіз арықтау.
Іштің өтуі мен ауырсынуы түнде оятып, төсектен тұрғызады.
Іш өтуімен және ауырсынумен бірге температура байқалады.
Уақыт өте келе іш өтуі және қатуы күшейіп, әдеттегі емдеуге көнбейді.
Туыстарыңыздың бірі целиакиямен ауырған (белгілі бір ақуыздар бар тағам өнімдерімен аш ішектің түгінің зақымдануынан болатын тамақ қорыту бұзылысы), ішектің қатерлі ісігі, аналық бездің қатерлі ісігі, Крон ауруы (ішектің созылмалы қабыну ауруы) немесе телімді емес ойық жаралық колит (тоқ ішектің сілемей қабатының созылмалы қабыну ауруы).
60 жастан асқан адамда іш өтуі (жиірек және сұйық нәжіс) кенеттен пайда болып, 6 аптадан артық созылады.
Спортпен шұғылдану (емдік дене шынықтыру, жүзу, жүгіру).
Үйлесімді және тиімді тамақтану, талшығы мол тағамды тұтыну (көкөністер, жемістер, аскөк), қуырылған, консервіленген, тым ыстық және ащы тағамнан алшақ болу
Гастроэнтерит может быть вызван заражением вирусами, бактериями или паразитами. Заболевание иногда называют "расстройством желудка", оно является заразным и легко распространяется при уходе за детьми, а также в школах. Гастроэнтерит часто протекает с повышенной температурой (лихорадкой).
Антибиотики, как правило, не назначаются. Исключение составляют некоторые типы инфекций у детей раннего возраста и у лиц с ослабленной иммунной системой.
В большинстве случаев гастроэнтерит протекает легко и длится несколько дней. Грозным осложнением гастроэнтерита является риск развития обезвоживания, поэтому при данном заболевании важно пить жидкость в большом количестве. Маленькие дети наиболее подвержены риску развития обезвоживания.
Cиндром раздраженной толстой кишки (СРТК) - это расстройство желудочно-кишечного тракта, обычно проявляется вздутием живота, болями и нарушениями работы кишечника.
Пищевод, желудок, толстый и тонкий кишечник, печень, желчный пузырь и поджелудочная железа преобразовывают питательные компоненты пищи в энергию и расщепляют непитательные компоненты пищи в отходы, которые затем выводятся из организма.
У женщин СРТК наблюдается вдвое чаще, чем у мужчин. Болезнь может начаться в детские годы, но чаще всего в возрасте 30-40 лет. После 60 лет синдром раздраженного кишечника обычно впервые не возникает.
Причина возникновения синдрома раздраженной толстой кишки не известна.
К основным причинам возникновения можно отнести отрицательные эмоции, стрессы, инфекционные заболевания, лекарственное воздействие, особенности питания (нарушение режима и ритма питания, недостаток пищевых продуктов и избыток углеводсодержащих продуктов).
Можно сказать, что основной причиной СРТК является неправильная работа нервной системы, так же большое значение в развитии синдрома раздраженного кишечника имеют сидячий образ жизни, эндокринные нарушения (климакс, дисменорея, предменструальный синдром, ожирение, гипотиреоз, сахарный диабет и др.)
Основные симптомы СРТК – это боль в животе, вздутие живота (метеоризм), расстройство стула.
Боль в животе имеет следующие характерные признаки:
Изменяется от легкого дискомфорта до нестерпимой боли,
Может не иметь четкой границы и распространяться по всему животу.
Может возникать в разное время в различных областях живота.
Может быть жгучей, тупой, ноющей, режущей, распирающей, сжимающей и т.д.
Обычно усиливается после приема пищи.
Важным для диагностики СРТК признаком является отсутствие болей во время сна, обычно пациент не просыпается из-за болезненных ощущений в области живота. Как правило, возникает после пробуждения.
Из-за вздутия живота (метеоризм) животобычно увеличивается в течение дня, достигая максимума к вечеру, заметно увеличивается после еды (чаще всего после обеда).
Расстройство стула проявляется в виде жидкого стула или запора. При поносе стул чаще всего отмечается в утренние часы, после завтрака, частота опорожнения кишечника составляет от 2 до 5 раз, с небольшими временными промежутками. Неотложные позывы на дефекацию могут возникать после каждого приема пищи.
Характерно также появление позывов на опорожнение кишечника в таких ситуациях, когда ее совершение не представляется возможным, например, во время совещания, поездки в метро, пригородных поездах, во время экзамена или других стрессовых ситуациях. Достаточно часто из-за возникновения неотложных позывов к дефекации больной отказывается от посещения театров, кино и других общественных мест. Следует отметить, что диарея при СРТК никогда не возникает в ночное время суток. Кроме того, масса кала остается нормальной и, как правило, не превышает 200 г в сутки. Достаточно часто остается чувство неполного опорожнения кишечника. В стуле могут быть слизь, непереваренные кусочки пищи, однако при СРТК в кале не обнаруживается кровь или гной. Непосредственно перед опорожнением кишечника отмечается усиление болей и значительное уменьшение их после опорожнения.
При запоре стул чаще всего бывает "овечьим", т.е. состоящим из мелких плотных фрагментов или "пробкообразным" - т.е. первые порции кала более плотные, чем последующие. Также может наблюдаться стул в виде карандаша - узких длинных лент. Могут возникать так называемые запорные поносы - жидкий стул после нескольких дней его задержки.
Наблюдаются симптомы заболеваний пищеварения в виде тяжести в животе, тошноты или рвоты, болей в правом боку.
ирригоскопия (рентгенологическое исследование кишечника с использованием рентгеноконтрастных веществ)
дыхательные тесты (для определения синдрома избыточного бактериального роста в тонкой кишке, лактазной недостаточности, непереносимости фруктозы и сорбитола, времени транзита по тонкой кишке)
Для лечения рекомендуют соблюдение диеты и изменение образа жизни, например, увеличение степени физической активности. Психотерапия (необходимо убедить больного, что беспокоящие его симптомы не являются проявлениями серьезного заболевания, а напрямую связаны с его психическим состоянием),
Из лекарственных средств назначают мягкие транквилизаторы (в случае, если вы находитесь в состоянии стресса или тревоги), спазмолитики (для снятия болей), антифлатуленты (препараты, способствующие уменьшению метеоризма), противодиарейные препараты (смекта, лоперамид), слабительное средство (при запорах прокинетики улучшают моторную активность кишечник).
Cиндром раздраженной толстой кишки может повторяться на протяжении всей жизни. Для некоторых людей симптомы болезни доставляют сильный дискомфорт и снижают трудоспособность, влияют на социальную жизнь. Симптомы обычно исчезают после начала лечения. СРТК не наносит повреждения кишечнику и не приводит к серьезным осложнениям.
Прогноз жизни при синдроме раздраженного кишечника благоприятный. Врач должен знакомить пациентов с особенностями прогноза болезни, что будет улучшать их психосоциальную адаптацию.
СРК не может вызвать тяжелые осложнения, например, кровотечение или некроз слизистой кишечника. Тем не менее, у пациентов с синдромом раздраженного кишечника с преобладанием упорных запоров существует вероятность развития копростаза (чрезмерное скопление каловых масс в кишечнике).
Занятия спортом (лечебная физкультура, плавание, бег).
Сбалансированное и рациональное питание, употребление в пищу продуктов с высоким содержанием клетчатки (овощи, фрукты, зелень), отказ от слишком жареной, консервированной, слишком горячей и острой пищи.
Своевременное лечение депрессий и неврозов.
Необоснованно не употреблять препараты для лечения поноса, запора.