.

эпиглоттит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

эпиглоттит

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Ларингит – көмейдің ісінуі және тітіркенуі (қабынуы). Ларингит әдетте, дауыстың қарлығуымен немесе дауысты жоғалтумен қосарланады.

Себептері

 

Көмейдің (тамақтың) құрылысына өңеш, кеңірдек, көмекей қақпашығы және бадамшабез кіреді.

 

Көмей кеңірдектің үстіндегі тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Дауыс байламдары көмейдің құрамдас бөлігі. Егер дауыс байламдары қабынса немесе жұқпаланса, олар ісінеді. Бұл дауыстың қарлығуына апаруы мүмкін. Кейде дауыс байламдары тыныс жолдарына ауа ағынын жабуы мүмкін. 

Ларингиттің жиі себебі - суық тию немесе тұмаудан болған инфекция. Ол келесі жағдайларман шартталуы мүмкін:

 

  • Аллергия

  • Бактериалдық инфекция

  • Бронхит

  • Гастроэзофагеалдық рефлюкс ауруы (ГЭРБ)

  • Жарақат

  • Тітіркендіргіштер және химиялық заттектер

  • Пневмония

 

Ларингит көбінесе, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясымен бірге пайда болады.

Балаларда кездесетін ларингиттің түрлері тыныс алу жолдарының қатерлі –өлім-жітімді бітелуіне апаруы мүмкін. Оған жататандар:

 

  • қыспақ

  • Эпиглоттит (көмекей қақпашығының қабынуы)

 

Симптомдары

  • Қызба  

  • Дауыстың қарлығуы

  • Мойындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы

 

Диагностика

Медициналық тексеру кезінде респираторлық инфекциядан болатын дауыстың қарлығуы анықталуы мүмкін.

Бір ай бойы дауысы қарлыққан науқастар (әсіресе, темекі шегушілер) ЛОР-дәрігерге (отоларингологқа) көмейді және жоғарғы тыныс алу жолдарын тексеру үшін көрінуі қажет.

 

Емдеу

Ларингит вирустан болғандықтан, антибиотиктер көмектеспейді. Емдеуші дәрігер ауруды емдеу әдісі туралы шешім қабылдайды.

Дауысқа демалыс беру дауыс байламдарының қабынуын азайтуға көмектеседі. Ылғалдандырғыштар ларингитте болатын күйдіру сезімін басуға көмектеседі. Ісінуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрілік препараттар жоғарғы тыныс алу жолдары инфекциясының симптомдарын жеңілдетеді.  

 

Болжамы

Күрделі себептері болмайтын ларингит, көбінесе, өздігінше өтеді.

 

Мүмкін асқынулары

Сирек жағдайда ауыр тыныс алу жеткіліксіздігі дамуы мүмкін, мұндайда шұғыл медициналық жәрдем қажет.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге келесі жағдайларда көрініңіз:

  • Тісі шықпаған кішкентай сәбиде тыныс алудың қиындауы және жұтудың бұзылысы, сілекей ағуы байқалады
  • 3 айлықтан кіші балада дауысының қарлығуы байқалады
  • Қарлығу сәбиде – 1 аптадан артық, ересекте – 2 аптадан артық болса.

 

Алдын алу

  • Суық тию және тұмау маусымында жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясына шалдыққан адамдардан алшақ жүріңіз

  • Қолды жиі жуыңыз

  • Дауысқа жүктеме түсірмеңіз

Темекі шегуді қою қарлығуға апаратын бастың, мойынның немесе өкпенің ісіктерінің пайда болуының алдын алуға көмектесуі мүмкін.

Содержание

Общая информация

Причины

Симптомы

Диагностика

Лечение

Прогноз

Возможные осложнения

Когда необходимо обратиться к врачу

Профилактика

 

Общая информация

Ларингит – это отек и раздражение (воспаление) гортани. Ларингит обычно сопровождается охриплостью или потерей голоса.

 

Причины

К структурам горла относятся пищевод, трахея, надгортанник и миндалины.

Гортань расположена в верхней части дыхательных путей над трахеей. Голосовые связки являются составной частью гортани. Если голосовые связки воспаляются или инфицируются, они отекают. Это может привести к охриплости голоса. Иногда голосовые связки могут перекрывать поток воздуха в дыхательные пути.

Наиболее распространенной причиной ларингита является инфекция, вызванная вирусом простуды или гриппа. Он также может быть обусловлен:

Ларингит часто возникает вместе с инфекцией верхних дыхательных путей.

Некоторые формы ларингита, встречающиеся у детей, могут привести к опасному или смертельному блокированию дыхательных путей. К этим формам относятся:

 

Симптомы

  • Лихорадка
  • Охриплость голоса
  • Увеличение шейных лимфатических узлов

 

Диагностика

В ходе медицинского осмотра может быть выявлена охриплость голоса, вызванная респираторной инфекцией.

Пациенты с охриплостью голоса, длящейся больше месяца (особенно курильщики) должны обратиться к ЛОР – врачу (отоларинголог) для обследования горла и верхних дыхательных путей.

 

Лечение

Так как ларингит часто вызван вирусом, антибиотики, скорее всего, не помогут. Ваш лечащий врач будет принимать решение о методике лечения заболевания.

Голосовой покой помогает уменьшить воспаление голосовых связок. Увлажнители могут успокоить чувство жжения, встречающееся при ларингите. Противоотечные и болеутоляющие лекарственные препараты могут облегчить симптомы инфекции верхних дыхательных путей.

 

Прогноз

Ларингит, не обусловленный серьезными причинами, часто проходит сам по себе.

 

Возможные осложнения

В редких случаях может развиться тяжелая дыхательная недостаточность, которая требует оказания экстренной медицинской помощи.

 

Когда необходимо обратиться к врачу

Обратитесь к врачу в следующих случаях:

  • У маленького ребенка с еще не прорезавшимися зубками отмечается затрудненное дыхание и нарушенное глотание, а также избыточное слюнотечение
  • У ребенка в возрасте младше 3 месяцев отмечается охриплость голоса
  • Охриплость длится уже более 1 недели у ребенка или более 2 недель у взрослого

 

Профилактика

  • Старайтесь избегать людей с инфекцией верхних дыхательных путей во время сезона простуды и гриппа
  • Часто мойте руки
  • Не напрягайте голос
  • Отказ от курения может помочь предотвратить возникновение опухолей головы и шеи или легких, которые могут привести к охриплости.