Нейрогендік несепқап – мидың, жұлынның қызметінің реттелуіндегі немесе жүйке жүйесі ауруларындағы бұзылысқа байланысты несеп шығарудың ауытқу бұзылысы.
Несепқаптың қалыпты босатылуы бұлшық еттердің бірнеше тобы мен нервтердің өзара әрекеттесуімен жүзеге асырылады. Несепқаптың қызметінің реттелуі мидан несепқаптың бұлшық еттеріне берілетін жүйкелік импульстерге сай өтеді. Егер нерв ұштары қандай да бір ауруға немесе жарақатқа ұшыраған болса, бұлшық еттер уақытылы жиырылып, немесе босаңси алмайды.
Орталық жүйке жүйесінің кейбір аурулары нейрогендік несепқаптың пайда болуына апаруы мүмкін. Мысалы:
Альцгеймер ауруы
жұлынның туа біткен ақауы
мидың немесе жұлынның ісіктері
Церебралдық паралич
Энцефалит
ақыл-ой кешеуілдеуі, мысалы, назар қою тапшылығы және гипербелсенділік синдромы (СДВГ)
шашыраңқы склероз
Паркинсон ауруы
жұлынның зақымдануы
инсульттің салдары
Несепқапты реттейтін жүйке жүйесінің зақымдануы немесе аурулары да осы ауруды туындатады, мысалы:
Алкогольдік невропатия (алкогольді ұзақ тұтынғанда нервтердің зақымдануы)
Диабеттік невропатия (ұзақ уақыт бойы болатын қант диабеті кезіндегі нервтердің зақымдануы)
Жамбас аумағындағы оперативтік араласу кезіндегі нервтердің зақымдануы
Омыртқа арасындағы дискінің қысылуындағы нервтердің зақымдануы
Несепқаптың қызметін анықтау үшін рентгендік зерттеу қолданылады, бұл кезде катетер (түтік)арқылы несепқапты контрастылық заттекпен толтырады. Рентгендік суреттерді толық несепқапта және несепқаптың босатылған кезінде түсіреді, бұл бүйректен үрпі және/немесе несепағар арқылы бөлінетін сұйықтықтың мөлшерін анықтау үшін қажет (қуық –несепағар рефлюксі). Бұл әдісті науқасты үстелде жатқызып жасайды.
Дәрілік препараттар симптомдармды жеңуге көмектеседі. Дәрігер ұсынуы мүмкін:
несепқаптың қабырғасын босаңсыту үшін дәрлік препараттар
нерв ұштарын ынталандыратын дәрілік препараттар
Ботулотоксин (Ботокс)
Гамма- амин – май қышқылы
эпилепсияға қарсы препараттар.
Қазіргі кезде медицина ғалымдары жаңа препараттар шығаруда.
Жалпы тәжірибе дәрігері Сізге урологқа көрінуді ұсынады. Ал сіз кейбір машықтарды үйренуіңіз қажет:
жамбас түбі бұлшық еттерін нығайтуға жаттығулар (Кегель жаттығулары)
сұйықтықты тұтыну және бөлінуін бақылау. Бұл несеп шығару үрдісін бақылауға көмектеседі.
Несеп шығару кезіндегі күйдіру сезіміне, қызбаға, бел аумағындағы ауырсынуға (бір немесе екі жағынан) және жиі несеп шығару симптомдарына көңіл аударыңыз. Олар несеп шығару жолдарының инфекциясының көріністері болуы мүмкін. Олардың алдын алу үшін мүкжидекті немесе оның ББҚ қабылдау ұсынылады.
Кейбір науқастарға несептік катетерді қолдану ұсынылады. Бұл несепқапқа қойылатын жіңішке түтік. Кейде өмір бойы катетер қолдану қажет болады (ұдайы катетер). Несепқапты толық босату үшін күніне катетерді 4-6 рет енгізу мүмкін болады (зондтау).
Кейбір жағдайда оперативтік араласу қажет. Нейрогендік несепқаптағы хирургиялық операциялар:
Жасанды қысқышты орналастыру
Несепқаптың бұлшық еттерін ынталандыру үшін қасына электр жабдығын орналастыру
слинг хирургия
арнайы қалташаға несеп ағуы үшін саңылау (стома) жасау
Нормальное опорожнение мочевого пузыря осуществляется путем взаимодействия нескольких групп мышц и нервов. Регуляция мочевого пузыря происходит благодаря нервным импульсам, передающимся от головного мозга к мышцам мочевого пузыря. Если нервные окончания подвержены какому- либо заболеванию или травме, то мышцы не могут вовремя сокращаться или расслабляться.
Некоторые заболевания центральной нервной системы могут приводить к возникновению нейрогенного мочевого пузыря. Например:
Для определения функции мочевого пузыря применяется рентгенологическое исследование, во время которого через катетер (трубку) мочевой пузырь заполняют контрастным веществом. Рентгенологические снимки делают во время полного мочевого пузыря и во время опорожнения мочевого пузыря для того, чтобы определить, в каком количестве выделяется жидкость через уретру и/или через мочеточники из почек (пузырно- мочеточниковый рефлюкс). Данный метод исследования проводится в положении лежа на столе.
Некоторым пациентам рекомендуется использование мочевого катетера. Это тонкая трубка, которая вставляется в мочевой пузырь. В отдельных случаях необходимо прибегнуть к пожизненному применению катетера (постоянный катетер). Для полного опорожнения мочевого пузыря возможно введение катетера 4 - 6 раз в день (зондирование).
В некоторых случаях возможно оперативное вмешательство. Хирургические операции при нейрогенном мочевом пузыре: