Парагрипп вирусы жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустар тобына жатады.
Себептері
Парагрипп вирусының төрт түрі бар, олардың бәрі ересектер мен балалардың жоғарғы, төмен тыныс алу жолдарының инфекциясын (пневмония) туындатуы мүмкін. Вирус қыспақты қабынуды, бронхиолитті, бронхитті туындатуы мүмкін.
Парагриппке жыл сайын шалдығатын адамдардың нақты саны белгісіз, жоғары екендігі белгілі. Кейде вирус мұрынның бітуімен немесе басқа симптомдармен көрініс береді, олар парагрипп емес, суық тию секілді анықталады.
Вирус күз-қыс кезеңінде кең таралады. Парагрипп жас сәбилерде ауыр түрде болады, жас өскен сайын қауіптілігі азаяды. Мектеп жасындағы балалардың көпшілігі парагрипп вирусына бейім. Ересектердің көпшілігінде вирусқа антиденелер болады, яғни, оларда иммунитет бар, бірақ, қайтадан жұқпаланудан сақтамайды.
Симптомдары
Парагрипптің симптомдары инфекция түріне қарай ерекшеленеді. Суық тиген кездегідей, жиі симптомдары – мұрынның бітелуі және жеңіл жөтел. Бронхиолит секілді өмірге қауіпті симптомдары жас сәбилерде және иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда болады.
Жалпы симптомдары:
Кеудедегі ауырсыну
Қыспақ (дауыстың қарлығуы, шулы тыныс алу, қарлықпа жөтел)
Қызба
Мұрынның бітелуі
Ентігу
Көмейдегі ауырсыну
Мұрынның ағуы
Диагностика
Көмейді қарағанда ауырсынуын, бездердің ісінуін және қызаруын байқауға болады. Тыныс алу фонендоскоппен тыңдауда дәрігер өкпедегі сырылды және крепитацияны (сықырды) анықтайды.
Зерттеулердің түрлері:
Қанның жалпы талдауы
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
Кеуде қуысының компьютерлік томографиясы
Мұрын сілемейінен жұғынды алу
Емдеу
Вирустық инфекцияның телімді емдеу түрі болмайды. Қыспақ пен бронхиолит белгілерінде тыныс алуды жақсарту үшін емдеу тағайындалады.
Аурудың болжамы
Үлкен жастағы балалар мен ересектердің көпшілігі, егде жастағы адамдар мен иммундық жүйесі әлсіз адамдардан басқасы емдеусіз де жазылады, медициналық араласу тыныс алу жеткіліксіздігі дамығанда қажет болуы мүмкін.
Мүмкін асқынулары
Қосалқы бактериалдық инфекциялар – кең таралған асқынулары. Қыспақ пен бронхиолит кезіндегі тыныс алу жолдарының бітелуі өмір үшін қауіпті жағдай болуы мүмкін.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Өзіңізде немесе балаңызда сырыл, тынысы тарылу, немесе тыныс алу қиындауының басқа белгісі болса, дәрігерге көрініңіз. 18 айлық жастан кіші балада жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануының симптомдары дамыса, дәрігермен хабарласыңыз.
Алдын алу
Парагриппке қарсы вакцина болмайды. Эпидемия кезінде көпшіліктің шоғырланған жерінен алшақ болу қажет.
Бала бақшаға бармайтын балалар вирустық ауруларға сирек ұшырайды.
Есть четыре типа вируса парагриппа, все из которых могут вызвать инфекции верхних или нижних дыхательных путей (пневмония) у взрослых и детей. Вирус может вызвать крупозное воспаление, бронхиолит, бронхит и некоторые виды пневмонии.
Точное число ежегодно заболевающих парагриппом неизвестно, но предполагается, что оно достаточно высокое. Иногда вирус проявляется только насморком и другими симптомами, которые диагностируются как простая простуда, а не парагрипп.
Вирус наиболее распространен в осенне-зимний период. Парагрипп тяжело проходит у младенцев и с возрастом становится менее опасным. Большинство детей школьного возраста подвержены вирусу парагриппа. Значительное число взрослых имеют антитела к вирусу, то есть у них имеется иммунитет, но это не спасает от повторного заражения.
Симптомы парагриппа различаются в зависимости от типа инфекции. Наиболее распространенными симптомам, как при простуде, являются насморк и легкий кашель. Опасные для жизни симптомы, такие как бронхиолит, встречаются у младенцев и у людей с ослабленной иммунной системой.
При осмотре можно выявить болезненность, отечность миндалин и покраснение горла. При выслушивании дыхательной системы с помощью фонендоскопа врач может выявить наличие хрипов и крепитации (треск) в легких.
Большинство детей старшего возраста и взрослых, кроме пожилых и людей со слабой иммунной системой, выздоравливают без лечения. Медицинское вмешательство может быть необходимым при развитии дыхательной недостаточности.
Вторичные бактериальные инфекции являются наиболее распространенным осложнением. Обструкция (закупорка) дыхательных путей при крупе и бронхиолите может быть серьезным, даже опасным для жизни состоянием.
Обратитесь к врачу, если у вас или вашего ребенка появились хрипы, удушье или какой-либо другой симптом затрудненного дыхания. Свяжитесь с врачом, если у ребенка младше 18 месяцев, развились симптомы поражения верхних дыхательных путей.