Бұл не? Гангрена – бұл, белгілі бір тінніңнекрозы және ыдырауы [2765],ол әдетте, қанның [2738] тіндерге бармауын айтады, ол жарақаттар мен инфекция кезінде байқалады. Тіндік некроздан кейін, оған бактериялар жұғып [19], тіндердің ыдырауына әкелуі мүмкін.
Гангренаның даму ықтималдығы, келесі аурулармен және жағдайлармен байланысты:
Диабет[2567]
Қантамыр аурулары (қол немесе аяқ атеросклерозы)
Ауыр жарақаттар
Хирургиялық араласулар
АИТВ-инфекциясы[2578] немесе химиотерапия [2753]әсерінен иммунды жүйенің бұзылыстары [2569]
Гангренаның белгілері себебіне және орналасуына байланысты. Егер зардап шеккен аудандар тері мен астыңғы тіндердің арасында болса, белгілері келесідей болады:
Тері түсінің өзгеруі (тері болса, көк немесе қара, тері астындағы тін болса, қызыл немесе қола түсті болады)
Сезімділіктің жоғалуы (әдетте сол аймақтағы қатты ауырсынудан кейін пайда болады)
Зақымдану аймағындағы жағымсыз иісті бөлінділердің ағуы.
Ішкі мүшелер зақымдалса (өт гангренасы [3597] немесе газды гангрена), белгілері мыналарды қамтиды:
Тұрақты және қатты ауру сезімі
Температураның жоғарылауы
Жалпы жағдайының нашарлауы
Септикалық шок [3598]
Гангрена диагностикасы келесі шараларды қамтиды:
Жалпы қан анализі [2790] (ақ қан (лейкоциттердің) клеткаларының саны [3599])
Дененің зардап шеккен бөлігін рентгенологиялық тексеру
Ішкі ағзалардың компьютерлік томографиясы [2748]
Гангренаны растау үшін зақымдалған аймақты хирургиялық тексеру
Өлген тінді тексеру үшін микроскопиялық зерттеу
Бактериялы инфекцияға арналған тіндік үлгідегі бактериологиялық зерттеу
Артериография [3600] тамырлы бұзылыстарды емдеудің дұрыс тактикасын жасау үшін.
Гангрена дененің кішкене аймақтарына, мысалы, суықтанған қол және аяқ саусақтарын немесе аяқтың бір бөлігі сияқты, тіннің үлкен аймағына әсер етуі мүмкін. Қан айналымы нашар адамдарда (мысалы, қант диабетімен ауыратын науқастарда) жарақаттар мен тері инфекцияларын уақтылы емдемеген жағдайда гангренаны дамыту қаупі артады.
Гангрена дереу емдеу әрекет етуді талап етеді. Гангренаны емдеу зардап шеккен аймақта қан айналымын қалпына келтіру, инфекцияны емдеу және өлі және өлетін тіндерді жою болып табылады. Гангренаның ауыр жағдайларында, дененің кез-келген бөлігін ампутациялауы керек: мысалы, қолдағы немесе аяқтағы саусақты.
Gangrene is a serious condition where a loss of blood supply causes body tissue to die. It can affect any part of the body but typically starts in the toes, feet, fingers and hands.
Gangrene can occur as a result of an injury, infection or a long-term condition that affects blood circulation.
Symptoms of gangrene include:
redness and swelling in the affected area
either a loss of sensation or severe pain in the affected area
sores or blisters in the affected area that bleed or produce a foul-smelling pus
You should see your GP immediately if you're worried you may have gangrene.
The earlier treatment for gangrene begins, the more successful it's likely to be. The main treatments include surgery to remove damaged tissue, known as debridement, and antibiotics to treat any underlying infection.
In some cases, surgery may be needed to restore blood flow to the affected area.
In more severe cases, it may be necessary to remove an entire body part such as a toe, foot, or lower leg. This is known as amputation.
If you have a condition that increases your risk of getting gangrene, such as diabetes, it's important you have regular check-ups to assess the state of your feet. Report any problems to your GP as soon as possible.
Stopping smoking if you smoke and adopting a healthy lifestyle, with a low-fat diet and regular exercise, can also improve your circulation and reduce your risk of developing gangrene.
Шеткері артериялардың аурулары – аяқты және аяқтың ұшын қанмен қамтамасыз ететін артериялардың қабырғаларын нығайтуға және тарылтуға апаратын дерттік жағдай.
Тамырлардың саңылауының тарылуы олардағы қан ағымының азаюына апарады, бұл нервтер мен тіндердің зақымдануын туындатады.
Аяқтың атеросклерозы – аяқты және аяқтың ұшынқанмен қамтамасыз ететін артериялардың тарылуымен және қабырғасының нығаюымен сипатталатын шеткері қан тамырларының ауруы. Артериялардың тарылуы қан ағымының азаюына апарады. Аурудың симптомдарына жататындар – аяқтағы ауырсыну және жансыздану, ұйып қалу сезімі, аяқтың және аяқ ұшының мұздау сезімі, сандағы, балтырдағы немесе аяқ ұшындағы бұлшық еттің ауырсынуы.
Себептері
Шеткері артериялардың аурулары атеросклероз немесе «артериялар қабырғасының қатаюы» салдарынан туындайды. Бұл дерттік жағдай май бөліктерінің тамырлар қабырғасындағы жинақталуында пайда болады, нәтижесінде саңылау тарылады. Сондай-ақ, артериялардың қабырғасы тығыз бола түседі және оларда қан ағымы күшейгенде кеңейе алмайды.
Нәтижесінде, аяқтың жұмысының күшеюінде, мысалы, жаттығу немесе серуендеу кезінде олар қанның және оттегінің қажетті мөлшерін ала алмайды. Аурудың ушығуында, түбінде, организм бұл бұлшық еттерін қан мен оттегінің жеткілікті мөлшерімен тыныш күйдің өзінде қамтамасыз ете алмайды.
Шеткері артериялардың аурулары – жиі тараған ауру. Ол 50 жастан асқа ерлердің арасында жиі кездеседі. Адамдар келесі жағдайларда жоғары қауіпке ие болады:
Инсульт (мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы немесе қан құйылуы)
Симптомдары
Әдеттегі симптомдары : аяқ ұшының, балтырдың немесе санның бұлшық етіндегі ауырсыну, шаршау, күйдіру немесе жайсыздық сезімі. Бұл симптомдар әдетте, серуендеу немесе дене жаттығулары кезінде пайда болады және бірнеше минут демалғаннан кейін өтеді.
Аурудың бастапқы кезінде бұл симптомдар тауға шығатын кезде, тез жүруде, немесе үлкен қашықтықтағы жолды жүргенде пайда болады.
Кешірек бұл симптомдар жиірек және аз жүктемеде де пайда болады.
Тыныш күйде аяқтың және аяқ ұшының ұйып қалуы сезіледі. Аяқты ұстағанда -салқын, ал терісі солғын болып көрінеді.
Шеткері артериялардың аурулары ушыққан кезде келесі симптомдар дамуы мүмкін:
Импотенция
Түнгі кездегі ауырсыну және құрысу
Аяқ ұшындағы немесе бақайлардағы ауырсыну немесе шаншу, олар айқын болғандықтан, аяққа киім немесе төсек тигенде ауырсыну сезімі пайда болады.
Аяқты көтергенде нашарлайтын және төсектен төмен түсіргенде әлсірейтін ауырсыну
Тері қошқыл және көгерген болып көрінеді
Жазылмайтын жаралардың пайда болуы
Диагностика
Дәрігермен кеңесуде анықталуы мүмкін:
Зақымданған артерия үстіндегі фонендоскоппен тыңдалатын, ысқыратындай дыбыс
Қол-аяқтағы артериалдық қысымды өлшеу және салыстыру (тобықтық-иықтық индекс)
Ультрадыбыстық допплерография
Магниттік-резонанстық ангиография немесе КТ- ангиография
Емдеу
Дене жаттығулары мен демалысты үйлестіріңіз. Жаяу жүріңіз немесе басқа жаттығуларды орындаңыз, ауырсынуға қарамастан жүруді демалумен кезектестіріңіз. Уақыт өте келе жаңа, шағын (коллатералдық) қантамырлар қалыптасуымен қан айналымы жақсарады. Жаттығу алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Темекі шекпеңіз. Темекі шегу артерияларды тарылтады, осылайша, қанның оттегіні тасымалдау қабілеті төмендейді, бұл кезде тромбы және эмболия қалыптасу қаупі артады.
Аяққа күтім жасау қажет, әсіресе, қант диабеті болса. Ыңғайлы аяқ киім кию қажет. Кез келген кесіп алуға, зақымға назар аудару қажет және дәрігерге көріну қажет. Тіндер баяу жазылады және қан айналымы бұзылуы болғанда жиі жұқпаланады.
Артериалдық қысымның жақсы бақылануына көз жеткізіңіз.
Артық салмақ болса, азайтыңыз.
Егер холестерин деңгейі жоғары болса, холестерин мен майдың мөлшері төмен болатын емдәм ұстаныңыз.
Диабет болса, қандағы қант деңгейін бақылаңыз.
Бұл топтың ауруларын бақылау үшін дәрілік препараттар қабылдау қажет болады, мысалы:
Аспирин немесе клопидогрель (Плавикс) препараты, ол артериялардағы тромбының қалыптасуының алдын алады. Дәрігермен кеңеспей, бұл дәрілерді қабылдауды ТОҚТАТПАҢЫЗ.
Зақымданған артерияның саңылауын кеңейтетін дәрілер. Сондай-ақ, артериялардың жеңіл және ауыр зақымдануы бар адамдарда қолданылады, оперативтік емдеуге баратындардан басқаларда.
Холестерин деңгейін төмендететін препараттар
Ауырсынуды басатын құралдар.
Егер жоғары артериалдық қысымнан және қант диабетінен дәрі қабылдайтын болсаңыз, оларды дәрігердің ұсынысына сай қабылдауды жалғастырыңыз.
Аурудың барысы ауыр болса, жұмысқа немесе басқа қызметке әсер етсе, немесе тыныш күйде ауырсыну сезілсе, хирургиялық араласу орындалады. Мүмкін нұсқалары:
Шеткері артериялардыың ангиопластикасы және стенттеу (жүректің коронарлық артериясын ашуда қолданылатын әдіске ұқсас, тек зақымданған аяқтың қантамырында орындалады)
Ущемленная грыжа – это часть кишки или брюшной ткани, которая застревает в грыже – выпуклой мягкой ткани, пробивающуюся через слабое место в брюшной стенке.
Если часть кишки застряла, проходимость стула через кишечник может быть затруднена. Это может вызывать боль, тошноту, рвоту и опухоль (расширение) желудка.
Кишечная петля может опухнуть и слегка ущемиться в грыже, что вызывает омертвление ткани (гангрену). Если кишка ущемлена, нужна срочная операция.
Что это такое?Гангрена – это омертвение и распад тканей, которое обычно происходит в случае прекращения поступления крови к тканям в результате травмы или инфекции. После омертвения ткани, ее могут инфицировать бактерии и вызвать распад ткани.
Вероятность развития гангрены выше при следующих заболеваниях и состояниях:
Хирургическое исследование пораженного участка для подтверждения гангрены
Микроскопическое исследование на установление отмершей ткани
Бактериологическое исследование образцов ткани на наличие бактериальной инфекции
Артериография для разработки правильной тактики лечения сосудистых нарушений.
Гангрена может поражать небольшие участки тела, как например, отмороженные пальцы рук или ног, или обширные участки ткани, как например, часть стопы. У людей с нарушенным кровообращением (например, у больных диабетом), увеличивается риск развития гангрены в случае несвоевременного лечения ранений и инфекций кожи.
Лечение. Гангрена требует незамедлительных действий. Лечение гангрены заключается в восстановлении кровообращения в пораженной зоне, излечении инфекции и удалении омертвевших и отмирающих тканей. В тяжелых случаях гангрены требуется иногда ампутировать какую-либо часть тела: например, палец на руке или ноге или стопу.