.

нистагм | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

нистагм

 

When you look at an object, you're using several muscles to move both eyes to focus on it. If you have a problem with the muscles, the eyes don't work properly.

There are many kinds of eye movement disorders. Two common ones are

Some eye movement disorders are present at birth. Others develop over time and may be associated with other problems, such as injuries. Treatments include glasses, patches, eye muscle exercises, and surgery. There is no cure for some kinds of eye movement disorders, such as most kinds of nystagmus.

 

Source: https://medlineplus.gov/eyemovementdisorders.html

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Көздің құрылысы және қызметі

Талқылау

Себептері

Үйдегі күтім

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге көрінуден нені күтуге болады

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Нистагм – бұл көздің жылдам, бақылауға алынбайтын қозғалысын сипаттайтын термин:  

  • Бір жақстан екінші жаққа қарай (көлденең нистагм)

  • Жоғары және төмен (тік нистагм)

  • Шеңбер бойымен (айналмалы немесе торсиялық нистагм)

Себебіне байланысты нистагм бір немесе екі жақты болады. Сондай-ақ, ауруды сипаттау үшін «билеп тұрған көз» термині де қолданылады.

 

Көздің құрылысы және қызметі

 

Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Аққабықтан, мөлдірқабықтан тұратын көздің сыртқы қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ішкі қабаты (торқабық) нервтерден және жарық-түске сезімтал жалғамдардан тұрады. Сондай-ақ, мөлдірқабықтың артында орналасқан нұрлы қабық бар, ол –жұқа қозғалмалы пластина, ортасында қарашық аталатын дөңгелек ойығы бар. Оның артында қарақ (көз бұршағы) орналасқан, ол – линза түріндегі мөлдір созылмалы дене, оның басты қызметі – жарықты сындыру. Конъюнктива – қабақтың ішкі бөлігін жауып тұратын сілемей қабығы.

Жарық көзге мөлдірқабық арқылы өтеді. Көз арқылы жарықтың өтуінде мөлдірқабық қарашықтың пішіні өзгеру есебінен кеңейіп, көзге көбірек жарықты өткізеді немесе тарылып, оны шектейді. Одан кейін линзалар жарықтың торқабыққа тура шоғырланып түсуі үшін  өздерінің пішінін өзгертеді. Жарық көру нервісі арқылы миға нерв сигналдарын берудің химиялық үрдісін іске қосатын фоторецепторларды қоздырады.

Мида осы нерв импульстарын өңдеу және тұтас бейне қалыптастыру жүреді.

 

Жалпы ақпарат

Көздің еріксіз қозғалысы немесе нистагм мидың көз қозғалысын бақылайтын аумағы қызметінің бұзылысынан туындайды. Ішкі  құлақтың дене қимылына және орналасу өзгерісіне сезімтал бөлігі (лабиринт) көздің қозғалысын бақылауға көмектеседі.

Нистагмның екі түрі бар:

  • Туа біткен, балалық нистагм синдромы.

  • Жүре пайда болған нистагм, өмір бойында жарақаттан пайда болған.

 

Себептері

ТУА ПАЙДА БОЛҒАН НИСТАГМ (балалық нистагм синдромы)

Туа біткен нистагм, әдетте, жеңіл өтеді. Ол ушықпайды және басқа да аурулармен байланысты емес.

Бұл ауруға шалдыққан адамдар өздері көзінің бұлай қозғалуын байқамайды, тек қоршаған адамдар байқайды. Егер қозғалыстың көлемі үлкен болса, көргіштік нашарлауы мүмкін. Көруді хирургиялық араласу арқылы жақсартуға болады.

Нистагм көздің туа біткен ауруымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай құбылыстың сирек болуына қарамастан, офтальмолог нистагм бар әр баланы көз ауруы болуына тексеруі қажет.

ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН НИСТАГМ

Жүре пайда болған нистагмның жиі себебі – есірткі немесе кейбір дәрілік препараттарды қабылдау. Фенитоин (Дилантин) – құрысуға қарсы препарат, алкогольді немесе кез келген тыныштандыратын препаратты шамадан тыс көп тұтыну құлақ лабиринтінің қызметін бұзуы мүмкін.

Аурудың пайда болуының басқа себептері:

  • ЖОЛ-көлік апатындағы бас жарақаты

  • Ішкі құлақ аурулары, мысалы, лабиринтит немесе Меньер ауруы

  • Инсульт

  • Организмдегі тиаминнің немесе В12 дәруменінің тапшылығы

 

Көздің қозғалысын бақылайтын мидың аумақтарының зақымдануындағы мидың кез келген ауруы (мысалы, шашыраңқы склероз немесе ісік) нистагмды туындатуы мүмкін.

 

Үйдегі күтім

Көрудің бұзылысын немесе жүйке жүйесінің ауруларын, бас айналуын жою үшін үй-жайдың жағдайына өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Нистагм симптомдары болса немесе оған күмән пайда болса, дәрігерге көріну қажет.

 

Дәрігерге көрінуден нені күтуге болады

Емдеуші дәрігер сырқатнаманы мұқият зерттеп, медициналық тексеруді өткізеді, жүйке жүйесі мен ішкі құлаққа көңіл бөледі. Тексеріп, қарау кезінде дәрігер көзәйнек киюді өтінуі мүмкін, бұл көзді үлкейтіп көретуге мүмкіндік береді.

Нистагмды тексеру үшін дәрігер келесі ем-шараны жүргізуі мүмкін:

  • 30 секунд бойы айналуды, одан кейін тоқтап, нысанға қарауға тырысуды өтінеді.

  • Алдында көз баяу, бір бағытта қимылдап, одан кейін тезірек, қарама қарсы бағытта қимылдайды.

 

Егер нистагм басқа аурумен байланысты болса, көздің қимылы аурудың себебіне байланысты болады.

Сырқатнаманы толтыруда жиі қойылатын сұрақтардың мысалдары:

  • Көздің мұндай қозғалысын қашан алғаш рет байқадыңыз?

  • Қаншалықты жиі болады?

  • Көздің еріксіз қозғалысы пайда болғанға дейін не болды ?

  • Аурудың барысы жақсарды ма, нашарлады ма, немесе басындағыдай ма?

  • Көздің қозғалысы бір жақтан екінші жаққа қарай бағытталған ба?

  • Көздің қозғалысы жоғары –төмен бағытталған ба?

  • Қандай дәрілік препараттарды қабылдап жүрсіз?

  • Басқа симптомдар байқалады ма ?

 

Науқасқа келесі тексеру түрлері тағайындалады:

  • Мидың КТ

  • Электроокулография: көздің қозғалысын шағын электродтардың көмегімен бағалаудың электр әдісі

  • Мидың МРТ

  • Көздің қозғалысын тіркеу арқылы вестибулярлық тексеру.

Көпшілік жағдайда туа біткен нистагм емделмейді. Жүре пайда болған нистагмның емдеуі оны туындатқан аурудың себебіне байланысты. Кейбір жағдайда нистагмды жоюға келмейді. Егер нистагм дәрілерді қабылдаумен немесе инфекциямен байланысты болса, ол әдетте, себебі жойылғанда өтеді, мысалы, дәріні қабылдауды тоқтатқанда.

Балалық нистагм синдромы бар науқастарда көру қызметін жақсарту үшін келесі емдеу әдістері көмектесуі мүмкін:

  • Призмалар

  • Тенотомия секілді операциялар

  • Балалық нистагмды дәрі-дәрмекпен емдеу.

 

Синонимдары

Көздің еріксіз қозғалысы; көздің бір жақтан екінші жаққа тез қозғалысы; Көздің бақылауға келмейтін қозғалысы. 

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Көздің құрылысы және қызметі

Көз қимылы бұзылыстарының түрлері

Емдеу

 

Жалпы ақпарат

Нысанға қараған кезде  екі көзді тігу үшін бірнеше бұлшық еті әрекет етеді.  Бұлшық етте мәселелер пайда болса, көздің үйлесімді жұмысы бұзылады.

 

Көздің құрылысы және қызметі

 

Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Аққабықтан, мөлдірқабықтан тұратын көздің сыртқы қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ішкі қабаты (торқабық) нервтерден және жарық-түске сезімтал жалғамдардан тұрады. Сондай-ақ, мөлдірқабықтың артында орналасқан нұрлы қабық бар, ол –жұқа қозғалмалы пластина, ортасында қарашық аталатын дөңгелек ойығы бар. Оның артында қарақ (көз бұршағы) орналасқан, ол – линза түріндегі мөлдір созылмалы дене, оның басты қызметі – жарықты сындыру. Конъюнктива – қабақтың ішкі бөлігін жауып тұратын сілемей қабығы.

Жарық көзге мөлдірқабық арқылы өтеді. Көз арқылы жарықтың өтуінде мөлдірқабық қарашықтың пішіні өзгеру есебінен кеңейіп, көзге көбірек жарықты өткізеді немесе тарылып, оны шектейді. Одан кейін линзалар жарықтың торқабыққа тура шоғырланып түсуі үшін  өздерінің пішінін өзгертеді. Жарық көру нервісі арқылы миға нерв сигналдарын берудің химиялық үрдісін іске қосатын фоторецепторларды қоздырады.

Мида осы нерв импульстарын өңдеу және тұтас бейне қалыптастыру жүреді.

 

Көз қимылы бұзылыстарының түрлері

Көз қимылы бұзылыстарының түрлері көп. Жиі кездесетіндері:

  • Қылилық – көздің қимылы үйлесімсіз болатын ауру, бұл кезде көру осьтері бір нысанға түйіспейді.
  • Нистагм – көздің тез, бақылауға келмейтін қимылы, бұлар кейде «билеп тұрғандай» көз аталады.

Көз қимылы бұзылыстарының кейбірі туғаннан болады. Басқалары өмір бойында дамиды және жарақат секілді мәселелерге байланысты болады.

 

Емдеу

Емдеуге көзәйнек киіп жүру, көздің бұлшық етін жаттықтыру үшін жаттығу жасау және оперативтік араласу жатады. Көз қимылы бұзылыстарының кейбірі, мысалы, нистагм емделмейді.

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Лабиринтит – ішкі құлақтың іріңді немесес іріңсіз қабынуымен сипатталатын ауру. 

Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Дыбыс жарғақ және үш кішкене сүйектер дыбысты  дыбыс жарғақтан құлақ иірімінің алдыңғы жағына өткізеді.

 

Себептері

Лабиринтит ортаңғы құлақтың жіті немесе көбінесе, созылмалы ауруларында, ортаңғы құлақтың туберкулезінде, жарақат кезінде пайда болады.

Даму жолдарына байланысты ішкі құлақтың қабыну ауруларын тимпаногендік (ортаңғы құлақтан өтетін), менингогендік (менингитте) және гематогендік (басқа ауруларда қабыну ішкі құлаққа қан арқылы беріледі) түрлеріне бөлуге болады.

Сондай-ақ, иірімнің іріңді және іріңсіз зақымдануы болады, ал таралуы бойынша диффуздық (таралған) және шектелген болады.

Келесі факторлар лабиринтиттің пайда болу қаупін арттырады:

  • Алкогольдің үлкен мөлшерін қабылдау
  • Шаршау
  • Аллергия болу тарихы
  • Вирустық аурудың, респираторлық инфекциядан кейін
  • Құлақтың инфекциясы
  • Темекі шегу
  • Күйзеліс
  • Рецептімен немесе рецептісіз берілетін белгілі бір дәрілерді қолдану (әсіресе,  аспирин)

 

Симптомдары

  • Бас айналуы
  • Көздің еріксіз қозғалуынан фокустеу қиындығы
  • Бір құлақтың естімей қалуы
  • Тепе-теңдікті жоғалту, мысалы, бір жағына құлау
  • Жүрек айну және құсу
  • Құлақтың шыңылдауы

Іріңді  лабиринтитте температура артуы мүмкін. Диффуздық іріңді лабиринтитте  толық естімей қалу орнайды.

 

Диагностика

Дәрігер науқастың лабиринтиттің симптомдарына нұсқайтын шағымдарын тыңдап, ауруды анықтайды.

Әдетте, бұл ауруды анықтау үшін арнайы тестілер қажет емес, бірақ, дәрігер келесі науқастан диагностикалық шараларды өтуін сұрауы мүмкін:

  • ЭЭГ (электроэнцефалограмма – мидың электрлік белсенділігін зерттеу)
  • Электронистагмография (көздің бұлшық еттерінің электрлік белсенділігін зерттеу)
  • бастың КТ (компьютерлік томографиясы)
  • есту тестілері (аудиология / аудиометрия)
  • бастың МРТ (магниттік-резонанстық томографиясы)

 

Емдеу

Лабиринтит әдетте, емдеу басталғаннан кейін бірнеше аптада өтеді. Емдеу бас айналуы секілді симптомдарды жеңілдетуге көмектеседі.

Емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар:

  • Антигистаминдік (аллергияға қарсы) препараттар
  • Жүрек айну мен құсуға қарсы дәрілер
  • Бас айналуын жоятын дәрілер
  •  Ұйқы шақыратын және тыныштандыратын құралдар

 

Аурудың болжамы

Уақытылы дәрігерге көрінгенде және дұрыс емделгенде болжамы – оң. Ауыр симптомдары аптаның ішінде өтеді. Науқастардың көпшілігі 2-3 ай барысында сауығады. Егде науқастарда бас ауыруы және бас айналуы байқалуы мүмкін. Егер асқынуға жол беріліп, естімей қалу орын алса, есту қалпына келмеуі мүмкін.

Мүмкін асқынулары

  • Естімей қалу (аса сирек)

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігерге хабарласыңыз, егер:

  • Бас айналуы, тепе-теңдікті жоғалту немесе лабиринтиттің басқа симптомдары болса
  • Естімей қалсаңыз

Жедел жәрдемді шақырыңыз, егер:

  • құрысу болса
  • заттар қос болып көрінсе
  • естен тану болса
  • ұдай қусу болса
  • сөйлеу түсініксіз болса
  • бас айналуында, әсіресе, 38 ° C-тан асатын температура болса
  • әлсіздік немесес салдануда

 

Алдын алу

Аурудың алдына алудың белгілі әдістері жоқ. 

Содержание

Общая информация.

Строение и функции глаза.

Виды глазодвигательных расстройств.

Лечение.

 

Общая информация

Когда вы смотрите на объект, вы задействуете несколько мышц для сосредоточения на нем обоих глаз. При наличии проблем с мышцами нарушается согласованная работа глаз.

 

Строение и функции глаза

 

Глаз – орган зрения сферической формы. Он заполнен жидкостью. Наружный слой глаза, состоящий из склеры (белочной оболочки) и роговицы, выполняет защитную функцию. Средний слой глаза состоит из сосудов. Внутренний слой (сетчатка) состоит из нервных, свето- и цветочувствительных окончаний. Также имеется радужная оболочка глаза, которая расположена за роговицей, она представляет собой тонкую подвижную пластинку с круглым отверстием посередине, называемым зрачком. За ним находится хрусталик – это прозрачное эластичное тело в форме линзы, его главная функция - светопреломление. Конъюнктива – это слизистая оболочка, покрывающая внутреннюю часть век.

Свет проникает в глаз через роговицу. При прохождении света через глаз роговица за счет изменения формы зрачка может расширяться и пропускать в глаз больше света или сужаться, ограничивая его. Затем линзы меняют свою форму, настраивая точную фокусировку света на сетчатке. Свет возбуждает фоторецепторы, за счет которых запускается химический процесс передачи нервных сигналов в мозг через зрительный нерв. В мозге происходит обработка этих нервных импульсов и формирование целостного изображения.

 

Виды глазодвигательных расстройств

Существует множество видов глазодвигательных расстройств. Наиболее распространенными из них являются:

· Косоглазие - заболевание, при котором движения глаз несогласованны, при этом зрительные оси не могут быть сведены на одном объекте.

· Нистагм - быстрые, неконтролируемые движения глаз, иногда называемые "танцующими глазами"

Некоторые глазодвигательные расстройства присутствуют с рождения. Другие развиваются в течение жизни и могут быть связаны с другими проблемами, такими как травмы.

 

Лечение

Лечение включает ношение очков, выполнение упражнений для тренировки мышц глаз и проведение оперативного вмешательства. Некоторые виды глазодвигательных расстройств, например, нистагм неизлечимы. 

 

Содержание

Общая информация
Причины
Симптомы
Диагностика
Лечение
Прогноз заболевания
Возможные осложнения
Когда следует обратиться за врачебной помощью
Профилактика

 

Общая информация

Лабиринтит – заболевание, характеризующееся гнойным или негнойным воспалением внутреннего уха.

Ухо состоит из внешнего, среднего и внутреннего. Барабанная перепонка и три крошечные кости проводят звук из барабанной перепонки к передней части ушного лабиринта.

Причины

Лабиринтит возникает при острых или чаще хронических воспалениях среднего уха, туберкулезе среднего уха, травме.

В зависимости от путей развития воспалительные заболевания внутреннего уха можно разделить на тимпаногенные (переход воспаления из среднего уха), менингогенные (при менингите) и гематогенные (при других заболеваниях воспаление передается во внутреннее ухо через кровь).

Различают также гнойные и негнойные поражения лабиринта, а по распространению-диффузные (распространенные) и ограниченные.

Следующие факторы повышают риск возникновения лабиринтита:

  • Употребление большого количества алкоголя

  • Усталость

  • История аллергии

  • Перенесенное вирусное заболевание, респираторная инфекция

  • Инфекция уха

  • Курение

  • Стресс

  • Использование определенных рецептурных или безрецептурных препаратов (особенно аспирин)

 

Симптомы

При гнойном лабиринтите может повышаться температура. При диффузном гнойном лабиринтите наступает полная потеря слуха.

 

Диагностика

Врач диагностирует заболевание, выслушав жалобы больного, которые указывают на симптомы лабиринтита.

Обычно специализированные тесты не нужны для диагностики этого заболевания, но врач может попросить пациента пройти следующие диагностические процедуры:

  • ЭЭГ (электроэнцефалограмма – исследование электрической активности головного мозга)

  • Электронистагмография (исследование электрической активности мышц глаза)

  • КТ (компьютерная томография) головы

  • Слуховые тесты (аудиология / аудиометрия)

  • МРТ головы (магниторезонансная томография)

 

Лечение

Лабиринтит обычно проходит в течение нескольких недель после начала лечения. Лечение помогает снизить симптомы, к которым относится головокружение.

Лекарственные препараты, применяемые для лечения:

  • Антигистаминные (противоаллергические) препараты

  • Лекарства против тошноты и рвоты

  • Лекарства для устранения головокружения

  • Снотворные и успокоительные средства

 

Прогноз заболевания

При своевременном обращении и правильном лечении прогноз вполне благоприятный.

Тяжелые симптомы болезни проходят в течение недели. Большинство пациентов полностью выздоравливают в течение 2-3 месяцев. У пожилых пациентов может наблюдаться головная боль и головокружение.

Если в результате запущенности болезнь привела к потере слуха, то слух может и не восстановиться.

 

Возможные осложнения

Потеря слуха (крайне редко)

 

Когда следует обратиться за врачебной помощью

Позвоните врачу, если:

  • У вас имеется головокружение, потеря равновесия или другие симптомы лабиринтита

  • Вы потеряли слух

Звоните в скорую помощь при:

  • Судорогах

  • Раздвоении зрения

  • Обмороке

  • Постоянной рвоте

  • Невнятной речи

  • Головокружении, особенно если наблюдается температура выше 38 ° C

  • Слабости или параличе

 

Профилактика

Известных способов предупредить болезнь не существует.