Меньер ауруы – ішкі құлақтың ауруы, қуыстағы сұйықтық мөлшерінің ұлғаюына апарады және тепе-теңдік сезіміне және естуге әсер етеді.
Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Дыбыс жарғақ және үш кішкене сүйектер дыбысты дыбыс жарғақтан құлақ иірімінің алдыңғы жағына өткізеді. ішкі құлақ – есту және тепе-теңдік ағзасының үш бөлімдерінің бірі. Есту ағзасының аса күрделі бөлімі, өзінің иірімді пішініне байланысты лабиринт аталады.
Дыбыс жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Дыбыс толқындары дыбыс жарғағына жеткенде оны вибрацияға ұшыратады. Вибрациялар одан кейін ортаңғы құлақтағы кішкентай сүйектерге беріледі, одан әрі ішкі құлаққа беріледі. дыбыс жарғағы сыртқы жағында тері жарғағымен жабылған және ішкі жағында сілемей қабатымен жұқа дәнекер тінінен тұрады.
Бас айналу ұстамалары, жүрек айнуымен және құсумен қосарланады;
Бір немесе екі құлақтағы шуыл;
Естудің төмендеуі (бір жақты немесе екі жақты)
Ауру үшін ең ауыры – бас айналу ұстамасы. Бұл ұстамалар жиі (аптасына 1-2 рет), сирек (жылына 1-2 рет) және аса сирек (бірнеше жылда 1 рет) болуы мүмкін. Бас айналу ұстамасы бірнеше минуттен бірнеше аптаға дейін созылады. Көбінесе, 2-6 сағатқа созылады. Ұстамалар кез келген уақытта пайда болады, көбінесе, таңертең және түнде. Бас айналу ұстамасын психологиялық және дене ширығуы туындатуы мүмкін. Науқас қоршаған заттар айналатындай немесе қозғалатындай көрінеді. Бұл симптомдар науқасқа орасан жайсыздық әкеледі.
Ұстама кезінде ауру құлақта естімей қалу сезімі пайда болады. Ұстама кезінде тепе-теңдік бұзылатыны соншалық, науқас аяғына тұра алмайды.
Орналасуды өзгертуде немесе басты бұрғанда жағдай нашарлайды және жүрек айнуы пайда болады. Ұстама өткеннен кейін 6-48 сағат бойы адам әлсіздік сезінеді.
Ремиссия кезінде науқастың жағдайы қанағаттанарлық болып қалады. Егер сізде Меньер ауруының симптомдары болса, шұғыл медициналық жәрдемге жүгіну қажет.
Меньер ауруын толық емдеп жазу мүмкін емес, емдеу тек ұстама жиілігін азайтуға көмектеседі. Меньер ауруы асқыну сатысында болғанда дәрі-дәрмек препараттары кенеттен болатын ұстаманың көрінісін басуға, сондай-ақ, жүрек айну симптомдарын азайтуға мүмкіндік береді.
Меньер ауруын емдеу естудің төмендеуінің алдын алуға көмектесе алмайды. Емдеу симптомдарды бақылауға, сондай-ақ, ұстамалардың жиілігін азайтуға бағытталады.
Меньер ауруын емдеу келесіге бағытталған:
несеп айдайтын құралдарды қабылдау, олар ішкі құлақтағы сұйықтықтың жинақталуын азайтуға мүмкіндік береді;
вестибулярлық аппаратқа басатын және ішкі құлаққа тыныштандыратын әсер ететін дәрі-дәрмектерді қабылдау;
тұзды шектейтін арнайы емдәмді қадағалау, бұл ішкі құлақтағы сұйықтықтың жиналуын азайтуға ықпал етеді;
темекі шегуден, алкоголь мен кофеинді тұтынудан алшақ болу.
Науқас ұстамалардың дамуын туындататын күйзелістерден алшақ болуы қажет. Емдеудің барысында ми қан айналымын жақсартатын препараттар тағайындалады.
Егер Меньер ауруын емдеудің консервативтік әдістері көмектеспесе, хиургиялық араласуға жүгіну қажет.
Хиургиялық емдеудің негізгі мақсаты – құлақтың құрылысын зақымдамастан, аурудың көрінісін жою. Операция кезінде ішкі құлақтың вестибулярлық аппаратын хиургиялық бұзу орындалады. Сондай-ақ, вестибулярлық аппаратты антибиотик енгізумен бұзу жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ем-шара химиялық абляция аталады. Бірақ, мұндай әдістер естімеуге апарады, сондықтан, олар аса сирек қолданылады.
Көпшілік жағдайда аурудың алдын алу мүмкін емес, бірақ, кейде аурудың туындауы бас сүйек-ми жарақатынан болатындықтан, сақтық шараларын қадағалау қажет: мотоцикл, велосипед немесе роликтерді тепкенде басқа шлем кию қажет. Сонымен қатар, тұзы аз емдәм ұстану ұстамалардың санын азайтуға көмектеседі, сондықтан, тұзды тұтынуды шектеуді алдын алу әдісі ретінде айтуға болады. Күйзелістен, аллергендік факторлардан, темекі шегуден, алкоголь мен кофе тұтынудан алшақ болу қажет.
Болезнь Меньера – заболевание внутреннего уха, которое приводит к увеличению количества жидкости в его полости и влияет на чувство равновесия и слух.
Ухо состоит из внешнего, среднего и внутреннего. Барабанная перепонка и три крошечные кости проводят звук из барабанной перепонки к передней части ушного лабиринта. Внутреннее ухо — один из трёх отделов органа слуха и равновесия. Является наиболее сложным отделом органов слуха, из-за своей замысловатой формы называется лабиринтом.
Барабанная перепонка отделяет наружное ухо от среднего уха. Когда звуковые волны достигают барабанной перепонки, они заставляют его вибрировать. Вибрации затем передаются в крошечные кости в среднем ухе, а оттуда во внутреннее ухо. Барабанная перепонка состоит из тонкой соединительной ткани, покрытой мембраной кожи на внешней стороне и слизистой оболочкой на внутренней стороне.
приступы головокружения, которые сопровождаются тошнотой и рвотой;
шум в одном или обоих ушах;
снижение слуха (одностороннее или двустороннее)
Самым тяжелым для больного симптомом является приступ головокружения. Эти приступы могут быть частыми (1-2 раза в неделю), редкими (1-2 раза в год) и эпизодическими (1 раз в несколько лет). Длятся приступы головокружения от нескольких минут до нескольких суток. Чаще всего головокружение продолжается 2-6 часов. Приступы возникают в любое время, но чаще утром и ночью. Спровоцировать приступ головокружения может психологическое и физическое напряжение. Больной ощущает вращение или ему представляется смещение окружающих предметов. Эти симптомы приносят больному огромное неудобство.
Во время приступа в больном ухе возникает ощущение оглушения. В момент приступа равновесие может быть нарушено настолько, что больной не может удержаться на ногах.
При любой попытке изменения позы или повороте головы состояние становится хуже и возникает тошнота. По окончанию приступа на протяжении 6-48 часов человек чувствует слабость.
В период ремиссии состояние больного остается удовлетворительным. Если у Вас имеются симптомы болезни Меньера, следует незамедлительно обратиться за медицинской помощью.
К специфическим методам исследования относят тест на калорийную стимуляцию глазных рефлексов путем переменного воздействия на внутреннее ухо теплой и холодной воды. Нарушение глазных рефлексов может свидетельствовать о болезни Меньера.
Невозможно излечить полностью синдром Меньера, лечение лишь помогает сократить частоту приступов. Когда синдром Меньера находится на стадии обострения, медикаментозные препараты позволяют купировать проявления внезапного приступа, а также уменьшить симптомы тошноты.
Лечение болезни Меньера, к сожалению, не помогает предотвратить снижение слуха. Терапия направлена на контроль симптомов, а также на снижение частоты количества приступов.
Лечение болезни Меньера направлено на:
Прием мочегонных средств, которые позволяют снизить накопление жидкости во внутреннем ухе;
Прием медикаментов, оказывающих подавляющее действие на вестибулярный аппарат и успокаивающих внутреннее ухо;
Соблюдение специального диетического питания с ограниченным потреблением соли, что способствует уменьшению накопления жидкости во внутреннем ухе;
Отказ от курения табака, алкоголя, приема кофеин.
Пациенту необходимо стремиться избегать стрессов, которые провоцируют развитие приступов. В ходе лечения больному прописывают препараты для улучшения мозгового кровообращения.
Если консервативное лечение болезни Меньера не помогает, прибегают к хирургическому вмешательству.
Основная цель хирургического лечения – устранение проявлений болезни, без повреждения структуры уха. Во время операции осуществляется хирургическое разрушение вестибулярного аппарата внутреннего уха. Также может осуществляться разрушение вестибулярного аппарата с помощью введения в него антибиотиков, такая процедура называется химической абляцией. Но такие методы приводят к глухоте, поэтому они применяются в самых крайних случаях.
В большинстве случаев профилактика невозможна, но поскольку в некоторых случаях болезнь может быть спровоцирована черепно-мозговыми травмами, следует соблюдать меры предосторожности: надевать шлем во время езды на мотоцикле и велосипеде, а также катания на роликах. Помимо этого, низкосолевая диета помогает сократить количество приступов, поэтому ограничение употребления соли можно назвать методом профилактики. Следует стараться избегать стрессов, аллергенных факторов, не употреблять табак, алкоголь и кофе.