Терінің беткейінде орналасқан вена қабынуы мүмкін. Бұл жағдай кез келген венада, жиі балтыр веналарында кездесуі мүмкін. Бұл жағдай беткей тромбофлебит деп аталады.
Вена бойында қызаруды көруге, лимфаны, жылулықты, аймақтың сезімталдығын сезуге болады.
Тікелей тері беткейіндегі қан ұйындылары сирек жағдайда қиындықтар туғызады, себебі олар сирек ажырайды және қанағысымен жылжиды. Соған қарамай бұл жағдайдың балтырдың терең веналарының қабынуына қарағанда қаупі аз, тексерісті қажет етуі мүмкін.
Беткей тромбофлебит- жиі демалу мен қабынуға қарсы препараттармен емдейді.
Аяқтың терең веналарындағы тромб қауіпті, себебі ол босап қанағысымен өкпеге қарай жылжуы(өкпе тамырларының эмболиясы) адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Терең веналардың тромбоз белгілері болып саналады:
Аяқтардың бірінде ісіну, ауырсыну, қызару немесе аяқтардың формасының айқын ерекшелігі.
Жүргенде немесе аяқ жоғары көтерілген қалыпта балтырда ауру сезімі.
Көптеген көктамырлар варикозы қауіпті медициналық мәселе болып табылмайды. Әлсіреген веналардағы қысым кей жағдайда медициналық тексеруді қажет ететін асқынуларға әкелуі мүмкін, мысалы, ойық жараға, қансырауға, беткейде ұйындылардың түзілуіне.
Терең көктамырдың тромбозы (ТКТ) – дененің терең көктамырында тромбылардың (қан ұйындысы) түзілуімен сипатталатын ауру. Бұл тромбылар әдетте, аяқтың көктамырларында шоғырланады. ТКТ кең таралған ауру екендігіне қарамастан, ол аса қауіпті. Егер тромбы ажырап, қан ағымымен жылжитын болса, өкпедегі қантамырларын бітеуі мүмкін. Бұл бітелу өкпе эмболиясы аталады, ол өлім-жітімге апаруы ықтимал.
Терең көктамырдың тромбозының симптомдары қандай?
Кейбір адамдарда аурудың симптомы болмауы мүмкін. Көпшілікте бір немесе екі аяқта да ісіну болады. Кейде науқастар бір аяғында ауырсыну немесе ширығуды сезінеді (тұрғанда немесе жүргенде пайда болады). Сондай-ақ, ауыратын аяқтың терісі ұстағанда жылы немесе қызылдау түсте болады. Егер осы симптомдардың бірін байқасаңыз, дәрігерге көрініңіз.
Менде терең көктамырдың тромбозының пайда болу қаупі бар ма?
Келесі жағдайларда ТКТ пайда болуының жоғары қаупі бар:
60 жастан асқанда
Ұзақ уақыт бойы қимылдамағанда, мысалы, ұшақта ұшу, автокөлікте ұзақ сапар шегу немесе операциядан кейін төсекте болғанда
Қанның ұюының жоғары болуымен сипатталатын тұқым қуалайтын ауруда
Жарақат немесе оперативтік араласуда, бұл кезде дененің белгілі бір тұстарына қан келуі азаяды
Жүктілікте немесе жақында босанғанда
Артық салмақ немесе семіздікте
Көктамырдың варикоздық кеңеюінде
Қатерлі ісікте, одан емделгеннің өзінде
Ұрықтануға қарсы таблеткалар қабылдауда немесе гормондық емдеуді алуда, оның ішінде, етеккір тоқтау шағында симптомдарды бақылау үшін
Орталық көктамыр катетері қойылғанда.
Қатарынан бірнеше қауіп факторы орын алғанда терең көктамырдың тромбозының пайда болу қаупі артады.
Дәрігер терең көктамырдың тромбозын қалай анықтайды?
Дәрігер ТКТ анықтау үшін тексеруді өткізеді. Мысалы, УДТ (УЗИ) – көктамырдағы қан ағымын бағалау үшін дыбыс толқындары қолданылады, немесе венография – көктамырға бояғыш енгізіледі, одан кейін тромбыны табу үшін рентген суреттерінің топтамасы түсіріледі.
Терең көктамырдың тромбозын емдеу үшін қандай дәрілік препараттар қолданылады?
ТКТ емдеудің негізгі мақсаттары:
Тромбының өсуін тоқтату
Тромбының ажырауының және қан ағымы бойынша өкпеге жылжуының алдын алу
Жаңа тромбылардың түзілуінің алдын алу.
Терең көктамырдың тромбозын емдеу үшін дәрілік препараттар қолданылады. Кең таралған түрлері – антикоагулянттар (қанды сұйылтуға арналған препараттар), мысалы, варфарин немесе гепарин.
Антикоагулянттар қанды сұйылтып, тромбылардың түзілуінің алдын алады. Варфаринді таблетка түрінде, гепаринді көктамыр арқылы енгізеді. Егер гепарин қабылдай алмайтын болсаңыз, дәрігер тромбинді тежеуіш аталатын басқа антикоагулянт тағайындайды.
Антикоагулянттардың жанама әсері қандай?
Антикоагулянттар қан кетуін туындатуы мүмкін. Мысалы, теріңізді кесіп алсаңыз, қанның баяу ұюын байқайсыз. Сізде көгеру жеңіл орын алуы мүмкін. Егер әдеттегідей емес, немесе күшті қан кетуі пайда болса, шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет.
Варфарин туа бітетін ақауларға апаруы мүмкін, сондықтан, оны жүкті әйелдерге тағайындауға болмайды.
Басқа дәрілік препараттар антикоагулянттардың жұмысына әсер етуі мүмкін. Егер антикоагулянт тағайындалса, жаңа дәрілер мен дәрумендерді қабылдау үшін дәрігермен кеңесу қажет. К дәруменіне бай кейбір өнімдер, мысалы, қошқыл жасыл түсті көкөністер де антикоагулянттардың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Терең көктамырдың тромбозын емдеуде қандай қосымша әдістер қолданылады?
Егер қанды сұйылтатын препараттарды қабылдай алмасаңыз, немесе антикоагулянттар жұмыс істемесе, дәрігер қуыс көктамырға сүзгі қоюды ұсынады (дененің төменгі бөлігінен жүрекке қарай қанды қайтаратын негізгі көктамыр). Бұл сүзгі қан ағымында жылжитын тромбыны ұстап, оның өкпеге түсуінің алдын алады. Бұл әдіс өкпеге тромб түсуі болған науқастарға ұсынылады.
Зақымданған аяқты жоғары қою және қысу ТКТ кезіндегі ауырсынуды және ісінуді азайтуға көмектеседі. Дәрігер тромб түзілгеннен кейін ісінуді азайту үшін арнайы қысатын шұлықты киюді ұсынады. Бұл шұлықтар аяқты өкшенің тұсынан бастап, тізеге дейін қысып тұрады.
Қалай терең көктамырдың тромбозының алдын алуға болады?
Ұзақ уақыт қимылдамағаннан кейін аяқ бұлшық етіне жаттығу жасаңыз. Аяқты созып, бұлшық етін аздап уқалаңыз. Әр сағат сайын тұрып, аздап жүріңіз. Отырған кезде өкшені көтеріп (бақайлар жер тірейді), одан кейін бақайларды көтеріп (өкше жер тірейді), жаттығу жасау қажет.
Төсектен тұрып, операциядан кейінгі шамаңызды бақылап, аздап жүріңіз.
Операциялардың кейбір түрінен кейін тромбының алдын алатын дәрілерді қабылдау қажет.
Артериалдық қысымды бақылап, темекі шекпеңіз, артық салмақ болса, арықтаңыз. Жоғары артериалдық қысым, темекі шегу, артық салмақ терең көктамыр тромбозының дамуына бейім етеді.
Дәрігерге қойылатын сұрақтар
Менде терең көктамыр тромбозы пайда болуының аса ықтимал себебі қандай?
Тромбозды емдеудің қандай түрін ұсынасыз? Дәрілік препараттар? Операция?
Менде өкпе эмболиясы пайда болуының қаупі бар ма?
Болашақта жаңа тромбы түзілу қаупі бар ма?
Тромбылардың алдын алу үшін антикоагулянттар қабылдау қажет пе? Қаншалықты ұзақ?
Тромбылардың түзілу қаупін азайту үшін өмір салтын өзгерту қажет пе?
Маған сапар шегу қауіпсіз болады ма?
Егер терең көктамыр тромбозы болса, денсаулықта басқа мәселелер пайда болады ма?
Беткейлік тромбофлебит көктамырлардың жарақатынан немесе көктамырға қойылған катетерден кейін пайда болуы мүмкін. Егер сізде бұл аурудың дамуының жоғары қаупі болса, ол көрінетін себепсіз де пайда болады.
Беткейлік тромбофлебиттің пайда болуының қауіп факторларына жататындар:
Тұратын аумақтың химиялық ластануы
Қанның ұюының артуымен сипатталатын аурулар
Инфекциялар
Жүктілік
Ұзақ уақыт бойы отыру немесе жату
Ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдау
Көктамырдың варикозды кеңеюі
Беткейлік тромбофлебит келесі аурулармен байланысты болуы мүмкін:
Іш қуысы ағзаларының қатерлі ісігі (мысалы, ұйқыбезінің қатерлі ісігі)
Терең көктамырдың тромбозы
Қанның ұюының V факторы генінің Лейдендік мутациясы
Протромбин геніндегі мутация
Облитерациялайтын тромбангиит
Бұл ауруға қатысты сирек бұзылыстарға III (AT-III) антитромбиннің, С және S протеиндерінің жеткіліксіздігі жатады.
Симптомдары
Терінің теріастылық көктамыр бойымен қызаруы немесе қабынуы
Тері ұстағанда жылы
Теріастылық көктамырда ширығу немесе ауырсыну бар – ауырсыну басқанда күшейеді
Аяқтың ауырсынуы
көктамырдың тығыздалуы (индурация)
Бұл суретте аяқтың тамыры үстінде эритема (қызару) көрінеді. Беткейлік көктамырлар қабынған, кеңейген, олардың түсінің өзгеруі байқалады.
Диагностика
Дәрігер зақымданған аумақтың сыртқы түріне қарап, беткейлік тромбофлебит болуын анықтайды. Тамыр соғуын, артериалдық қысымды, температураны жиі өлшеу, тері мен қан ағымының жағдайын жиі анықтау қажет болуы мүмкін.
Келесі нақтамалық зерттеулер аурудың болуын растауға көмектеседі:
Ультрадыбыстық допплерография
Қантамырларын ультрадыбыстық дуплекстік сканирлеу
Венография
Инфекция белгілері болуында тері немесе қан микроорганизмдерінің өсінділерін зерттеу қажет болуы мүмкін.
Емдеу
Емдеудің мақсаты – ауырсыну мен қабынуды азайту, асқынудың алдын алу.
Жайсыздық пен ісінуді азайту үшін эластикалық шұлық киіп, қабынған аяқты жоғары қою қажет. Сондай-ақ, зақымданған жерге жылы компресс қою пайдалы.
Егер беткейлік тромбофлебит көктамыр ішілік катетерден болса, оны дереу алып тастау қажет.
Беткейлік тромбофлебитті емдейтін дәрілік препараттар:
Қабынуды азайтуға арналған стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (НПВП)
Ауырсынуды басатын препараттар
Егер терең көктамыр тромбозы болса, дәрігер қанды сұйылтатын дәрілерді (антикоагулянттарды) тағайындайды. Антибиотиктер инфекция болса тағайындалады.
Көктамырдың варикоздық кеңеюінің және тромбофлебиттің қайталанатын көріністерінің алдын алу үшін жоғары қауіпті топ науқастарына зақымданған көктамырды хирургиялық алып тастау (флебэктомия) немесе склеротерапия ұсынылады.
Болжамы
Беткейлік тромбофлебит әдетте, жеңіл өтеді және ешқандай асқынуды туындатпайды. Симптомдары, әдетте, 1-2 апта ішінде өтеді, бірақ, көктамырдың ширығуы ұзақ уақыт бойы сақталады.
Мүмкін асқынулары
Беткейлік тромбофлебиттің асқынуы сирек кездеседі. Мүмкін мәселелер:
Инфекциялар
Терең көктамыр тромбозы
Қашан дәрігерге көріну қажет
Осы аурудың симптомдары болса, дәрігерге немесе медбикеге хабарласыңыз.
Беткейлік тромбофлебит анықталса, емдеуден жағдай жақсармаса, немесе симптомдар ушығатын болса, дәрігерге көрініңіз.
Жаңа симптомдар пайда болса, мысалы, аяқтарыңыз солғын тартса, ұстағанда суық болса, немесе қалтырау және қызба болса, дәрігерге көрініңіз.
Алдын алу
Егер сізге қандай да бір препаратты көктамыр арқылы енгізу қажет болса, көктамырға баратын жерді ұдайы өзгерту және қабыну белгісі болса көктамырға қойылатын катетерді дереу алып тастау арқылы беткейлік тромбофлебиттің қаупін азайтуға болады.
Мүмкіндігінше, аяқ-қолды ұзақ уақыт бойы бір жағдайда ұстамау қажет. Аяқты жиі қозғалту қажет, ұзақ ұшу, көлікте болу, немесе ұзақ уақыт бойы отыруға немесе жатуға тура келетін басқа жағдайлар кезінде аяқты қозғалтып, серуендеуге тырысыңыз. Беткейлік тромбофлебиттің пайда болу қаупін азайту үшін операциядан немесе ауруға байланысты ұзақ уақыт төсек тартудан кейін ертерек тұруға немесе серуендеуге тырысыңыз.
Тромбоз глубоких вен (также называемый ТГВ) – заболевание, характеризующееся формированием тромбов в глубоких венах нашего тела. Эти тромбы обычно локализуются в венах ног. Несмотря на то, что ТГВ является довольно распространенным заболеванием, оно очень опасно. Если тромб оторвется и начнет перемещаться по кровотоку, он может заблокировать кровеносные сосуды в легких. Эта закупорка, называемая легочной эмболией, может быть смертельной.
У некоторых людей симптомы заболевания могут отсутствовать. У большинства имеются отеки на одной или обеих ногах. Нередко пациенты ощущают боль или напряжение в одной ноге (они могут возникать только тогда, когда вы стоите или ходите). Вы также можете заметить, что кожа на больной ноге теплая на ощупь или красноватого оттенка. Если у вас имеется любой из этих симптомов, незамедлительно обратитесь к врачу.
У вас высокий риск возникновения ТГВ в следующих случаях:
Вам больше 60 лет
Вы неактивны в течение длительного времени, например, когда вы летите в самолете, предпринимаете долгое путешествие на автомобиле или соблюдаете постельный режим после операции
У вас наследственное заболевание, характеризующееся повышенной свертываемостью крови
Имела место травма или оперативное вмешательство, и при этом уменьшился приток крови к определенной части тела
Вы беременны или недавно родили
У вас имеется избыточный вес или ожирение
Имеется варикозное расширение вен
Имеется рак, даже если вы от него лечились
Вы принимаете противозачаточные таблетки или получаете гормональную терапию, в том числе для контроля симптомов в постменопаузе
Имеется центральный венозный катетер
Риск возникновения тромбоза глубоких вен увеличивается, если у вас имеется одновременно несколько факторов риска.
Если врач подозревает у вас ТГВ, он будет проводить некоторые обследования, чтобы выяснить это. Обычно они включают УЗИ (обследование, при котором для оценки кровотока в венах используются звуковые волны) или венографию (доктор вводит краситель в вену, затем проводит серию рентгенологических снимков, чтобы найти тромб).
Предотвращение отрыва тромба и его перемещения по кровотоку в легкие
Предотвращение формирования новых тромбов
Для лечения и профилактики тромбоза глубоких вен применяются лекарственные препараты. Наиболее распространенными являются антикоагулянты (препараты для разжижения крови), такие как варфарин или гепарин. Антикоагулянты разжижают кровь и предотвращают формирование тромбов. Варфарин принимается в виде таблеток, а гепарин вводится внутривенно. Если вы не можете принимать гепарин, врач может назначить другой вид антикоагулянта под названием ингибитор тромбина.
Антикоагулянты могут вызвать кровотечение. Например, если вы порежетесь, вы можете заметить, что ваша кровь сворачивается медленно. У вас легко могут появляться синяки. Если у Вас возникло необычное или сильное кровотечение, срочно обратитесь к врачу.
Варфарин способен вызывать врожденные дефекты. Поэтому он противопоказан беременным женщинам.
Другие лекарственные препараты могут влиять на работу антикоагулянтов. Если вам назначен антикоагулянт, проконсультируйтесь с врачом, прежде чем принимать новые лекарства, в том числе витамины. Некоторые продукты богатые витамином К, такие как темно-зеленые овощи, также могут влиять на работу антикоагулянтов.
Если вы не можете принимать препараты разжижающие кровь, или антикоагулянты не работают, врач может порекомендовать вам установку фильтра в полой вене (основная вена возвращающая кровь к сердцу из нижней части тела). Этот фильтр может задержать тромб при его перемещении по кровотоку и предотвратить его попадание в легкие. Этот метод лечения рекомендован пациентам, у которых уже были эпизоды попадания тромбов в легкие.
Придание возвышенного положения и компрессия пораженной ноги помогают уменьшить боль и отек при ТГВ. Врач может рекомендовать вам специальные компрессионные чулки для уменьшения отека ног после формирования тромба. Эти чулки охватывают ногу от свода стопы до колена и несильно ее сжимают.
Часто выполняйте упражнения на мышцы ног, если вы будете неактивны в течение длительного периода времени. Вытяните ноги и слегка помассируйте мышцы. Если вы можете, вставайте и понемногу ходите каждый час. Если вы должны сидеть, попробуйте приподнять пятки (пальцы ног при этом остаются на земле), а затем приподнимайте пальцы ног (при этом пятки находятся на земле), чтобы размять икры ног.
Встаньте с кровати и передвигайтесь около нее настолько рано, насколько вы сможете после операции.
После некоторых видов операций необходимо принимать лекарства для предотвращения образования тромбов.
Контролируйте артериальное давление, не курите и похудейте, если у вас имеется избыточный вес. Высокое артериальное давление, курение и избыточный вес делают вас более склонным к развитию тромбоза глубоких вен.
Поверхностный тромбофлебит может возникнуть после травм вен или использования внутривенного катетера. Если у вас имеется высокий риск развития данного заболевания, оно может возникнуть без видимой причины.
К факторам риска возникновения поверхностного тромбофлебита относятся:
Химическое загрязнение области проживания
Заболевания, характеризующиеся повышенным свертыванием крови
Инфекции
Беременность
Длительное нахождение в сидячем или лежачем положении
Покраснение кожи или воспаление вдоль подкожной вены
Кожа теплая на ощупь
Напряжение или боль вдоль подкожной вены - боль усиливается при надавливании
Боль в конечностях
Уплотнение вены (индурация)
На данном изображении на нижней конечности на фоне сосудистого рисунка видна эритема. Поверхностные вены воспалены и расширены, наблюдается изменение их цвета.
Врач будет диагностировать поверхностный тромбофлебит, опираясь в основном на внешний вид пораженной области. Могут понадобиться частые измерения пульса, артериального давления, температуры, определение состояния кожи и кровотока.
Следующие диагностические исследования могут помочь подтвердить наличие заболевания:
Ультразвуковая допплерография
Ультразвуковое дуплексное сканирование сосудов
Венография
При наличии признаков инфекции может понадобиться исследование культуры микроорганизмов кожи или крови.
Цель лечения заключается в уменьшении боли и воспаления и предотвращении осложнений.
Для уменьшения дискомфорта и отеков рекомендуется ношение эластичных чулок и придание пораженной конечности возвышенного положения. Также может оказаться полезным прикладывание теплого компресса на пораженный участок.
Если доказано, что поверхностный тромбофлебит вызван внутривенным катетером, он должен быть немедленно удален.
К лекарственным препаратам для лечения поверхностного тромбофлебита относятся:
Нестероидные противовоспалительные препараты (НПВП) для уменьшения воспаления
Обезболивающие препараты
Если также имеется тромбоз глубоких вен, врач назначит вам лекарства, разжижающие кровь (антикоагулянты). Антибиотики назначаются при наличии инфекции.
Для лечения варикозного расширения вен и предотвращения повторных эпизодов тромбофлебита пациентам из группы высокого риска рекомендуется хирургическое удаление (флебэктомия) либо склеротерапия пораженной вены.
Поверхностный тромбофлебит обычно протекает легко и не вызывает осложнений. Симптомы, как правило, проходят в течение 1-2 недель, но напряжение вены может сохраняться в течение длительного времени.
Обратитесь к врачу или медицинской сестре при наличии у вас симптомов этого заболевания.
Обратитесь к врачу, если у вас уже диагностирован поверхностный тромбофлебит, и вы не отмечаете улучшения состояния на фоне лечения, либо у вас отмечается прогрессирование симптомов.
Обращайтесь к врачу при появлении любых новых симптомов, например, если ваши ноги стали бледными, холодными на ощупь, отекшими, или у вас появились озноб и лихорадка.
Если вам необходимо внутривенное введение какого-либо препарата, риск поверхностного тромбофлебита может быть снижен путем регулярного изменения местоположения внутривенного доступа и немедленного удаления внутривенного катетера при наличии признаков воспаления.
По мере возможности старайтесь не оставлять ноги и руки в одном положении в течение длительного времени. Часто двигайте ногами или старайтесь прогуливаться во время длительных перелетов, автомобильных поездок и других ситуаций, в которых вы в течение длительного времени вынуждены находиться в сидячем или лежачем положении. Для снижения риска возникновения поверхностного тромбофлебита после операций или длительного соблюдения постельного режима из-за болезни старайтесь как можно раньше начинать вставать или гулять.
Может случиться, так что вена расположенная у поверхности кожи воспалиться. Такое может произойти в любой вене, но чаще всего оно происходит в венах икр. Называется это состояние поверхностный тромбофлебит.
Можно почувствовать лимфу, тепло, чувствительность участка или увидеть покраснение вдоль вены.
Сгустки крови непосредственно под поверхностью кожи редко вызывают серьезные проблемы, потому что они редко отцепляются и перемещаются с кровотоком. Несмотря на то, что это состояние менее опасно, чем воспаление глубоких вен икры, может потребоваться обследование.
Тромбы в глубокой вене нижней конечности (тромбоз глубоких вен или ТГВ) являются опасными, потому что тромб может освободиться и переместиться с кровотоком к легким (эмболия сосудов легких), что может стать угрозой жизни.
Симптомами тромбоза глубоких вен являются:
Опухание, боль и возможное покраснение одной из конечностей либо заметная разница в форме конечности.
Боль в икрах при ходьбе или когда нога поднята вверх.
Большинство варикозных вен не являются серьезной медицинской проблемой. Давление в ослабленных венах может в некоторых случаях привести к осложнениям, например, к язвам, кровотечению, поверхностному образованию сгустков, что требует медицинского обследования.