Холангит – бұл – өттің бауырдан өт қабына және ішекке өтетін жалпы өт түтігінің инфекциясы. Өт – бауырда өндірілетін, тамақты қорытуға көмектесетін сұйықтық.
Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.
Бауыр - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.
Холангит әдетте, бактериалдық инфекцияға байланысты болады, ол түтіктің өт тасымен немесе ісікпен бітелуінде пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайды туындататын инфекция бауырға таралуы мүмкін.
Аурулардың қауіп факторларына жататындар: өт-тас ауруы, беріштендіретін холангит, АИТВ - инфекциясы, жалпы өт түтігінің тарылуы, сирек жағдайларда, паразиттік инфекцияны жұқтыруы мүмкін елдерге сапар шегу.
Алдымен, науқастардың көпшілігіне инфекцияны емдеу үшін антибиотиктер тағайындалады. ЭРХПГ және басқа хирургиялық шаралар науқастың жағдайы тұрақты болғанда өткізіледі.
Жағдайы тез нашарлайтын науқастарға шұғыл хирургиялық емдеу қажет болады.
Өт-тас ауруын, ісіктерді және паразиттік араласуды емдеу холангиттің пайда болу қаупін азайтуы мүмкін. Аурудың қайтадан пайда болуының алдын алу үшін өт бөлу жүйесінде металл немесе пластик стент қойылуы қажет болуы мүмкін.
Печень является самым большим органом в человеческом организме. Она расположена в правой подреберной области живота. Печень состоит из двух частей – большей по размеру правой доли и меньшей левой доли. Печеньвыполняет ряд важных функций. Она удаляет вредные вещества из крови. Также печень производит ферменты и желчь, которые помогают переваривать пищу. Кроме того, печень расщепляет пищевые вещества до мелких соединений, которые участвуют в обмене веществ, росте и развитии организма. Печень получает кровь через два кровеносных сосуда. Основным сосудом является так называемая портальная вена печени. Другим сосудом является печеночная артерия.
Ранняя диагностика и лечение очень важны. Первоначально для лечения инфекции используется антибиотикотерапия. ЭРХПГ или другое оперативное вмешательство могут быть проведены в стадии ремиссии заболевания.
При прогрессировании заболевания необходима экстренная операция.
Своевременное удаление желчных камней, опухолей и лечение паразитарных инфекций, у некоторых людей снижает риск заболевания. Предотвратить рецидив возможно с помощью установки металлического или полимерного стента в желчевыводящей системе.