Гемоторакс – бұл өкпе мен кеуде торы арасындағы қуыста қанның жиналуы.
Себептері
Ең жиі тараған себебі - кеуде жараққаттары. Гемоторакс тағы да мынадай аурулар кезінде даму мүмкін:
Қан ұюының бұзылыстары
Жүрекке немесе кеуде торына операциялар
Өкпе тінінің некрозы (өкпе инфаркты)
Өкпенің немесе плевраның қатерлі ісігі
Центральды венозды катетер орналыстырған кездегі пайда болған қан тамырлардың жарылуы
Туберкулез
Симптомдары
Алаңдаушылық
Кеуде тұсындағы ауру сезімі
Төмен артериальды қысым
Боз, суық, жабысқақ тері
Жиілеген жүрек ырғағы
Жиі, беткейлік тыныс
Мазасыздық
Ентігу
Диагностика
Медициналық тексеріс кезінде дәрігер науқастан тыныс алу кезінде, зақымдалған аймақтан дыбыстардың әлсіреуі немесе мүлдем болмауын байқау мүмкін. Мына тексерістер көмегімен гемоторакс белгілерін анықтауға болады:
Кеуде торы мүшелерінің жалпы шолу рентгенографиясы
Кеуде торы мүшелерінің компьютерлік томографиясы
Плевралық сұйықтықтың анализы
Плевроцентез
Емі
Емнің мақсаты: науқастын жағдайын қалпына келтіру, қан кетуді тоқтату, плевралық қуыстан қан мен ауаны шығару. Қан мен ауаны шығару үшін кеуде қуысына торокальды трубка енгізіледі. Ол трубка бірнеше күнге дейін сол жерде орналасу мүмкін.
Ауыр гемоторакс кезінде қан тоқтату үшін хирургиялық ем (торакотомия) жасалады.
Гемоторакс шақырған себепті де емдеу қажет. Кеуде жарақатын алған науқастарға дренажды трубка қажет болады. Сирек жағдайларда хирургиялық ем жасауға тура келеді.
Болжамы
Гемоторакс шақырған себебіне байланысты және жүргізілген еміне байланысты болжамы әр түрлі болып келеді.
Асқынулары
Өкпе коллапсы, өз кезегінде өкпе жетіспеушілігіне алып келеді
Өлім
Плевральды қуыстың фиброзы және тыртықтануы
Плевральды сұйықтықтың инфекциясы (эмпиема)
Пневмоторакс
Шок
Дәрігерге қашан қаралу керек?
Егер сізде мынадай симптомдар болса, шұғыл түрде жедел жәрдем шақыртыңыз:
Кез келген ауыр кеуде жарақаты
Кеуде тұсындағы қатты ауру сезімі немесе ентігу
Бас айналу, қызба, немесе кеуде тұсындағы ауырлық сезімі
Тыныс алудың қиындауы
Профилактика
Жарақат алмау үшін қорғаныс ережелерін сақтанып жүріңіз
The goal of treatment is to get the patient stable, stop the bleeding, and remove the blood and air in the pleural space. A chest tube is inserted through the chest wall to drain the blood and air. It is left in place for several days to re-expand the lung.
When a hemothorax is severe and a chest tube alone does not control the bleeding, surgery (thoracotomy) may be needed to stop the bleeding.
The cause of the hemothorax should be also treated. In people who have had an injury, chest tube drainage is often all that is needed. Surgery is often not needed.
При проведении медицинского осмотра врач может заметить уменьшение или отсутствие звуков, слышимых при дыхании, на стороне поражения. Признаки гемоторакса можно выявить при помощи следующих обследований:
Целью лечения является стабилизация состояния пациента, остановка кровотечения, удаление крови и воздуха из плевральной полости. Для удаления крови и воздуха в грудную полость вводится торакальная трубка, которая может там находиться в течение нескольких дней.
При тяжелом гемотораксе может понадобиться проведение хирургического вмешательства (торакотомии) для остановки кровотечения.
Причину, приведшую к возникновению гемоторакса, также необходимо лечить. Лицам с травмами грудной клетки может потребоваться установка дренажных трубок. В редких случаях может понадобиться проведение хирургического вмешательства.