.

Эрозия | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Эрозия

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Жатыр анатомиясы

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Дәрігерге қашан көріну қажет

Профилактика

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

 

Жатыр мойнының дисплазиясы жатыр мойны бетіндегі жасушалардағы ауытқулы өзгерістермен сипатталады. Жатыр мойны – жатырдың қынаппен жалғасатын төменгі бөлігі.

Ауытқулы өзгерістер – қатерлі ісік емес. Бірақ, емделмеген жағдайда жатыр мойнының қатерлі ісігіне апаруы мүмкін.

 

Жатыр анатомиясы

Жатыр әйелдің репродуктивтік жүйесінің бөлігі. Ол – ұрықтың дамуы өтетін, алмұрт пішінді қуыс ағза. Жатыр жамбас қуысында,  несеп қап пен тік ішектің арасында орналасқан.
 

Жатырдың төменгі тарылған тұсында мойны орналасқан. Жатырдың мойыннан жоғары орналасқан кең бөлігі жатырдың денесі аталады. Күмбез тәрізді жоғарғы бөлігі жатырдың түбі аталады. Жатыр түтіктері - жатырдың екі жағында орналасқан өсінділері. Олар аналық бездермен аяқталады.

Жатырдың қабырғаласы екі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты эндометрий аталады. Жатырдың сыртқы қабаты бұлшық еттен тұрады және миометрий аталады.

Бала өрбіту жасындағы әйелдерде әр ай сайын эндометрийдің қалыңдауы өтеді, бұл жатырдың жүктілікке дайындығымен байланысты. Егер жүктілік орнамаса, эндометрийдің қалың сыртқы қабаты ажырайды және қынап арқылы қан ұйындысымен бірге сыртқа шығады. Бұл етеккір аталады.

 

Себептері

Жатыр мойнының дисплазиясы кез келген жаста болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, 25-35 жас аралығында пайда болады.

Жатыр мойнының дисплазиясы көбінесе, адамның папиллома вирусының  (АПВ) салдарынан болады. АПВ жыныстық жолмен берілетін, кең таралған вирус. АПВ көптеген түрлері бар. Олардың кейбірі жатыр мойнының дисплазиясын немесе қатерлі ісікті туындатуы мүмкін. АПВ басқа түрлері жыныстық мүше сүйелінің пайда болуына ықпал етеді.   

Жатыр мойны дисплазиясының пайда болу қаупін арттыратын факторлар:

  • 18 жасқа дейін жыныстық қатынасқа түсуді ерте бастау
  • 16 жасқа дейін ерте босану
  • Жыныстық  қатынаста бірнеше серіктестің болуы
  • Басқа аурулардың болуы немесе иммундық жүйені басатын дәрілік препараттарды қабылдау
  • Темекі шегу

 

Симптомдары

Көптеген жағдайда ауру симптомсыз өтеді.

 

Диагностика

Науқасқа гинекологиялық тексеріс өткізіледі.

Папаниколау (цитологиялық жұғынды) жұғындыда анықталатын жатыр мойнының дисплазиясы сквамоздық интраэпителиалдық зақымдану  (СИЗ) аталады. Папаниколау жұғындысындағы бұл өзгерістер келесі түрде сипатталады:

  • Айқындалуының төмен дәрежесі (жалпақжасушалы интраэпителиалдық зақымдану– Т-ЖИЗ)
  • Айқындалуының жоғары дәрежесі (– Ж-ЖИЗ)
  • Қатерлі ісіктік зақымдану болуы мүмкін (қатерлену)
  • Атипиялық бездік жасушалар (жалпақжасушалы атипия анықталмаған мәнді - ЖААМ)

 

Егер Папаниколау жұғындысында ауытқулы жасушалар немесе жатыр мойнының дисплазиясы анықталса, науқасқа қосымша тексеріс өткізу қажет. Егер өзгерістер мәнді болмаса, біраз уақыттан кейін жұғындыны қайталау қажет. 

Бірақ, аурудың расталуы үшін биопсия алу қажет. Биопсияның бірнеше түрлері бар:

  • Бағытталған биопсиямен кольпоскопия
  • Жатыр мойнының конус тәрізді биопсиясы
  • Кольпоскопия орындау арқылы  электрохирургиялық жолмен кесу

 

Жатыр мойны биопсиясынан анықталатын дисплазия цервикалдық интраэпителиалдық неоплазия (ЦИН) аталады. Ол үш дәрежеге жіктелінеді:

  • 1 дәрежелі ЦИН– жеңіл дисплазия
  • 2 дәрежелі ЦИН– орташа дисплазия
  • 3 дәрежелі ЦИН– ауыр дисплазия немесе «қатерлі ісіктің орын алуы»

 

Адамның папиллома вирусының (АПВ) кейбір штаммдары жатыр мойнының қатерлі ісігіне себепші болуы мүмкін. АПВ ДНҚ анықтау қатерлі ісіктің пайда болуының жоғары қаупімен байланысты АПВ түрін айқындауға көмектеседі. Бұл тексеру келесі адамдарда өткізіледі:

  • 30 жастан асқан әйелдерге тексерудің скрининг әдісі ретінде
  • Папаниколау жұғындысында өзгерістер бар кез келген жастағы әйелдерге

 

Емдеу

Емдеу дисплазияның айқындалу дәрежесіне байланысты. Жеңіл дисплазия (Т-ЖИЗ немесе 1 дәрежелі ЦИН) емдеусіз өтуі мүмкін

  • Науқас ұдайы дәрігерге көрініп, Папаниколау жұғындысын 6-12 ай сайын қайтадан тапсыруы қажет.
  • Егер өзгерістер өтпесе, немесе ушығатын болса, емделу қажет.

 

Орташа және ауыр дәрежелі дисплазияны, сондай-ақ, өздігінше өтпеген жеңіл дисплазияны емдеуге кіреді:

  • Ауытқулы жасушаларды мұздату арқылы тоқтату үшін криохирургия
  • Лазерлік емдеу, бұл кезде ауытқулы тінді күйдіру үшін сәуле қолданылады
  • Ауытқулы тінді электрохирургиялық кесу
  • Дертті тінді хирургиялық жолмен алып тастау (конус тәрізді биопсия)
  • Гистерэктомия (сирек жағдайда)

 

Егер науқаста дисплазия болса, әр 12 ай сайын дәрігерге қайтадан көріну қажет.

 

Болжамы

Ерте және уақытылы емдеуде жатыр мойны дисплазиясы емделіп, жазылады. Дегенмен, ауру қайталануы мүмкін.

Жатыр мойнының ауыр дисплазиясын емдемеген жағдайда инвазивтік қатерлі ісікке айналуы мүмкін.  Жатыр мойнының дисплазиясы ушығып, қатерлі ісікке айналуы 10 немесе одан көп жыл ішінде орын алуы мүмкін. Жеңіл дәрежелі дисплазияда қатерлі ісіктің пайда болу қаупі төмен.

 

Дәрігерге қашан көріну қажет

Егер 21 жастан асқан болсаңыз, гинекологиялық тексеруден ешқашан өтпесеңіз, жұғынды тапсырып көрмесеңіз, дәрігерге көрінуді ұсынамыз.

 

Алдын алу

Дәрігермен АПВ вакцинасы туралы кеңесіңіз. Жыныстық қатынасқа дейін осы вакцина егілген қыздарда жатыр мойны қатерлі ісігінің пайда болу қаупі төмендейді.

Келесі шараларды орындау арқылы жатыр мойны дисплазиясының даму қаупін азайтуға болады:

  • Темекі шекпеңіз. Темекі шегу ауыр дисплазия мен қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады.
  • 9-26 жас аралығында АПВ қарсы егуді алыңыз.
  • 18 жасқа жетпегенде немесе осы ауқымда жыныстық қатынасқа түсуді бастамаңыз.
  • Қауіпсіз жыныстық қатынасты қолдаңыз, презерватив қолданыңыз.
  • Моногамияны қолдаңыз. Бұл дегеніміз, жыныстық қатынаста тек бір серіктесіңіз болғаны жөн.

 

Синонимдары

Цервикалдық интраэпителиалдық неоплазия (ЦИН); жатыр мойнының қатерлі ісік алды өзгерістері. 

Содержание

Общая информация.

Анатомия матки.

Причины.

Симптомы.

Диагностика.

Лечение.

Прогноз.

Когда необходимо обратиться к врачу.

Профилактика

 

Общая информация

Дисплазия шейки матки характеризуется аномальным изменением в клетках на поверхности шейки матки. Шейка матки – это нижний отдел матки, который сообщается с влагалищем.

Аномальные изменения не являются раком. Но при отсутствии лечения они могут привести к раку шейки матки.

Анатомия матки

Матка является частью репродуктивной системы женщины. Она представляет собой полый орган грушевидной формы, в котором происходит развитие плода. Матка расположена в малом тазу между мочевым пузырем и прямой кишкой.

Матка имеет шейку, которая представляет собой сужение, расположенное в нижней части. Широкая часть матки, расположенная выше шейки, называется телом. Куполообразная верхняя часть органа называется дном матки. Фаллопиевы трубы представляют собой отростки, расположенные по обе стороны органа. Они заканчиваются яичниками.

Стенка матки состоит из двух слоев. Внутренний слой называется эндометрием. Наружный слой стенки матки представлен мышечной тканью и называется миометрием.

У женщин детородного возраста каждый месяц происходит утолщение эндометрия, что связано с подготовкой матки к беременности. Если беременность не наступает, толстый внешний слой эндометрия отторгается и выходит через влагалище вместе с кровяными массами. Это явление называется менструацией.

Причины

Дисплазия шейки матки может возникнуть в любом возрасте, но чаще она возникает у женщин в возрасте от 25 до 35 лет.

Чаще всего дисплазия шейки матки вызывается вирусом папилломы человека (ВПЧ). ВПЧ является распространенным вирусом, распространяющимся половым путем. Существует множество видов ВПЧ. Некоторые виды могут вызывать дисплазию шейки матки или рак. Другие типы ВПЧ способствуют появлению генитальных бородавок.

Факторы, повышающие риск возникновения дисплазии шейки матки:

  • Начало половой жизни до достижения 18 лет
  • Рождение ребенка в возрасте до 16 лет
  • Наличие нескольких половых партнеров
  • Наличие других заболеваний или прием лекарственных препаратов, подавляющих иммунную систему
  • Курение

Симптомы

В большинстве случаев заболевание протекает бессимптомно.

Диагностика

Вам будет проведен гинекологический осмотр.

Дисплазия шейки матки, определяемая в мазке Папаниколау (цитологический мазок), называется сквамозным интраэпителиальным поражением (СИП). В мазке Папаниколау эти изменения будут описаны следующим образом:

  • Низкая степень выраженности (плоскоклеточное интраэпителиальное поражение низкой степени выраженности – Н-ПИП)
  • Высокая степень выраженности (плоскоклеточное интраэпителиальное поражение высокой степени выраженности – В-ПИП)
  • Возможно раковое поражение (озлокачествление)
  • Атипичные железистые клетки (атипия плоскоклеточная неопределенной значимости - АПНЗ)

Если в мазке Папаниколау выявлены аномальные клетки или дисплазия шейки матки, вам понадобится дополнительное обследование. Если изменения были незначительными, через некоторое время вам следует снова повторить мазок.

Однако для подтверждения заболевания необходимо провести биопсию. Существует несколько видов биопсии:

  • Кольпоскопия с направленной биопсией
  • Конусовидная биопсия шейки матки
  • Иссечение электрохирургическим путем после выполнения кольпоскопии

Дисплазия, которую удается обнаружить при биопсии шейки матки, называется цервикальной интраэпителиальной неоплазией (ЦИН). Она классифицируется по трем степеням:

  • ЦИН 1 степени – легкая дисплазия
  • ЦИН 2 степени – умеренная дисплазия
  • ЦИН 3 степени – тяжелая дисплазия или «рак на месте»

Некоторые штаммы вируса папилломы человека (ВПЧ), как известно, вызывают рак шейки матки. Определение ДНК ВПЧ поможет идентифицировать тип ВПЧ, связанный с высоким риском возникновения этого вида рака. Это обследование проводится следующим лицам:

  • В качестве скринингового метода обследования женщинам старше 30 лет
  • Женщинам любого возраста с небольшими изменениями в мазке Папаниколау

Лечение

Лечение зависит от степени выраженности дисплазии. Легкая дисплазия (Н-ПИП или ЦИН 1 степени) может пройти без лечения.

  • Вам необходимо регулярно наблюдаться у врача и повторно сдавать мазок Папаниколау каждые 6-12 месяцев.
  • Если изменения не проходят или прогрессируют, необходимо лечение.

Лечение умеренной и тяжелой степени дисплазии, а также легкой дисплазии, которая не проходит самостоятельно включает:

  • Криохирургию для заморозки аномальных клеток
  • Лазерную терапию, в ходе которой для выжигания аномальной ткани используется свет
  • Электрохирургическое иссечение аномальной ткани
  • Хирургическое удаление патологической ткани (конусовидная биопсия)
  • Гистерэктомия (в редких случаях)

Если у вас была дисплазия, вы должны будете проходить повторные осмотры у врача каждые 12 месяцев.

Прогноз

При ранней диагностике и своевременном лечении большинство случаев дисплазии шейки матки излечивается. Тем не менее, заболевание может повториться.

Без лечения тяжелая дисплазия шейки матки может обратиться в инвазивный рак. Процесс прогрессирования дисплазии шейки матки в рак может занять 10 или более лет. При легкой степени дисплазии риск возникновения рака низкий.

Когда необходимо обратиться к врачу

Обратитесь к врачу, если вы старше 21 года и никогда не проходили гинекологический осмотр и не сдавали мазок.

Профилактика

Проконсультируйтесь с врачом по поводу вакцины против ВПЧ. У девушек, которые получают эту вакцину до начала половой жизни, снижается риск возникновения рака шейки матки.

Вы можете снизить риск развития дисплазии шейки матки, предприняв следующие шаги:

  • Не курите. Курение повышает риск развития тяжелой дисплазии и рака.
  • Сделайте прививку против ВПЧ в возрасте от 9 до 26 лет.
  • Не начинайте жить половой жизнью до 18 лет и старше.
  • Практикуйте безопасный секс и используйте презервативы.
  • Практикуйте моногамию. Это означает, у вас должен быть только один сексуальный партнер.