Мононуклеоз - вирустық инфекция, қызба, баспа (ангина) пайда болуымен, лимфалық түйіндердің ұлғаюымен, әсіресе, мойын аумағындағы, сипатталатын ауру.
Себептері
Мононуклеоз (немесе моно) сілекей арқылы тығыз қатынаста беріледі. Ауру «сүйісу ауруы» атымен де белгілі, кез келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, 15-17 жас аралығында жиі кездеседі.
Мононуклеоз, Эпштейн-Барр вирусымен байланысты, біақ, цитомегаловирус (ЦМВ) секілді басқа да микрорганизмдерден болуы мүмкін.
Бұл - "жалған жасуша", инфекциялық мононуклеозда кездеседі, ВЭБ (Эпштейн-Барр вирусымен) немесе ЦМВ (цитомегаловируспен) жұқпаланатын лимфоцит. Мононуклеозда лимфоциттердің үш түрін бөлуге болады. Бұл лимфоцит II типті жасушаға жатады.
Мононуклеоз, біртіндеп, шаршау симптомдарынан, жалпы нашар сезінуден, бас ауруынан және тамақта (көмейде) ауырсыну пайда болуынан басталады. Тамақтағы ауырсыну біртіндеп күшейеді. Бадамшабездер ісінеді және ақшыл-сары өңезбен жабылады. Көпшілік жағдайда мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы пайда болады, біртіндеп ісініп, ауырсына бастайды.
Ауру қызылша тәрізді бөріткеннің пайда болуымен сипатталады. Оның пайда болуы тамақтың қабынуын емдеу үшін ампициллин немесе амоксициллин секілді антибиотиктерді қабылдауда пайда болуы ықтимал (Антибиотиктерді стрептококкқа тексерудің нәтижесі оң болмаса, тағайындауға болмайды).
Лимфа түйіндерінің ұлғаюы, тамақтың ауырсынуы, шаршау және бас ауыруы - Эпштейн-Барр вирусынан болған мононкулеоздың жиі кездесетін симптомдары. Әдетте, науқастардың көпшілігінде ауру өздігінше 4-6 апта ішінде емдеусіз де өтуі мүмкін.
Мононуклеоздың симптомдары:
Ұйқы басуы
Қызба
Жайсыздық, мазасыздану сезімі немесе жалпы нашар сезіну
Тәбетті жоғалту
Бұлшық еттің ауырсынуы немесе бұлшық еттің қимылының нашарлауы
Бөріткен
Тамақтағы ауырсыну
Лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әсіресе, мойын және қолтық аумағында
Көкбауырдың ұлғаюы
Сирек кездесетін симптомдары:
Кеудедегі ауырсыну
Жөтел
Шаршау
Бастың ауыруы
Есекжем (терінің күлдіректенуі)
Сары ауру (терінің сарғаюынан көрінеді)
Мойын бұлшық етінің сіресуі
Мұрыннан қан кетуі
Жүрек ырғағының жиілеуі
Жарықты көтере алмау
Ентігу
Диагностика
Дәрігер немесе медбике қарағанда анықталуы мүмкін:
Мойынның алдыңғы және артқы лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Ісінген бадамшабездер, ақшыл-сары өңезденген
Бауырдың немесе көкбауырдың ұлғаюы
Бөріткен
Қажетті қан талдаулары:
Лейкоциттер көлемі әдеттегіден жоғары болады
ауру анықталғанда мононуклеозға талдау оң болады.
Антиденелер титрін анықтау – ағымдағы және өткен инфекцияны ажыратады.
Емдеу
Емдеудің мақсаты – аурудың симптомдарын жеңілдету. Ауру ауыр өткенде глюкокортикостероидтер (преднизолон) тағайындалуы мүмкін.
Ацикловир секілді вирус
қа қарсы препараттар тиімсіз.
Аурудың телімді симптомдарын жеңілдету бойынша кеңестер:
Сұйықтықты көп ішу қажет.
Тамақтағы ауырсынуды жеңілдету үшін тұзды жылы сумен шаю қажет.
Көбірек демалыңыз.
Қызу және ауырсыну болса, ацетаминофен немесе ибупрофен қабылдаңыз.
Көкбауырдың жарылуының алдын алу үшін спорттың тығыз жанасу түрлерінен алшақ болу қажет.
Болжамы
Қызба әдетте, 10 күннен кейін өтеді, ал ұлғайған лимфа түйіндері мен көкбауыр 4 аптадан кейін бұрынғы қалпына келеді. Шаршау бірнеше апта ішінде өтеді, бірақ, 2-3 бойы сақталуы да мүмкін.
Мүмкін асқынулары
Мононуклеоздың асқынулары:
Тамақтың (көмейдің) бактериалдық инфекциясы
Гемолитикалық анемия
Гепатит сары аурумен (35 жастан асқан науқастарда жиі кездеседі)
Аталық бездің қабынуы (орхит)
Сирек жағдайда келесі неврологиялық бұзылыстар пайда болуы мүмкін:
Гийен-Барре синдромы
Менингит
Құрысу
Бет нервісінің уақытша салдануы (Белл параличі)
Бақылауға келмейтін қимылдар (атаксия)
Көкбауырдың жарылуы (сирек; көкбауырға қысымнан алшақ болу қажет)
бөріткен (балалық акродерматит)
Иммундық жүйенің әлсіреуінде өлім-жітімге апаруы ықтимал.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Мононуклеоздың бастапқы симптомдары вирустық ауруға ұқсайды. Ауру 10 күннен ұзақ болса немесе келесі симптомдар болса дәрігерге көріну қажет:
іштің ауырсынуы
тыныс алу жеткіліксіздігі
ұдайы жоғары температура (380С артық)
бастың күшті ауырсынуы
тамақтың күшті ауырсынуы немесе бадамшабездің ұлғаюы
Қолдағы немесе аяқтағы әлсіздік
Көздің ағының және терінің сарғыштануы
Келесі симптомдар болса «103» телефоны бойынша шұғыл медициналық жәрдем қызметіне хабарласыңыз:
Іштегі кенеттен, жіті, күшті ауырсыну
Жұтудың немесе тыныс алудың қиындауы
Мойын бұлшық етінің ширығуы немесе айқын әлсіздік
Алдын алу
Мононуклеоз ауруына шалыққан науқастар симптомдар болуында және осыдан кейін бірнеше ай бойы жұқпалы болуы мүмкін. Жұқпалы кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болады. Организмнен тыс вирус бірнеше сағат бойы тіршілік етеді. Қоршаған ортаңызда мононуклеозға шалдыққан адам болса, ыдысты ортақ қолданудан және сүйісуден алшақ болыңыз.
Мононуклеоз, или моно, часто распространяется через слюну при тесном контакте. Заболевание известно как "болезнь поцелуев" и может возникнуть в любом возрасте, но чаще оно встречается среди лиц 15-17 лет.
Мононуклеоз, как правило, связан с вирусом Эпштейна-Барра, но также он может быть вызван и другими микрорганизмами, такими как цитомегаловирус (ЦМВ).
Эта, так называемая, "Ложная клетка", встречающаяся при инфекционном мононуклеозе, является типичным лимфоцитом, инфицированным ВЭБ (вирусом Эпштейна-Барра) или ЦМВ (цитомегаловирусом). При мононуклеозе можно выделить три морфологических типа лимфоцитов. Этот лимфоцит относится ко II типу клеток.
Мононуклеоз начинается медленно с симптомов усталости, общего недомогания, головной боли и боли в горле. Боль в горле постепенно прогрессирует. Миндалины отекают и покрываются беловато-желтым налетом. В большинстве случаев возникает увеличение шейных лимфатических узлов, постепенно они становятся припухшими и болезненными.
Заболевание характеризуется появлением кореподобной сыпи. Ее появление более вероятно при приеме антибиотиков, таких как ампициллин или амоксициллин для лечения воспаления горла. (Антибиотики не следует назначать без положительного результата обследования на стрептококк).
Увеличение лимфатических узлов, боль в горле, усталость и головная боль являются распространенными симптомами мононуклеоза, вызванного вирусом Эпштейна-Барра. Как правило, у большинства пациентов заболевание проходит самостоятельно в течение 4-6 недель, даже при отсутствии лечения.
Лихорадка обычно проходит через 10 дней, а увеличенные лимфатические узлы и селезенка возвращаются к своим обычным размерам в течение 4 недель. Усталость проходит в течение нескольких недель, но может сохраняться в течение 2-3 месяцев.
Начальные симптомы мононуклеоза схожи с симптомами типичного вирусного заболевания. Необходимо обратиться к врачу, если заболевание длится дольше 10 дней или имеются следующие симптомы:
Лица с мононуклеозом могут быть заразными при наличии симптомов заболевания и в течение нескольких месяцев после этого. Длительность заразного периода может варьировать. Вне организма вирус может жить нескольких часов. Избегайте поцелуев и совместного использования посуды, если вы или кто-то из вашего окружения болен мононуклеозом.