Пародонттық абсцесс – тіс пен қызыл иектің арасындағы кеңістікте ірің толған қуыс (қалта тәрізді ошақ), бактериалдық инфекцияның түсуінен қызыл иектің іріңді қабынуының нәтижесінде түзіледі.
Пародонттық абсцесс алдымен нақты бір тістің астында орналасады, ісініп, қызарған, домалақ пішінді түзіліс түрінде болады. Тіске тигенде пародонттық абсцесс күшті ауырсыну береді. Пародонттық абсцесс асқынғанда үлкен өлшемге жетіп, бет пішінін өзгертуі мүмкін.
Пародонт – тісті қоршап, оны төменгі және жоғарғы иектің сүйегінде бекітетін тіндер. Пародонтқа келесі тіндер кіреді: қызыл иек, сүйек тіні, тістің тамыры мен сүйектің арасындағы байлам, тіс тамырының цементі. Бактериялар тістің ішкі бөлігіне терең қуыс, тістегі сызат немесе жарылу арқылы түсуі мүмкін. Инфекция түсуінің нәтижесінде пародонтта абсцесс дамуы мүмкін (пародонттық абсцесс).
· Қызыл иектің түрлі аурулары (гингивит – қызыл иектің беткері қабынуы; пародонтит – пародонтты қамтитын қабыну үрдісі; пародонтоз — пародонттың қоректенуінің бұзылысы, оған қызыл иектің түсуі, тіс мойындарының ашылуы тән)
· Қызыл иектің механикалық жарақаты, оның ішінде, күйіктер.
· Пломба қойған кездегі протезисттің немесе стоматологтың сапасыз жұмысы, пломбаның шеті жанасқанда ұдайы қызыл иекті зақымдайды.
Пародонттық абсцесстің дамуының қауіп факторларына жататындар:
Пародонттық абсцесс кезінде келесі жайттар байқалады:
· Күшті, солқылдап ауыру
· Ыстық, суық өнімдер мен сусындарды тұтынғандағы тістің асқан сезімталдығы
· Тісті және қызыл иекті басқандағы, сондай-ақ, тағамды шайнағандағы асқан сезімталдық
· Қызба
· Пародонттық абсцесс аумағындағы беттің ісінуі
· Иек астылық және мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы (бұл иммундық жүйенің ағзасы, негізгі қызметі тосқауылдық-сүзгілік, яғни, лимфа ағыны жолымен бактерияларды және басқа бөгде заттарды ұстап қалады)
Пародонттық абсцессті емдеуді тек дәрігер тағайындайды. Өз бетіңізше емделуге болмайды, іріңді қалтаны өз бетіңізше жаруға тырыспаңыз, бұл күрделі салдарға апаруы мүмкін.
Пародонттық абсцессті стоматологиялық емдеу ірің қалтаны хирургиялық жаруға және ішіндегі іріңді сыртқа шығаруға негізделеді. Одан кейін қуыс бактерияларды жоятын (антисептик) дәрілік ерітіндімен шаю арқылы тіршілігін жойған тіндерден мұқият тазартылады. Жоғарыда келтірілген ем-шаралардан басқа дәрігер қабынуға қарсы емдеуді тағайындайды.
Пародонттық абсцессті уақытылы және дұрыс емдеудің нәтижесі – толығымен сауығу. Емдеу кеш басталса, абсцесс созылмалы сатыға өтуі мүмкін, бұл кезде инфекция бүкіл организмге таралуы мүмкін, бұл ауыр салдарға апарып, қиын емделеді.
Пародонттық абсцессті уақытылы жарып, алмаса, инфекция қан ағымына түсіп, бүкіл денеге тарайды (сепсис). Иммунитеттің әлсіздігінде инфекцияның таралу қаупі арта түседі.
Уақытылы медициналық жәрдем жасалмаса, пародонттық абсцессте келесі асқынулар болуы мүмкін:
· Иектің остеомиелиті (иектің сүйек тінінің қабынуы)
· Ауыз қуысының флегмонасы (тіл астылық және иек астылық аумақтың тіндерінің жайылған іріңді қабынуы)
Абсцесс зуба – это заболевание, характеризующееся скоплением инфицированного материала (гной) в центре зуба. Абсцесс развивается из-за бактериальной инфекции.
Абсцесс зуба является осложнением кариеса. Он также может возникнуть при переломе зуба. Отверстия в зубной эмали позволяют бактериям проникнуть внутрь и инфицировать центральную часть зуба (пульпу). Инфекция может распространиться от корней зуба к костям, поддерживающим зуб.
Инфекция приводит к скоплению гноя и воспалению тканей, окружающих зуб. При этом возникает сильная зубная боль. Если абсцесс не формируется, и погибает пульпа, то зубная боль может прекратиться. Инфекция может оставаться активной и продолжать распространяться, разрушая ткани, в результате этого зубная боль усиливается.
Стоматолог внимательно осмотрит полость вашего рта, зубы и десны. Вы можете испытывать боль, когда стоматолог будет давить на зуб. При плотном смыкании полости рта боль усиливается. Десны могут быть припухшими и красными.
Рентгенологическое исследование полости рта и другие методы обследования позволят стоматологу определить, какой зуб или зубы являются источником проблемы.
Целью лечения является устранение источника инфекции, сохранение зуба и предотвращение развития осложнений.
Для борьбы с инфекцией вам могут быть назначены антибиотики. Полоскания полости рта теплым солевым раствором помогут облегчить боль. Обезболивающие лекарственные препараты также облегчают зубную боль и купируют лихорадку.
Не прикладывайте аспирин прямо на зуб или десну. Это увеличивает раздражение тканей и может привести к возникновению язв в полости рта.
Для сохранения зуба может быть рекомендована очистка корневого канала.
При тяжелом инфекционном процессе может потребоваться удаление зуба или проведение операции для дренирования абсцесса. Может возникнуть необходимость в госпитализации некоторых лиц в стационар.