«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-да (бұдан әрі - ҰҒКО) Орталық Азия елдерімен іскерлік серіктестікті дамыту шеңберінде «Жүрек аурулары барысында қолқа және митралды қақпақшаларды ауыстырудың көкейкесті мәселелері» тақырыбы бойынша екіапталық тренинг өтті. Бұған Өзбекстан және Тәжікстанның белгілі кардиохирургиялық орталықтарының дәрігерлері қатысты.