Лимфа жүйесі– ағзалардың, тіндер мен жасушалардың кешені, олардың жұмысы организмді түрлі аурулардан қорғауға бағытталған. Бұл жүйеге айыршабез, көк бауыр, бадамша бездер, лимфа түйіндері кіреді. Айыршабез балаларда қызмет ете бастайды, 40 жасқа таман өзінің белсенділігін жоғалтады. Лимфа жүйесінде 2 түрлі жасушалар болады: Т және В-лимфоциттері, олар бөгде организмдерді жоюға жауап береді. Олардың шексіз бөлінуінде лимфома пайда болады.
Көбінесе, лимфомалар лимфа жүйесіндегі немесе ішкі ағзалардағы қаттылау ісіктер, ауырсынбайтын, ұлғайған лимфа түйіндері секілді көрініс береді. Лимфома жасушалары бүкіл организмге өтіп, таралуы мүмкін.
Лимфомалардың ішінде лимфогранулематозды (Ходжкин лимфомасы) бөледі, лимфомалардың басқа түрлері – ходжкиндік емес лимфомалар.
Лимфома төмен (баяу өсетін), орташа және жоғары дәрежелі болады. мысалы, Буркитт лимфомасы – ауыр дәрежелі, фолликулярлық лимфома – төмен дәрежелі.
ХОДЖКИН ЛИМФОМАСЫ
Ходжкин Лимфомасы, немесе лимфогранулематоз, лимфа түйіндерінде, көк бауырда, бауырда, сүйек кемігінде ісік жасушаларының болуымен сипатталады. Пайда болу себебі белгісіз.
ХОДЖКИНДІК ЕМЕС ЛИМФОМА
Ходжкиндік емес лимфомалардың көпшілігі лимфа түйіндерінде немесе лимфа ағзаларында (көкбауыр, тимус (айыршабез), бадамшабез) пайда болады. лимфа түйіндері мен жасушалары бүкіл организм бойында орналасады, сондықтан, лимфома бауырда, асқазанда, жүйке жүйесінде немесе басқа ішкі ағзаларда дамуы мүмкін.
Науқас лимфа түйіндерінің ұлғаюын немесе лимфоманың басқа симптомдарын байқаса, дәрігер толық медициналық тексеру өткізуі тиіс. Оған мойынның, қолтық асты мен шаптың аумағындағы лимфа түйіндерін қарау жатады. Сондай-ақ, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюын тексеру қажет. Дәрігерге жақында болған инфекциялық және басқа аурулар туралы, денсаулық жағдайы туралы айту қажет.
Дәрігер ауруды келесі тексерулерден кейін анықтай алады:
· Лимфа түйіндерінің биопсиясы – лимфа түйіндерін тесу және тіннің бөліктерін микроскоппен зерттеу
· Сүйек кемігінің биопсиясы.
Басқа талдауларға жататындар:
· Қанның жалпы талдауы
· Қанның биохимиялық талдауы – ақуыз, несеп қышқылының және басқа зерттеулер, бауыр мен бүйрек қызметін тексеру үшін
· Кеуде қуысының, іш қуысы мен жамбас қуысының компьютерлік томографиясы
· Галлиймен сканерлеу (өкпенің немесе лимфа түйіндерінің қабыну ауруларын анықтау үшін)
· ПЭТ (позитрондық-эмиссиялық томография) сканерлеу – адамның ішкі ағзаларының зерттеудің радионуклидтік томографиялық әдісі.
Талдаулар лимфоманың болуын анықтаса, қосымша тестілер арқылы оның таралуын білуге болады. бұл үрдіс лимфоманың сатысын анықтау аталады, бұл әрі қарай емдеуді анықтауға көмектеседі.
· Симптомдардың болуына, оның ішінде, салмақ жоғалтуға, қызбаға және түнгі терлеуге.
Емдеу түрлері:
· Химиялық емдеу –емдеудің негізгі түрі. Көбінесе, бірнеше препараттың бірігуі қолданылады. В-жасушалық ходжкиндік емес лимфомада жиі қолданылатын препараттың әрекет етуші заттегі - ритуксимаб (Rituxan).
· Сәулемен емдеу сәулеленуге қол жетімді лимфомада қолданылады. Радио- иммундық емдеу сирек қолданылады. Бұл ісік жасушаларын жою үшін радиоактивті заттектерді антиденелермен бірге қолдану.
Болжамы әр науқас үшін жеке, лимфоманың түріне және таралуына байланысты.
Бірақ кейбір жалпы жайттар лимфоманың барлық түріне қатысы:
· Ерте сатыдағы лимфомалар (I немесе II) жазылуға ықтималдығы жоғары, кеш сатысына қарағанда (III немесе IV).
· Баяу өтетін лимфомалардың көпшілігі көрініс бермейді, сондықтан, көп жылдар бойы емделмейді. Бұл түрлері емге көне бермейді, оларды емдегеннен кейін симптомдары қайта оралады. Қайта емдеу курсы ауруды тоқтатқанымен, симптомдары қайта оралуы мүмкін.
· Лимфоманың жойқын түрлері кеш сатысында өлім-жітімге апаруы мүмкін болғанымен, олар дұрыс емдеуде емге көнуі мүмкін.
Егер лимфоманың симптомдары анықталса, дәрігерге көрініңіз. Науқаста жоғарыда аталған симптомдар болса, ол ұдайы дене температурасының құбылуын немесе жұқпаның басқа белгілерін сезінеді, бұл туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлау қажет.
Самой тяжелой задачей во время лечения онкологических заболеваний является уничтожение опухоли и сохранение целостности здоровых клеток. Недавно было сделано открытие, которое позволило ученым лучше понять, каким образом клетки рака
Лимфома – это злокачественное опухолевое заболевание лимфатической системы.
Лимфатическая система - представляет собой комплекс органов, тканей и клеток, работа которых направлена на защиту организма от различных заболеваний. В эту систему входят вилочковая железа, селезенка, миндалины, лимфатические узлы. Вилочковая железа начинает функционировать у детей, и к 40 годам утрачивает свою активность. Различают 2 вида клеток в лимфатической системе: Т и В-лимфоциты, которые отвечают за уничтожение чужеродных организмов. Лимфома возникает при их бесконтрольном делении.
Чаще всего лимфомы образуют плотные опухоли в лимфатической системе или внутренних органах, и проявляются как безболезненные, увеличенные лимфатические узлы. Клетки лимфомы могут проникать и распространяться по всему организму.
Среди лимфом выделяют лимфогранулематоз (лимфома Ходжкина) и все остальные виды лимфом - неходжкинские лимфомы (НХЛ).
Лимфома может быть низкой степени тяжести (растущая медленно), средней и высокой. Например, лимфома Буркитта – лимфома высокой степени тяжести, фолликулярная лимфома – лимфома низкой степени тяжести.
ХОДЖКИНСКАЯ ЛИМФОМА
Лимфома Ходжкина, или лимфогранулематоз, характеризуется наличием особых опухолевых клеток в лимфатических узлах, селезенке, печени, костном мозге. Причина ее появления до сих пор не известна.
НЕХОДЖКИНСКАЯ ЛИМФОМА
Большинство неходжкинских лимфом возникают в лимфатических узлах или лимфатических органах (селезенка, тимус (вилочковая железа) и миндалины). Лимфатические ткани и клетки располагаются по всему организму, поэтому лимфома может также развиваться в печени, желудке, нервной системе или в других внутренних органах.
Если пациент заметил у себя увеличение лимфоузлов или другие симптомы лимфомы, врач должен провести полное медицинское обследование. Оно включает в себя осмотр лимфатических узлов шеи, подмышечных впадин и паха. Также необходимо проверить, не увеличены ли печень и селезенка. Врачу надо сообщить о последних перенесенных инфекционных и других заболеваниях и о состоянии здоровья.
Болезнь может быть выявлена врачом после:
биопсии лимфатического узла- прокол лимфатического узла и изучение кусочков ткани под микроскопом
биопсии костного мозга
К другим анализам относятся:
Общий анализ крови
Биохимический анализ крови, чтобы проверить уровень белка, мочевой кислоты и другие исследования для определения функции печени и почек
Компьютерная томография грудной клетки, брюшной полости и таза
Сканирование галлием (для обнаружения воспалительного заболевания легких или лимфатических узлов)
Если анализы выявят наличие лимфомы, то дополнительные тесты будут сделаны, чтобы узнать ее распространенность. Данный процесс называется определением стадии лимфомы, который помогает определить дальнейшее лечение.
Наличия симптомов, в том числе потери веса, лихорадки и ночного потоотделения
Виды лечения:
Химиотерапия - основной вид лечения. Чаще всего используется сочетание нескольких различных препаратов. Для лечения В-клеточной неходжкинской лимфомы часто используются препараты, действующим веществом которых является ритуксимаб (Rituxan).
Лучевая терапия может использоваться для лимфомы, которая доступна облучению.Радиоиммунотерапия используется реже. Это применение радиоактивных веществ с антителами для уничтожения опухолевых клеток.
Прогноз индивидуален для каждого пациента, так как зависит от типа и распространенности лимфомы.
Но некоторые общие факты применимы ко всем лимфомам:
Лимфомы на ранних стадиях (I или II) имеют больше шансов на излечение, чем на поздних (III и IV).
Большинство вялотекущих лимфом на ранних стадиях никак не проявляются и поэтому не лечатся в течение многих лет. Эти виды лимфом тяжело поддаются лечению, и после лечения их симптомы возвращаются. Повторный курс лечения может приостановить болезнь, однако симптомы болезни могут вновь вернуться.
Несмотря на то, что агрессивные типы лимфом в поздней стадии могут привести к смертельному исходу, они, тем не менее, излечимы при правильном лечении.
Обязательно обратитесь к врачу, если обнаружили симптомы лимфомы. Если у пациента есть вышеуказанные симптомы, и он испытывает постоянные перепады температуры тела или другие признаки инфекции, надо срочно обратиться к лечащему врачу.