Ұрық көпіршігі– қуықасты безінің жоғарғы бөлігінде орналасқан, жұп қапшық тәрізді мүше. Қызметі – өзінен қоймалжың сұйықтық бөлу арқылы ұрық жасушаларын (сперматозоид) белсендіріп, сыртқа шығуына жағдай жасайды.
Аударған: Бердібек Ағабек
Шәует шылбыры– сыртқы жыныс мүшесін ұрық жасушаларымен қамтамасыз ететін және әр аталық безбен бекініп, белгілі қалыпта ұстап тұрушы мүше. Шылбырда қан тамырлар (вена, артерия), жүйке жасушалары (нервтер), лимфатикалық түйіндер және ұрық жасушасы (сперматозоид) тасымалданатын түтікше болады.
Шәует шылбыры эпидидистан (эпидидис - әр аталық безде орналасатын қапшық тәрізді түзіліс) жоғарғы қарай бағытталған.